Вторник , 1 июля 2025

«АБУ ДАБИ ПЛАЗА» тағы да ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ

Аста­на­дағы «Абу Даби Пла­за» ныса­ны­ның жұмыс­шы­ла­ры тағы да ере­уіл­ге шығып, еңбек жағ­дай­ла­ры мен жалақы­ны арт­ты­ру тала­бын қой­ды. Бірақ қала әкім­ді­гі бұл шара­ны «митин­гі емес» деп, мәз болып отыр. 

Кеше «Абу Даби Пла­за» кешенінің жұмыс­шы­ла­ры құры­лыс аумағы­ның маңы­на жина­лып, өздерінің еңбек жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту­ды талап етіп, бір сағат­тық ере­уіл­ге шықты, деп редак­ци­яға ақпа­рат көзі хабарлады. 

«Ере­уіл­де­ген кешен құры­лыс­шы­ла­ры­мен қала­ның мем­ле­кет­тік бас еңбек инспек­то­ры Е. Ысмағұ­лов пен Есіл ауда­ны­ның про­ку­ро­ры Д. Ката­ев кез­де­сті. Олар жұмыс­шы­ларға ком­па­ни­я­ның кең­сесіне барып, мәсе­лені әкім­дік бас­шы­лы­ғы­ның қаты­суы­мен талқы­ла­уды ұсын­ды. Ере­уіл­дің баста­ма­шы тобы қала бас­шы­лы­ғы­мен кездесті.

Құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның кең­сесін­де Нұр-Сұл­тан қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Н.Нүркенов қосалқы мер­ді­гер­лік ұйым­дар­дың бас­шы­ла­ры­мен, жұмыс­шы­лар­дың баста­ма­шыл тобы­мен, сон­дай-ақ «Абу Даби Пла­за Ара­б­тек кон­со­лидей­тед кон­трак­торс LTD» жоба­сы­ның жетек­шісі Джон Кэм­п­белл­мен кез­де­су өткізді». 

«Кез­де­су қоры­тындысы бой­ын­ша, «Ара­б­тек» бас­шы­лы­ғы­на тамақта­ну­ды ұйым­да­сты­ру мәсе­лесін шешу, намаз оқуға жағ­дай жасау, инфля­ция жағ­дай­ын­да жұмыс­шы­лар­дың жалақы­сын арт­ты­ру ісі тап­сы­ры­лған» деп хабар­ла­ды осы орай­да Nur.kz ақпа­рат­тық порталы.

Айсұ­лу ОСПАН,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн