Воскресенье , 11 мая 2025

Макс БОҚАЕВ: 20 мың терроршының орнына БЕС БЕЙБАҚ СОТТАЛДЫ

Кеше ғана Алма­ты қала­сы Науры­з­бай аудан­дық соты судья Марат Кәкім­жа­но­втың шеші­мі­мен жур­на­лист Айгерім Тіле­ужан­ды 4 жылға, ал тарих пәнінің мұғалі­мі Қалас Нұр­пе­иі­со­вты 8 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айыр­ды. Аза­мат­тық бел­сен­ділер жабық ғима­рат ішіне жина­лып, ел ішін­де­гі өзек­ті мәсе­ле­лер­ді көтер­гені үшін ғана айып­пұл арқа­лап жатқан жағ­дай­лар дәстүр­ге айна­лып, елде­гі сая­си қуғын-сүр­гін күн сай­ын күше­ю­де. Осы және өзге де мәсе­ле­лер жөнін­де жер дауы­ның баты­ры атағы­на ие болып, Жер кодексіне қар­сы шыққа­ны үшін бес жыл абақты­ға қамалған қоғам қай­рат­кері Макс Боқа­ев­пен сөз тарқаттық.

– Нель­сон Ман­де­ла­ның туған күні жыл­да БҰҰ шең­берін­де атап өтіледі. Биыл бұл үрдіс Қаза­қстанға да жет­ті. Осы орай­да, аза­мат­тық бел­сен­ділер, не істе­мек ойла­ры­ңыз бар және қаза­қстан­дық «Ман­де­ла­лар» нелік­тен көбей­іп кет­ті деп ойлайсыз?

– Елі­міз­де сая­си қуғын-сүр­гін­нің тоқтай­тын түрі жоқ. Отыз жыл­да Назар­ба­ев-Тоқа­ев билі­гі зама­на­уи инду­стри­я­ны құра алма­са да, қуа­тын толық іске қосқан және тоқта­у­сыз жұмыс жасай­тын репрес­си­я­лық аппа­рат­ты орна­та алды. Сон­ды­қтан қоғам бел­сен­ділері биы­лғы Ман­де­ла күнін себеп қылып – 18 шіл­де күні сая­си тұтқын­дар­ды қол­дау мақ­са­тын­да онлайн мара­фон­ды өткі­зуді жос­пар­лап отыр.

Жал­пы, бұл акци­я­ның иде­я­сын ресей­лік оппо­зи­ци­я­лық топ­тар 12 мау­сым күні өткіз­ген «Мара­фон соли­дар­но­сти #тыне­один» онлайн шара­сы ойға сал­ды. Шетел­де жүр­ген ресей­лік­тер басты мақ­сат ретін­де сая­си тұтқын­дар­ды қол­дау деп жари­я­ла­ды. Ең басты­сы – көп­тен бері баста­рын қоса алмай жүр­ген көр­ші елдің оппо­зи­ци­я­лық бел­сен­ділері бұл шара­ны өткі­зу үшін бәрі бірі­ге алды.

Осы­ны үлгі қылып, сая­си тұтқын­дар­ды қол­дау үшін және быты­раңқы оппо­зи­ци­я­лық топ­тар­ды аз бол­са да біры­ңғай алаңқай­ға жинап көрей­ік деп, мен Әлнұр Илья­шевқа, Иса­тай Өте­пов, Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев, Жарқын Күрен­та­ев, Марат Тұрым­бе­тов, тағы басқа қоғам бел­сен­ділеріне хабар­ла­сып, 18 шіл­де күні онлайн мара­фон өткі­зуді ұсын­дым. Әрине, тех­ни­ка­лық жағы­нан ресей­лік әріп­те­стері­міз әлдеқай­да ілгері дең­гей­де жұмыс жасай­ды, бір ғана мысал – «Дождь» теле­ар­на­сы­ның мүм­кін­шілік­тері. Деген­мен алма­ты­лық бел­сен­ділер қазір тех­ни­ка­лық жағын ойла­сты­рып жүр. Егер кәсі­би аппа­ра­ту­ра­ны таба алма­сақ, демек, «Фейс­бук», «Ютуб» желілері арқы­лы өзі­міздің парақ­ша­ла­ры­мы­здан эфир­ге шығып, стрим жасаймыз.

Ал Нель­сон Ман­де­ла күні БҰҰ 2009 жыл­дың қара­ша­сын­да ресми түр­де жари­я­лаған. Бұл дата Нель­сон Ман­де­ла мұра­сы мен оның құн­ды­лы­қта­ры­на арналған күн ретін­де ойла­сты­ры­лған. Ман­де­ла­ның өзі адам­зат тарихын­дағы ең таны­мал сая­си тұтқын – абақты­да жиыр­ма жеті жыл отырған.

– Билік бұрын­да­ры халы­қа­ра­лық қауым­да­стық алдын­да ыңғай­сыздық сезін­ген сияқты болу­шы еді, осы күні аяқ тар­ту деген­ді мүл­де ұмы­тып, репрес­си­я­лық сая­сат ашық жүру­де. Тоқа­ев­тың кәсі­би жолын ескер­сек, Қаза­қстан­да Қытай мен Син­га­пур­дағы­дай тәр­тіп орнатқы­сы келіп оты­рған жоқ па?

– Әрине, әлем­де­гі авто­крат-дик­та­тор­лар Син­га­пур­дың моделін іске асы­ру­ды арман қыла­ды. Бірақ Тоқа­ев Қаза­қстан­нан Син­га­пур­ды жасай алмай­ды. Бұл пікір­ді ресей­лік тарих­шы, шығы­ста­ну­шы, сая­сат­та­ну­шы, фило­соф Андрей Зубов та қол­дап отыр. Зубо­втың айтуын­ша, «Гүл­ден­ген, демо­кра­ти­я­лық Қаза­қстан­ды жасау үшін, даны­шпан­ды­ғы Ли Куан Юдан да аса­тын, кемең­гер сая­сат­кер керек. Ли Куан Юға онша қиын болған жоқ, ол тек адал тұлға болуы шарт еді. Ал Қаза­қстан мен Ресей сон­дай кемең­гер, адал сая­сат­кер­ді таба алмай, бұл күр­делі мәсе­ленің шеші­мін тап­па­ды. Қытай­дағы қазір­гі «тәр­тіп­ті» айтар бол­сақ, ол – ком­му­ни­ст­тік шек­тен­шы­ғу­дың туындысы. 1950–1960–1970-жылдары Қытай ком­му­ни­ст­терінің жасаған былы­қта­ры бола­шақта аталған «тәр­тіп­тің» ізін қал­дыр­май жой­ып жібе­руі әбден мүм­кін. Ста­лин орнатқан «тәр­тіп­тің» КСРО-ның бір­де-бір рес­пуб­ли­ка­сын­да ізі де қалған жоқ.

– Тоқа­ев­тың бүгін­гі сая­са­ты­ның назар­ба­ев­тық сая­сат­тан өзге­шелі­гі бар ма, бар бол­са қандай?

– Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент крес­ло­сы­на орны­ғуы заң­ды түр­де баста­лып, отыз жыл­да билік узур­па­ци­я­сы­на ұла­сты. Осы отыз жыл­дық уақыт ішін­де Назар­ба­ев­тың сая­са­ты да әртүр­лі бол­ды. Тоқа­ев­тың бүгін­гі сая­са­ты Назар­ба­ев­тың 2005–2010 жыл­дар ара­лы­ғын­да өткіз­ген сая­са­ты­на ұқсай­ды деп ойлай­мын. Тарих дәлел­де­ген­дей, ондай сая­сат­тан халы­ққа пай­да жоқ.

– КСРО-дан шыққан Бела­русь, Ресей, Өзбек­стан, Түр­кі­мен, Әзер­бай­жан елдерін­де­гі сая­си жағ­дай өте ұқсас. Аталған елдер­дің бәрін­де авто­ри­та­риз­мнің дәу­рені жанып, оппо­зи­ция бас көте­ре алмай отыр десек бола­ды. Ал Бал­тық елдері­нен бөлек, Гру­зия, Укра­и­на, Қырғыз­стан секіл­ді елдер демо­кра­ти­яға бас бұр­ды. Орыс­ша айтқан­да, «в каком месте свер­ну­ли не туда?» және Қаза­қстан­дағы авто­ри­тар­лы жүй­ені жеке дара жеңе ала­мыз ба, әлде жүйе Ресей­де құла­май, біз­де де құла­май ма?

– Гру­зия, Укра­и­на, Қырғыз­стан елдері демо­кра­ти­яға бас бұрға­ны рас, бірақ бұл елдер­де толы­ққан­ды демо­кра­ти­я­лық жүйе орын алуы­на әлі де көп жыл­дар қажет. Менің ойым­ша, елде­гі дик­та­ту­раға ұласқан авто­ри­та­ризм дәуірі ҚР Жоғарғы Кеңесі тара­ты­лып, темір­бе­тон­далған супер­пре­зи­дент­тік жүй­ені сақтай­тын Кон­сти­ту­ци­я­ны қабыл­даған­нан бері бастал­ды. Ал эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­лар­дың тамы­ры 90-жыл­да­ры ұрлы­қ­шы­лық-тона­у­шы­лық әдістері­мен жасалған жекешелендіруде.

Жал­пы, авто­ри­тар­лық жүй­ені жеке дара жеңу­ге бола­ды (әсіре­се қазір­гі Ресей­дің жағ­дай­ын еске­ре отыр­сақ), был­тыр қан­тар­да халық өз күшін сезді, бірақ тәр­тіп пен тәжіри­бе жет­пе­ді, оппо­зи­ци­я­лық топ­тар­дың бір­лі­гі бол­ма­ды. Ең бол­ма­са, халық алаң­дар­дан тара­май, ешқай­да кет­пей, бір апта–он күн тұр­са, осы әдісті пай­да­ла­нуға мен өзім шақы­рған едім, онда мини­маль­ды түр­де қоғам­ның қой­ған талап­та­рын билік­ті мәж­бүр­летіп орын­да­туға бола­тын еді. Мыса­лы, сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту, бей­біт жиын­дар­дың бостан­ды­ғын орна­ту деген дүни­е­лер­ге қол жет­кі­зу әбден мүм­кін. Өкініш­ке орай, аза­мат­тық қоғам қан­ды Қан­тар­дың фак­тілерін зерт­теп тал­даған жоқ.

– Авто­ри­тар­лы елдер­де­гі билік, сол билік­ті ұстап қалу мақ­са­тын­да бір-бірі­мен тәжіри­бе алма­сып, құқық қорғау орган­да­ры тығыз жұмыс жасап отыр. Ресей, Бела­русь және Қаза­қстан оппо­зи­ция өкіл­дері бір­лесіп, авто­ри­тар­лы жүй­е­ге қар­сы тұру мақ­са­тын­да бірі­гіп жұмыс жаса­уы­на не кедергі?

– Ең басты мәсе­ле – Қаза­қстан, Ресей, Бела­русь елдерін­де­гі аза­мат­тық қоғам­дар­дың әлсізді­гі және осы елдер­де­гі оппо­зи­ци­я­лық топ­тар­дың бір-бірі­мен үне­мі араз­да­суы. Мыса­лы, «Наваль­ный­дың тобы» «Ходор­ков­ский­дің тобы­мен» тіл табы­са алма­са, олар қаза­қтың оппо­зи­ци­я­сы­мен қалай­ша жұмыс жасай­ды? Тағы бір кедер­гі – ресур­стар­дың тап­шы­лы­ғы. Мен өзім қоғам сала­сын­да жиыр­ма жыл әре­кет­теніп жүр­мін, жал­пы КСРО-ның бұры­нғы рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның өкіл­дері­мен талай кон­фе­рен­ция-жиын­дар­да кез­де­стім және кей­бір қоғам­дық жоба­лар­ды іске асы­рып жүр­дік. Сон­ды­қтан тіп­ті ешқан­дай ортақ жұмыс болған емес деп айтуға болмайды.

– Жақын­да При­го­жин­нің Мәс­ке­у­ге бастаған мар­шы нені көр­сет­ті және Ресей­дің ыды­ра­уы мүм­кін деген тұжы­рым­ның орын­да­луы қан­ша­лы­қты ықти­мал деп ойлай­сыз? Оры­стар­дың үлесі 81 % екенін еске­рер болсақ.

– При­го­жин­нің бүлі­гі Ресей­де «Вели­кая замят­ня» – «Ұлы ылаң зама­ны» басталға­нын біл­діреді деп, Ресей­дің мәні мута­ци­яға ұшы­рап, жай көз­бен қараған­да көрін­бей­тін түбір­лі өзгеріс пай­да бол­ды деп ойлай­мын. Бұл тура­лы өз «Фейс­бук» парақ­шам­да сол марш болған күні жазғанмын.

1994 жылы Ресей Шешен­стан­да соғыс бастап кет­ті – сол соғы­стың қан­дай қан май­дан болға­ны есі­міз­де – Гроз­ный қала­сын жер беті­нен жой­ып жібер­ді. Оған қоса, ресей­лік бей­біт тұрғын­дар қан­дай жапа шек­кенін еске­ретін бол­сақ (Буде­новск, Беслан, тағы­сын тағы­лар), ресей­лік қала­лар­дағы (ФСБ ұйым­да­стыр­ды деген) тер­рак­тілер тура­лы айт­сақ – сол кез­де путч жаса­уға өте қолай­лы кезең еді: елде соғыс, эко­но­ми­ка құлап жатыр, мұнай баға­сы өте төмен, бұған қоса – пре­зи­дент мас­кү­нем. Сол жыл­да­ры Ресей­де бірқа­тар жас әске­ри гене­рал­дар­дың даңқы шықты – Лебедь, Рох­лин, Шама­нов тағы басқа­ла­ры, олар­дың кей­біре­улері тіп­ті өздерінің сая­си амби­ци­я­ла­рын жасыр­ма­ды. Қызы­ғы, олар­дың біре­уі де әске­ри бүлік жаса­уға бар­ма­ды. Әске­ри гене­рал­дар бүлік тура­лы ойла­са ойлаған шығар, бірақ ешқан­дай «марш»-«демарш» жаса­уға дәті бар­ма­ды. Ал экс-қыл­мыс­кер При­го­жин Москваға дей­ін жетіп қал­ды. Бұн­дай­ды «qualitative change» – сапа­лық өзгеріс дей­ді. При­го­жин­нің қылы­ғы объ­ек­тив­ті жағ­дай пісіп жетіл­ді деген­ді көр­се­те­ді. Сон­ды­қтан Ресей­дің ыды­ра­уы­ның ықти­мал­ды­ғы өте зор, бірақ қашан және қалай бола­ты­нын нақты ешкім айта алмас.

– Сіз кезін­де жер мәсе­лесіне қаты­сты түр­ме­де оты­рып шықты­ңыз. Осы күні жер заңы бой­ын­ша қауіп төн­діретін кем-кетік­тер әлі де бар ма, әлде халық дегеніне жет­ті деп ойлай­сыз ба?

– Халық дегеніне жет­кен жоқ. 2016 жылы 24 сәуір­де Исатай–Махамбет алаңын­да жари­я­ланған талап­тар­дың біре­уі де орын­дал­ма­ды. Жер иелерінің тізі­мі жари­я­лан­ба­ды, шетел­дік әске­ри поли­гон­дар жабыл­ма­ды, жаңа Жер кодексі халық үшін жазылмады.

– Кезін­де Ресей пре­мьері Чер­но­мыр­дин айту­шы еді, не жаса­сақ та – арты КПСС болып шыға­ды деп. Біздің елде не бас­та­сақ та, арты жемқор­лы­қ­пен бітіп жатыр. Осын­дай­да елдің бола­шағы­на деген сенім бұлы­ңғыр. Назар­ба­ев­тың қал­ды­рып кет­кен мұра­сы­нан ары­лу жолын көріп тұр­сыз ба?

– Әйгілі ғалым, әле­умет­та­ну­шы Джеймс Робин­сон кор­руп­ци­я­ны инсти­ту­ци­о­нал­ды про­бле­ма­лар­дың симп­то­мы ретін­де қабыл­дау керек деп айта­ды. Чер­но­мыр­дин, Назар­ба­ев, Тоқа­ев секіл­ді бұры­нғы ком­му­ни­стер және «сов­ок­тан» шыққан­дар нары­қтық эко­но­ми­ка, құқық үстем­ді­гі, тәу­ел­сіз сот, сөз бостан­ды­ғы деген ұғым­дар­ды біл­мей­ді және біл­гісі де кел­мей­ді. Біздің елде (Ресей­де де) ешқа­шан шынайы рефор­ма­лар бол­маған, мұн­дай жағ­дай­да не жаса­сақ та – арты КПСС–НұрОтан–Аманат болып шыға­ды. Не бас­та­сақ та, арты жемқор­лы­қ­пен бітіп жатады.

– Қаңтар ісі бой­ын­ша Айгерім Тіле­ужан, Қалас Нұр­пей­і­сов секіл­ді аза­мат­тық бел­сен­ділер жау­а­пқа тар­ты­лып, Назар­ба­ев­тың отба­сы мүше­лері сыты­лып шықты. Назар­ба­ев көлең­ке­де оты­рып, әлі де ықпал­ды тұлға болып қал­ды ма, әлде билік толы­ққан­ды Тоқа­ев­тың қолы­на өтті ме? Өтсе, неге Тоқа­ев­тың уәде­лері орын­дал­май отыр?

– Назар­ба­ев қазір көп ықпал­ды тұлға­лар­дың біре­уі деп санай­мын. Жал­пы, жер бетін­де билік­ті жүз пай­ыз өз қолын­да ұстаған адам болған емес – перға­уын, пади­шах, ген­сек, хандар­дың қасын­да мін­дет­ті түр­де уәзір, көмек­ші, министр, оққағар, тағы басқа­ла­ры болған. Сон­ды­қтан Тоқа­ев билік­ті толы­ққан­ды қолы­на алуы мүм­кін емес, айта­лық, билік тетік­терінің шама­мен алпыс пай­ы­зын қадаға­лап оты­рған шығар. Демек, бұл да аз емес.

2019 жыл­дың тамыз айын­да Ақтө­бе қала­сын­дағы зона­да Тоқа­ев­тың көмек­шісі Мақ­сат Сқақов­пен бір­ге сағат жарым оты­рып, шай ішкен­біз. Тоқа­ев тап­сыр­ма бер­ген екен, «полит­зек­тер­дің бар­лы­ғын ара­лап шық, егер сая­сатқа жақын­да­май­мыз деп уәде бер­се, жібе­ре­міз» деп­ті. Мен ондай уәде бере алмай­мын деп айт­тым. Сқақов кетер алдын­да қал­та­сы­нан смарт­фо­нын шығар­ды да, «Пре­зи­дент­ке бір-екі сөз айты­ңыз­шы» деп өтін­ді. «Мен оны таны­май­мын, оған не деп айта­мын?» деп, мен бас тарт­тым. Сқақов шын көңіл­мен сұрап қой­маған соң, жақ­сы, айтай­ын дедім (Арон Ата­бек те видео жол­даған екен). Сон­да айтқа­ным: «Пре­зи­дент мыр­за, жұмысы­ңыз табысты бол­сын. Және ескі сөй­лем­ді есіңіз­ге сала кетей­ін: шыңы­ра­уды екі секіріп қарғып өту мүм­кін емес». Тоқа­ев­тың мінезі жал­тақ деп ойлай­мын, шыңы­ра­у­лар­дан бір секіріп өту­ге дух жет­пей­ді, сон­ды­қтан билік кон­со­ли­да­ци­я­сын алпыс пай­ы­зға жет­кіз­се де, ол уәде­лерін орын­дай алмай жүр. Ал әуе­жай­ды басып алды деген айып­пен жур­на­лист Айгерім Тіле­ужан мен тарих пәнінің мұғалі­мі Қалас Нұр­пей­і­со­вты, аза­мат­тық бел­сен­ділер Нұр­лан Дәлі­ба­ев, Ермұ­ха­мет Шилі­ба­ев пен Жанай­дар Кәр­ме­но­вты заң­ды белі­нен басып сот­таған­да­ры – сағым болып кет­кен «20 мың тер­ро­ри­стің» орнын тол­ты­ру үшін жасалған әре­кет деп білемін.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

Азамат МОЛДАСАНОВ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн