DAT | ҚАЗ

Назарбаев Қазақстанды ТҰТАСТАЙ жекешелендіріп алған ба?!

Осы газеттің өткен аптадағы санынан «Перечень объектов семьи Назарбаева, подлежащие возврату» деген тізім-материалды оқып, жағамды… ұстамақ тұрғай, жұлып ала жаздадым. Сұмдық! «Қолынан келген қонышынан басады» дегеннің масқара дәлелі! Назарбаев, шынында, Қазақстанды жеке меншігі етіп алған секілді. Президенттікке сайланған күні Құран Кәрімге оң алақанын төсеп тұрып, елге, халыққа әрқашан адал қызмет …

Читать далее »

ҚАСІРЕТ қайталанбасын ДЕСЕК…

Қанды қаңтар оқиғасына бір жыл толса да, күдік-күмән қоюланып, ел-жұрттың көңілі күпті болып отыр. Ал бұл қасірет қайталанбас үшін, ең алдымен осы қанды оқиғаны тудырған басты себептер анықталып, мәселені түп-тамырдан үзу керек. Қанды оқиғаның басты себебі жөнінде билік пен халықта ортақ әділ түсінік бар. Бұл президент Тоқаевтың 2022 жылғы 16 …

Читать далее »

Қайыршы күніміз үшін БӘРІМІЗ КІНӘЛІМІЗ…

Қазақ елі тәуелсіздік алды деген 30 жылдың ішінде аты «тәуелсіздік» болғанымен, заты «көрінбейтін бұғаудағы» еңсесі көтерілмейтін, еркін ой-пікірі жоқ, көлеңкесінен қорқатын елге айналдық. Әншейінде дүрдигенімізбен, жеме-жемге келгенде құлдық, тобырлық санадан шыға алмайтын, рухымыз кеңестік шовинистік жүйенің езгісінен езіліп, жаншылып, бас көтере алмастай дәрежеге жеткенімізді жақсы түсінген Назарбаев өзінің асқан зымиян …

Читать далее »

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ: Ескі сайлау жүйесімен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ҚҰРУ МҮМКІН ЕМЕС

Газеттің тұрақты «ДАТ!» айдарының бүгінгі қонағы – Қазақстанға ерекше еңбегі сіңген зейнеткер, қоғам зерттеушісі Мақсұт Қалыбаев ағамыз. Мақаң өзінің егде тартқан жасы мен анда-санда сыр берер сырқатына қарамай, әлі күнге қоғам үшін, халқының болашағы жолында «күйіп-пісіп» жүретін өте белсенді азамат. Төменгі сұхбатта оның Қазақстандағы сайлауларда дауыс беру жүйесін жетілдіру жөніндегі …

Читать далее »

Ермұрат БАПИ: Мемлекеттен жанашырлық көрмеген халық БИЛІККЕ ТАСБАУЫР БОЛАДЫ

«Қазақ таймс» ақпарат агенттігінің «Ютуб» арнасы ҚР Парламентінің сайлауына Алматы қаласындағы №3 округтен (Алатау және Әуезов аудандары) үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған белгілі тәуелсіз журналист, «ДАТ» газетінің бас редакторы Ермұрат Бапи мырзамен сұхбаттасқан еді. Төменде сол видео-сұхбаттың негізінде дайындалған, газеттік талапқа сәйкес өңделген, мәтіні авторлық толықтырудан өткен нұсқасын жариялап отырмыз. БИЛІК …

Читать далее »

Қатыгездік ҚҰРБАНЫ – ТӨРТ ӨМІР

Үш баласымен терезеден секіріп, қаза болған әйелдің өмірден шаршадым дегені – от басы, ошақ қасындағы мәселе ғана емес. Бұл – қоғамды үмітсіздік, торығу жайлағандығының белгісі. «Үмітсіз – шайтан ғана». Мына тұрмысымыздың жуық маңда өзгермейтіні, алда жайлы өмір, жарқын болашақ жоқ екені шайтан болмай-ақ түсінікті ғой. Итшілеген өмірден, кедейшіліктен, әділетсіздіктен, жемқорлықтан …

Читать далее »

Байғазы

Жуықта баспадан «Соның сөзі» деген кітап шықты. Ауторы – Сансызбай Өкенұлы. Журналист. Журналист болғанда, «Жас Алаштың» дүркіреп тұрған кезінде, газеттің тілшісі, бөлім меңгерушісі болған танымал қаламгер. Кейіннен – 2011-2015 жылдары аралығында біздің «ДАТ»-тың дарбазасына өткен дарын. Соңғы жылдары әртүрлі телеарналар мен ТВ-продакшн компанияларда қызмет істеген. Талай-талай саяси памфлеттері біздің тұрақты …

Читать далее »

Алып барыс туралы аңыз

Ерте ерте ертеде, бірақ ешкі жүні бөрте болған заманнан сәл бертініректе бір алып барыс өмір сүріпті. Дегенмен оның шынымен де, алып болған-болмағаны туралы тартысты пікір көп. Себебі оны сол кездің өзінде «барыс емес, мысық еді» дейтіндер жиі ұшырасыпты.  Доңыздар елі мен жыландар халқына жақындығына әрі құрық бойламас қулығына қарап, оны …

Читать далее »

БЕЛСЕНДІЛЕРДІ ТОПТАП СОТТАУ билікті қатерден құтқара ма?

3 тамызда Алматы сотында прокурор “тыйым салынған ұйымды құрды және оның ісіне араласты” деп айыпталған 13 белсендінің ісі бойынша айыптау актісін оқыды. Сот процесінен ерекше еске алатын бір жәйт – Алмалы аудандық сотының судья Ернар Қасымбеков айыпталушылар мен адвокаттардың бір де бір талабын қанағаттандырмады. Тергеу абақтысында отырған бес бірдей айыпталушы …

Читать далее »

Батырлар рухына ДАҢҒАЗА жоба қажет емес!

«Қазақстан халқының, республика басшылығының, Парламент депутаттарының және БАҚ назарына» деген ескертпемен газет редакциясына хат келді. Танымал тіл жанашыры, павлодарлық ұлт қайраткері Руза Бейсенбайтегі бекерге шыр-пыр болмайтынын қапер қылып, сол хатты қаз-қалпында жариялап отырмыз. Батыр аталарымыз Жасыбай мен Олжабайға Баянауылда салынатын ескерткіш туралы. Ескерткішті салу керек, бірақ өңірдің тумасы/тұрғыны ретінде біраз …

Читать далее »
Республиканский еженедельник онлайн