Вторник , 17 февраля 2026

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгілед

Аста­на­да ҚР Пре­мьер-Мини­стрінің орын­ба­са­ры – Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ва­ның төраға­лы­ғы­мен мини­стр­лік­тің кеңей­тіл­ген алқа оты­ры­сы өтті.

Жиы­нға вице-мини­стр­лер, коми­тет төраға­ла­ры, ведом­ство­лық бағы­ны­сты ұйым­дар­дың жетек­шілері және сала­лық құры­лым­дар­дың өкіл­дері қаты­сты. Оты­рыс бары­сын­да мини­стр­лік­тің 2025 жылғы қыз­метінің қоры­тын­ды­ла­ры сара­ла­нып, алдағы кезең­ге арналған стра­те­ги­я­лық басым­ды­қтар айқындалды.

Алқа оты­ры­сын ашқан Аида Бала­е­ва Негіз­гі заңға енгізіл­ген ауқым­ды өзгерістер­ге ерекше тоқтал­ды. Ол ұлт­тық мәде­ни­ет­ті қол­дау мен тари­хи-мәде­ни мұра­ны сақтау мәсе­ле­лері алғаш рет кон­сти­ту­ци­я­лық дең­гей­де мем­ле­кет­тің іргелі даму қағи­дат­та­ры­ның қата­ры­на енгізіл­генін атап өтті.

Кез­де­су бары­сын­да мини­стр­лік қыз­метінің бар­лық бағыт­та­ры бой­ын­ша жаңа тәсіл­дер мен зама­на­уи даму үрдістері жан-жақты қарал­ды. Сала­лар­ды уақыт тала­бы­на және өзек­ті сын-қатер­лер­ге сай жүй­елі жаңғыр­ту қажет­ті­гіне ерекше назар аударылды.

Соны­мен қатар дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің озық тәжіри­бесіне негіз­дел­ген жаңа Кон­сти­ту­ция жоба­сы сөз бостан­ды­ғы­на кепіл­дік беретінін, аза­мат­тар­дың цифр­лық кеңістік­те­гі құқы­қта­рын қорғау жөнін­де­гі нор­ма алғаш рет енгізіл­гені атап өтіл­ді. Осы­ған бай­ла­ны­сты Аида Бала­е­ва мини­стр­лік пен ведом­ство­лық бағы­ны­сты ұйым­дар­дың қыз­метіне цифр­лық шешім­дер­ді кеңі­нен енгі­зу және жасан­ды интел­лект тех­но­ло­ги­я­ла­рын тиім­ді пай­да­ла­ну мәсе­лесіне айры­қ­ша тоқтал­ды. Пре­мьер-Мини­стр­дің орын­ба­са­ры сала­ның біры­ңғай әрі кешен­ді цифр­лық даму стра­те­ги­я­сын әзір­ле­уді тапсырды.

Алқа оты­ры­сы­на қаты­су­шы­лар мәде­ни­ет сала­сын дамы­ту, кре­а­тив­ті инду­стри­я­лар­ды жүй­елі қол­дау, ақпа­рат­тық сая­сат­ты жетіл­ді­ру, аза­мат­тық қоғам инсти­тут­та­ры­ның әле­уетін арт­ты­ру, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік жастар және отба­сы сая­са­тын тиім­ді іске асы­ру мәсе­ле­лерін талқылады.

Жиын­ды қоры­тын­ды­лаған Аида Бала­е­ва әріп­те­стеріне атқа­ры­лған нәти­желі жұмыс үшін риза­шы­лы­ғын біл­діріп, әр бағыт­та нақты баста­ма­лар көтеріп, жау­ап­кер­шілік­пен әре­кет ету­ге шақыр­ды. Үкі­мет бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры ведом­ство­ара­лық өза­ра іс-қимыл­ды күшей­туді және қой­ы­лған мін­дет­тер­дің сапа­лы әрі мерзі­мін­де орын­да­луын қам­та­ма­сыз етуді тапсырды.

ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметі

Республиканский еженедельник онлайн