Суббота , 5 июля 2025

«АЗАПТАЛҒАНДАР ІСІ» қайтадан қаралуы тиіс дейді халықаралық ұйымдар

  • Брюс­сель­де орна­ласқан Адам құқы­қта­ры бой­ын­ша халы­қа­ра­лық серік­те­стік үкі­мет­тік емес ұйы­мы (IPHR), Азапта­уға қар­сы коа­ли­ция және Қаза­қстан­дағы адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі бюро 31 қаңтар­да Аста­на­да Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты есебін жариялады.

IPHR ұйы­мы­ның Орта­лық Азия бой­ын­ша зерт­те­ушісі Рэй­чел Гасов­ски Аста­на­дағы жиы­нға онлайн қосы­лып, Қаза­қстан билі­гіне бес ұсы­ныс жасады:

  • Қаңтар оқиға­сы кезін­де­гі азаптау фак­тілерін «жіті, тәу­ел­сіз түр­де тер­геп», халы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ды ұста­на­ты­нын көр­се­ту; тер­ге­у­ге халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­ды араластыру.
  • «Дәлел жоқ» деп және «қыл­мыс құра­мы жоқ» деп жабы­лған азаптау істерін қай­та қарау.
  • Әділ сот арқы­лы бар­лық кінәліні сотқа тарту.
  • Азапталған­дар мен олар­дың отба­сы­ла­ры­на құқы­қтық қорғау көр­сетіп, шығы­нын өтеу.
  • Меди­ци­на қыз­мет­кер­лерінің азаптау мен қина­уға қаты­сы бар-жоғын тек­серіп, жау­ап­ты­лар бол­са, сотқа тарту.

«Қаза­қстан билі­гі сөз­ден іске көшіп, Қаңтар оқиға­сы кезін­де азаптаған­дар­ды жау­а­пқа тар­тып, азаптау көр­ген­дер­ді қорғап, әрі өте­мақы беруі керек», – деді Гасовски.

Жиы­нға қаты­су­шы­лар Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты көп фак­ті ұсын­ды. Оты­ры­сқа Қаңтар оқиға­сын­да азаптал­дық деген алма­ты­лық Саят Әділ­бекұ­лы мен аты­ра­улық жур­на­лист Оле­ся Вер­тин­ская қаты­сып, бастан кеш­кен оқиға­ла­рын айтып берді.

Азаптау тура­лы жиы­нға Бас про­ку­ра­ту­ра­ның өкілі Бір­жан Мажре­нов пен ІІМ тер­геу депар­та­мен­тінің бас­шы­сы Сан­жар Әді­лов қаты­сты. Олар жиын­да айты­лған фак­тілер­ді жоққа шыға­руға тыры­спа­ды және билік­тің азапта­уға қаты­сты осы­ған дей­ін­гі ұста­ным­да­рын айтты.

«Мен сен­бей­мін… Жедел қыз­мет­кер­лер үш күн бойы адам­дар­ды ұрға­нын өз көзім­мен көр­дім. Адам­дар­ды қабы­рғаға жабыст­ы­рып, ешкім­ді көр­мей­тін­дей тұрғы­зып қой­ып ұрды» деп, Қаңтар­да азапталған Айбек Сәби­тов сөй­ле­ген соң, екі шене­унік зал­дан шығып кетті.

Жиы­нға БҰҰ азаптау бой­ын­ша бұры­нғы арнайы мама­ны Ман­фред Новак, Бүкіләлем­дік азапта­уға қар­сы ұйым­ның бас хат­шы­сы Геральд Ста­брок қосыл­ды. Рэй­чел Гасов­ски «жүз­де­ген адам поли­ция бөлім­дерін­де, қамау орны ретін­де қол­да­ны­лған спорт орта­лы­қта­рын­да, көше­де, меди­ци­на меке­ме­лерін­де азапталған» деді.

«Біз адам­дар­ды аямай ұрған, үтік­пен қинаған, электр тогын қол­да­ну, басы­на қап кигізіп ұру, ыстық я мұз­дай су құю, тісін жұлу, жыны­стық қор­лау сияқты азаптау әдістері болға­нын құжатқа тір­кедік», – деп сөзін жалға­ды Гасовски.

Есеп­те әйел­дер, бала­лар, мүге­дек­тер, шетел­дік­тер бары айты­лған және жара­ланған адам­дар­ды ауру­ха­на­дан тер­геу изо­ля­то­ры­на апа­рып азаптаға­ны да қосылған.

Жиын­да маман­дар «Қаза­қстан билі­гі Қаңтар оқиға­сын­дағы азаптау фак­тілеріне қаты­сты ашық тер­геу жүр­гі­зе алмаға­ны­на алаң­дай­ты­нын, халы­қа­ра­лық тер­ге­уді кір­гіз­бе­генін» айтты.

5 қаңтар­да Қаңтар тура­лы пар­ла­мент­тік тың­да­уда бас про­ку­рор Берік Асы­лов елде азаптау арыз-шағы­мы бой­ын­ша 329 іс қозғалға­нын, ҰҚК мен поли­ци­я­ның 34 қыз­мет­керінің ісін про­ку­ра­ту­ра қарап жатқа­нын хабар­лаған еді.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн