Понедельник , 12 мая 2025

«ТҮК КӨРМЕГЕНДЕР» қазақтың түбіне жетеді

Дəл бүгін­гі Қаза­қстан менің көз алды­ма екі кар­ти­на­ны еле­с­те­те­ді. Бірін­ші кар­ти­на: мұхит­та жүзіп бара жатқан кеме. Оның ішін­де шене­унік, оли­гарх, бай-манап­тар нөкері­мен, тоқа­лы­мен, көңіл­десі­мен думан­да­тып, той-той­лап, əндетіп кетіп барады.

Екін­ші кар­ти­на: еске­гі жоқ тесік қай­ық… Онда өмір үшін жан­та­ласқан халық. Шын мəнін­де, қазір­гі жағ­дай тоқ­са­нын­шы жыл­дан да қиын… Нан болған­мен, ажал адам­затпен ойнап жүр. Назар­ба­ев биле­ген отыз жыл­дың, жарай­ды, он жылы еңсе­мізді көте­ру­ге кет­ті дей­ік. Жиыр­ма жыл бұрын əр балаға жəр­де­мақы төле­у­ге мем­ле­кет­тің шама­сы бар еді. Жоқ, бұлар ішті, жеді, тоқа­лын той­дыр­ды. Тоқа­лы­ның құр­бы­ла­рын той­дыр­ды. Туған-туы­сын айт­паған­да, сынып­та­сын, сынып­та­сы­ның, кур­с­та­сы­ның бала­сын бай­ыт­ты. Солай кете береді.

Қазір Қаза­қстан­да жағым­паз­дар­дың дәуірі жүріп тұр. Қай сала­да да жағым­паз­дар «жұл­дыз». Билік­ке барған кей­бір таны­сы­мы­зды таны­май қал­дық, жоқ, шын­ды­ғы: олар бізді таны­ғы­сы кел­мей қал­ды. Ком­плекс. Қаза­қта «түк көр­ме­ген» деген сөз бар. Қаза­қтың түбіне сол тегін­де түк көр­ме­ген­дер жетіп жатыр. 

Жағым­паз­дар жоғарғы қыз­мет­те отыр. Жағым­паз­ды­қ­пен қыз­мет алған­дар жағым­паз­дар­дан коман­да жасақтай­ты­ны анық. Қазақ қоға­мы жағым­паз­ды­қтан ары­лу үшін, тағы да кемін­де отыз жыл керек-ау…

Ая МАНТАЙ

ФОТОАЙЫПТАУ

Оу, Күл­гі­нов мыр­за! Әкім деген лау­а­зы­мы­ң­ды ұрай­ын тап сенің! Мынау жатқан көше Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың атын­да бол­са, қалай зыр жүгіріп кетер едің, ә?! Құдай біледі, бірін­ші болып құр­дай жорға­лап, күрек­пен емес, қол­мен асфальт төсеп, алақа­ны­ң­мен тегістеп тастар едің.

Қаза­қтың ардақты аза­ма­ты Әли­хан Бөкей­ха­но­втың атын­дағы көшенің осы­лай былы­ғып жатқа­ны бірін­ші жыл емес. Көше аталға­лы солай жатыр. Қыста қар жау­са, «ойбай, күт­пе­ген тосын жағ­дай бол­ды, біл­мей қал­дым қаңтар­да қар түсетінін» деуші едің. Жарай­ды, оны­ңа да еті­міз үйрен­ді. Ал биыл сол кісінің 155 жыл­ды­ғы екенін біл­медім, есті­медім деші.

Бұл да таң­сық па саған? Әли­хан­ның атын­дағы мына астаң-кестеңі шыққан көшені күнібұрын жөн­деп, асфаль­тын төсе­сең, біреу сенің қолы­ң­нан қағар ма еді? Әлде оған да бұй­рық күтіп отыр­сың ба?

Мұх­тар ТҮМЕНБАЙ

РЕСЕЙ Укра­и­на­мен СОҒЫСА МА?

Соны­мен, Укра­и­на шека­ра­сын­да не болып жатыр? Ең алды­мен айта­рым – үлкен соғыс бол­май­ды. Қазір кей­бір сарап­шы­лар осы­лай деп айта бастады.

Ал Алек­сандр Куш­нарь­дың (Укра­и­на мәсе­лесі бой­ын­ша таны­мал сарап­шы – Ред.) айтуы бой­ын­ша, үлкен соғыс болуы мүм­кін. «Ресей бостан-босқа сон­ша­ма тех­ни­ка­сын сүй­ре­леп, тіп­ті кей­бір «хлам­да­рын» 1100 км жер­ден тасы­мал­дап, бар болға­ны Зелен­ский­ді қорқы­тып, Мед­вед­чук­ке санк­ция салу­ды тоқтат­ты­ру үшін әкел­ген жоқ. Егер соғыс бастар алдын­да ақпа­рат кеңісті­гін­де арт­дай­ын­дық жасай­ын деме­сең, 2014 жылғы­дай қол-аяғы керіліп тасталған бала тура­лы сар­най берудің де мағы­на­сы жоқ. Кремль­дің ойлау жүй­есі қара­пай­ым. Бұл қорқы­ту емес, бұл нағыз соғы­сқа дай­ын­дық, мұны Укра­и­на дұрыс түсі­нуі керек» дей­ді Кушнарь.

Оның сөзін Жири­нов­ский де қуат­тай түседі. Оның айтуы бой­ын­ша, алдағы мамыр-мау­сым айла­рын­да үлкен соғыс баста­ла­ды, Укра­и­на тәу­ел­сізді­гі­мен қошта­са бер­се де бола­ды. Жири­нов­ский – Мем­ду­ма­ның вице-спи­кері, лау­а­зым­ды тұлға, яғни ол Путин­нің ойын­дағы­сын жет­кізіп отыр.

Деген­мен де, осын­ша­ма дай­ын­ды­қтарға қара­ма­стан, үлкен соғыс бол­май­ды. Неге? Бұған ең алды­мен АҚШ-тың қатаң пози­ци­я­сы әсер етіп отыр. Ол ештеңе­ден де тай­сал­ма­стан Укра­и­на­ны қорғай­ты­нын ашық жет­кізді. АҚШ-тың бір­жақты қатаң пози­ци­я­сы Еуро­па­ның бел­ді мем­ле­кет­тері – Гер­ма­ния мен Фран­ци­я­ның, егер соғыс бола қал­са, олар­дың Укра­и­на жағын­да бола­тын­ды­ғын еріксіз мой­ын­дат­ты. Брюс­сель­де, тіп­ті Ресей­дің шека­раға арми­я­сын жақын­да­тып, соғы­сқа дай­ын­далған­ды­ғы­ның өзі санк­ция салуға жата­ды деген әңгі­ме­лер­ге арқау болды.

Тағы бір маңы­зды көр­сет­кіш – Түр­ки­енің пози­ци­я­сы. Түр­кие Қырым­ды деок­ку­па­ци­я­лау жос­па­рын бір­жақты қол­дай­ты­нын жет­кізді. Ердоған Путин­мен қан­ша дос бол­са да, Қырым мәсе­лесін­де елінің мүд­десін жоға­ры қой­ып отыр. Соғыс бола қалған жағ­дай­да Түр­ки­енің «Бай­рақта­ры» Укра­и­на аспа­нын­да «ойнақ сала­ты­ны» бел­гілі болып қал­ды. «Ни рыба, ни мясо» Еуро­па елдерінің пози­ци­я­сы­нан да Түр­ки­енің пози­ци­я­сы Путин­нің шым­бай­ы­на баты­ңқы­рап кет­ті. Түр­кие сон­дай-ақ екі әміри­ка­лық эсми­нец­ті Қара теңіз­ге Укра­и­на­ны қол­дау үшін кезек­шілік­ке өткізді.

Одақ­тас іздеп, Қытай­ға барған сапа­ры­нан бос қай­тқан Ресей ақы­ры жалғыз қалып, еріксіз өзінің бүкіл әлем­ге қар­сы соғы­са алмай­ты­нын түсіне бастаған­дай. Оның үстіне оны аса ауыр санк­ци­я­лар күтіп оты­рға­ны да мысын баса түскендей.

Міне, Укра­и­на шека­ра­сын­дағы жағ­дай әзір­ге осын­дай. Ерте ме, кеш пе, Укра­и­на НАТО-ға мүше бола­ды, Батыс елдерінің тобы­на қосы­ла­ды. Тарих­тағы шын орыс мем­ле­кеті бір­тін­деп өз тарихын қай­тып ала­ды, сон­да күні кеше Петр пат­ша­ның Жар­лы­ғы­мен Ресей аталған жалған мем­ле­кет бір­тін­деп тарих қой­на­уы­на кете­ді. Әумин!

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

АЯГӨЗДЕ халық пен әкім ЕКІ ЖАҚ

Ақ най­за­ның ұшы­мен, ақ білек­тің күші­мен ата-баба­сы қорғаған жер­ге халық малын жая алмай отыр. Аягөз ауда­ны, Бай­қо­шқар ауы­лы­ның тұрғын­да­ры «әкім жері­мізді заң­сыз ұты­сқа шыға­рып, өзінің тамыр-таны­сы­на алып бер­ді» деп даб­ыл қаққан бола­тын. Сол ауы­лға барып, мәсе­ле­мен таны­сып қайттық.

«Бақ­сақ – бақа екен» деген­дей, мәсе­ле шыны­мен де өзек­ті екен. Жер кодексінің 43–1‑бабының 2‑тармағында кезек-кезе­гі­мен көр­сетіл­ген­дей, бірін­ші – ауыл әкі­мі жер учас­кесінің сыз­ба­сын дай­ын­дап әке­леді. Екін­ші кезек­те – кон­кур­сқа шыға­ры­ла­тын сыз­ба­лар­ды аудан­дық уәкілет­ті орган қалып­та­сты­рып, қоғам­дық кеңеспен, мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­мен, «Ата­ме­кен» кәсіп­кер­лік пала­та­сы­мен, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­ры­мен келісіп, бекітіледі. Үшін­ші этап­та жер­ге орна­ла­сты­ру жоба­сы жаса­ла­ды. Төр­тін­ші­де – ақпа­рат бет­терін­де хабар­ла­на­ды және қай күні, қай жер­де кон­курс өтетіні жазы­ла­ды. Ақпа­рат шыққан отыз күн­нен кей­ін кон­курс болады. 

Ал Бай­қо­шқар ауы­лы­ның халқы жер­лерінің кон­кур­сқа шыға­ры­лға­ны­нан мүл­де хабар­сыз. Мал­да­ры күн­де жай­ы­лып жүр­ген жері­нен айы­ры­лып қалға­нын кон­курс біт­кен соң бір-ақ біл­ген. Ең қызы­ғы – жер учас­кесінің сыз­ба­сын­да ауыл­дың бұры­нғы әкі­мі С. Шымы­ро­втың қолы тұр. Ал экс-әкім «мен сыз­ба дай­ын­да­маған­мын, қол да қой­маған­мын» дей­ді. Бұл дегеніңіз – Қыл­мыстық кодекс. Яғни, жалған құжат жасау – фаль­си­фи­ка­ция! Про­ку­ра­ту­ра мен ІІБ-сы, тек­се­ру­леріңізді сұраймыз!

Жер комис­си­я­сы­на ауыл­дан қоғам­дық кеңес мүше­лері қаты­суға мін­дет­ті. Бірақ ауыл әкі­мі Ержан Еңсе­ба­ев ауыл­дық қоғам­дық кеңес­ке айт­пай, жалғыз өзі барып, бүкіл ауыл­дың мал бағып оты­рған жерін «Айдос» шаруа қожа­лы­ғы­на ұтты­рып бер­ген. Жемқор­лы­қтың исі шық­пай ма?

Енде­ше 1 наурыз күні өткізіл­ген лот – ЗАҢСЫЗ! Әлде Жер комис­си­я­сы­ның төраға­сы Б. Сүлей­ме­нов пен қоғам­дық кеңе­стің төраға­мы Ә. Тоқ­ба­ев Жер кодексін біл­мей ме? Аягөз ауда­ны­ның басқа ауыл­да­ры­нан кел­ген жер мәсе­лесіне қаты­сты бел­сен­ділер «комис­сия әр жер учас­кесі үшін 600 мың тең­ге ақша алды, оны сол жер­ді ұтып алған­дар өздері айтып жүр» дей­ді. Енде­ше Жер комис­си­я­сы­ның 1 наурыз күні өткен бар­лық лот­та­ры заң­сыз деп таны­луға тиіс.

Ауыл­дың жер сыз­ба­сын­да дау­лы жер ауыл­дан 13 км жер­де деп көр­сетіл­ген. Сөйт­сек, ең соңғы нүк­тесін ауыл­дың шеті деп көр­сетіп­ті. Негізін­де ауыл­дан 6 шақы­рым жер­де екен. 

Бай­қо­шқар ауы­лы­ның кәсіп­кері Манат­бек Жап­парға­ли­ев­ке тиесілі 873 га жер телі­мі 875 га деп өзгер­тіліп, құжат жаса­лып, кон­кур­сқа түс­кен. Иесі бар жер­ге неге кон­курс жари­я­лай­ды? Әлде ауыл әкі­мі кор­руп­ци­я­лық әре­кет­ке барып отыр ма? Бұл жер­де де жалған құжат жасау аны­қтал­ды. Сон­да жер комис­си­я­сы­ның төраға­сы мен мүше­лері, ауыл әкі­мі Еңсе­ба­ев бұл жер­дің қысы-жазы бос емес екенін біл­мей ме?

Жер комис­си­я­сы­ның мүше­лері Жер кодексін біл­ме­се, қалай отыр? 

Бел­сен­ділер­дің көтер­ген арыз-шағы­мы­нан кей­ін, аудан әкі­мі Бай­қо­шқар ауы­лы­на барып, халы­ққа жер­ді қай­та­рып бере­міз деп­ті. Басқа біре­удің аты­на рәсім­деліп, Әділет мини­стр­лі­гіне тір­кел­ген жер­ді сот­пен ғана қай­та­руға бола­ты­нын әкім жақ­сы біледі деп ойлай­мыз. Әлде халы­қты тыны­штан­ды­рып, алдап отыр ма?

Жалған құжат жасау бой­ын­ша, яғни экс-әкім­нің қолы ма, жоқ па деген тек­серіс жүр­гі­зуді Аягөз аудан­дық ІІБ бастап, ауыл тұрғын­да­ры­нан түсінік­те­ме алған екен. Қазір сол түсінік­те­мені экс­пер­ти­за­ға жіберт­пей, аудан әкім­шілі­гі өздеріне алдыр­тып алып­ты деп, бел­сен­ділер даб­ыл қағу­да. Аягөз ауда­ны­ның әкі­мі Сей­іл­бек Ысқақов мыр­за, осы мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты жау­ап бересіз деп үміт­те­не­мін. Ал Бай­қо­шқар ауы­лы­ның тұрғын­да­ры аудан әкі­мі­нен ауы­лға басқа әкім тағай­ын­да­уды сұрап отыр! 

Оңғар ҚАБДЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн