Пятница , 4 июля 2025

АЗАМАТҚА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!

«Дат» деп аталған тәу­ел­сіз газет шыққа­нын естісі­мен, іздеп барып, алға­шқы редак­то­ры Шәріп Құрақ­ба­ев­пен таны­сып, әңгі­ме­ле­стім, содан бері тұрақты автор­ла­ры­ның бірі­мін. Үйге жаз­ды­рып алып, «тек­се­ре оты­рып», оқып жүр­мін. Бас редак­тор­ла­ры­ның, редак­ци­я­ның бет­пақ билік­тен көр­ген қия­нат­та­ры­ның бәрі жадым­да. Нар­тәу­е­кел­ді шағын ұжым­мен әрқа­шан ынты­мақ­та­сып, мерей­лі болу­ла­ры­на мақа­ла­ла­рым­мен тілек­ші-жәр­дем­ші болудамын.

Ұйым­шыл ұжым­ның жол­бас­шы­сы Ермұрат Бапи газет­тің Бас редак­то­ры болы­сы­мен, «қол жет­пес» жоға­ры­дағы әулекілер­ден көр­ме­ген құқайы жоқ екенін біле­міз. Алай­да мұқал­ма­ды, жасы­ма­ды, үне­мі қар­сы ұшуда!

Ермұрат Пар­ла­мент мәжілісінің депу­тат­ты­ғы­на ұсы­ны­лып, сай­ла­у­шы­ла­ры­мен кез­де­су­лер өткі­зу­де. Көп­шілік қол­да­уда! Жұрт­шы­лық Пар­ла­мент­тің сена­ты­на да, мәжілісіне де Н.Назарбаев сықап оты­рғы­зып кет­кен «кноп­ка­шыл» депу­тат­тар­дан арыл­май­ын­ша, «Жаңа Қаза­қстан» сөз жүзін­де ғана бола­ты­нын түсін­ді. «Халқым!» дей­тін азамат депу­тат­тар қажет!

Біз­де тәу­ел­сіздік бұй­ы­рған­нан бастап, бір­де-бір сай­лау әділ өткізіл­ген жоқ. Бұл – бар­шаға аян ақиқат. Билік­те назар­ба­ев­шыл шоғыр оты­рған бүгін­де­гі сай­ла­удың да нәти­же­сі… оң болуы мүм­кін, ағай­ын­дар! Халы­қтың әділет­сіздік­ке төзі­мі түгесі­ле бастаға­нын билік­те­гілер­дің құлағы бар­ла­ры естіп, көзі бар­ла­ры көріп отыр, бұра­лаң жол­дан даңғы­лға шыға ала­ды деп сенелік те, аза­мат Ермұрат Бапиға сәт­тілік тілейік!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Әркім­нің өз таң­да­уы бар. Мен де таң­дау жаса­дым. Сонау 1998 жыл­дан бері елдің ДАТЫН билік­ке жет­кі­зе­мін деп, шексіз күш-жігер жұм­сап, халы­қты қалың ұйқы­сы­нан оятып, қажы­май күресіп келе жатқан қоғам қай­рат­кері, жур­на­лист, пуб­ли­цист Ермұрат Бапиға сенім артып, қол­дау көр­се­тей­ік, ағайын!

Бай­бо­та ҚОШЫМ-НОҒАЙ

ЕРМҰРАТТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮРЕС ЖОЛЫ

Бүгін қаза­қтың таны­мал ұлы­ның бірі, ұлт күрес­кері Ермұрат Бапи тура­лы мақа­ла жазай­ын деп ойла­дым. Әуелі оны бір тыны­спен жаза салам, несі қиын дей­сің, көз алдым­да жүр­ген, бір кез­дері мақа­ла­ла­рым­ды үзбей жари­я­лап, талай рет сұх­бат­тасқан жігіт қой деп ойлағам… 

Содан бастап кеп берей­ін мақа­ла­ны… Бастау мұң екен, ойым сан тара­пқа кет­ті шашы­рап. Әр ойлар бір-бірі­мен жары­са жасы­рын­бақ ойнаған­дай «мен мұн­да­мын, әуу» деп жылт ете­ді, қар­мап қал­саң, сыл­дыр судай ағып кете­ді… Ми деген, ой деген алақ-жұлақ… 

– Ойпы­рым-ай, мұны­сы несі? Не жұм­бақ бұл? – дей­мін бір уақыт тыны­стап алып… Осы­лай қиналған сәт­тің бірін­де соңғы темекіні шегіп, тұқы­лын «өй, окку­пант!» деп, тұн­шы­қты­рған­да ғана ойы­ма идея сап етті! 

Сөйт­сем, кең мағы­на­сын­да Ермұрат Бапи­дың тұлға­лық бей­несі дегені­міз – елі­міздің 30 жыл­дан астам тәу­ел­сіздік тарихы­ның, елі­міз бір пен­де­ге бодан­ды­ққа ұшы­рап, отыз жыл­дан астам оған тәу­ел­ді болып қалған шақта халқы­мы­здың бұл құр­са­удан шығу жолын ізде­ген толас­сыз күресі тарихы­ның шағын көшір­месі екен! Сон­ды­қтан да өткен отыз жыл­дық тарих­ты қаз-қал­пын­да еске түсір­сеңіз, ара­сы­нан Ермұрат­тың да тұлға­лық бол­мысы зорай­ып шыға бастай­ды екен… 

Бұл не құдірет сонда? 

Бірақ бұл жеке ада­ми құдірет емес еді. Бұл – Ермұрат Бапи сын­ды аза­мат­тың Елі мен Жерін сүюі­нен және халқы­ның бола­шағы үшін жан­пи­даға бара алуы­нан туын­дай­тын мұрат­ты-мақ­сат­ты жолы­ның көрінісі болып шықты… 

Сөй­тіп, Ермұрат­тың терең мағы­на­лы сарап­та­ма­лық мақа­ла­ла­ры­нан бөлек, оның жеке кол­лек­ци­я­сын­дағы «Қолы қай­ы­ры­лып, поли­ция жете­гін­де кетіп бара жатқан Ермұрат», «Жаға­сы жыр­ты­лған Ермұрат», «Тер­ге­уде­гі Ермұрат» және де басқа жүз­де­ген фото­кар­ти­на­ла­ры­ның өзі де біздің Тәу­ел­сіздік фото­ше­жіре­міздің, тарихы­мы­здың еле­улі бір бөлі­гіне айналыпты…

Бірде Ермұрат­пен әңі­гі­ме­де оның айтқан мына ойла­ры жадым­да жат­та­лып қалыпты:

  • Адам бала­сы­ның тір­шілік­те­гі күй­іні­ші мен сүй­іні­ші «пен­делік» деп ата­ла­ды. Мың­даған жыл­дар бойы осы­лай болып келеді. Бірақ өмір­де адам пен­де­шілі­гі астам­шы­лы­ққа ұлас­са, ондай адам зауалға ұшы­рай­ды. Мыса­лы, бай адам бай­лы­қтың шегін ұмыт­са – алтын­ның астын­да көміліп өледі. Той­ым­сыз адам қомағай­лан­са – қақа­лып өледі деген­дей… Біз­ге осын­дай пен­де­шілік­тен таза­ру керек. Жоғарғы билік­те оты­рған­да­ры да, төмен­де­гі қара жұмыстағы­ла­ры да!

Иә, Ере­кеңнің бұл сөзін­де терең астар бар. Мәсе­лен, өмір­де пен­де­шілік­ті ұғар жан бар, ұқпай­тын жан бар. Мәсе­ле осын­да! Өмір­де бір адам­ның пен­де­шілі­гін кешіру­ге бола­ды. Бірақ оның «пен­де­шілі­гі» өзіне ғана емес, бүкіл қоға­мға залал кел­тір­се – оны қалай кешіресің? Ең қиы­ны сол. Әдет­те ондай залал өзі­мен кет­се бір сәрі, ол бүкіл қоғам­ды ластап біте­ді. Одан оны тек түп-тамы­ры­мен қоса жұлып тас­та­сақ қана құты­ла ала­мыз. Бірақ өмір­ге бей­ім­дел­гіш пен­де «өңін айнал­ды­рып», көп­шілік­ті соңы­нан ерте алады. 

Біздің қоғам­ның тәу­ел­сіздік­тен кей­ін­гі қысқа тарихы осы бағыт­та өрбіді: шексіз билік­ке жағы­ну, кор­руп­ци­я­лық жүй­енің үстем­дік етуі, халы­ққа қысым­ның артуы, оны бағы­ны­шты ету, жұрт­ты жалған уәде­лер­мен «той­ын­ды­ру» және т.с.с. көп­те­ген әре­кет­тер төзім шең­бері­нен шығып, қоғам мен оның мем­ле­кет­тілі­гіне қауіп төн­ді­ре бастап еді…

Қоғам шашы­раңқы бол­са, қар­сы­лы­ғы әлсіз бола­ды. Мұн­дай кез­де күрес жау­ап­кер­шілі­гі қоғам­нан сығым­да­лып, ірік­теліп шыққан тұлға­ларға ауы­са­ды. Тарих­та бұл қай­та­ла­на­ды. Кезін­де импе­ри­я­лық бұға­уға қар­сы Алаш қай­рат­кер­лері шықты. Сол сияқты тәу­ел­сіздік­тен кей­ін авто­ри­тар­лы билік­тің бұға­уы­на түс­кен халы­қты азат ету жолын­да сөзі­мен, қай­рат­кер­лі­гі­мен халы­қты соңы­нан ерту­ші, халы­қты ояту­шы тұлға­лар шықты. Солар­дың бел орта­сын­да Ермұрат Бапи жүрді. 

Енді, Құдай қала­са, елі­міз­ге кел­ген жылы­мы­қтың арқа­сын­да өз халқы­ның адал ұлы, қазақ ДАТы­ның шырақ­шы­сы болған аза­мат­тың «Ермұрат Бапи эпо­пе­я­сы» деп ата­ла­тын көп жыл­дық күрес ҚР мәжілісін­де депу­тат­ты­қ­пен жалға­сын тап­са – онда ол біздің елде үміт оты­ның өшпе­генін біл­діретін ерекше бел­гі болға­лы тұр. Енде­ше осы жолы пен­де­шілік­тен ада болай­ық, халай­ық! Ермұрат­тың «көше күресі» мәжіліс­ке барып жалғасқа­ны жөн!

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ, «Қазақ тілі» қоға­мы­ның Алма­ты қала­сы Жеті­су аудан­дық фили­а­лы­ның төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн