Қазақстанны агроөнеркәсіптік кешеніндегі су мәселесі және оны шешу жолдары:
Қазіргі таңның өзінде су ресурстарыны тапшылығы мәселесі күннен күнге елеулі мәселелердің біріне айналуда.Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы деректеріне жүгінсек, соңғы 20 жылда жан басына шаққандағы тұщы су қоры 20%-дан астамға азайған. Яғни бір адам тұтына алатын жылдық тұщы су мөлшерінің бестен бір бөлігі кеміген. Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығы саласына тікелей әсерін тигізеді. Себебі бұл сала көп су мөлшерін талап етеді және әлемнің 70 пайыз суын қолданатын, әлемдегі суды ең көп тұтынушы сала.
Қазақстандағы жағдай
Елімізге де бұл мәселе қауіп төндірмек. Еліміз агроөнеркәсіптік кешенмен белсенді айналысып, осы сала бойнша әлемнің үздіктерінің қатарында. Алайда еліміздің бірталай бөлігі құрғақ немесе жартылай құрғақ климаттық аймақта орналасқан. Сол себепті еліміздің егіншілері суармалы егін шаруашылығымен айналысады. Оның әсерінен су тұтынуы көп мөлшерде орын алып, жергілікті су қорларына деген тәуелділік байқалады. Осылайша судың және су қорларының тапшылығы ауыл шаруашылығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде суармалы егіншілікке тәуелділік өте жоғары.
Осыдан келетін негізгі мәселелер:Су ресурстарының жетіспеушілігі, ескі ирригациялық жүйелер, климаттың өзгеруі (қуаңшылықтың жиілеуі мен температураның өсуі), трансшекаралық өзендерге деген тәуелділік.
Су тапшылығынан бөлек суды тиімсіз пайдаланудың өзі үлкен мәселе. Көптеген шаруашылықтарда су үнемдеу технологиялары жеткіліксіз қолданылып келеді.
Су тапшылығына себеп болатын негізгі адами фактор ол суды тиімсіз тұтыну. Сол себепті су тапшылығы мәселесін шешу үшін аталмыш мәселені қолға алу керек.
Су ресурстарын тиімді басқару жолдары
Ең алдымен, суару жолдарын өзгерту қажет. Тамшылап және жаңбырлап суару техникалары қолданылса судың 30–50 пайызы үнемделеді. Бұл су тапшылығы мәселесінің алдын алып, орын алуын тежейді.
Екіншіден, ескі ирригациялық жүйелерді жаңа жүйлермен алмастыру қажет. Кеңес дәуірінен қалған каналдар мен жүйелерді жаңғыртып, заманауи талаптар мен тиімді басқарылатын каналдармен ауыстыру қажет, себебі олардың көпшілігі суды жоғалтады.
Үшіншіден, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды, яғни аз су қажет ететін сорттарды еңгізу керек. Бұл егінді суару жиілігі мен қажеттілігін азайтып, су қорларын үнемдеуге өз пайдасын тигізеді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, агроөнеркәсіптік кешендегі су мәселесі – Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Оны шешу тек технологиялық жаңарту арқылы ғана емес, сонымен қатар тиімді басқару мен дұрыс саясат жүргізуді талап етеді. Егер су ресурстары ұтымды пайдаланылса, еліміз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, аграрлық секторды жаңа деңгейге көтере алады.
Жұмабек Нұрсұлтан, Жалбағай Айқын