Четверг , 25 декабря 2025

Абыз өтті өмірден. Аңыз өтті…

«Кто вы гос­по­дин К?». Қаза­қ­ша­сы «Сіз кім­сіз, К мыр­за» деген фильм бар. Осы­ны жалға­стыр­сақ, «Сіз кім­сіз, Әші­мов мыр­за?» деген сұрақ туын­да­уы мүмкін…

Асанәлі Әші­мов – актер, режис­сер, жазу­шы. Театр және кино әле­мінің ақсақа­лы, абы­зы. Кеше­гі өткен Ұлы­лар­дың соңғы тұяғы. Көзін көр­ген, сөзін тың­даған, сана­сы­на құй­ған, солар­ды біз­ге жет­кіз­ген Асе­ке… Алтын көпір…

Баяғы­да Мұх­тар Әуе­зов қай­тыс болған­да, Ғабит Мүсіре­пов: «Қаза­қта “Ат тұяғын тай басар” деген сөз бар. Бірақ осын­дай­да ат тұяғын тай баса алмай­ды» деп айтқан екен. Сол Ғәбең айтқан тір­кесті тағы да амал­сыз қай­та­ла­у­ға тура келеді.

Әші­мо­втер бар. Алла оларға ғұмыр бер­сін. Алай­да Асанәлі жалғыз, дара. Бала­лы­ғын соғыс ұрлаған жесір әйел­дің жетім бала­сы жоқ­шы­лық пен ашты­қтың не екенін біл­ген-ді… «Зоо­тех­ник бол­саң – аш бол­май­сың» деген қағи­да­мен Алма­ты­ға оқуға кел­ген. Досы Рай­ым­бек Сей­іт­ме­тов «актер бола­мын» деп Асқар Тоқ­па­но­вты қонаққа квар­ти­раға шақы­рған­да, Асе­кең қыз­мет етіп, ұста­здың көзіне түс­кен. Асқар Тоқ­па­нов тек Рай­ым­бек Сей­іт­ме­то­вті ғана емес, Әші­мо­вті де өзінің кур­сы­на шақы­рған… Осы­лай өмір жолы Асанәліні өнер жолы­на әкелген.

Жан жары Май­ра Айма­но­ва­мен осы кон­сер­ва­то­ри­яда таны­сып, Шәкен­нің күй­еу бала­сы атан­ды. Айма­но­втың акте­ры бол­ды. Қазақ кино­сы­ның өрлеу, өркен­деу кезеңін­де үлкен-үлкен роль­дер сомда­ды. Әсіре­се Беке­жан мен Шади­я­ров бей­не­лері актер Әші­мо­вті қаза­ққа паш етті. Қаза­қты әлем­ге экран арқы­лы алғаш таны­тқан Асанәлі еді. Бойы бар, ойы бар, көзі бар, сөзі бар актер ешкім­ді де еле­усіз қал­дыр­май­тын. Асе­кең­мен келіс­пе­у­ге бола­ды, айты­суға да бола­ды. Алай­да оның актер­лі­гіне ешкім де шүбә кел­тір­мей­тін еді. Айма­но­втың соңғы филь­мі «Ата­ман­ның ақы­рын­да» Шади­я­ров Дуто­вты атып өлтіреді. Ойлап қара­сам, Асанәлі Дуто­вты емес, өзінің олжа­сын уысы­на түсір­ген екен. Шади­я­ро­вқа дей­ін де Асе­кең кино үшін бөтен емес. Мәжит Бега­лин­нің геройы болған. Алай­да «Ата­ман­ның ақы­ры» Әші­мов аңы­зы­ның баста­уы бол­ды. Одан кей­ін – «Қыз Жібек­те­гі» Беке­жан. Қан­ша­ма жас ұрпақ осы Асанәлі болғы­сы кел­ді. Олар да Әші­мо­втей сақал-мұрт қой­ды. Елік­те­ді. «Елу жыл­да ел жаңа» дей­ді. Алай­да Асе­кең әлі күн­ге дей­ін елінің алақа­нын­да бол­ды. Шүкір… Асанәліні аялаған Қазақ халқы өзінің Дар­ханды­лы­ғын, Дана­лы­ғын, Жомарт­ты­ғын, Кеңді­гін тағы бір дәлелдеді.

Өткен ғасыр­дың 80-жылы Москва­да Дүни­е­жүзілік Олим­пи­а­да өтіп жатыр. Менің өмірім­де­гі олим­пи­а­да одан еш кен­де емес. Асанәлі аға­мы­зды іздеп Алма­ты­ға кел­дім. Жаз айы. Асе­кең дем алуға «Алма­ты» сана­то­рий­іне кетіп­ті. Ондағы ойым ВГИК-ке бару. Алдын­да ғана «Совет­ский экран» жур­на­лы­ның мұқа­ба­сы­на шыққан. Сана­то­рий­ге бар­сам, Асе­кең Ғабит Мүсіре­по­втың бөл­месін­де Серік Қонақ­ба­ев­тың финал­дағы жек­пе-жегін теле­ви­зор­дан көріп отыр екен. Күту­ге тура кел­ді. Серік жеңіл­ді. Асе­кеңнің көңілі де түсіңкі… Дәліз­ге шықты.

– Иә бала, не жүріс? Жай­шы­лық па? – деді Асекең.

– ВГИК-ке барай­ын деп едім.

– Енді?.. – Әші­мов беті­ме қара­ды… Көк­пе­ң­бек көзі өңменім­нен өтер­дей. Серік Қонақ­ба­ев­тың жеңіл­геніне мені кінәлі­дей көрді.

– Маған хат жазып бер­сеңіз. Қаза­қстан­нан бара жатырмын.

– Давай, қағаз-қалам әкел! – деді аға­мыз… Ғабеңнің бөл­месіне жүгіріп барып, қағаз-қалам әкел­дім. «ВГИК, про­фес­со­ру Нико­лай Нико­ла­е­вич Фигу­ров­ско­му» – деп хат жазып, қолын қой­ып берген.

Менің киноға келуі­ме Асе­кең осы­лай ықпал етті. Сеп­ті­гін тигізді. Одан бері қан­ша­ма уақыт өтті. Асе­кең­мен талай-талай бір­ге бол­дық. Қиын күн­дер­де қасы­нан табы­луға тырыстым.

Май­ра жең­гей қай­тыс бол­ды. Иманға­ли еке­уміз Сов­мин­де­гі ауру­ха­наға кел­дік. Асе­кеңе ота жасаған, төсек­те. Қолын­да сига­рет. Көңіл айт­тық… Асе­кең үнсіз. Иманға­ли сөй­леп отыр. Бір сәт Асе­кеңнің көзі­нен бір там­шы жас сорға­лап түсті. Имаш сау­сағы­ның ұшы­мен оның жасын сүрт­кен. Асе­кең Иманға­ли­дың қолын ұстап сүй­ді. Иманға­ли аға­сы­ның маң­дай­ы­нан сипа­ды. Екі тұлға бірін-бірі үнсіз түсінген…

Қыру­ар жұмысты Иманға­ли атқар­ды. Сүй­ген жары Май­раға Асе­кең осы­лай топы­рақ сала алма­ды… Май­ра апай кере­мет кісі бола­тын. Сұңғақ бой­лы, әде­мі-тін. Мұста­фа Өзтүрік кел­ген­де, үйіне қонаққа шақыр­ды. Бауыр­сағын пісіріп, етін асып, дастар­хан жай­ған жең­гей еді. Алды­мен Мәди, соңы­нан Сағи өмір­ден өткен­де, Асе­кең қат­ты күй­зел­ді… Бірақ сын­ба­ды. Ойда жоқта Бағ­дат кез­де­сті. Бағ­дат Асе­кеңнің бағы бол­ды, бала­дай баптады.

Асанәлі бүгін­де Қаза­қтың брен­ді бол­ды. Егер кешелі-бүгін Қазақ халқы қара жамы­лып, Асанәлісін жоқ­та­са – Арда ұлы­нан айы­ры­лға­ны. Алып­тар­дың көзін көр­ген соңғы Моги­кан… Оты­рған жері әзіл, қашан­да төр­ден табы­лған Ұлы тұлға өмір­ден өтті деген­ге сенер емес­пін. Осы­дан бірер ай бұрын теле­фон шалып, Аса­кен­нің оқуға түс­кенін, Дубай­дан пәтер іздеп тапқа­нын айтқан. Қуа­ны­шын бөлі­су­ге асы­ғып жүрер аға­мыз қай­тқан екен. Не деу­ге бола­ды? Кешелі бері қолым тиген­де әлем­желіні қарап қоя­мын. Қалың жұрт қайғыда…

Баяғы­да Дін­мұ­хам­мед Қона­ев қай­тыс болған­да, қай­ғы­рған қара халы­қты көріп ем… Бүгін де сол аза тұтқан қай­ран қазақ. Қош, Асе­ке! Жатқан жерің жай­лы болып, има­ның сала­мат бол­сын! Соңғы Могикан!

Талғат ТЕМЕНОВ

Республиканский еженедельник онлайн