Пятница , 4 июля 2025

Абақтыда отырғанына ӨКІНБЕЙТІН ЖАСТАР өзгеріс жасауға құштар

  • Алма­ты­да «тый­ым салы­нған ұйым ісіне қаты­сты» деген айып тағы­лған 13 аза­мат­тық бел­сен­дінің соты өтіп жатыр. Сот про­цесіне бес айып­та­лушы Алма­ты­дағы тер­геу изо­ля­то­ры­нан қаты­сып отыр. «Азаттық» тіл­шісі абақты­да оты­рған екі бел­сен­ді­мен – Диа­на Бай­мағам­бе­то­ва және Асхат Жек­се­ба­ев­пен сөй­лесіп, сұх­бат­тасқан екен. Біз сол сұх­бат­ты редак­ци­я­лап, ықшам­далған нұсқа­да жари­я­лап отырмыз.

Бұл сот­тың басталға­ны­на екі ай бол­ды. Онлайн режим­де өтіп жатқан сот про­цесіне (Алма­лы аудан­дық соты­ның судья­сы Ернар Қасым­бе­ков жүр­гі­зу­де) бес айып­та­лушы – қоғам­ның аза­мат­тық бел­сен­ділері Диа­на Бай­мағам­бе­то­ва, Абай Бегім­бе­тов, Асхат Жек­се­ба­ев, Қай­рат Қылы­шев және Ноян Рақым­жа­нов тер­геу изо­ля­то­ры – ЛА-155/18 меке­месі­нен Zoom қосым­ша­сы арқы­лы қатысуда.

Билік айып тағып оты­рған 13 бел­сен­дінің бар­лы­ғы дер­лік – қоғам­дық-сая­си мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты пікір-көзқа­ра­сын ашық айтып, Қаза­қстан­да өтетін нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на қаты­сып жүр­ген аза­мат­тар. Оларға Қыл­мыстық кодекстің 405-бабы­ның 1‑тармағы («экс­тре­ми­стік ұйым­ның ісін ұйым­да­сты­ру») және сол бап­тың 2‑тармағы бой­ын­ша («экс­тре­ми­стік ұйым­ның ісіне ара­ла­су») айып тағы­лған. Билік бұлар­ды 2009 жыл­дан бері шетел­де тұра­тын оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, қуғын­дағы экс-бан­кир Мұх­тар Әбі­ля­зов жетек­шілік ететін «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» (ҚДТ) қозға­лы­сы мен «Көше пар­ти­я­сы­на» қаты­сы бар, солар ұйым­да­сты­рған заң­сыз митин­гілер мен акци­я­ларға, пикет­тер­ге қаты­сты деп айыптайды.

405-бап­тың 1- және 2‑тармағы бой­ын­ша айып тағылғандар:

  • Аспан­ди­я­ро­ва Дәметкен
  • Бегім­бе­тов Абай
  • Жәу­ке­ро­ва Гүлзипа
  • Жек­се­ба­ев Асхат
  • Жұма­ни­я­зо­ва Нинагүл
  • Қози­ев Ермек
  • Қылы­шев Қайрат
  • Рақым­жа­нов Ноян
  • Уәли­ев Дархан

405-баптың 1‑тармағы бой­ын­ша айып тағылғандар:

  • Әлі­бе­ков Бақдәулет
  • Бай­мағам­бе­то­ва Диана
  • Құр­ба­нов Марат
  • Смағұ­лов Болат

Тер­ге­ушілер сотқа бел­сен­ділер­дің әле­умет­тік желі­де таратқан видеоүн­де­улері мен фило­ло­гия-пси­хо­ло­ги­я­лық сарап­та­ма қоры­тындысы сияқты деректер­ді дәлел ретін­де ұсы­нған. Про­ку­рор бұл 13 аза­мат мем­ле­кет­ке, мем­ле­кет­тің ұлт­тық қауіп­сізді­гіне қатер төн­дір­ді, тый­ым салы­нған ұйы­мға бірі­гіп, «мем­ле­кет­тік билік­ті құла­туға әре­кет жаса­ды» дейді.

  • Қамаудағы бел­сен­ділер Диа­на Бай­мағам­бе­то­ва, Асхат Жек­се­ба­ев, Абай Бегім­бе­тов, Ноян Рахым­жа­нов және Қай­рат Қылы­шев онлайн режим­де­гі сотқа тер­геу абақты­сы­нан қаты­сып отыр.

Тағы­лған айып­ты мой­ын­да­май­ты­нын мәлім­де­ген бел­сен­ділер сот бары­сын­да істі жүр­гізіп оты­рған судья мен про­ку­рорға бір­не­ше рет сенім­сіздік біл­діріп, ауы­сты­ру­ды сұраған. Соны­мен бір­ге қай­та­дан тәу­ел­сіз сарап­та­ма жаса­ту­ды, айып­та­удың басты құра­лы­на айналған Нұр-Сұл­тан­ның Есіл аудан­дық соты­ның елде ресми тір­кел­ме­ген ҚДТ мен «Көше пар­ти­я­сы­на» тый­ым салу жай­лы шеші­мін іске тір­ке­уді талап еткен. Бірақ сот олар­дың тала­бын қанағат­тан­дыр­ма­ды.

«Азаттық» тіл­шісі тер­геу абақты­сын­да оты­рған Асхат Жек­се­ба­ев және Диа­на Бай­маға­ме­то­ва­мен сөй­лесіп, олар­дың хал-жағ­дай­ын сұрады.

Тер­геу абақты­сын­дағы жағ­дай, ден­са­улы­қта­ры­ңыз қалай? Түр­ме тамағы­ның сапа­сы қан­дай, тұтқы­нға жасалған жағ­дай жай­лы не айтасыз?

Асхат Жек­се­ба­ев: Түр­ме­де­гі [онда оты­рған аза­мат­тар­ды] қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты шағы­мы­м­ыз бар. Бірақ әуелі Диа­на­ның [Бай­мағам­бе­то­ва] жағ­дай­ын айтқы­мыз келеді. Бүгін­гі (сұх­бат 24 қыр­күй­ек­те алын­ды – Авт.) кез­де­су­де ол түр­ме­де­гі ер қыз­мет­кер­лер өзіне пси­хо­ло­ги­я­лық қысым көр­се­тетінін біз­ге айт­ты. Бұл қамау меке­месін­де оты­рған әйел адам жай­лы нор­маға қай­шы. Әйел­дер каме­ра­сы­на ер адам кіру­ге бол­май­ды. Ал олар [түр­ме қыз­мет­кер­лері] тек кіріп қана қой­май­ды, оған қыр көр­се­те­ді екен.

Біз­де, ерлер оты­ра­тын жақта жағ­дай қалып­ты. Тек тамақ сапа­сы­на бай­ла­ны­сты шағы­мы­м­ыз бар. Мыса­лы, әр ада­мға ресми түр­де күніне 2000 тең­ге тамаққа бөлі­нетінін біле­мін. Яғни, ай сай­ын 62 мың тең­ге. Қазір мұн­да 1500 адам отыр­са, соның ары кет­кен­де 500-дейі ғана түр­ме тамағын ішеді. Ал қалған тамақ әжет­ха­наға төгіледі. Мен бұл тура­лы әкім­шілік­ке де, про­ку­ра­ту­раға да жаз­дым. Тамақ әке­ле жатқан­да каме­ра есі­гін ашпай­мыз. Апта­сы­на бір рет піс­кен жұмыр­тқа әке­леді, кар­топ, кей­де қуы­ры­лған, кей­де тұз­далған балық береді, соны ала­мыз. Ал таңғы асқа беретін ботқа­сы біраз тұрған соң, неге екенін қай­дам, сағы­здай созы­лған қой­мал­жы­ңға айна­ла­ды. Біз­ге кей­де екі аптаға, кей­де одан да көп уақы­тқа жаңа адам­дар әкеліп оты­рғы­за­ды. Олар алға­шқы кез­де түр­ме тамағын ала­ды да, кей­ін әжет­ха­наға төгеді.

Сіз­дер каме­ра­да бір­ге отыр­сыздар ма, әлде бөлек пе? Қазір күз түсіп, күн суыт­ты, каме­ра­ның іші суық емес пе?

Біз был­тыр қыста осын­да жат­тық. Үйреніп те алдық. Бәрі­міз 15-кори­дор­да­мыз, бірақ бөлек каме­ра­да жатыр­мыз. Ондағы жағ­дай қанағат­та­нар­лық деу­ге бола­ды. Ал абақты­ның әйел­дер оты­рған бөлі­гі қысы-жазы суық.

Сырт­тан кел­ген сәлем­де­ме, азық-түлік­ті кедер­гісіз алып тұра­сыздар ма?

Иә, оған бай­ла­ны­сты кедер­гі жоқ. Себебі, ондай жағ­дай бола қал­са, біздің тара­пы­мы­здан дереу реак­ция бола­ды. Сон­ды­қтан әкім­шілік те кедер­гі­ге жол бер­мей­ді. Бірақ біз­де басқа про­бле­ма бар. Тере­зенің бәріне темір пер­де (жалю­зи) қой­ы­лған, күн түс­пей­ді. Серу­ен­ге шыға­тын аула­ның да төбесі жабық болған­ды­қтан, күн көзі көрін­бей­ді. Бір сөз­бен айтқан­да, күн сәу­лесіне зәруміз.

Серу­ен­ге шыққан­да қамауда оты­рған басқа адам­дар­мен тіл қаты­суға мүм­кін­дік бола­тын шығар. Олар­дың қарым-қаты­на­сы, көзқа­ра­сы қалай? Сіз­дер­дің нелік­тен қамауда оты­рған­да­ры­ңы­зды біле ме?

Мұн­да оты­рған­дарға «құқық бұзған» деп әртүр­лі бап­пен айып тағы­лған. Олар бізді сырт­тай біледі. Кей­бірі қол­дау көрсетеді.

– Диа­на, бұған дей­ін ден­са­улы­ғы­ңыз нашар­лаға­ны айты­лған еді. Қазір хал-жағ­дай­ы­ңыз қалай, каме­ра­да өзіңіз жалғыз отыр­сыз ба?

Диа­на Бай­мағам­бе­то­ва: Біз­де­гі, тер­геу абақты­сы­ның әйел­дер жақ бөлі­гін­де­гі про­бле­ма – орын жетіс­пей­ді. 15 минут­та бүкіл каме­ра жуы­нып үлге­руі­міз керек. Жуы­на­тын жер өте кір, лас. Қазір күн суыт­ты, ал мұн­да жел гулеп тұра­ды. Осы мәсе­ле көтеріл­се дей­мін. Біз, әйел­дер, қина­лып жүрміз.

Мені қамауға алған­да көк­тем-күз­де киетін киім­мен кел­ген едім. Мұн­да жел­тоқ­сан­да, қаңтар мен ақпан­да қат­ты суық бол­ды. Төсеніш тозған, тере­зе жабыл­май­ды. Каме­ра ішін­де­гі тем­пе­ра­ту­ра дала­мен бір­дей – 15–20 гра­дус. Сол кез­де қат­ты суық тигізіп алдым. Жақын­да емделіп шықтым. Қазір бұры­нғы­дан тәуір­мін. Бірақ алда келе жатқан қысты ойла­сам, қорқамын.

Бір каме­ра­да кей­де 6, кей­де 8–10 адам жата­мыз. Оларға тағы­лған айып та әртүр­лі: кісі өлті­ру, ала­яқтық, есірт­кі, т.б. Әрқи­лы тағ­дыр, бірақ ешқай­сы қыл­мыс­кер болу­ды мақ­сат еткен емес. Бір жыл­да түр­ме­де нешетүр­лі адам көр­дім. Не үшін оты­рға­ным­ды сұрап, «Дулат Аға­діл­ді жер­ле­у­ге барға­ның үшін оты­рғы­зды ма? Интер­нет­те пікір айтқа­ның үшін бе?» деп таңқалады.

Мен митин­гі­ге де барып үлгер­ген жоқ­пын, себебі оған жет­кіз­бей ұстап әке­те­ді. Енде­ше бізді Дулат Аға­діл­дің зира­ты­на, үйіне барға­ны­мыз үшін, пікірі­мізді айтқа­ны­мыз үшін жаза­ла­ды. Әкім­шілік жау­а­пқа тар­тып, айып­пұл сал­ды. Осын­дай әңгі­ме­лер­ді есті­ген­де, олар­да үміт пай­да бола­ды. Көбірек біл­гісі келетінін, «қосы­лғы­мыз келеді» деген­ді айта­ды. Олар да Қаза­қстан­ның бола­шағы­на алаң­дай­ды, өз үлесін қосқы­сы келеді.

Абақты­да жатқан кез­де өткен­ді сара­лап, іс-әре­кетіңіз, ұста­ны­мы­ңыз тура­лы ойла­нуға уақыт бол­ды. Өткеніңіз­ге өкі­несіз бе? Ұста­ны­мы­ңы­зда өзгеріс болуы мүм­кін бе?

– Әрине, жоқ. Өкі­ну деген ешқа­шан болған емес. Бірақ біз де ет пен сүй­ек­тен жаралған адам­быз, кей­де шар­шай­мыз. Алай­да ол тез өтіп кете­ді. Білесіз бе, керісін­ше, жүрек­те Қаза­қстан­ды жақ­сар­ту, елдің тұр­мыс дең­гей­ін арт­ты­ру­ды мақ­сат етіп, бір­деңе жасап жүр­гені­міз­ге қанағат­та­ну сезі­мі бар. Бұл бақыт, қуа­ныш сый­лай­ды. Біз Қаза­қстан­ды ары қарай дамы­туға тыры­са­тын боламыз.

Асхат Жек­се­ба­ев: «Өкі­не­місіз» деген сұраққа қаты­сты айта­рым: жоқ, өкін­бей­мін. Менің қаза­қстан­дық бел­сен­ділер­дің бар­лы­ғы­на айта­рым: халық ара­сын­да ағар­ту­шы­лық, қоғам­ды ақпа­рат­тан­ды­ру жұмысын көп жүр­гі­зу керек. Әсіре­се аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­ке бай­ла­ны­сты ақпа­рат­ты көп­теп тара­ту керек. Адам­дар заң­ды, Кон­сти­ту­ци­я­ны білуі керек. Мұн­да оты­рған көп адам заң­ды біл­мей­ді. Адам­дарға әділет­ті заң үстем­ді­гі орнаған, адам құқы­ғы сақта­ла­тын, өрке­ни­ет­ті Еуро­па елдерін­де­гі жағ­дай­ды дик­та­тор­лық жүй­е­де­гі елдер­мен салы­сты­ра оты­рып түсін­ді­ру керек.

Елі­міз­де отыз жыл бойы тамыр жай­ып, сіресіп бекі­ген жүйе егер демо­кра­ти­я­лық бағыт­та өзгер­ме­се, оның аяғы неге апа­ра­ты­нын айту керек. Оған мысал­ды сот­тан да көру­ге бола­ды. Про­цесс бір­жақты өтіп жатыр. Сот әділет­ті шешім шыға­руға мүд­делі емес.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн