Вторник , 1 июля 2025

«АЗАТТЫҚ» журналистері ҰСТАЛДЫ

Кеше, 27 ақпан­да Жаңаө­зен­ге хабар тара­туға барған «Азаттық» тіл­шілері – жур­на­лист Сәния Той­кен мен опе­ра­тор Санат Нұр­бе­ко­вті «әлдекім­нің» ары­зы бой­ын­ша поли­ция ұстап әкет­ті, деп хабар­ла­ды «Әділ сөз» халы­қа­ра­лық сөз бостан­ды­ғын қорғау қорынан. 

«Жаңаө­зен­де «Азаттық» радио­сы­ның тіл­шісі Сәния Той­кен мен опе­ра­тор Санат Нұр­бек қамауға алын­ды. (…) Той­кен мен Нұр­бек жұмыс талап еткен тұрғын­дар­дың екін­ші апта жина­лып жатқан Жаңаө­зен­де­гі қала­лық алаң­да ұсталған. Жур­на­ли­стер­ді ұстап алып, Ақта­уға жет­кіз­ген, ІІД-не. Оларға мәлім­де­ген­дей, әлдекім­нен арыз түс­кен», – делін­ген сәр­сен­бі­де тара­ты­лған хабарда. 

Хабар­да атап өтіл­ген­дей, 26 ақпан­да редак­ци­я­ның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша жур­на­ли­стер қала­да орын алған жағ­дай тура­лы хабар тара­ту үшін Ақта­удан Жаңаө­зен­ге барған. 

«Сәния Той­кен­нің ақпа­рын­ша, ол қазір­гі таң­да тер­ге­уші Назар­бай Жан­ба­ев­тың каби­нетін­де отыр. Опе­ра­тор Санат Нұр­бек басқа тер­ге­ушінің каби­нетін­де. Жур­на­ли­стер­дің ұсталған­ды­ғы тура­лы бұры­ны­рақта Жаңаө­зен тұрғы­ны хабар­лаған еді, оның айтуын­ша, соңғы бір­не­ше күн бойы қала­да комен­дант­тық сағат жари­я­ла­нып, ондаған қала тұрғы­ны ұсталған. Маңғы­стау облы­сы поли­ция депар­та­мен­тін­де жур­на­ли­стер­дің ұста­луы­на ешқан­дай түсінік бер­меді», – деп хабар­ла­ды қордан. 

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн