Четверг , 26 февраля 2026

Азық-түлік нарығына ФИТОСАНИТАРИЯ қауіпсіздігі қажет

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Біздің сау­а­лы­мыз ішкі нары­қты қорға­уға, азық-түлік қауіп­сізді­гіне және мем­ле­кет­тік бақы­ла­удың тиім­ділі­гіне әсер ететін фито­са­ни­та­рия сала­сын­дағы жүй­елі про­бле­ма­ларға қаты­сты, сон­дай-ақ ағым­дағы жыл­дың қысқы кезеңін­де Пар­ла­мент депу­тат­та­ры өңір­лер­ге ісса­пар­мен барған кез­де осы сала­да «Ауыл» фрак­ци­я­сы депу­тат­та­ры­ның алдын­да көтеріл­ген бар­лық про­бле­ма­лық мәсе­ле­лер­дің негізін­де жаса­лып отыр.

Фито­са­ни­та­ри­я­лық қауіп­сіздік мем­ле­кет­тің азық-түлік қауіп­сізді­гінің негіз­гі эле­мент­терінің бірі болып табы­ла­ды және ол ішкі нары­қты қорға­уға, агроө­нер­кәсіп­тік кешен­нің орны­қты­лы­ғы­на, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сани­та­ри­я­лық және фито­са­ни­та­ри­я­лық шара­лар сала­сын­дағы халы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­лерін сақта­уға тіке­лей әсер етеді.

Алай­да сала маман­да­ры­ның өтіні­ш­тері мен құқық қол­да­ну прак­ти­ка­сы­на жүр­гізіл­ген тал­дау атал­мыш сала­да жүй­елі про­бле­ма­лар­дың бар екенін айғақтайды.

Бірін­ші­ден, сырт­тан әкелі­нетін ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерінің сапа­сы мен қауіп­сізді­гіне бақы­ла­уды күшей­ту мақ­са­тын­да аккре­дит­тел­ген фито­са­ни­та­ри­я­лық зерт­ха­на­лар­ды мем­ле­кет­тік шека­ра арқы­лы өткі­зу пункт­терін­де тіке­лей құру мәсе­лесін қарас­ты­рған жөн. Атап айтқан­да, осын­дай зерт­ха­на­ны Ресей Феде­ра­ци­я­сы­мен шека­ра­лас «Жай­сан» өткі­зу пунк­тін­де ұйым­да­сты­ру қажет­ті­гін қай­та көтеріп отырмыз.

Жер­гілік­ті жер­де зерт­ха­на­лық бақы­ла­удың бол­мауы рәсім­дер­дің созы­лып кетуіне, шешім­дер­ді жедел түр­де қабыл­дау сапа­сы­на, жұмыс істеп тұрған зерт­ха­на­ларға түсетін жүк­те­менің артуы­на алып келеді және қауіп төн­діретін жеміс-жидек­тер мен басқа да ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін әке­лу­ге қатер тудырады.

Екін­ші­ден, фито­са­ни­та­ри­я­лық аху­алға мони­то­ринг жүр­гі­зу мен оны болжау сала­сын­дағы негіз­гі мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­дай­тын «Рес­пуб­ли­ка­лық фито­са­ни­та­ри­я­лық диа­гно­сти­ка және болжам­дар әдісте­мелік орта­лы­ғы» Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын қыз­метін­де жүй­елі про­бле­ма­лық мәсе­ле­лер әлі де орын алып отыр. Атап айтқанда:

1. Маман­дар­дың (150–170 мың тең­ге) және жүр­гі­зу­шілер­дің (90–100 мың тең­ге) орта­ша айлық жалақы­сы орын­да­ла­тын жұмыстың сипа­ты­на, көле­мі мен жау­ап­кер­шілі­гіне сай кел­мей­ді, бұл мәсе­ле еңбе­кақы төлеу тәсіл­дерін қай­та қара­уды қажет етеді.

2. Агро­но­мия, агро­эко­ло­гия, өсім­дік шару­а­шы­лы­ғы, жеміс шару­а­шы­лы­ғы бағыт­та­ры бой­ын­ша, сон­дай-ақ өсім­дік­тер­ді қорғау сала­сын­да, әсіре­се өңір­лік бөлім­ше­лер­де кадр­лар тап­шы­лы­ғы тұрақты сипатқа ие.

3. Жедел мау­сым­да (наурыз-қазан айла­рын­да) меке­ме маман­да­ры зиян­кестер­дің, оның ішін­де шегірт­ке­лер­дің ошақта­рын тек­се­ру үшін жай­ы­лым­дар мен шалғай аудан­дарға үне­мі шығып оты­ра­ды, алай­да қазір­гі қар­жы­лан­ды­ру көле­мі олар­дың ісса­пар шығы­ста­рын толық жаппайды.

4. Мате­ри­ал­дық ынта­лан­ды­ру­дың нақты тетік­тері жоқ, оның ішін­де мем­ле­кет­тік мере­ке­лер­ге көтер­ме­леу төлем­дері беріл­мей­ді, мұның өзі білік­ті маман­дар­ды ынта­лан­ды­руға әрі олар­ды ұстап қалуға кері әсерін тигізеді.

5. Кәсі­по­рын бөлім­ше­лері пай­да­ла­на­тын план­шет­тер мен ақпа­рат­тық жүй­е­лер­дің жұмысын­да тех­ни­ка­лық про­бле­ма­лар да бар, бұл фито­са­ни­та­ри­я­лық деректер­ді жедел жина­уға, өңдеп, беру­ге жағ­дай жасамайды.

Үшін­ші­ден, фито­са­ни­тар­лық іс-шара­лар­дың жеке­ле­ген бағыт­та­ры­ның тұрақты түр­де толық қар­жы­лан­ды­рыл­мауын еске­ре оты­рып, жер пай­да­ла­ну­шы­ларға улы хими­кат­тар­ды пай­да­ланға­ны үшін арна­у­лы ныса­на­лы қорға төле­мақы енгі­зу мүм­кін­ді­гін пысы­қтау ұсы­ны­ла­ды. Оның қара­жа­ты фито­са­ни­тар­лық мони­то­ринг жүр­гі­зуді, диа­гно­сти­ка­ла­уды, болжа­уды және мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­ны жаңғыр­ту­ды қосым­ша қар­жы­лан­ды­руға бағыт­та­луы мүмкін.

Мұн­дай тетік­ті іске асы­ру өсім­дік­тер­ді қорға­удың хими­я­лық құрал­да­рын қол­да­ну­ды фито­са­ни­тар­лық қауіп-қатер­лер­ді барын­ша азай­ту шара­ла­рын жау­ап­кер­шілік­пен қар­жы­лан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты­руға мүм­кін­дік береді. Бұл про­бле­ма­лар мем­ле­кет­тік фито­са­ни­та­ри­я­лық бақы­ла­уды әлсіре­туі ықти­мал, бұл эко­но­ми­ка­лық шығын­дар­дың өсуіне, отан­дық ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерінің бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гінің төмен­де­уіне және аграр­лық өңір­лер­де әле­умет­тік шие­леністің артуы­на алып келуі мүмкін.

Осы­ған байланысты:

1) Аккре­дит­тел­ген фито­са­ни­та­ри­я­лық зерт­ха­на­лар­ды өткі­зу пункт­терін­де, оның ішін­де «Жай­сан» өткі­зу пунк­тін­де құру мәсе­лесі бой­ын­ша Үкі­мет­тің ұста­ны­мын беруді;

2) «Рес­пуб­ли­ка­лық фито­са­ни­та­ри­я­лық диа­гно­сти­ка және болжам­дар әдісте­мелік орта­лы­ғы» кәсі­по­рын­ның еңбек­ке ақы төлеу дең­гей­ін арт­ты­ру және кадр­лар­мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қабыл­да­нып жатқан әрі жос­пар­дағы шара­ла­ры тура­лы хабар­дар етуді;

3) Нақты мау­сым­дық жүк­те­мені еске­ре оты­рып, маман­дар­дың ісса­пар шығы­ста­ры­ның толық әрі уақты­лы өте­луін қам­та­ма­сыз ету мүм­кін­ді­гін қарастыруды;

4) Жұмыс­кер­лер­ді мате­ри­ал­дық ынта­лан­ды­ру­дың қосым­ша шара­ла­рын енгі­зу және ақпа­рат­тық жүй­е­лер­дің тех­ни­ка­лық про­бле­ма­ла­рын шешу жөнін­де­гі жос­пар­лар тура­лы ақпа­рат беруді;

5) Жер пай­да­ла­ну­шы­лар­дың улы хими­кат­тар­ды пай­да­ланға­ны үшін төле­мақы есебі­нен арна­у­лы ныса­на­лы қор құру­дың орын­ды­лы­ғы­на және оны нор­ма­тив­тік құқы­қтық тұрғы­дан бекіту мүм­кін­ді­гіне баға беруді сұраймыз.

Аталған ұсы­ны­стар­ды қарау кезін­де Үкі­мет бел­гі­лен­ген мәсе­ле­лер­ді шешу­де кешен­ді әрі жүй­елі тәсіл­ді қол­да­нуы қажет, өйт­кені олар Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның фито­са­ни­та­ри­я­лық және азық-түлік қауіп­сізді­гі мәсе­ле­леріне тіке­лей қатысты.

«Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры аты­нан Ербо­лат САУЫРЫҚОВ

Республиканский еженедельник онлайн