Пятница , 4 июля 2025

АЗАМАТ АТҚА ҚОНДЫ

Баспасөз­ден Ала­штың бүгін­гі ту ұстар біре­гей аза­ма­ты Ермұрат Бапи­дың алдағы Пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на Алма­ты қала­сын­дағы №3 округ бой­ын­ша ресми кан­ди­дат болып тір­кел­ген­ді­гі тура­лы сүй­ін­ші хабар­ды естіп, қуа­нып қал­дық. Бұл да бол­са, сая­си қар­сы­ла­ста­рын қырық жер­ден қақ­пан құрып, тобы­қтан қаға­тын бұры­нғы бақай есеп сасы­ған жүй­енің күні батып, демо­кра­ти­я­лық үрдістің өмірі­міз­ге ден­деп ене бастағы­ны­ның бір­ден-бір көрінісі бол­са керек.

Отыз жыл бой­ғы тота­ли­тар­лық режим «халық қала­у­лы­сы» деген мәр­те­белі лау­а­зым­ның әбден қадірін кетіріп, жоға­ры­дағы дүм­дінің иек изе­уі­мен қолын көтеріп-түсіріп қана оты­ра­тын жан­ды қуыр­шақ дәре­же­сін­де­гі құбы­жық-күл­кі­ге айнал­ды­рға­ны әмбе­міз­ге аян. Енді ол кло­у­на­да­ның күні өтті. Жаңарған, әділет­ті қоғам орна­туға құл­шы­нып, демо­кра­ти­я­ның ескек желіне жел­кенін жай­ған бүгін­гі Қаза­қстанға ел мүд­десі тұрғы­сы­нан жаса­лып жатқан игі өзгерістер­дің бәріне тың сер­пін беріп, аян­бай атса­лы­са­тын жасам­паз күш­тер қажет.

Қазір алдағы ала­манға ат қосқан үміт­кер­лер қара­сы мол­шы­лық. Әр сала­дағы өз ісінің май­тал­ма­ны, елге таны­лған, нағыз отан­шыл, «сен тұр – мен атай­ын» небір айбозым аза­мат­тар­дың білек сыба­нып, алға шыққа­ны көңіл қуан­та­ды. Әйт­се де, солар­дың ара­сын­дағы Ермұрат Бапи­дың жөні де, жолы да бөлек екені даусыз.

Ермұрат – қала­мы­м­ен де, қай­рат­кер­лі­гі­мен де жал­пақ жұр­тқа кеңі­нен таны­лған дара тұлға. Назар­ба­ев­тық авто­ри­тар­лық қара түнек заман­да сана­мы­зға саңлау түсіріп, әділет­тің ащы дауы­сын құлағы­мы­зға айғай­лап айтқан жалғыз газет «Дат­ты» ширек ғасыр бойы басқа­рып келеді. Қала­мы­ның ұшы­нан от шашып, адам­шы­лы­қтың шегі­нен шығып, азғын­даған жемқор, зыми­ян билік­тің шын­ды­ғы мен сұм­ды­ғын «улы сия, ащы тіл­мен» аяу­сыз әшке­ре­леді. Өзі ғана жазып қой­май, айна­ла­сы­на азуын айға біле­ген небір «орақ ауыз, отты тіл» қалам иелерін ұйы­сты­рып, кеше­гі Ахаң, Жақаң­дар туын көтер­ген Ала­штың Әділ сөзінің мерей­ін асқақтат­ты, қаза­қтың сая­си жур­на­ли­сти­ка­сын жаңа сапа­лық дең­гей­ге көтер­ді. Газет­ті талай тар қыспақ-қыл­кө­пір­ден тіс-тыр­нағы­мен тыр­мысып өткі­зе жүріп, өзі де шың­да­лып өсті, кемел қай­рат­кер болып қалып­та­сты. Зұлым жүй­енің өзіне тіке­лей жасаған небір қысас қастан­ды­ғын көр­се де, басын бәй­ге­ге тігіп, алған беті­нен қай­тқан емес, одан ары шамы­рқа­нып, өр дауы­сы қалғы­ған мың сан көкірек­ті оятып, шары­қтай түсті.

Ерекең – шын мәнін­де кеше­гі халқым деп құр­бан болған аяу­лы Алтын­бек пен Заман­бек­тер­дің айны­мас үзең­гілесі, солар­дың орын­дай алмай кет­кен арман­да­рын ары қарай жалға­сты­ру­шы демо­кра­ти­я­лық шоғыр­дағы сана­у­лы қай­рат­кер­лер­дің бірі. Бүгін­гі «Жаңа, Әділет­ті Қаза­қстан» құру иде­я­сы­ның басты қағи­дат­та­рын Ере­кең бастаған демо­кра­ти­я­лық май­дан бас­шы­ла­ры баяғы­дан-ақ айтып келе жатқа­ны бел­гілі. Тек ести­тін құлақ болмады.

Енді заман басқа­ша. Демо­кра­ти­яға бет бұрған билік: айта­ры­ң­ды айт, қала­у­лы­ң­ды өзің сай­ла деп, қара­шаға мүм­кін­дік беріп отыр. Осын­дай­да баяғы­дай: «Әй, қой­шы!» деп отба­сын­да күңкіл­деп, «әтпі­ші­мізді» қал­та іші­нен шыға­рып оты­ра бер­сек, ештеңе өзгер­мей­ді. Дүниені өзгер­ту үшін, әуелі өзі­міз өзге­руі­міз керек. Бой­күй­ез бей­ғам­ды­қтан, бәрін басқа біреу істеп береді дей­тін құл­дық масыл­ды­қтан ары­лай­ық, ағайын!

Ере­кең­дей аза­ма­ты­мыз атқа қон­ды. Үйде оты­рып, құр тақым қысу – аз, ескі сана­ның кір-қоқы­сы­нан дүр сіл­кініп, сай­лау күні бәрі­міз бір кісі­дей қалам ұшы­нан демеу көр­се­тей­ік. Біз бұл күні өз тағ­ды­ры­мыз үшін, ұрпағы­мы­здың, Ота­ны­мы­здың бола­шағы үшін дауыс беретіні­мізді ұмытпайық.

Ермұрат Бапи секіл­ді биік иде­ал­дар­мен сусын­даған шынайы отан­шыл пат­ри­от­тар­дың халық аты­нан ман­дат алуы – ұлт­тың мұқтаж-мүд­десі, есе-теңдік тимей жүр­ген қара­ша жұрт­тың мұң-зары­ның биік мін­бер­ден сөз алуы деген сөз. Ере­кең­дер­дің жеңісі – біздің жеңісі­міз, демо­кра­ти­я­ның жеңісі!

Тұры­с­бек СӘУКЕТАЕВ

ҰЯТЫ КҮШТІ АДАМ

  • Біздің бүгін­гі билік вирус жай­лаған орга­низм сияқты. Егер анти­ви­ру­сын тап­са… тез-ақ түзеліп кете­ді. Ол анти­ви­рус – сай­ла­уды әділ өткізу!

Депу­тат­тар кор­пу­сы ұлт­тық-мем­ле­кет­тік мүд­дені ойлаған, аза­мат­тық ұста­ны­мы тұрақты Ермұрат Бапи сияқты халы­қ­шыл­дар­дан құра­лар бол­са, билік­тің беті бері қарай­ты­ны­на күмән жоқ. Ал бұл жолы да қожай­ы­ны­ның не ойлап тұрға­нын түсін­бе­се де, құр дал­ба­са­лап, құй­ры­ғын бұлғаң­да­та беретін ит сияқты пен­де­лер­ден түзілер бол­са, асқы­нған ауру алмай тынбайды.

«Иттің дәу­рені иесі­мен тау­сы­ла­ды» деуші еді қазақ. Иелері кет­кені­мен, дәу­рен­дері әлі де жүріп тұрған екі­жүзді сатқын­дар қан­ша жер­ден балағы­на жар­ма­сып, із-жолын баққан­да­ры­мен, Ермұрат Бапи­дың оған қылы да қисай­май­ды. Қан­ша жылғы қажыр­лы еңбе­гіне куә халқы аман тұрған­да, ол өзін­дік пікір­лері жоқ жағым­паз-жан­ты­қтарға өз биі­гі­нен қарап, өз мис­си­я­сын атқа­ра бермек.

«Ақы­сын төле­ме­се, әкесінің де тамағын ысы­тып бер­мей­тін» жал­да­ма­лы бай­ғұстар қан­ша жер­ден қара­ла­мақ болған­да­ры­мен, бүгін­гі күн­ге дей­ін ақиқат­тың ақ жолы­нан тай­май келе жатқан Ермұрат Бапиға күйе жұқ­пай­ды. Абай хәкім «Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар» деген­ді осын­дай­да айтқан-ақ болар.

Ақылға тоқта­май, айғай­ға еріп, жалаң үгіт-наси­хат­тың құр­ба­ны болып біт­тік қой бүгін­ге дей­ін. Жететін шығар! Енді­гі жер­де мақ­са­ты айқын, мұра­ты бел­гілі ТҰЛҒА Ермұрат Бапи­дың талай жылғы билік­пен бітіс­пес май­дан бары­сын­да түй­ген ойла­ры мен қалып­тасқан көзқа­ра­сы­на бір сәт құлақ ассақ, кәне! Сөз­ге сеніп бол­дық қой 30 жыл­дың ішін­де. Аза­мат­ты, кан­ди­дат­ты осы шаққа дей­ін­гі нақты ісіне қарап бағалайық!

Жақ­сы­лық күте тұрып та, жаман­ды­ққа әзір­лен­ген адам анау айтқан­дай депрес­си­яға түс­пей­ді. Айтай­ын дегенім – «ләп­пай тақ­сыр» деп күн кешіп жатқан пен­де­лер­де мінез бол­май­ды. Мінез­сіз адам­ның ноқ­та­сы мерейі үстем­дер­дің қолын­да бола­ды. Демек, халы­қтық бақы­ла­у­шы­лар­ды көбей­тіп, сай­лау бары­сы­ның екі тіз­гін, бір шыл­бы­рын халық өз қолы­на алар бол­са, бағын­бай­тын белес жоқ.

Сөз соңын­да айта­рым – Ермұрат Бапи ұяты күшті адам. Демек, ол қара­жүрек бола алмайды.

Серға­зы МҰХТАРБЕКОВ

НАР ЖОЛЫНДА ЖҮК ҚАЛМАС

  • «Жаңа Қаза­қстан» құру­ды мұрат тұтып оты­рған пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың, ары­сын айт­паған­да, Тәу­ел­сіз елміз деп жари­я­лаған­нан бер­гі 30 жыл бойы тоң болып қатқан авто­ри­тар­лы жүй­ені ыды­ра­тып, сең жүр­гі­зе бастаға­ны­ның айқын дәлелі бола­тын­дай аса бір шешу­ші сая­си науқан – Халық қала­у­лы­ла­рын сай­лау шара­сы алды­мы­зда тұр!

Расын­да да, дәл осы сай­ла­уда Ермұрат Бапи, Мұх­тар Тай­жан, Арман Шора­ев, Есенға­зы Қуан­ды­қов, Ринат Зай­ы­тов, Думан Мұха­мет­кәрім және т.б. елім деп емірен­ген ер аза­мат­тар халы­қтың қала­у­ы­мен депу­тат бол­са, онда жыл­дап арман­даған, аңса­ры­мыз ауған, сағым­дай бұл­ды­раған ақиқат­тың шынға айналға­ны­на дәй­ек болар еді. Ал бұл науқан да осы­ған дей­ін­гі «қалып­тасқан» үрді­стен алыс кет­пей­тін бол­са, онда Халық енді ешкім­ге ешқа­шан сен­бей­тіні хақ. Бірақ ондай жағ­дай­да Халық-Теңіз көтерілетіні қан­дай дау­сыз бол­са, ал оның түп­кі нәти­же­сі қалай бола­ты­нын болжау да қиын емес!

Әлқис­са, мен жоға­ры­да атын атаған қаза­қтың бүгін­гі қаһар­ман­да­ры­ның бәрін де қол­дай­мын!!! Соның ішін­де бүкіл сана­лы ғұмы­рын солақай сая­сат­пен күре­су­ге арнаған от жүрек­ті, биік рух­ты, кемел бол­мысты, тарих алдын­да да, бола­шақ алдын­да да ары таза Ермұрат Бапи­дың орны бөлек.

Ол басқарған «ДАТ» газеті тамы­рын сонау сақ, ғұн дәуірі­нен тар­тып жатқан тек­тілік­тің жаңа дәуір­мен жалға­суы­на дәне­кер болып, халы­қтың шынайы үнжа­ри­я­сы­на айнал­ды. Ермұрат басқарған сол газет Ахмет­тің «Маса­сын­дай» ызы­ң­дап, халы­қтың мұңын мұң­да­ды, Мір­жақып­тың «Оян, қазақ!» деген ұра­нын ұлы­қта­удан тан­ба­ды, алған беті­нен бір сәт те тай­ма­ды! Қаза­қтың нар тұлға­сы басқарған­ды­қтан, газет бүкіл әділет­сіз жүй­е­ге қай­мы­қ­пай қар­сы тұра алды! Өйт­кені халық үмітінің үзіл­ме­уін көк­седі, оның түр­лі қитұрқы­лар­дан аман өтуін, сүрін­се де, жығыл­мауын қала­ды, жабы­ққан­дар­дың жан­да­ры­на демеу бол­ды. Сон­ды­қтан ол ел үшін сер­піні бөлек, баға­мы биік, тұғы­ры берік руха­ни дің­ге айналды!!!

Енде­ше мұн­дай бағыт­тағы газет­ті жан­ке­штілік­пен алып келе жатқан негіздің баста­уы Ермұрат Бапи­дың бой­ын­дағы алмас қылы­штай өткір­лік, нар­кес­кен­дей қуат­ты­лық, адал­ды­қтың ақ жолы­нан айныт­пай­тын тура­шыл­дық, әділет­тілік, жасам­паз­дық екенін мой­ын­да­уға тиіс­піз. Сол себеп­ті Ел болып, Ердің көк­се­ген мүд­десіне жетуіне қол­дау жасау – енді біз­ге сын!!! Өйт­кені Ермұрат Бапи­лар ертең біздің, Халы­қтың мүд­десін қорғай­ты­ны хақ! Өйт­кені біз білетін, біз таны­ған Ермұрат өз жолын­да жүк қал­дыр­май­тын қай­ы­спас қара НАР!

Қай­рат РАЕВ, әде­би­ет­та­ну­шы ғалым, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның және Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Газет­те ҚР Пар­ла­мен­ті сай­ла­у­ы­на қаты­су­шы үміт­кер Ермұрат Бапиға қаты­сты жари­я­ланған мате­ри­ал­дар ақы­сы оның сай­ла­у­ал­ды қоры­нан төленді. 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн