Суббота , 5 июля 2025

Айман Омарова, адвокат: БИЛІК БІЛӘШ ТУРАЛЫ ІСТІ қоғамның білгенін қаламайды

Науры­здың 19‑ы күні Аста­на қала­сы поли­ция депар­та­мен­ті Тер­геу (ПД ТБ) бөлі­мінің аға тер­ге­ушісі, поли­ция май­о­ры М.Баймағанбетов Серік­жан­ның қорға­у­шы­сы ретін­де мені №197100031000203 саны­мен тір­кел­ген Серік­жан Бия­шқа (төлқұ­жа­ты бой­ын­ша – Бияш) қар­сы қыл­мыстық істің кей­бір құжат­та­ры­мен таныстырды.

Соның ішін­де күдік­тінің іс-әре­кетін сара­лау тура­лы қау­лы бар еді. 

Осы қаулы­да былай жазылған: 

«Серік­жан Бияш «Ата­жұрт ерік­тілері» атты тір­кел­ме­ген қоғам­дық бір­ле­стік­тің өзі сай­ланған бас­шы­сы ретін­де әле­умет­тік, ұлт­тық нәсіл­дік неме­се діни ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру мақ­са­тын­да, 8 ақпан 2019 жылы шама­мен 10 сағат 00 минут­та Алма­ты қала­сы, Ясса­уи көше­сі, №105 үй мекен-жай­ын­да орна­ласқан «Амаль» мей­рам­ха­на­сын­да, негізін­де ұйғыр ұлты аза­мат­та­ры­ның жиналған асы­на кел­ген. Содан, С.Бияш қыл­мысты ойын ары қарай жалға­сты­ра оты­рып, 11 сағат 25 минут шама­сын­да өзіне сөз алып, күл­лі қоғам­ның алдын­да жари­я­лы түр­де Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұрып жатқан қазақ және ұйғыр ұлт­ты аза­мат­та­ры­ның мүш­кіл жағ­дай­ын, онда тұрып жатқан қазақ және ұйғыр халқы­на себеп­сіз қытай халқы қысым көр­сетіп, ұлт­ты жою мақ­са­тын­да іс-әре­кет­тер жасап жатқа­нын айтып, сая­си мәсе­ле­лер­ді көтеріп, ұлт­тық бел­гілері бой­ын­ша қай­шы­лы­қтар туғы­зу түрін­де­гі, ұлт­тық араз­дық пен ала­у­ы­зды­қты наси­хат­тап, Қытай билі­гі ұлт­тық, нәсіл­дік, тек­тік-топ­тық ұлт­тық ар-намысы мен қадір-қаси­етін неме­се сезім­дерін қор­лай­тын әре­кет­тер­ді жасап жатқа­нын айтып, оларға қар­сы ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­ны қол­да­нып, қар­сы шығу­ды (жиһад) жари­я­ла­ды. Бұл жер­де егер оларға қар­сы шық­паған адам кәпір болып табы­ла­ды, бұл рет­те мате­ма­ти­ка­лық есеп­пен аны­қтап, былай шешілуі тиіс деп, төмен­де­гі­дей қоғам­ның пікір­лерін қар­сы қой­ған…»

Сөй­тіп, Аста­на қала­сы ПД ТБ-нің аға тер­ге­ушісі M.Баймағанбетов Серік­жан Бия­штың әре­кет­терін ҚР ҚК 174-бабы 2‑бөлімімен сара­лау қаулы­сын шығарған.

Одан бұрын, 20.02.2019 жылы Аста­на қала­сы ПД-не аза­мат Али­шер Тура­ба­ев ары­зданған. Осы арыз бой­ын­ша, аға тер­ге­уші Э. Сұл­танқұ­лов рапорт (баян­да­ма) жазып, қыл­мыстық іс тіркелген.

Қазір­гі уақыт­та тер­геу жүр­гізіліп жатыр.

Осы сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­рудің баста­луы және жүр­гі­зу әре­кет­терін заң­сыз деп санай­мын. ҚР ҚПК-ның 188-бабы­на сәй­кес (сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру жүр­гiзiлетiн жер):

1‑тармақ: Сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лық жасалған аудан­да (облы­ста, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­да, аста­на­да) жүргiзiледi. 

2‑тармақ: Сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­рудің жедел және толық болуы мақ­са­тын­да, ол қыл­мыстық құқық бұзу­шы­лық аны­қталған орын бой­ын­ша, сон­дай-ақ күдік­тi неме­се куәлар­дың көп­шiлi­гi тұра­тын жер­де жүр­гiзiлуi мүмкiн. 

Атап өткен «күдік­тінің іс-әре­кетін сара­лау тура­лы қаулы­ның» маз­мұ­нын­да нақты айты­лған: «қыл­мыс әре­кет­тері құра­мы бар» деп тір­кел­ген іс Алма­ты қала­сын­да болған, Серік­жан Бияш Алма­ты қала­сы­ның тұрғы­ны, куәлар­дың көп­шілі­гі Алма­ты­да тұра­ты­ны нақты аны­қта­лып отыр.

Сол себеп­теп Серік­жан Бия­шқа қар­сы қыл­мыстық істің сотқа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру жұмыста­ры Аста­на­да болып жатқа­нын заң­сыз деп санай­мын. Тіп­ті оған айып ретін­де тағып оты­рған бар­лық іс-әре­кет Алма­ты­да жасалған деп санай­тын бол­са, онда тер­геу де Алма­ты­да жүр­гізілуі керек. Оны ұрлап әкетіп, аста­наға апар­ды. Енді келіп, қоғам­ның бұл тура­лы біл­генін қала­май отыр.

Республиканский еженедельник онлайн