Пятница , 4 июля 2025

Айман САҒИДУЛЛА: Мұғалімге өзін-өзі қорғау ИММУНИТЕТІ ҚАЖЕТ

  • Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіздік алған шағы­нан осы күн­ге дей­ін бір­де-бір сай­лау науқа­ны мұғалім­сіз өткен жоқ. Тіп­ті бүгін­гі билік­тің элек­то­раль­ды тіре­уі мұғалім­дер десек, әсте қате­ле­с­пей­міз. Одан қал­са, жер­гілік­ті әкім­шілік­тер мен «Нұр Отан­ның» шек­пе­нін көтеріп, абы­рой мен мәр­те­бе­ден айы­ры­лған ұста­здар қауы­мы жөнін­де елге таны­мал комик Тұр­сын­бек Қаба­тов былай деп қағы­тқа­ны бар: «Бұры­нғы кез­дері ауыл­дағы ата-әже­лері­міз мұғалім­ге жол бер­ген. Мек­теп­ке мұғалім шақы­рып жатыр десе, сотқа шақы­рып жатқан­дай қорқа­тын­быз. Мұғалім­нің алдын­да папаң мен мамаң­ның басы сал­бы­рап тұра­тын. Ал қазір керісін­ше, мұғалім­дер оқу­шы мен ата-ана­дан қорқа­тын заман болды».
  • ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев атал­мыш жағ­дай­ды түзе­у­ге ынта­сын біл­діріп, тиісті заң­на­ма­лар­ды қабыл­да­уға тап­сыр­ма бер­ді. Осы нұсқа­удың аясын­да кеше ҚР пар­ла­мен­тінің мәжілісі «Педа­гог мәр­те­бесі тура­лы» заң жоба­сын қабыл­дап, оны сенат­тың талқы­сы­на жөнелтті.
  • Бұл заң ұстаз мәр­те­бесін өсіру­ге және мұғалім­нің мүд­де­лерін қорға­уға қан­ша­лы­қты қауқар­лы екенін білу үшін, «Мұғалім мәр­те­бесі» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің мүше­сі, қазақ тілі пәнінің мұғалі­мі Айман Сағи­дул­ла­ны әңгі­ме­ге тарт­тық. Еске сала кетей­ік, Айман – мұғалім­дер­ді оқу­дан тыс жұмыстарға тар­туға, жер­гілік­ті әкім­нің қол­ба­ла­сы болуға Қаза­қстан­да алғаш рет ашық қар­сы­лық біл­дір­ген ұстаз.

– Айман ханым, ең алды­мен кеше мәжілі­сте қабыл­данған «Педа­гог мәр­те­бесі тура­лы» заңға қаты­сты ой-пікіріңізді білейік.

– Бұл заң жоба­сын­да мұғалім­дер­ге қаты­сты көп­те­ген мәсе­ле­лер қам­ты­лған десек те, ең өзек­тілері ескеріл­мей қал­ды. Оның ішін­де­гі басты мәсе­ле – ұста­здар­дың зей­нет­ке шығу жасы еді. Осы­ған қаты­сты мұғалім­дер қауы­мы­ның жанай­қай­ын пар­ла­мент­те­гі депу­тат­та­ры­мыз естімеді.

Бұдан бөлек, тағы бір назар аудар­тын мәсе­ле – мұғалім­дер­дің кәсі­би қыз­мет­те­гі мін­деті мен құқы­ғы­на қаты­сты. Заң жоба­сы­ның 7‑бабының 4‑тармағында «кәсі­би қыз­мет­ті жүзе­ге асы­ру үшін, ұйым­да­сты­ру­шы­лық және мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету­ге және қажет­ті жағ­дай­лар жаса­уға» деп жазы­лға­ны алаң­да­та­ды. Осы­ны пай­да­ланған мек­теп дирек­тор­ла­ры мате­ри­ал­дық дүни­е­лер­мен қам­та­ма­сыз етуді мұғалім­дер­дің мой­ны­на іліп қой­ып отыр­май ма деген сұрақ бар­ша­мы­зды маза­лай­ды. Өзіңіз қараңыз­шы, мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жағ­дай­ды жасау қай мұғалім­нің қолы­нан келеді?

– Мек­теп­тің мүл­кін өз қал­та­сы есебі­нен жаб­ды­қтап жүр деген бір­де-бір мұғалім­ді есті­медік… Ұсақ-түй­ек бір­деңе­лер бар шығар.

–Тағы бір мәсе­ле мұғалім­дер­дің әле­умет­тік кепіл­ді­гі­мен бай­ла­ны­сты. Жоба­ның 12-бабы­ның 5‑тармағында «жер­гілік­ті өкіл­ді орган­дар бекіт­кен тәр­тіп­пен және мөл­шер­де бюд­жет қара­жа­ты есебі­нен ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің ақы­сын төлеу және отын сатып алу бой­ын­ша әле­умет­тік қол­дау көр­сетіледі» деп жазылған.

Дәл осы бап «Білім тура­лы заң­да» да бар еді. Бірақ жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар агро­кәсіп­тік кешен­ді және ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту­дың мем­ле­кет­тік рет­теу тура­лы ҚР 2005 жылғы 8 шіл­де­де­гі № 66 заңын қол­да­на­тын. Оның 18-бабы­ның 5‑тармағы бой­ын­ша, «ауыл­дық елді мекен­дер­де тұра­тын және жұмыс істей­тін» деп баста­ла­тын жол­да­ры­ның кесірі­нен бұл көмек­ті ауыл­дық жер­де жұмыс істе­се де, ұста­здар­дың көп­шілі­гі ала алма­ды. Қазір мұғалім­дер­дің көбі жал­да­ма­лы үйлер­де тұра­ды. Жер­гілік­ті орган­дар қол­да­нып оты­рған заң­да «ауыл­дық жер­де тұра­тын және жұмыс істей­тін» /мұғалім/ делін­ген. Осы­ны пай­да­ла­нып, ауыл­дық жер­де жұмыс істе­се де, көр­ші аудан­дар­дан қаты­нап неме­се жақын жер­де­гі қала­да тір­ке­уде тұра­тын «квар­ти­рант» мұғалім­дер­ге бұл көмек беріл­мей­ді. Айтып оты­рға­ным – көмір­ге берілетін ақша.

Оның үстіне жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­ның тағай­ын­даған ақы­сы­ның көле­мі де әр жер­де әртүр­лі: 2000–12000 тең­ге ара­сын­да. Бұл ақша мұғалім­дер­дің көмір сатып алуы­на жете ме?! Үйсіз жүр­гені былай тұр­сын, квар­ти­рант бола тұра, ата­у­лы көмек­тен қағы­ла­тын бол­са және сол көмек­тің мөл­шері күл­кілі бол­са, бұл «жәр­дем­ді» заң жоба­сы­нан мүл­де алып тастаған дұрыс. Ал егер мұғалім­дер­дің жағ­дай­ын ойла­са, бұл көмек­ті рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша біры­ңғай бел­гілі мөл­шер­де заңға енгі­зу қажет.

– Ұста­здар да дәрі­гер­лер­дің Гип­по­крат антын қабыл­дай­ты­ны секіл­ді ант беретін бол­ды деген баста­ма­ның аяғы не болды?

– Иә, осы жоба­да педа­гог лау­а­зы­мы­на алғаш тағай­ын­да­ла­тын адам ант қабыл­дай­ды делін­ген. Оған біз қар­сы шықтық. Мек­теп­те дирек­тор, оқу­шы­лар мен ата-ана­лар­дың алдын­да мұғалім­нің ант беруінің өзі ерсі екенін айтып, даб­ыл қақтық. Осы­ған бай­ла­ны­сты жур­на­ли­стер­дің көбі ұста­здар­ды қол­дап шықты. Оның ішін­де сіз­дер­дің «ДАТ» газет­теріңіз де бар. Осы мәсе­ле үлкен резо­нанс туды­рған соң, білім және ғылым мини­стрі Асхат Аймағам­бе­тов халы­қтың сөзіне құлақ асып, жоба­дан антқа қаты­сты тар­мақты алды­рып тастады.

– Заң жоба­сын дай­ын­дау ісін­де Мұғалім­дер кәсі­по­дағы­ның атқарған ісі, қосқан үлесі бол­ды ма?

– Заң­ды дай­ын­дау жұмысы­на Мұғалім­дер кәсі­по­дағы тара­пы­нан 4 адам қаты­сты. Өкініш­ке орай, дирек­тор­дың алдын­да ант беру керек деген­ді, мұғалім­нің зей­нет жасы­на қаты­сты шикі дүни­е­лер­ді тоқта­туға олар­дың шама­сы кел­меді. Кәсі­по­дақтың осы кез­ге дей­ін мұғалім­ге көмек­тес­кен, оның мүд­десін қорғап қалған ешқан­дай жұмысын көр­генім жоқ. Үнсіз отыр.

Керісін­ше, осы жоба­ның қай жері қате, қай жері мұғалім­ге кері әсерін тигі­зеді деп, аңдып қарап оты­рған алыс түк­пір­де­гі қара­пай­ым мұғалім Мей­ір­жан Темір­бек деген жігіт. Ол аны­қталған шикілік­тер жөнін­де әле­умет­тік желілер­ге даб­ыл қаққан соң, мұғалім­дер қауы­мы­ның қызу талқы­сы­на ілін­ді. Қарап отыр­сақ, осы заң жоба­сы ұсы­ны­лған уақыт­тан бастап, қазір­гі кез­ге дей­ін тіресіп кел­ген – тек мұғалім­дер ғана екен­біз. Ата-ана­лар мен жер­гілік­ті билік тара­пы­нан ләм-мим деген сөз естімедік.

– Егер бұл жоба осы мәтін­мен қабыл­да­нып кет­се, мұғалім­дер қауы­мы­на келіп-кетер қан­дай жақ­сы­лы­ғы неме­се жаман­ды­ғы болуы мүмкін?

– Тура­сын айт­сақ, «Мұғалім мәр­те­бесі тура­лы» заң­ның көп­те­ген жер­лері «Білім тура­лы заң­нан» көшіріліп алы­нған. Сон­ды­қтан бұрын­нан да заң­да жазы­лған дүни­е­лер­ді талап ете алмаған, өзін-өзі қорғай алмаған мұғалім сол күй­ін­де қала береді. Оған ешқан­дай заң көмек­тес­пей­ді. Бұрын да көше сыпы­рып, әкім­дік­тер­дің жұмыста­ры­на жегіліп жүр­ген мұғалім әрі қарай да көше­сін сыпы­рып, әкім­нің қол­ба­ла­сы болып жүре береді. Бұны тоқта­ту үшін мұғалім­нің жеке өзін­де өз құқы­ғын қорғау имму­ни­теті қалып­та­суы керек. Әйт­пе­се біздің бюро­крат­тық-авто­ри­тар­лық елде қабыл­да­на­тын ешқан­дай жаңа заң­нан қай­ыр болмайды!

Жаңа заң жоба­сын­да мұғалім­дер­ді оқу про­цесі­нен тыс өзге жұмыстарға жек­се, айып­пұл төле­неді делін­ген. Алай­да айып­пұл­дың мөл­шері қорқа­тын­дай көп емес. Ең басты­сы, оны төле­ту­ге пәр­мені бар мұғалім бол­са ғана төлей­ді, әйт­пе­се оны төлей­ін деп тұрған ешкім жоқ.

– Тағай­ын­далға­ны­на көп бол­маған ҚР білім және ғылым мини­стрі Асхат Аймағам­бе­то­вты қол­дап, оның қыз­метіне қар­сы науқан ұйым­да­сты­рып жатқан­дар­мен Мей­ір­жан Темір­бек еке­уіңіз алы­сып жүр­ген­деріңізді біле­міз. Жаңа министр сіз­дер­ге несі­мен ұнап жүр?

– Бүгін­гі мини­стрі­міздің ашы­қты­ғы мен мұғалім­дер­мен сана­суы, қара­пай­ым­ды­лы­ғы тек маған ғана емес, бүкіл мұғалім­дер қауы­мы­на да ұнап жүр. Бұрын біз ондай­ды көр­ме­ген­біз. Мұғалім­нің сөзіне құлақ аста­тын бірін­ші министр – осы Асхат мыр­за бол­ды. Білім сала­сы­на сын айтып жүр­ген мұғалім­дер­ді жинап, біз­бен кеңесіп, айтқан ұсы­ны­ста­ры­мы­здың біра­зын орын­дап та үлгерді.

 Әле­умет­тік желілер­де мини­стр­ге қар­сы шығып, оның отстав­каға кетуін талап ететін жазғы­штар­дың біра­зы – «фейк­тер» (жалған аутор­лар). Менің ойым­ша, бұл – жұмыс істе­гісі кел­мей­тін, билік­те­гі жаты­пі­шер шене­улік­тер­дің өздері ұйым­да­сты­рған әре­кет сыңай­лы. Өйт­кені оларға жаңа мини­стр­дің халы­қ­пен тығыз жұмыс жаса­уы ұна­май жатқан сияқты. Қазір­гі таң­да министр әле­умет­тік желілер­де мұғалім­дер­дің сау­ал­да­ры­на өзі жау­ап беріп, сын айты­лған жер­ден табы­лып жүр. Бұры­нғы мини­стр­лер секіл­ді жал­тар­май­ды, сұрақтан қашпайды.

Деген­мен, мини­стрі­мізді кере­мет деп мақта­удан аулақ­пыз, әлі де бола­шақта қалай бола­ты­нын көре­міз. Ал қазір­гі аяқ алы­сы жаман емес. Оны қозға­уға бол­май­ты­нын пре­зи­дент Тоқа­ев­тың қапе­ріне салғым келеді.

– Қазір­гі мұғалім­дер науқа­ны – бас­пасөз­ге жазы­лу жүріп жатыр. Дирек­тор мен аудан әкі­мі тара­пы­нан «өл-тіріл – жазы­ла­сың» деген қысым бар ма?

– Бұл мәсе­ле­ге түп­кілік­ті қара­сақ, бас­пасөз­ге жазы­лу жұмысы­ның мек­теп қабы­рға­сын­да жүр­гізілуінің өзі – сыбай­лас жемқор­лы­қтың бір көрінісі. Заң­ды­лық тұрғы­сы­нан әр мұғалім өз еркі­мен поштаға барып, өзіне ұнаған басы­лы­мға жазы­луға тиісті. Ал бүгін­гі жағ­дай­да дирек­тор­лар мұғалім­дер­ге қысым жасап, газет-жур­нал­дарға жаз­ды­рып отыр. «Дирек­тор соңым­нан қал­маған соң, тамаққа деп ұстап оты­рған ақша­ма жазыл­дым» деген хат­тар біздің бір­ле­стік­ке жиі келіп түседі.

 – Сон­да мұғалім­дер­ді қан­дай басы­лым­дарға жазы­луға күштейді?

– Ең бірін­ші орын­да тұрған – «Еге­мен Қаза­қстан» газеті. Одан кей­ін облы­стық, ал келесі кезек­те – аудан­дық газет­тер. Әр аймақтың газеті әртүр­лі. Қалай десек те, аудан­дық газет – аудан бас­шы­сын, облы­стық газет – облыс әкі­мін, ал рес­пуб­ли­ка­лық газет – пре­зи­дент пен үкі­мет­ті мақтай­ды. Күш­теп жаз­ды­ра­тын газет­тер­дің сиқы осы. Мұғалім­дер­ді газет­ке мәж­бүр­леп жаз­ды­ру­ды тоқта­ту мүм­кін бол­май тұр. Неше жыл­дан бері осы мәсе­лені айтып жүр­сек те, әзір­ге нәти­же жоқ.

– Әле­умет­тік желі­де жазған бір посты­ңы­зда Жан­бо­лат Мамай құрып жатқан пар­ти­я­ны қол­дай­ты­ны­ңыз тура­лы айтқан екен­сіз. Жан­бо­лат­ты қол­дау себебіңіз қандай?

– Бірін­ші­ден, елі­міз­ге өзгерістер керек екенін көзі ашық, көкіре­гі ояу бар­ша адам­дар жақ­сы біліп отыр. Жан­бо­лат жас бол­са да, халық үшін жасаған жұмысы аз емес. Ол ел ішін­де таны­мал, бел­сен­ді сая­сат­кер. Оған қол­дау біл­діруім­нің себебі – елі­мізді жастар ғана түзей ала­ды деген сенім. Сон­ды­қтан Жан­бо­лат­тың халық мүд­десіне бағыт­талған баста­ма­ла­ры­на қол­дау біл­діріп, қолым­нан келетін көме­гім­ді аямаймын.

Өздеріңіз білетін­дей, Қаза­қстан­да мұғалім­дер­дің бар­лы­ғын бір пар­ти­яға кір­гізіп қой­ған. «Сен пар­ти­яға кіресің бе, оны қол­дай­сың ба?» деп мұғалім­дер­дің пікірін сұраған ешкім жоқ. Осы­дан бірер жыл бұрын мен «Нұр Отан­нан» шық­пақ­шы болға­ным­да, пар­ти­ядан шығар­май­мыз деген. Сон­да мен осы пар­ти­яға кіру жөнін­де­гі өтіні­шім­ді тауып беріңіз, бол­маған жағ­дай­да сотқа бере­мін деген соң ғана аяқта­рын тарт­ты. Өйт­кені менің ары­зым­ды таба алма­ды. Пар­ти­яға өз еркім­мен кір­ме­генім­ді өздері де жақ­сы біліп отыр. Мұғалім­дер­дің көбі солай жүр. Сон­ды­қтан бола­шақта мұғалім­дер еңсе­лерін көтеріп, өздері қалаған пар­ти­я­ларға кіреді деген сені­мім, үмітім бар.

– Сіз осы биы­лғы жаз­да бір топ мұғалім­дер­мен бір­ге ЖСДП пар­ти­я­сы­на кір­ген едіңіз: енді бұл шеші­міңіздің тағ­ды­ры не болды?

ЖСДП деген пар­ти­я­ны бұрын­нан біл­сем де, оған ешқа­шан сен­ген емес­пін. Өйт­кені бұл пар­ти­я­ның кере­мет­тей, ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай істерін көр­генім жоқ. Осы пар­ти­яға тек Ермұрат Бапи аға­мыз барған соң ғана кір­дім. Жалғыз кір­генім жоқ, мені­мен бір­ге мұғалім­дер­дің сой­ы­лын соғып жүр­ген біраз әріп­те­стерім де кір­ді. Өйт­кені ол кісіні шын­шыл­ды­ғы­мен және халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гі­мен тани­тын­быз. Сон­ды­қтан Ермұрат аға­мыз ЖСДП пар­ти­я­сы­ның жұмысын халы­қтың мүд­десіне бұра­ды деген сені­мі­міз болған­ды­қтан, елі­мізді өзгер­ту­ге көме­гі­міз тисін деген ниет­пен осы пар­ти­яға кірдік.

Өкініш­ке орай, сатқын­дық жаса­лып, Ермұрат Бапи бұл пар­ти­ядан ығы­сты­рыл­ды. Сол күні парт­би­летім мен төс­бел­гім­ді Таза­бек Сәм­бет­бай­дың (төраға­ның орын­ба­са­ры) қолы­на ұста­тып, пар­ти­ядан біз де шықтық. Енді бұл пар­ти­я­ның бола­шағы бұлы­ңғыр, себебі халы­қтың сені­мі­нен айырылды.

– Қазір қоғам­да жаңа­дан пар­тия құру жөнін­де бір­не­ше баста­ма бар (ХАҚ, Рес­пуб­ли­ка, Жан­бо­лат, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар). Осы шашы­ран­ды баста­ма­лар тура­лы ойы­ңыз қандай?

– Бай­қа­саңыз – қазір­гі жастар­да өзгеріс­ке деген құштар­лық пай­да бол­ды. Өйт­кені жасы бол­сын, кәрісі бол­сын, жүр­гізіліп жатқан әділет­сіз сая­сат пен жемқор­лық жай­ған мем­ле­кет­тік басқа­ру­дан әбден қажы­ды. Сон­ды­қтан жастар­дың осын­дай баста­ма­ла­рын қол­да­уға шақы­ра­мын. Жан­бо­лат­тың пар­ти­я­сы­на кір­ген­дік­тен, жастар­дың құра­мыз деп оты­рған пар­ти­я­ла­ры­на кіре алма­сам да, олар­дың да ниет­теріне қол­дау біл­діре­мін. Жас сая­сат­кер­лер­дің көбі­мен таны­сты­ғым бар. Осы­ның бәрі Қаза­қстан­дағы маңы­зды тари­хи кезең десем артық бол­мас. Жастар­дың бел­сен­ділік таны­туы, пар­тия құра­мыз деген баста­ма­ла­ры – бізді күтіп тұрған үлкен өзгерістер­дің басы деп білемін.

– Сіз мек­теп дирек­то­ры­ның да, аудан әкім­шілі­гінің де, Мұғалім­дер кәсі­по­дағы­ның да кереғар істеріне ашық қар­сы шығып жүр­ген мұғалім­сіз: сізді қуда­лау, ізіңіз­ге түсу әре­кеті жоқ па?

– Әрине, қоғам­да орын алып жатқан өзек­ті мәсе­ле­лер­ге алғаш рет ара­ла­са бастаған шақта ондай қуда­лау әре­кет­тері бол­ды. Ол тура­лы сіз­дер­дің газет­теріңіз­ге де жаз­дық. Мек­теп дирек­то­ры­мен сот­та­сып, оның маған қаты­сты әре­кет­терінің заң­сыз екенін сот­та дәлел­деп бер­дім. Ол іске аза­мат­тық қоғам­ның қол­да­уы да үлкен сеп­ті­гін тигізді. Бүгін­гі таң­да ешкім­нен ондай қысым көріп оты­рға­ным жоқ. Мен кім­ді қалай сына­сам да, заң­нан аттап кет­пей­мін. Осы­ның бәрі, жаңа айтып өткенім­дей, мұғалім­нің өз құқы­ғын қорғай білу имму­ни­теті­мен ұштасады.

– Дирек­тор мен жер­гілік­ті әкім­шілік­тің езгісіне түс­кен, өз құқы­қта­рын біл­мей­тін неме­се түсін­бей­тін мұғалім­дер­ге қан­дай кеңес бересіз?

– Басты айта­рым – бүгін қорқа­тын заман емес. Қоғам бір­тін­деп өзгеріп келеді. Мұғалім­ді қорғай­тын заң да бар, халық та бар. Көп­те­ген заң­дар­ды әле­умет­тік желілер­де тара­тып, мұғалім­дер­мен тығыз бай­ла­ныс жасай­мыз. Қолы­мы­здан кел­ген­ше ұста­здар­дың мәсе­ле­лерін шешіп жүр­ген жай­ы­мыз бар. Қол­да бар заң­ды пай­да­ла­нып, әр мұғалім өзінің құқы­ғын қорға­уы керек. Мек­теп дирек­то­ры­нан да, әкім­нен де қорқу­дың қажеті жоқ. Сон­да бәрі де жақ­сы болады.

– Сөз соңын­да мек­теп­те­гі білім сапа­сын көте­ру және мұғалім­дер­дің құқы­қтық мәр­те­бе­лерін қорғау үшін елде қан­дай түбір­лі іс жүзе­ге асуы керек деп ойлайсыз?

– Ұста­здың мәр­те­бесін көте­ру – бірін­ші кезек­те өзі­міздің қол­да. Ол үшін мұғалім­дер өзін-өзі қорға­уды үйре­ну­лері тиіс. Әр мұғалім өзіне: «Мен кім­мін?» деген сұрақ қоя білуі керек. Ұста­здың мәр­те­бесі неден түседі?! Мек­теп­те­гі ақша жина­удан түседі. Осы­ның бәрі бала мен ата-ана­ларға алақан жай­ып, ақша жина­удан баста­ла­ды. Мек­теп­те­гі тамы­рын жай­ған жемқор­лы­қты тоқта­ту қажет. Ол әр мұғалім­нің өзінің қолын­да. Өйт­кені ақша­ны беретін адам бол­са, оны ала­тын адам да әрқа­шан табылады.

Ал білім сапа­сы тура­лы айта­тын бол­сақ, жаңа­дан енгізіліп жатқан оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры оқу­шы­ға да, мұғалім­ге де оңай тиіп жатқан жоқ. Жаңа нәр­се үйре­ну ешқа­шан оңай болған емес. Деген­мен оқы­ту сапа­сын көте­ру үшін, мұғалім­нің қолы бос, өзі еркін болу керек. Мұғалім бас­шы­лы­қтың тап­сыр­ма­сы­мен көше­де жүр­ме­уі тиіс.

Басты­сы – ұста­здың жалақы­сы жоға­ры болуы керек. Ұстаз үйін­де­гі бала­сы не жей­ді, ертең қан­дай тамақ жасап берем деп уай­ым­дап отыр­са, ол оқу­шы­ға дұрыс сабақ бер­мей­ді. Сон­ды­қтан бірін­ші кезек­те мұғалім­дер­дің әле­умет­тік жағ­дай­ын жасау қажет. Сон­да ғана мем­ле­кет­тің бола­шағы, бала­ның білі­мі бола­ды, ал ұста­здың мәр­те­бесі өседі.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, Айман ханым! Мұғалім­дер тағ­ды­ры­на ара­ша­шы болған әре­кет­теріңіз сәт­ті болсын!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн