Четверг , 15 мая 2025

Азаматты азаптау – ХАЛЫҚТЫ АЗАПТАУ

  • Қазір қалың ел Тал­ды­қорған қала­сын­да қамауда оты­рған Аза­мат Батыр­ба­ев­тың тағ­ды­ры­на алаң­да­у­лы екені бел­гілі. Біз­дер, «Ама­нат» комис­си­я­сы­ның мүше­лері, Тал­ды­қорған қала­сы­ның тер­геу изо­ля­то­рын­да болып, Аза­мат­пен жүз­десіп, тіл­десіп, оған қаты­сты іс құжат­та­ры­мен таны­сып шықтық. Аза­матқа елдің алаң­дап, тіле­гін тілеп оты­рға­нын жеткіздік.

Бірден басын ашып айта­ры­мыз – Аза­мат­ты сабаған­да­ры да, қор­лаған­да­ры да, азаптаған­да­ры да, үтік басып қинаған­да­ры да рас! Өз көзі­міз­бен көр­дік, өз аузы­нан естідік.

Оның нәти­же­сі бой­ын­ша біз – комис­сия, екіұ­дай ойда қал­дық. Қысқа­ша реті­мен баян­дай­тын бол­сақ, кар­ти­на былай: 

10 қаңтар күні Аза­мат­ты және 7 ауыл­да­сын поли­ция қыз­мет­кер­лері Қапал ауы­лы­нан ұстап, Тал­ды­қорған­дағы поли­ция депар­та­мен­тіне (ДВД) алып кел­ген. Сол жер­де 1 тәулік­тен астам уақыт оны ұрып-соғып азаптаған, арқа­сы­на ыстық үтік басқан.

11 қаңтар күні поли­ция қыз­мет­кер­лерінің өздері жедел жәр­дем шақы­рып, Аза­мат 9 күн ауру­ха­на­да жатып ем ала­ды. 20 қаңтар күні ауру­ха­на­дан шығып (!), ауы­лы­на кете­ді. 22 қаңтар­да ден­са­улы­ғы­на қат­ты зақым келуі себеп­ті емде­лу үшін Алма­ты қала­сы­на баруға дай­ын­да­лып оты­рған­да, оны қай­та­дан поли­ция депар­та­мен­тіне шақы­рып, жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке бел­сен­ді қаты­сқан­сың деп, қай­та ұстай­ды. Сол күні Қала­лық ішкі істер басқар­ма­сы­ның «ИВС»-ында, поли­ция депар­та­мен­тін­де азаптаған, әзір­ге жеке баста­ры аны­қтал­маған поли­цей­лер келіп, Аза­мат­ты тағы сабай­ды. Кей­ін оны Тал­ды­қорған тер­геу изо­ля­то­ры­на ауы­сты­рған. Жал­пы тәр­тіп бой­ын­ша, тер­геу изо­ля­то­ры­на қамауға алып кел­ген­дер­дің үсті-басын тек­серіп, жарақат­тар бар-жоғын қарай­ды, бұл – мін­дет­ті шара.

Аза­мат алға­шын­да өзін ұрып-соғып, азаптаған поли­цей­лер­ге арыз жазу­дан бас тар­тқа­ны­мен, сол кез­де оның дене жарақат­та­рын көр­ген про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры 26 қаңтар күні бұл жағ­дай­ды тер­геп-тек­се­ру үшін «Анти­корға» жол­даған. 28 қаңтар күні «Анти­кор» бұл факт бой­ын­ша ҚР Қыл­мыстық кодексінің 146-бабы­ның 1‑бөлігімен, яғни азаптау бабы­мен қыл­мыстық іс қозғайды.

Бұны тәп­ті­ш­теп жазып оты­рға­ны­мыз – «Ама­нат» комис­си­я­сы­ның Аза­мат­тай баты­ры­мы­здың тағ­ды­ры­на алаң­да­у­лы елі­міздің, қай­та-қай­та Аза­мат­тың жағ­дай­ын сұрап жатқан аға­ла­ры­мы­здың алдын­дағы алға­шқы есебі деп біліңіздер.

Енді бұл не өзі? Бұл, өкініш­ке орай, құқық қорғау қыз­мет­кер­лерінің әдетіне айналған, айып­тан тай­ып, қол­да­ры­на түс­кен, тыр­нақта­ры­на ілік­кен адам­дар­ды ұрып-соғу ма? Аза­мат­тан қан­дай да бір өш неме­се кек алу ма?

Жоқ, біздің ойы­мыз­ша, бұл – халы­ққа жасалған нағыз қастан­дық. Бұл әре­кет­тер­ді адам бей­несін­де­гі ол айу­ан­дар Аза­матқа тән жара­сын жасау үшін жасаған жоқ, бұны олар Халы­ққа жан жара­сын салу үшін жасаған! Бұл Аза­мат­ты сабау емес, бұл бүкіл қалың елді сабау! Бұны жасаған­дар кім­дер, қан­дай пиғыл­мен жаса­ды, кім­нің бұй­ры­ғы­мен жасал­ды – оны тер­ге­ушілер аны­қтай жатар.

Бірақ, біздің пай­ым­да­уы­мыз­ша, бұл елі­міз­де орын алған осы­нау сын сағат­ты пай­да­ла­нып жаса­лып оты­рған нағыз дивер­сия, нағыз аран­да­ту­шы­лық. Мақ­сат не?

Біздің­ше, мақ­сат – елді ашын­ды­ру, халы­қтың нара­зы­лық тем­пе­ра­ту­ра­сын көтеру.

Әрине, бұл жазып оты­рға­ны­мыз болжам ғана. Бірақ біздің осы болжа­мы­м­ы­здың шын­ды­ққа жана­са­ты­нын дәлел­дей­тін көз­ге ұрып тұрған бір­не­ше мәсе­ле бар. «Неге Аза­мат, неге басқа ұсталған­дар емес?» деген сұрақ туа­ды. Оның жау­а­бы – ел ара­сын­да да, әле­умет­тік желі­де де тап осы Аза­мат Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­шін құлатқан деген әңгі­ме көп тарап жатыр, яғни Аза­мат ескерт­кі­шті ғана емес, режим­ді құлатқан сим­вол іспет­тес болып тұр. Басқа адам азаптал­са, көп оқиға ара­сын­да көз­ге түс­пей қалуы мүм­кін, ал мынау «ән» басқа «әннен» өзгерек…

Әншей­ін­де қол­да­ры­на бір түс­кен­дер­ден оңай­шы­лы­қ­пен айы­ры­ла қой­май­тын поли­цей­лер неге оған бір­не­ше күн әуелі ауру­ха­на­да, содан кей­ін үйін­де болуы­на, денесін­де­гі азаптау іздерін емін-еркін фотоға, видеоға түсіріп, кей­ін­нен оны әле­умет­тік желі­ге тара­туға мүм­кін­дік бере қой­ды? Тек содан кей­ін ғана, азапта­у­лар­дан 11 күн өткен соң қамай­ды? Оның үстіне қамар­дың алдын­да Аза­мат­тың тән жара­сы жазы­лып кет­пе­сін, азапта­у­лар­ды ұмы­тып кет­пе­сін деген­дей, тағы да бір жақ­сы­лап тұрып сабап ала­ды. (Аза­мат өзі батыр тұлға­лы, өр мінезді жігіт екен. Батыр әдет­те аңғал, кең пей­іл­ді болып келеді ғой, «Бас жарыл­са – бөрік ішін­де» деп жүре беретін. Аза­мат­тың әп деген­нен ешкім­ге ары­здан­баға­ны да содан болар). 

Әрине, ары­стай аза­ма­ты­мы­здың арқа­сы­на ыстық үтік шыжғы­рып, азаптау – кім-кім­нің де ашу-ыза­сын туды­ра­ры анық. Бар есеп сон­да жат­са керек.

Сон­ды­қтан біз, «Ама­нат» комис­си­я­сы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Тоқа­ев мыр­за­дан осы оқиға­ны жан-жақты тек­се­ру ісін жеке бақы­ла­у­ы­на алу­ды сұраймыз!

P.S. Айт­пақ­шы, тағы бір айта кететін жәйт – күні бүгін­ге дей­ін Аза­мат бауы­ры­мы­зға қаты­сты Назар­ба­ев ескерт­кі­шін құлат­ты деп қыл­мыстық іс қозға­маған, ондай айып­тау жоқ. Әзір­ге жоқ. Кей­ін­нен пай­да болып жатпаса.

Бірақ егер кей­ін­нен осын­дай айып тағы­лған жағ­дай­да ол үлкен қате бола­ты­нын билік­ке ескерт­кі­міз келеді. Баяғы совет­тер зама­нын­да бір кем­пір­дің үйінің төрін­де ілулі тұрған «мұрт­ты көсем» Ста­лин порт­ретінің шегесі осал бол­ды ма, әлде жібі әлсіз бол­ды ма, әйте­уір жер­ге құлап, күл-талқа­ны шығып­ты. Содан әлгі кем­пір­ді Ста­лин жол­да­сты қас­көй­лік­пен құлат­тың, халық жауы­сың деп сот­тап­ты-мыс. Егер Аза­мат­ты Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­шін құлат­тың деп сот­та­са, тура осы­ның кері болады.

Комис­сия облыс про­ку­ро­ры алды­на Аза­мат­ты боса­ту тура­лы өз ұсы­ны­сын енгізді.

Абзал ҚҰСПАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн