Среда , 14 мая 2025

Ауған қазақтарын ЕЛГЕ ӘКЕЛУ – ұлттық парызымыз

Ауыт Мұқи­бек:

– Ауыт мыр­за, Тоқа­ев ауған қаза­қта­ры­на көмек­те­суді тап­сыр­ды. Бірақ «…қажет болған жағ­дай­да» деді. Сіз қалай пай­ым­дар едіңіз: ол қажет­тілік­ті кім аны­қтай­ды: қаза­қстан­дық билік пе, жоқ әлде тәліп­тер­дің құр­са­уын­да қалған ауған қаза­қта­ры ма?

Бүкіл дүние жүзін дүр сіл­кін­дір­ген, Қаза­қстан аумағын­да тиым салы­нған тер­ро­ри­стік құры­лым­дар­дың ұлт­тық тізі­міне енген, АҚШ-тың өзі тіз­гін­дей алмаған «Тали­бан» қозға­лы­сы Ауған­стан­да билік­ке келіп жат­са, ондағы қан­даста­ры­мы­зды елге орал­ту үшін енді одан артық қан­дай «қажет болған жағ­дай…» керек!?

– Сұрағы­ма – сұрақ­пен жау­ап бер­діңіз-ау… Мен осы­ның жөнін қан­дастар мәсе­лесі­мен етене ара­ла­сып жүр­ген сіз­ден біл­гім келеді…

Өзіңіз білесіз, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Дүни­е­жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз» – деді. «Парыз» – қазақ үшін өте қаси­ет­ті ұғым. Ұлды үйлеу, қызды құт­ты орны­на қон­ды­ру – ата-ана­ның басты пары­зы. Ислам діні үшін, парыз – Алла Таға­ла­ның тіке бұй­ры­ғы ретін­де қара­ла­ды. Демек, пре­зи­дент шет­те­гі қаза­қты Отанға орал­ту тура­лы осын­дай қаси­ет­ті сөз айтты.

Өкініш­ке орай, нақты жұмыс сол Қасым-Жомарт Кемелұ­лы айтқан «қаси­ет­ті пары­здың» дең­гей­ін­де жүріп жатқан жоқ. Керісін­ше, кедер­гілер көп. Соның бір көрінісі – қазақ көші мен қан­даста­ры­мы­зға қаты­сты заң­дарға, біле тұрып, қасақа­на кедер­гілер енгізіліп, қабыл­да­нуы. Мыса­лы, әдейі қисық жасалған заң арқы­лы екі мыңға жуық қан­да­сы­мыз бас­па­на кезе­гі­нен шыға­ры­лып таста­луы. Бұл – бір ғана мысал.

– Ал экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев зама­нын еске түсірей­ік­ші: қаза­қтың көші-қон мәсе­лесін ол қарық қылып па еді? Мәсе­лен, соңғы 30 жыл­да ота­ны­на қай­там деген өз немістерін Гер­ма­ния әлдеқа­шан еліне қай­та­рып алды. Ал дүние жүзіне тары­дай тарап кет­кен 5 мил­ли­он (кей­бір деректер бой­ын­ша – 7 млн.) қаза­қтың Назар­ба­ев­тың тұсын­дағы тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да бір мил­ли­о­ны ғана Ата­жұр­ты­на орал­ды. Салы­сты­рып көріңіз­ші, қан­дастар­дың елге ора­лу мәсе­лесіне кім­нің қар­сы болға­ны тай­ға таң­ба басқан­дай бел­гілі болады…

– Бұған дей­ін «орал­ман» деп аталған қан­дастар­дың мәсе­лесі­мен тіке­лей айна­лы­сып жүр­ген аза­мат ретін­де сіздің бұл уәжіңіз­ге менің біраз дауым бар. Тұңғыш пре­зи­дент Тәул­сіздік­ті жари­я­ла­май тұрып, шет­те­гі қаза­қтар­ды Ата­жұр­тқа шақы­ру тура­лы арнайы қау­лы қабыл­дат­ты. Тәу­ел­сіздік­ті жари­я­лай салып, «Шалқар радио­сы­ның» эфи­рі­нен өзі сөз алып, алы­стағы ағай­ын­ды Тәу­ел­сіздік­тің бірін­ші Жаңа жылы­мен құт­ты­қтап, «Ата-мекен­ге келе­мін деуші ағай­ын­дарға жол ашық, ата-баба ару­ағы алда­ры­ңы­здан жары­лқа­сын!» – деп, ақ бата­сын бер­ді. Алға­шқы адым­да 1500 «Камаз» жібер­тіп, Маңғо­ли­ядағы қаза­қтар­ды Қаза­қстанға көшіріп алды. 1992 жылы бес құр­лы­қтың қаза­ғын Алма­ты­ға жиып алып, Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның тұңғыш құры­л­тай­ын өткізді. 1993 жыл­дан бастап, Пәкістан, Иран, Сауд Ара­би­ядағы қаза­қтар­ды само­лет­пен тасыт­ты, Әзер­бай­жан мен Түрік­мен­стан арқы­лы паро­ход­пен Кас­пи теңізі­нен ендей алып өтті. Мұның бәрі тари­хи шындық.

– Деген­мен, кей­ін­нен оның «орал­ман­дар Қаза­қстанға үлес қосқан жоқ» деген сөзін қай­да қал­ды­ра­мыз? Ал Тали­бан­нан қор­лық көр­ген ауған қаза­ғы­на қаты­сты «қажет болған жағ­дай­да…» деген тір­кес әлі де билік­ті бекем ұстап оты­рған Назар­ба­ев­тың иша­ра­сы емес деп айта ала­сыз ба?

– Есіңіз­де бол­сын, ол кез­де де осы «Тали­бан» қозға­лы­сы ұйы­мы­ның қаруы­нан ажал оғы ысқы­рып тұрған заман еді ғой. Әділет­тілік үшін айтай­ын, қан­дастар мәсе­лесіне кел­ген­де, елба­сы «қажет болған жағ­дай­да…» деп, ешқа­шан күміл­жі­ген емес! Есесіне, үне­мі жігіт­ше шешім қабыл­дап, еркек­ше бұй­рық беріп отыр­ды! Біз Елба­сы­ның бұл қамқор­лы­ғын екі дүни­е­де ұмытпаймыз!

Иә, шет­тен келетін қан­даста­ры­мы­зға деген қар­сы­лы­қтың басы 2007 жыл­дан баста­ла­ды. 2011 жылы «Жаңаө­зен оқиға­сы» қар­саңын­да ол қар­сы­лық ашы­ққа шықты. 2013 жылы төрт жыл­сыз аза­мат­тық беріл­мей­тін қатаң заң қабыл­дан­ды – білесіз. Елба­сы ол заң­ды түзет­кізді. Бірақ, сол заң­ның өн-бой­ын­да әлі де жасы­ры­нған қыр­сы­қтар бар. Соның ең басты­сы – кел­ген елі­нен тір­ке­уден шыққа­ны және қыл­мысы үшін алын­баған неме­се жой­ыл­маған сот­ты­лы­ғы тура­лы аны­қта­ма талап ету. Үкі­мет мұны экс­тре­мизм мен тер­ро­риз­мнен сақта­ну үшін жасалған деп түсіндіреді.

Мен­ше, қан­даста­ры­мы­здың кел­ген елі­нен тір­ке­уден шығып келуі сон­ша­лық маңы­зды емес. Бұл ескі сәбет­тік жүй­е­ден қалған қағида.

2018 жыл­дың 1‑қаңтарынан бері Қытай­дан кел­ген қаза­қтар­дан сот­талға­ны тура­лы аны­қта­ма талап ету тоқта­ды. «Экс­тре­мизм мен тер­ро­риз­мнен сақта­нып», бүкіл мұсыл­ман­дық ұлт өкіл­дерін жаны­штап жатқан ел – Қытай. Міне, үш жарым жыл бол­ды, сол елден кел­ген қаза­қтар­дан ешқан­дай оғаш оқиға туын­даған жоқ қой. Тіп­ті, «діни ради­ка­лиз­мнің Ота­ны» атанған Ауға­ны­стан­нан оралған қаза­қтар­дан да ондай жаман әре­кет кез­дескен емес. Қысқа­сы, осы шет­тен келетін көш басталға­лы біздің қан­даста­ры­мыз жағы­нан осын­дай қатер­лі оқиға тір­кел­ген жоқ. Керісін­ше, Діни ради­ка­лиз­мнің торы­на түс­кен­дер­дің басым бөлі­гі орыс тіл­ді жер­гілік­ті қаза­қтар екені аны­қталған жоқ па?!

Өзі­міз­бен туы­сқан ел Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы өздерінің Кон­сти­ту­ци­я­сы­на (51-бабы­на) «Кыр­гыз Рес­пуб­ли­ка­сы­нын чеги­нен тыш­ка­ры жаша­ган кыр­гы­здар баш­ка мам­ле­кет­тин жара­ны бол­гон­ду­гу­на кара­ба­стан жөнөкөй­лө­штүрүл­гөн тар­тип­те Кыр­гыз Рес­пуб­ли­ка­сы­нын жаранды­гын алу­у­га укук­туу» деп, қатар­дағы депу­тат Өмүр­бек Теке­ба­ев баяғы­да кір­гізіп қойған.

Қырғы­здар шет­тен оралған қырғы­здар­дан біздікі секіл­ді басы артық аны­қта­ма талап етпей­ді. Тіп­ті, қан­даста­рын өз ота­ны­на шақы­рып алу жағы­нан бүкіл әлем­де алды­на жан сал­май­тын Гер­ма­ния мен Изра­иль да ондай аны­қта­ма­ны керек қыл­май­ды. Қаза­қстан Қытай­дан өзге елдер­ден кел­ген қан­даста­ры­мы­здан әлі сол екі аны­қта­ма­ны талап ете­ді. Бұл – олар­дың құжат­та­нуы­на қиын­дық тудыруда…

– Деген­мен, соңғы 10 жыл­да сыр­тқы көші-қонға бөлі­нетін кво­та­ның күрт қысқа­рып кет­кенін қалай түсін­дірер едіңіз? Бұл да Назар­ба­ев­тың зама­нын­да болған жағ­дай ғой!

– Назар­ба­ев зама­нын­да 20 мың­дап кво­та бөлі­нетін. 2021 жылға арналған қан­дастар­ды қабыл­да­удың өңір­лік кво­та­сы­ның саны 1 426 адам… Демек, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жоға­ры­дағы екі нор­ма­ны заңға мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гі үшін емес, қазақ көшінің қарқы­нын бая­у­ла­ту, қан­даста­ры­мы­зды сар­саңға салып торы­қты­ру үшін әдейі кір­гіз­ген деп есеп­тей­мін мен! Себебі, олар­дың артын­да, сөз жоқ, өзі­міздің «тали­бан» Тимур Құлы­ба­ев сияқты клан­дар­дың қожай­ы­ны тұр.

– Қаза­қстан­да клан­дық мүд­де­лер­дің үстем­дік құрып тұрға­ны­на дау жоқ. Сіз айтқан Тимур Құлы­ба­ев «Жаңаө­зен қырғы­ны­нан» кей­ін, «ере­уіл­ге шыққан мұнай­шы­лар­дың көп­шілі­гі – орал­ман­дар» дегені есте…

– Иә, Тимур Құлы­ба­ев – қаза­қтан шыққан әлем­дік дең­гей­де­гі ауқат­ты жігіт. Бай­лы­ғы 2,8 мил­ли­ард дол­лар деп баға­ла­ну­да. «Әттең, осын­ша­ма бай­лы­қты қазақ тілі­нен мақұ­рым, ұлт­тық сана­дан жұр­дай, қай­ы­ры­мы жоқ бір бай­ғұсқа үйіп-төгіп бер­гені-ай!» – деп те кей­де нали­ды екен­сің. Егер, мұн­дай бай­лық Құлы­ба­ев­тан өзге ұлт­шыл біре­у­ге біт­се, «Тали­бан» қозға­лы­сы ұйы­мы­на, қан­ша мил­лон дол­лар десе де беріп, анау қаза­қтар­дың біре­уін қал­дыр­май сатып алар ма еді деп те арман­дай­сың… Өкініш­ке орай, біздің әлем таны­ған ауқат­ты аза­мат­тар­да ондай жігіт­тік пен мәрт­тік бол­май тұр ғой!

Ауға­ны­стан­дағы қаза­қтар Қаза­қстанға кезін­де неге көшіп келіп алмаған?!

Иә, дұрыс айта­сыз! Ауған қаза­ғы ғана емес, әлем­де­гі қаза­қтың бәрі Ата­жұр­ты­на әлдеқа­шан келіп алған­да, дұрыс болар еді. Әсіре­се, Қытай­дағы қазақтар.

Бірақ, оның да себебі көп. Соңғы жыл­да­ры Ауға­ны­стан­нан кел­ген­дер­дің Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуы қиын­дап кет­ті. Алды­мен ұлты­ның қазақ екенін аны­қтау керек. Келіп алып, әлі күн­ге құжат­та­на алмай жүр­ген­дер көп. Қай­та кетіп қалған­дар да аз емес. Соны шешу үшін бер­ген ұсы­ны­сым­ды Құлы­ба­ев сияқты клан­дар сырт­тан басқарған Пре­зи­дент әкім­шілі­гі сызып таста­ды. Мәжіліс те өткізбеді.

Ауыт мыр­за, қалай десек те, ел пре­зи­ден­ті Ауған­стан­дағы ұлты қазақ аза­мат­та­ры­на көмек көр­се­туді тап­сыр­ды. Сіз қазақ үкі­меті пре­зи­дент тап­сыр­ма­сын орын­дап, Ауған­стан­дағы қаза­қтар­ды Қаза­қстанға алып келеді деп сенесіз бе?!

Үмітім аз. Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі өкілінің «қазақ тілін­де сөй­лей алмай­ды, ата-баба­сы­ның қоныс ауда­ру тарихы мен ру-тай­па­лық бай­ла­ны­ста­ры тура­лы айта алмай­ды…» – дегені не сан­ды­рақ?! Пре­мьер-министр Асқар Мамин­нің өзі қазақ тілін­де сай­рап тұр ма?! Өмір бойы ажал оғы­ның астын­да азып-тозып жүр­ген қаза­қтарға ата-баба­сы­ның қоныс ауда­ру тарихын қай мек­теп сабақ қып оқытыпты?!

Оның үстіне, пре­зи­дент­тің «қажет болған жағ­дай­да…» деген сөзі күдік туды­рып тұр. Мен­ше, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бұн­дай сөз айт­паған шығар деп ойлай­мын. Бұл – көпе-көр­неу орта жол­дан қысты­ры­лған сөз деп ойлаймын.

– Ал дәл осы жағ­дай­да қазақ билі­гінің өз іші де оңып тұрған жоқ: қазақ тілі мен қазақ тіліне жана­шыр, ұлт­жан­ды аза­мат­тар­ды қуда­лау, сот­тау науқа­ны жаңа қарқы­н­мен жүр­гізі­ле баста­ды. Бұған не дейсіз?

– Иә, мұн­дай кереғар­лық жанға бата­ды… Бір оры­сқа «мем­лект­тік тіл­де сөй­леңіз!» десең бол­ды, бүкіл Ресей шу ете түседі. Қазақ билі­гі өз ұлтын қорға­удың орны­на, сол Ресей­дің ығы­на жығы­лып, қаза­қты одан ары тек­пілей­ді. Шың­жаң­дағы гено­цид­ке ұшы­рап жатқан қаза­қтарға болы­са алған жоқ…

Егер, Ауға­ны­стан­дағы туы­ста­ры­мы­зға дәл осын­дай сын сағат­та қол ұшын беру­ге жара­ма­сақ, онда Асқар Мамин басқа­рып оты­рған бүгін­гі үкі­мет­тің құны – бес тиын! «Тали­бан» қозға­лы­сы қан­ша­лық қатыг­ез, жауыз бол­са, қазақ үкі­меті өзінің одан екі-үш есе мей­ірім­ді, қай­ы­рым­ды екенін таны­тып, қуат­ты­лы­ғын көр­сетіп, ондағы қан­даста­ры­мы­зды екі­лен­бей, ажал­дың апа­ны­нан құтқа­руға мін­дет­ті! Ауған қаза­қта­рын елге әке­лу – қазақ үкі­метінің де, бар­ша қаза­қтың да ұлт­тық пары­зы деп білем!

Сұх­бат бер­геніңіз­ге рахмет!

Қай­рат ҚАЙЫРГЕЛДІ, «DAT».

26.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн