Воскресенье , 11 мая 2025

РӘМІЗДЕР МЕРЕКЕСІ

қалай аталып өтуі керек

Ұлт туы,

Ұлт таң­ба­сы,

Ұлт ұра­ны,

Сен десем, қан тасы­тар жыр туады. 

Кең бай­тақ Ота­ным­ның әр түкпірі 

Бүп-бүтін көз алдым­да құлпырады.

Ұлт туын, Ұлт ұра­нын, Ұлт таңбасын 

Көтер­ген көк аспа­ным бұлттанбасын! 

 Ертіс бой­ын­дағы тау төбесіне тігіл­ген Көк ту осы­нау жерұй­ы­қтың қақы иесі кім екенін әйгілей­ді. Тау желі­мен жай­ы­ла шалқып, оған қараған қаза­қтың еңсесін көтеріп қанын тасы­та­ды; жауын жасытады.

 Шығы­сқа жолы­мыз түс­се, Өске­мен шаһа­ры­ның өрін­де – мың метр биік­те желбіре­ген алып тудың түбіне көтеріл­мей кет­пей­міз. Әке­міз­ге сәлем беретін кісі­дей әдей­ілеп келеміз.

 Биік­те шалқы­ған Қазақ туы. Оған қараған­да, маң­дай­ың көк­ті сүй­еді. Оған қараған­да, Отан­ның дида­рын тани­сың. Оның лапыл­даған дауы­сы­нан азатты­қтың үнін естисің. Оның түбін­де Тәу­ел­сіз Тұтас ұлт­тың кел­бетін көресің. 

 Ту – Ұлт рухы. Көк ту – Қаза­қты бірік­тіру­ші құбылыс. 

 Біз­де­гі мем­ле­кет­тік меке­ме­лер мен қоғам­дық ұйым­дар оны ұлт­ты бірік­тіру­ші құбы­лыс ретін­де жете баға­ла­май­ды. Неме­се ұлт­ты бірік­тір­гісі кел­мей­тін сыңайлы.

 Сая­си науқан­дар­да ғана жала­у­ла­тып, әндетіп, әлем-жәлем жасай­ды да, науқан бітіп, ұпай түген­дел­ген соң, жиып тастай­ды, тиып тастай­ды. Келесі науқанға дей­ін ту да, туды әспет­те­ген асқақ әуен­дер де әдірәм қалады.

 Халқы отан­сүй­гіш елдер­дің ең қастер­лей­тін мүл­кі – мем­ле­кет туы. АҚШ та, тіп­ті туы­сқан Түр­ки­яда да жыл сай­ын 4–5 мил­ли­он ту тегін тара­ты­ла­ды. Әр үйдің төбесін­де — төрін­де, самал­ды­ғын­да сам­саған ту. Қытай­да күн сай­ын тәңер­тең-кеш әр маһал­ла ту түбіне жина­лып, ән ұран орын­дай­ды. Бір кісі шет қал­май­ды. Мешіт­тің төріне дей­ін ту тігіп қой­ған. Бұтқа­на­сы­на кір­ген жоқ­пын. Оның да төріне ту қой­ған шығар.

 Ту кез кел­ген қаза­қтың қанын тасы­та­ды. Өске­мен­де өрде тұрған туға бізді бастап көтеріл­ген Қай­рат Нұр­сай­ы­нұ­лы мен бір­ге барған Болат Ахан­ның да көзі мөл­діреп, біз­бен бір­дей тебірен­генін бай­қа­дық. Айт­пақ­шы, жас әкім Жақ­сы­лық Омар мыр­за­ның да бұл маңға бір келіп кет­кенін қалар едік. Себебін бар­са білер. Қалқа­ман ақын­ды шақыр­сақ, қала­да жоқ екен. 

 Бұл туды (сурет­те) қара­саң, бөр­кің түсер­дей, биік­ке тік­кен Бер­ді­бек Сапар­ба­евқа да бек риза­мыз. Өске­мен­де­гі­дей өрде тұр­ма­са да, бұл көлем­ді ту тұғыр үлкен қала­ның бар­лы­ғын­да бар. Бірақ түбіне топ­та­сып тоқтаған жұрт байқалмайды. 

 Алда – 4 мау­сым. ТУ КҮНІ – Қазақ рәміз­дері күні. Бүкіл Қаза­қтың туын қастер­лей­тін бір-ақ күн (365÷1). Өзі жек­сен­бі­ге түсіп тұр. Был­ты­рғы жылы бұл мере­ке рефе­рен­дум­ның релісін­де қалып қой­ып еді. 

 Осы мере­ке­ге бір ай бұрын дай­ын­дал­сақ ше? Мере­ке­ле­у­ге бір апта қалған­да, Көк туы­мы­зды көтеріп жүр­сек ше, той­лай бас­та­сақ ше? Ту көтер­ген қолы­мыз талып кете ме?

Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ,

ақын

ШЕРЛІ ШЕРУ

зейінді заман зердесі

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Құрмет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

20 жыл бұрын, 31 мамыр – Қаза­қстан­да сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын еске алу күні болып жари­я­лан­ды. 1920–1933 жыл­дар ара­лы­ғын­да жасан­ды ашар­шы­лы­қтың сал­да­ры­нан Қазақ ұлты 70 пай­ы­зға жуық халқы­нан айы­рыл­ды ( Әли­хан Бөкей­ха­но­втың ста­ти­сти­ка­сы­на сүй­е­нер бол­сақ). Жал­пы саны 4 млн-ға шама­лас, 300 мың тұрғы­ны бар 13 облы­стық қала­ның халқы жан түр­ші­гер­лік азаппен ашты­қта қырылды!

1930-жыл­дар­дың аяғын­да тағы бір сұм­дық соққы бол­ды. 25 мыңға жуық Қазақ зия­лы­ла­ры­на өтірік айып­тар тағы­лып, соның негізін­де ату жаза­сы­на кесіл­ді, яғни ұлт­тың бүкіл ойшыл қауы­мы дер­лік жой­ыл­ды! Қазақ ұлты­ның 23 бөлі­гі ашты­қтан қырыл­са, он жыл өтпей, бүкіл ойшыл интел­ли­ген­ци­я­сы­нан айырылды. 

Қаза­қта: «Өлі разы бол­май, тірі бай­ы­май­ды» деген сөз бар. Демек, біздің қаси­ет­ті боры­шы­мыз – құр­бан­дар­ды еске алып, қол­дан кел­ген­ше сол уақыт­тың қай­ғы­сы мен қасіретін ұғы­ну және олар­дың құр­метіне аза тұту. Өйт­кені ұлт­тың үштен екісін қол­дан ұйым­да­сты­ры­лған ашты­қтан өлті­ру, одан кей­ін ұлт зия­лы­ла­рын жап­пай қыру – Қазақ халқын пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан нағыз мүге­дек­ке айнал­дыр­ды. Ашты­ққа оралған ұлы дала­ның кей­бір тұрғын­да­ры өз бала­ла­рын жеуден тай­ын­ба­ды, ұрпақты сақтау үшін ана­лар қызда­рын азық етті, ал әке­лер­дің ашты­қтан туын­даған мәң­гүрт­тік­тің тұма­нын­да не істеп, не қой­ға­нын айтуға ауыз бар­май­ды. Көбі жанын сақтау үшін шека­ра асуға тыры­сты, бірақ оларға қызыл әскер­дің қар­ша бораған оғы тосқа­уыл болып, ұлы дала­да мил­ли­он­даған жан көмусіз қалып, ит пен құсқа жем бол­ды. Амал­сыздық ұлт сана­сын­да көн­бістік туын­дат­ты, ал көн­бістік жалқа­улық, арам­дық, сатқын­дық, тағы­сын тағы сияқты, біздің ұлтқа жат ең жиір­кені­шті қаси­ет­тер­ді бой­ы­мы­зға енгізді. 

Дүни­е­жүзілік тарих­та бұрын-соң­ды бол­маған қасірет­ті ұғы­ну, халқы­мы­здың Тәу­ел­сізді­гі үшін қан­дай сұм­дық баға төле­генін түсі­ну үшін аса маңы­зды! Бүгін­гі Тәу­ел­сізді­гі­міздің жолын­да құр­бан болған Ала­шор­да­лы­қтар­мен қатар, атта­ры тарих беті­нен жой­ы­лып кет­кен құр­бан­дарға тағ­зым ету – біз үшін парыз! Онсыз біз бақыт­ты бола­шақ құра­мыз деп айту жалған! 

Ұлт сана­сы­ның қараңғы тұңғиы­ғы­на жасы­ры­нып, қоғам­ның бір бөлі­гіне айналған, орас­ан зұл­мат­тың сал­да­рын­да пай­да болып, ірің сын­ды ұлт­тың бола­шағы­на, қасіретін күн­делік­ті тигізіп оты­рған тарих­тың қорқы­ны­шты бет­теріне тиісті баға беріл­мей, оның емін табу мүм­кін емес. Демек, жарқын бола­шаққа апа­рар жол­ды да шел басқан ауру көз­бен көру мүм­кін емес! 

Өкініш­ке орай, елдің бұры­нғы бас­шы­лы­ғы бұл жал­пы­ұлт­тық қасірет­ті еле­меді, тым бол­маған­да 32 жыл­да бір рет Жал­пы­ұлт­тық аза тұту күнін жари­я­лап, марқұм ата-баба рухы­на бір минут үнсіздік арнау үшін әуре бол­ма­ды! Одан қал­ды, Тәу­ел­сізді­гі­міз бен Азатты­ғы­мыз үшін құр­бан болған Қаза­қтың соңғы ханы Кене­са­ры­ның қор­ланған басын әлі қай­та­ра алмауда­мыз! 100 мың қаза­қстан­ды­қтың Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы­на жасаған үнде­уіне қара­ма­стан, хан басын қай­та­руға әре­кет­теніп жатқан билік көрі­нер емес. Осы­дан кей­ін қан­дай әру­ақтың риза­лы­ғы тура­лы сөз қозға­уға бола­ды, біздің ар мен намыс, еркін­дік пен тәу­ел­сіздік­ке мораль­дық құқы­ғы­мыз бар ма деген сұрақ орын алады! 

31 мамыр­да өтетін аштық пен қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын еске алуға арналған митинг пен қара­лы (зар­лы) шеру өткі­зуді ұйым­да­сты­ру ұжы­мы­ның аты­нан Сіз­ге ҮНДЕУ:

1) Қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры­на ғана емес, аштық құр­бан­да­ры­на да жаңа Мем­ле­кет­тік Ұлт­тық аза тұту күні қабыл­дан­сын. Бұл күні Қаза­қтың құр­бан­да­рын еске алып, аза тұту шара­ла­рын лай­ы­қты түр­де өткізіп, зия­рат жасап, бала­лар­ды Ала­шор­да­шы­лар­дың мұра­жай­ы­на апа­рып, оларға ұлт­тың қасіреті мен қай­ғы­сын түсін­діріп және ондай жағ­дай­дың қай­та­лан­ба­уы үшін тари­хи-тәр­би­елік шара­лар өткі­зу керек. 

2) Қала­лар­да көлік қозға­лы­сы толы­қтай тоқта­ты­лып, бүкіл ел бой­ын­ша ресми түр­де бір минут­тық үнсіздік жариялансын.

3) Сіз­ге Мем­ле­кет бас­шы­сы ретін­де Аста­на­да шеру рәсі­мін­де және Алма­ты­да Аштық құр­бан­да­ры­на арналған ескерт­кі­ш­тен (Наурызбай/Қабанбай), Рес­пуб­ли­ка алаңы­на дей­ін шеру рәсі­мін өткі­зу­де көш­ба­ста­уды ұсынамыз.

4) Осы­дан 2 жыл­дай бұрын Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның жоғарғы бас­шы­лы­ғы Кене­са­ры хан­ның басын қай­та­руға дай­ын бол­ды, зерт­те­мелік-аны­қтау жұмыста­рын жүр­гізді. Біздің тарап­тан Ұлы шей­іт, хан Кене­са­ры­ның басын ханға сай құр­мет­пен қабыл­дап, оны абы­рой­мен жер­леп, ата-баба­мы­з­бен үзіл­ген тари­хи бай­ла­ны­сты жалғап, шей­іт болған баба­ла­ры­мы­здың риза­шы­лы­ғы мен бата­сын алу ғана қалды! 

Сіз 1920–1933 жыл­дар­да Қаза­қтың басы­на түс­кен қасірет­тің тари­хи бей­несіне мұрағат­тар­ды зерт­теу арқы­лы шын­ды­қты ашуға баста­у­шы бол­ды­ңыз. Бұл тари­хи жады мен ұлт­тық бол­мысты ояту­дағы маңы­зды қадам!

Біз Алаш ісін жалға­сты­рып, өзі­мізді ашты­қтың жап­пай құр­ба­ны­на айналған ұлы ата-баба­ла­ры­мы­зға лай­ық, ұрпақ екені­мізді әлем­ге көр­се­те білуі­міз керек. Бұл жол­да Сізді бар­ша халық қолдайды! 

Бүгін ескі әлем­дік тәр­тіп ығы­сып, гео­са­я­си күрес шие­ленісіп, елдің эко­но­ми­ка­сы нашар­лап, ішкі және сыр­тқы толқу­лар күшей­ген тұрақ­сыз дәуір­ге аяқ басу­да­мыз. 1986 жыл­дың жел­тоқ­са­ны мен 2022 жыл­дың қан­ды қаңта­ры­нан сабақ ала оты­рып, Тәу­ел­сіздік тұрақты­лы­ғын нығай­ту мақ­са­тын­да осын­дай тари­хи сәт­те халы­қтың бір­лі­гін көр­се­ту аса маңы­зды және қара­лы шерудің рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де лай­ы­қты өтуі бұған тіке­лей ықпал ететініне сенім­ді­міз. Себебі бұл зұл­мат – әрбір қаза­қтың және репрес­си­яға ұшы­раған әрбір диас­по­ра өкілінің орны тол­мас қасіреті. Биыл Қазақ ұлты­на ақыр­за­ман болған кезең­ге 90 жыл толып отыр! 

Ағым­дағы жыл­дың 31 мамы­рын­да өтетін қара­лы шеруді ұйым­да­сты­ру тобы­ның және 100 000 адам­дық «Хан Кенені қай­та­рай­ық!» қозға­лы­сы атынан

Нұр­лан Әміреқұ­лов және ұйым­да­сты­ру тобы­ның мүшелері 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн