Пятница , 4 июля 2025

Айгерім Тілеужан: МЕНІҢ ЖАНЫМ сотталған патриоттардан АРТЫҚ ЕМЕС!

ч
  • Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сы бар деген желе­умен жүріп жатқан қуда­лау жалға­су­да. Өткен апта­да елде­гі жастар қозға­лы­сы­ның бел­сен­ді өкілі Айгерім Тіле­ужанға қаты­сты қау­лы шығып, оның тер­геу ста­ту­сы «куә­гер­ден» – «күдік­ті­ге» ауыстырылды.

– Айгерім бике, сіз­ге қаты­сты тер­ге­удің жаңа қаулы­сы бой­ын­ша, енді­гі жер­де «күдік­ті» ретін­де таны­лып­сыз. «Жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­сты­руға» қаты­сты Қыл­мыстық кодекстің 272-бабы өте ауыр. Сіз бұны қалай қабылдадыңыз?

Енді қар­сы­лық күресі жолын­да жүр­ген­нен кей­ін, митин­гілер­де талап айтып, бірін­ші жыл шығып жүр­ген жоқ­пын. Арғы жағы­на қарай қаза­тын бол­сақ, алғаш 2010 жылы қазақ тілі үшін Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз бастаған қозға­лы­сты қол­да­дым. Ол кез­де мен Тіл­дер­ді дамы­ту орта­лы­ғын­да жұмыс істеп жүр­ген­мін және қазақ тілін дамы­тып жүр­ген маман­дар­дың бірі ретін­де өзім­нің пары­зым деп санадым.

Кей­ін 2016 жылы Жер мәсе­лесі туған кез­де де митин­гі­ге шыққам. Одан кей­ін 2019 жылы /құрылып жатқан/ Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­яға қосыл­дым. Был­ты­рғы қара­шаға дей­ін сол ұйым­да бол­дым, біз сон­да 13 митинг ұйым­да­стыр­дық. Ара­сын­да заң­сыз деген­дері де, рұқ­сат етіл­ген­дері де бол­ды. Солар­дың бәрін ұйым­да­сты­руға атса­лы­стым. Осы Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін қара­лы митинг ұйым­да­сты­рып, сол үшін абақты­да 15 тәулік оты­рып шықтым. Одан кей­ін сәуір айын­да жазы­қ­сыз қамауда оты­рған сая­си тұтқын­дарға бостан­дық талап етіп шыққа­ным­да, тағы да 20 тәулік­ке қамалдым.

Мұның бәрі, егер нақты айта­тын бол­сақ, «жап­пай тәр­тіп­сіздік ұйым­да­сты­ру» бабы бой­ын­ша 4 жыл­дан 10 жылға дей­ін бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру қау­пі бар. Мені осы бап бой­ын­ша күдік­ті қылып таны­ды. Яғни, Алма­ты әуе­жай­ын басып алу және сол жер­де жап­пай тәр­тіп­сіздік­ті ұйым­да­сты­рған адам – сіз деген­ге сай­ып отыр.

Бірақ өткен 10 ай ішін­де, Қаңтар көтерілісі болған­нан бері мені шіл­де­ге дей­ін тер­геді. Жеті рет тер­геу бол­ды. 25 наурыз күні үйі­ме тін­ту жүр­гізді. Содан осы қыр­күй­ек­тің басы­нан бері мені өз жай­ы­ма қал­ды­рған болатын.

Енді осы сай­ла­у­ал­ды науқан­да «Фейс­бук­те», әле­умет­тік желілер­де мәлім­де­ме жасап, заң­сыз сай­ла­у­ға, осы уақы­тқа дей­ін Тоқа­ев­тың жүр­гізіп кел­ген сая­са­ты­на қар­сы­мын, сол себеп­ті 25 қазан күні сай­ла­у­ға қар­сы митин­гі­ге шыға­мын деген бола­ты­н­мын. «Фейс­бук­те­гі» дәл осы постым­нан кей­ін болу керек, маған қаты­сты істі қай­та­дан қозға­ды. 25 қаза­нға митин­гі­ге шақы­рып, әкім­шілік қамауға алы­нған Думан Мұха­мед­кәрім­нің видео­сын өз парақ­шам­да бөлісіп, содан кей­ін үстіне өзім­нің постым­ды жазған едім. Думан­ды 12 қазан­да үйі­нен алып кет­ті, дәл сол күні мені бет­те­сті­ру ама­лы­на шақырды.

Қазан­ның 12-інен басталған қысқа уақыт ішін­де 8 түр­лі куә­гер­мен бет­те­сті­ру амал­да­ры бол­ды. Олар да әуе­жай­да болған екен және көп­шілі­гі әуе­жай­дағы «жап­пай тәр­тіп­сіздік­ті» мен ұйым­да­стыр­ды деген­ге кел­тіріп отыр.

– Сон­да тер­ге­удің бары­сы бой­ын­ша, әуе­жай­дағы «тәр­тіп­сіздік­ті» сіз қалай «ұйым­да­сты­рған» болып шықтыңыз?

Әр адам, әсіре­се мені тани­тын адам­дар, әрі менің тәу­ел­сіз жур­на­лист, қоғам­дық бел­сен­ді, кәсі­пқой аудар­ма­шы екенім­ді білетін­дер менің ешқан­дай жасы­рын істер­ге бар­маға­ным­ды куәлан­ды­ра ала­ды деп ойлай­мын. Тер­ге­удің ұсы­нған видео­сын­да көрініп тұр: әуе­жай­да бетім­де мас­ка жоқ, күн­делік­те күй­де жүр­мін. Онда «тәр­тіп­сіздік» ұйым­да­сты­ру мүл­дем мүм­кін емес, өйт­кені 3 қаңтар күні мені бір топ бел­сен­ділер­мен бір­ге Арон Ата­бе­ко­втың асы­нан алып кетіп, 15 тәулік­ке әкім­шілік-құқық тәр­тібін бұзу бабы­мен қамап қой­ған еді. Бірақ 5 қаңтар күні аран­да­ту­шы­лар бей­біт шерудің ара­сы­на кіріп кетіп, әкім­дік ғима­ра­тын өрте­ген­нен кей­ін, бізді – бір топ бел­сен­діні абақты­дан босатқан бола­тын. Сол күні кеш­кі сағат 5–6‑ларда абақты­дан шық­сам, әуе­жай­да сағат 7–8‑дің маңын­да бол­сам, екі сағат уақыт­та қалай бәрін ұйым­да­сты­руым мүмкін?!

Сон­да менің жаса­маған әре­кетім­ді басқа жау­а­пқа тар­ты­лған­дар­мен қатар қой­ып отыр. Қыл­мыстық әлем­ге бел­гілі «жабайы Арман­мен» бір­дей болып шықтым. Әрі-бері­ден соң, мем­ле­кет­те төң­керіс жаса­мақ бол­ды деп айып­та­лып оты­рған Мәсі­мов­пен бір­дей болып шықтым. Демек, билік өз қолы­мен жаңа қыл­мыстық тұлға, өзіне сая­си оппо­нент жасап отыр.

– Енді аэро­порт­тағы «тәр­тіп­сіздік­тің» жай­ын айта кет­ші. Сол күні Қаңтарға қаты­сты қамалған­дар­дың бар­лы­ғын абақты­дан босат­ты. Демек, осы «боса­ту­дың» аста­рын­да не жатыр?

Бұл да билік­тің аран­да­туы деп білем. Жал­пы, Қаңтар оқиға­сын әркім әртүр­лі қабыл­дай­ды ғой. Мен үшін Қаңтар оқиға­сы бірін­ші кезек­те – көтеріліс, халы­қтың көтерілісі. Менің жеке пікірім­ше, толқу Жаңаө­зен­де қаңтар­дың 2‑інде бастал­ды ғой, 4 қаңтар­да жал­пы Қаза­қстан алаңға шықты. Менің­ше, 5‑і күні халы­қты баса алмаған­нан кей­ін, естеріңіз­де бол­са, сол күні Тоқа­ев өзінің сөзін­де билік құла­май­ды деген бола­тын. Яғни, халы­қтың жап­пай алаңға шыққа­нын билік­ті құла­туға әре­кет деп қабыл­даған сияқты.

2011 жылғы Жаңаө­зен­де­гі­дей, билік тара­пы­нан аран­да­ту жасал­ды ма деген ойым бар. Мыса­лы, Жаңаө­зен­де де халық қан­ша­ма уақыт бей­біт тұр­ды, ештеңе қират­па­ды, билік­тің шыда­мы тау­сы­лған­нан кей­ін, 2011 жылы 16 жел­тоқ­сан­да нара­зы топ­тың ара­сы­на әдейі аран­да­ту­шы­лар­ды жібер­ді, олар әкім­дік­ті өрте­ді, одан кей­ін кон­церт болып жатқан жер­ді қиратты.

Қаңтар­да да дәл сон­дай әре­кет жасал­ды ма деген күді­гім бар. Өйт­кені халы­қты баса алмаған­нан кей­ін, 5 қаңтар күні әдейі өзінің аран­да­ту­шы­ла­рын жіберіп, ғима­рат­тар­ды өртетіп, халы­қтың бей­біт талап­пен шыққан шеруін осы­лай аран­да­ту­шы­лы­ққа айнал­дыр­ды деп ойлай­мын. Және соның ішін­де бел­сен­ділер де бар еді. Әрине, бұл жер­де билік жібер­ген аран­да­ту­шы­лар­дан басқа үшін­ші күш­тер де өздерінің сая­си ойы­нын қол­да­нуы әбден мүмкін.

Мыса­лы, мен 7 ай бойы тер­гел­дім, тер­ге­уден бұрын да бел­сен­ділік таны­тып жүр­дім, менің қан­дай адам екенім­ді және менің жаным­дағы бел­сен­ділер­дің қыл­мысқа бар­май­ты­нын билік біледі. Бірақ та Қаңтар көтерілісі бел­сен­ділер­ді қамаудың, ауы­зды­қта­удың жақ­сы бір ама­лы болған­дай. «Жаңа Қаза­қстан­ның» ескісі­нен еш айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Осы уақы­тқа дей­ін Назар­ба­ев жүй­есі­мен күресіп кел­ген едік, енді Тоқа­ев сол Назар­ба­ев жүй­есінің жалға­сты­ру­шы­сы болып отыр.

Бізді 5 қаңтар­да абақты­дан боса­тып жібер­ді. Қара­сақ, өзі­міз сияқты өңкей бел­сен­ділер жина­лып­пыз. Сол жер­де тұрып, бір-бірі­міз­ден ақпа­рат ала­мыз. Елде не болып жатқа­ны­нан біз толы­ққан­ды хабар­дар емес едік. Білетіні­міз – халы­қтың алаңға шыққа­ны, Назар­ба­ев ескерт­кі­шінің құлаға­ны. Әкім­дік өртеніп, әртүр­лі аран­да­ту­шы­лық, ұрлық болып жатқа­нын біл­ген­нен кей­ін, біздің бел­сен­ділер тара­пы­нан амби­ци­я­лық мақ­сат туған болуы керек, біз өз күші­міз­ге сен­дік. Біз ойла­дық: қазір бұл шеруді бей­біт жолға түсіре­міз, ешкім­ге, ештеңе­ге зиян тигіз­бей­міз, қала­ны қират­тыр­май­мыз, егер аран­да­ту­шы­лар бол­са, олар­ды орны­на қоя­мыз және мәде­ни түр­де алаң­да өз талап­та­ры­мы­зды айта­мыз деген ой болды.

Енді ойлаңыз: өзі­міз абақты­дан жаңа ғана шықтық, зуыл­дап алаңға кетіп бара жатыр­мыз, жол бойы бір­де-бір әскер қыз­мет­керін, бір­де-бір поли­ция маши­на­сын көр­мей­міз; біз енді қаңтар­дың 4–5‑і күн­дері не болға­нын біл­мей­міз ғой: халы­қты поли­ция қалай қуа­лаға­нын, газ атқа­нын, резең­ке оқ атқа­нын мүл­де білмейміз.

Сөй­тіп, біз алаңға бара жат­сақ, халық алаң­нан кетіп жатыр. Бұлар неге кері келе жатыр, әлде тарап жатыр ма деген сұра­уда қал­дық. Осы­лай­ша, біз­ге қар­сы келе жатқан адам­дар­дан сұра­сақ, әскер мен поли­ция біздің жағы­мы­зға шықты, енді не істерін біл­ме­ген билік Ресей­ден әскер әке­ле жатыр деді. Ол кез­де «ОДКБ» тура­лы мүл­де ақпа­рат болған жоқ. Біздің есті­гені­міз – Ресей­ден әскер келіп, әуе­жай­ға қонға­лы жатыр екен. Содан біра­уы­здан әуе­жай­ға бара­мыз деп шештік.

Біз әуе­жай­ға бірін­ші болып кел­дік. Мен өзім бірін­ші кезек­те әуе­жай қыз­мет­кер­лері­нен «ОДКБ» әскері кел­генінің рас-өтірі­гін білуім керек бол­ды. Әуе­жай қыз­мет­кер­лері жоқ болған­нан кей­ін, бірін­ші-екін­ші қабат­ты ара­лап, ешкім­ді тап­па­дым. Бір бала­лар артым­да қал­май жүр­ді, мен олар­ды таны­май­мын. Ұшып келіп жатқан жола­у­шы­лар бар екен, соларға: «Назар­ба­ев­тың жүй­есі құла­ды!» деп сүй­ін­шілеп, айқай­лаға­ным рас. Негізі, қуа­ны­шым­ды жүре­гі­ме сый­ды­ра алма­дым. Өйт­кені авто­ри­тар­лық жүй­е­ден әбден мезі бол­дық қой…

 – Деген­мен, «ОДКБ» әскері кел­ді ғой…

– Иә, кел­ді, бірақ ол уақыт­та біз Ресей әскері ғана кел­ді деп ойладық.

– Сіз аэро­порт­та болған кез­де оның іші қирап, талқа­ны шыққан, бан­ко­мат­тар шағы­лған жағ­дай бол­ды ма?

– Жоқ, мен болған­да, ондай бол­ма­ды. Мен көр­ген жігіт­тер – қара­пай­ым қаза­қтың жігіт­тері, менің болжа­мым­ша, олар пат­ри­от­тық сезім­де алаң­нан кел­ген өрім­дей жас бала­лар еді. Өздері не істеп, не қой­ып жүр­генін біл­мей­ді, қол­да­рын­да ештеңе бол­ма­ды, жалаң қол­мен келіп оты­рған түрі.

Менің де әуе­жай­дан кетіп қалған себебім – бұл енді аза­мат­тық әуе­жай ғой, егер әскер келетін бол­са, ол әске­ри әуе­жай­ға бара­ды, одан да сол алаңға барай­ын деген едім. Алма­ты әуе­жай­ын­да болған­ды­қтан, мен онда не болға­нын біле­мін: біз­ден 2 сағат­тан кей­ін кел­ген­дер кім­нің ада­мы екенін және не себеп­ті әуе­жай бос тұр­ды? Бір­де-бір қыз­мет­кері бол­маған соң, шақты, қират­ты, ұрлады…

– Сон­да сіз­дер «тер­ро­рист» болып отыр­сыздар ғой?

Иә, мен енді сол «тер­ро­ри­стің» не бұза­қы­лар­дың бей­несі болып отыр­мын. Біздің билік, құқық қорғау орган­да­ры мен сияқты қара­пай­ым адам­дар­дан осы Қаңтар оқиға­сы­на жау­ап­ты тер­ро­рист жасамақ.

– Ауыр бапқа тар­ты­лып отыр­сыз, бұның арғы жағын­да, өзіңіз айтып оты­рған­дай, 4 жыл­дан 10 жылға дей­ін қамауға алуы мүм­кін. Тая­у­да Тоқа­ев­тың рақым­шы­лы­ғы жари­я­лан­ды, өкініп, қыл­мысын мой­ын­даған­дар рақым­шы­лық амни­сти­я­сы­на ілі­геді деді.

Мен ешқан­дай кінәні мой­ын­да­май­мын, өйт­кені мой­ын­дай­тын ешқан­дай кінәм жоқ. Назар­ба­ев­тың жүй­есі құла­ды деп, әуе­жай­да сүй­ін­шілеп айқай­лаға­ным рас. Оны мен ең баста­пқы күн­дер­ден, 8 қаңтар күні мен халы­қа­ра­лық жур­на­ли­стер­ге сұх­бат бере баста­дым, содан бері айтып келе жатыр­мын. Өзім ешқан­дай кінәлі бол­маған­ды­қтан, ештеңені мой­ын­да­май­мын және сол үшін 10 жылға қамау мерзі­мін арқа­лау керек бол­са, оған да көндім.

Менің ойым­ша, «Фейс­бук­та» екі пост жазып, агрес­сор көр­ші елге қар­сы пікірі үшін, жемқор­лар­ды сот­тау керек, олар­дан бәрін өндіріп алу керек деп айтқан Данат Намаз­ба­ев­ты 5 жылға сот­таған­да, кезін­де жер жалға беріл­месін және шетел­дік­тер­ге сатыл­ма­сын деп бей­біт митин­гі­ге шыққан Макс Боқа­ев 5 жылға сот­талған­да, жаным олар­дан артық емес. Демек, бәріне дайынмын!

Қой­шы­бек МҮБАРАК,

«The Qazaq Times» ютуб-арна­сы­ның журналист-блогері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн