Четверг , 22 мая 2025

Агроном басқарған театр ҚАЙДАН ОҢСЫН?

Аста­на қала­сын­дағы Әзір­бай­жан Мәм­бе­тов атын­дағы Мем­ле­кет­тік дра­ма және коме­дия теат­ры (дра­ма мен коме­дия – аты­ның өзі бір­түр­лі емес пе?) режис­сер­ге жары­май-ақ қой­ды. Алты жыл­да үш режис­сер ауы­сқан! Театр дирек­то­ры­ның тана­уы­на театр­дың иісі де бар­ма­са, солай бола­ты­ны бел­гілі еді. Ол дирек­тор – аграр­лық уни­вер­си­тет­те ұзақ жыл про­рек­тор болған Алек­сандр Май­ер. Агро­ном театр­ды қай­дан білсін?

Сол Май­ер мыр­за теат­рға да уни­вер­си­тет­тің жүй­есін әкеліп қой­ған. Әртістер таңер­тең келер­де қол қой­ып тір­келіп, кеш­ке кетер­де қол қой­ып шыға­ды. Бірақ соған сай жұмыс істе­се жарай­ды ғой. Театр ғима­ра­ты арен­да­дан боса­май­ды дей­ді әртістер. Біт­пей­тін мерей­той­лар, КВН, кон­церт­тер. Ал әртістер репе­ти­ция жасап, қой­ы­лы­мға дай­ын­да­лу­дың орны­на әкім­дік айтқан кон­церт­тер­де жүреді екен.

Айт­пақ­шы, бұл театр­дың көр­кем­дік жетек­шісі – Тұр­сын­бек Қаба­тов. Тұр­сын­бек сту­дент кезін­де Аграр­ка құра­мын­да КВН ойнаға­нын елдің бәрі біледі. Әлгі Май­ер мыр­за­ның теат­рға қалай кел­гені енді түсінік­ті шығар.

Қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен Жұл­ды­з­бек Жұман­бай деген режис­сер бар еді. Сол Жұл­ды­з­бек осы Мәм­бе­тов теат­ры­на режис­сер болып кел­ген­де, жұрт­тан бұрын әртістері қат­ты қуанған. Жұл­ды­з­бек те келе сала жұмысқа кірі­седі. «Ар ада­мы. Бауы­р­жан» спек­таклін қоюға құл­шы­на кірі­седі. Бірақ әкім­дік әртістер­ді «анда жібер деп айт­ты, мын­да жібер деп айт­ты» деген театр бас­шы­лы­ғы­мен сөз­ге келіп, жұмыстан кету жөнін­де арыз жазып­ты. Ең қызы­ғы – спек­такль қой­ы­лған­ша, театр бас­шы­лы­ғы тырс етіп үнде­ме­ген. Пре­мье­ра өте жоға­ры дең­гей­де өткен. Сосын «есе­гі судан өтіп алған» Май­ер Жұман­бай­дың жұмыстан кетуіне қол қояды.

Енді бүгін ұял­май-қызар­май, әле­умет­тік парақ­ша­ла­ры­на теат­ры­мы­здың режис­сері Жұл­ды­з­бек Жұман­бай өз еркі­мен қыз­мет­тен кет­ті. Шығар­ма­шы­лық табыс тілей­міз деп жазып қойыпты.

Қыл­мыстық кодек­сте өз-өзіне қол жұм­са­уға дей­ін жет­кі­зу деген бап бар. Жұл­ды­з­бек­тің де жағ­дайы тура сол ғой! Дирек­то­рың агро­ном бол­са, көр­кем­дік жетек­шің Тұр­сын­бек бол­са… кет­пе­ген­де не қалды?!

Жұман­бай жұмыс­сыз қал­мас. «Қара», «Алты­бақан», «Жусан иісі», «Бопай ханым» сын­ды туын­ды­лар­дың режис­серін кез кел­ген театр құшақ жая қар­сы алар. Ал Әзір­бай­жан аға­мы­здың атын алған мем­ле­кет­тік театр­дың әртістеріне обал болды.

ТК Ongar_online

Республиканский еженедельник онлайн