Пятница , 4 июля 2025

Автократтардың ҚҰПИЯ ӨМІРІ

  • Пост­со­вет­тік авто­ри­тар­лық елдер­де жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың жеке өмірі мен отба­сы тура­лы ақпа­рат әдет­те қоғам­нан құпия сақта­ла­ды. Бұл таны­мал сая­сат­кер­лер­дің отба­сы мүше­лері үне­мі халы­қтың көз алдын­да жүріп, талқы­ла­у­ы­нан түс­пей­тін Батыс елдерін­де­гі жағ­дай­мен салы­сты­руға кел­мей­ді. Сарап­шы­лар мұны сая­си мәде­ни­ет­тің ерекшелі­гі­мен және тари­хи дәстүр­лер­мен байланыстырады.

Жарты жыл бұрын Қаза­қстан пре­зи­ден­ті болған 66 жастағы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың ондаған жыл бойы халық алдын­да жүр­геніне қара­ма­стан, оның жеке өмірі тура­лы ақпа­рат жоқтың қасы. Қаза­қстан­ды 30 жылға жуық басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев (ол мем­ле­кет­тік аппа­ратқа ықпал ету тетік­терін әлі де өз қолын­да ұстап отыр) пре­зи­дент­тік қыз­мет өкілетін мерзі­мі­нен бұрын доғарған­нан кей­ін, Тоқа­ев пре­зи­дент қыз­метіне кіріс­кен күні ақпа­рат құрал­да­ры жаңа бірін­ші ханым­ның аты-жөні Надеж­да Давы­дов­на деп жаз­ды. Бірақ бір апта­дан кей­ін Ақор­да сай­тын­да жари­я­ланған Тоқа­ев­тың ресми өмір­ба­я­нын­да оның «ажы­рас­қа­ны» айты­лған. Пре­зи­дент­тің қашан ажы­рас­қа­ны бел­гісіз. Бұрын жазы­лған мате­ри­ал­дар­да Тоқа­ев­тың «мұнай сала­сын­дағы кәсіп­кер» деп аталған 36 жастағы ұлы Тимур Тоқа­ев тура­лы да дерек кездеспейді.

Бұры­нғы бірін­ші ханым Сара Назар­ба­е­ва соңғы жыл­да­ры ел алды­на көп шық­па­ды. Ол күй­е­уі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен бір­ге шетел­дік сапар­ларға барған жоқ, ресми шара­лар­да да бой көр­сет­пе­ді. Тұңғыш пре­зи­дент­тің сай­тын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың әйелі Сара Алпы­сқы­зы Назар­ба­е­ва деп көр­сетіл­гені­мен, ашық дерекке жата­тын бірқа­тар қар­жы­лық құжат­тар­да, қар­жы мини­стрінің есебін­де Назар­ба­ев­тың әйелі және оның үш қызы­ның ана­сы Сара Алпы­сқы­зы Қонақай деп жазы­лған. Бұры­нғы бірін­ші ханым шын мәнін­де қыз кезін­де­гі тегін (тұр­мысқа шыққанға дей­ін бұры­нғы пре­зи­дент әйелінің тегі Қонақа­е­ва болған) қай­та алға­ны я алмаға­ны, ал бұл ақпа­рат рас бол­са, оған не әсер еткені бел­гісіз. 2010 жылы Назар­ба­ев­тың бұры­нғы күй­еу бала­сы, билік­тің қыры­на ілін­ген Рахат Әли­ев (2015 жылы Вена түр­месін­де­гі каме­ра­дан өлі табы­лған Әли­ев­тің қаза­сы­ның ресми себебі суи­цид деп көр­сетіл­ген) Назар­ба­ев­тың әйелі­мен ресми түр­де ажы­рас­қа­нын айтқан.

Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­тінің үлкен қызы, сая­си ман­са­бы бұры­нғы күй­е­уі Рахат Әли­ев­тің өлі­мі­нен кей­ін жоға­ры өрле­ген Дариға Назар­ба­е­ва қыр­күй­ек айы­ның соңын­да ел аста­на­сын­да өткен «Томи­рис» көр­кем филь­мінің тұса­у­ке­серіне бір­не­ше жоға­ры лау­а­зым­ды шене­унік және «Қазтранс­газ» бас­шы­сы Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­пен бір­ге қаты­сты (төмен­гі фото­да – оң жақта отыр). Бір­не­ше жыл бұрын кей­бір ақпа­рат құра­лы 12 жыл бұрын үш бала­сы­ның әкесі Рахат Әли­ев­тен ажы­рас­қан Дариға Назар­ба­е­ва­ның қазір­гі күй­е­уі Қай­рат Шәрі­п­ба­ев деп хабарлаған.

Дариға Назар­ба­е­ва шыны­мен Қай­рат Шәрі­п­ба­евқа тұр­мысқа шықты ма – бұл жай­лы ешқан­дай ресми ақпа­рат жоқ. Дәл солай сенат спи­керінің Асы­л­жан есім­ді сегіз жасар ұлы тура­лы да дерек табу мүм­кін емес. Басы­лым­дар Назар­ба­е­ва­ның кен­же ұлы бар екені тура­лы өткен жылы сенат спи­кері мен Рахат Әли­ев­тің қызы Вене­ра­ның тойы болған кез­де жазған.

Мемле­кет­те­гі бірін­ші тұлға­лар тура­лы ақпа­рат құпи­я­лы­ғы Қаза­қстанға ғана емес, басқа бірқа­тар авто­ри­тар­лық режим орнаған пост­со­вет­тік елдер­ге де тән құбы­лыс. Көр­шілес Ресей­де билік­те 20 жыл­дан көп уақыт оты­рған Вла­ди­мир Путин отба­сы тура­лы деректі қатаң құпи­яда ұстай­ды. Reuters және Bloomberg ақпа­рат­тық агент­тік­тері 2015 жылы Мәс­кеу мем­ле­кет­тік уни­вер­си­теті­мен әріп­те­стік орнатқан «Инно­прак­ти­ка» қоры­ның бас­шы­сы Кате­ри­на Тихо­но­ва Путин­нің қызы деп жазған. Бірақ Путин Тихо­но­ва­мен туы­стық бай­ла­ны­сы барын не рас­тап, не жоққа шығарған жоқ. 2017 жылы Ресей пре­зи­ден­ті неме­ре­лері тура­лы сұраққа жау­ап беріп тұрып: «Елге мұны білудің қажеті қан­ша?» деп жау­ап берген.

Бела­русь пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко­ның некесіз туған ұлы­ның ана­сы тура­лы еш дерек кез­дес­пей­ді. Ақпа­рат құрал­да­ры «Бела­русь­те­гі ең таны­мал бала» деп атай­тын 15 жастағы Нико­лай бала күні­нен әкесі шетел­ге ісса­парға шыққан­да бір­ге еріп жүреді. Ол ресми қабыл­дау шара­ла­ры­на қаты­сып, БҰҰ Бас Ассам­бле­я­сы­ның жиы­ны өткен зал­да оты­рған. Пре­зи­дент 30 жыл­дан бері Гали­на Лука­шен­ко­мен ресми неке­де тұра­ды. Бела­русь Рес­пуб­ли­ка­сын­да Нико­лай­дың ана­сы тура­лы ештеңе жазыл­маған. Бірақ бірқа­тар ақпа­рат құра­лы оның дәрі­гер болып істей­тінін хабарлаған.

«Отба­сы­лық өмір­ді құпия ұстау дәстүрі совет­тік дәуір­де Ста­лин­нен басталған» дей­ді, – «Тәу­е­кел­дер­ді баға­лау тобы­ның» дирек­то­ры Досым Сәт­па­ев. Ол совет көсе­мі Ленин­нің өмірі тура­лы оның әйелі Надеж­да Круп­ска­я­ның естелі­гі­нен көп дерек бел­гілі екенін айтады.

– Бұл дәстүр Қаза­қстанға да жет­ті. Өйт­кені Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «Совет Одағы­ның шек­пе­ні­нен» шыққан. Вла­ди­мир Путин де сон­дай – олар­дың сая­си сипа­ты бір. Аталған пре­зи­дент­тер­дің маз­мұ­ны совет­тік, тек фор­ма­сы ұлт­тық кей­іп­те. Бірақ еке­уін салы­сты­рған­да, Назар­ба­ев­тың ұлт­тық фор­ма­сы көбірек бай­қа­ла­ды. Өйт­кені Путин­ге өзге­рудің қажеті бол­ма­ды: совет­тік Путин мен ресей­лік Путин­нің айыр­ма­сы жоқ – еке­уі де орыс­ша сөй­лей­ді, совет­тік жүй­е­де­гі Ста­лин сияқты ойлай­ды. Путин Ста­лин сияқты құпия жос­пар құрып, шешен соғы­сы, Укра­и­на мен Сирия аумағын­дағы соғы­стар сияқты күт­пе­ген қадам­дар жасаған­ды ұна­та­ды. Ол өзін қол­бас­шы импе­ра­тор санай­ды. Отба­сы арқы­лы әске­ри құпи­я­сы бел­гілі бол­мас үшін, олар­ды өзі­нен алшақ ұстап, жеке өмірін құпия сақтай­ды, – дей­ді Досым Сәтпаев.

Қаза­қстан­дық сая­сат­та­ну­шы Бөрі­хан Нұр­мұ­ха­ме­дов мұның сырын мем­ле­кет басқа­ру­шы­лар­дың билік­те ұзақ уақыт оты­руы­нан іздей­ді. «Ұзақ уақыт билік­те оты­рған бас­шы­лар халы­ққа отба­сы­лық өмірін көр­сетіп, олар­дың нара­зы­лы­ғын одан әрі күшейт­кісі кел­мей­тін шығар. Батыс биле­ушілері жиі ауы­сқан соң, ашы­қты­ққа дай­ын болуы­мен қатар, кей­де мұны­сын попу­ли­стік мақ­сатқа да пай­да­ла­на­ды. Билік­те ұзақ оты­ру, керісін­ше, мұн­дай ашы­қты­ққа жол бер­мей­ді», – дей­ді Бөрі­хан Нұрмұхамедов.

Нұр­мұ­ха­ме­до­втың сөзін­ше, өзін эли­таға жатқы­за­тын­дар әлі сая­си эли­та ретін­де қалып­тас­паған. Сая­сат­та­ну­шы­ның пікірін­ше, сая­си эли­та бір­не­ше буын ауы­сқан­нан кей­ін ғана қалыптасады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн