Пятница , 4 июля 2025

Айман ТҰРСЫНҚАН, тәуелсіз сарапшы: ҚОСАНОВ ҮШІН ЕМЕС, елдің болашағы үшін дауыс бердік

Қаза­қстан­ды 30 жылға жуық басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев биыл науры­здың 19‑ы күні пре­зи­дент­тік өкілетін тоқта­та­ты­нын кенет­тен мәлім­деп, сол кез­ге дей­ін сенат спи­кері болған Қасым-Жомарт Тоқа­ев­ты орны­на уақыт­ша пре­зи­дент етіп қал­ды­рған. Ал сәуір­дің 9‑ы күні Тоқа­ев Қаза­қстан­да биыл мау­сым­ның 9‑ы күні кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­уы өтетінін жариялады. 

Қаза­қстан­да пре­зи­дент сай­ла­у­ла­ры 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жыл­да­ры өтті. Олар­дың соңғы үше­уі кезек­тен тыс бол­ды. Сай­лау науқа­ны­ның бәрін­де де елдің бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жеңіс­ке жет­кені бел­гілі. Әлем­дік қауым­да­стық бақы­ла­у­шы­ла­ры Қаза­қстан­дағы пре­зи­дент сай­ла­у­ла­ры­ның ешқай­сысы халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа сәй­кес өтпе­генін мәлім­де­гені­мен, елде­гі билік ешу­ақыт­та ешкім­нің баға­сы­на мән бер­ген емес. 

Бей­біт митин­гі­ге шыққан­дар­ды жап­пай ұстау Қаза­қстан үшін бұрын­нан таң­сық дүние емес. Бірақ бұған дей­ін­гі нара­зы­лы­қтар әлем­нің наза­ры­на ілін­бе­ген еді. Еуро­па­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы (ОБСЕ) Қаза­қстан билі­гі сай­лау күні бей­біт митин­гі­ге шыққан­дар­ды ұстау арқы­лы «демо­кра­ти­я­лық стан­дарт­тар­ды сый­ла­май­ты­нын көр­сет­ті», – деп мәлім­деді. Биы­лғы кезек­тен тыс өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­уды бақы­лап жүр­ген тәу­ел­сіз сарап­шы­лар: «Назар­ба­ев­сыз өткен алға­шқы сай­лау билік­ке қар­сы нара­зы­лы­қ­пен есте қала­ды», – дейді. 

Ел ішін­де­гі қоғам өкіл­дерін кезек­тен тыс өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға қан­дай баға беретінін, сай­ла­удан кей­ін­гі Қаза­қстан­ның сая­си дамуы қай бағы­тқа бұры­ла­ты­ны жөнін­де ой-пікір­лерін білу үшін сау­ал­на­ма жүр­гізіп, жау­ап­та­рын оқыр­ман­мен бөлі­суді жөн көрдік. 

– Елі­міз­де сай­ла­у­ал­ды кам­па­ни­яға өте аз уақыт беріл­ді. Елде­гі демо­кра­ти­я­лық күш­тер өза­ра бірі­гіп, науқанға дай­ын­да­луы­на уақыт аздық етті. Аза­мат­тық қоғам да өзінің үміт­керін ұсы­на алма­ды, сай­ла­у­ға қаты­сып, үміт­кер болуға қол­да­ны­стағы «Сай­лау заңын­дағы» бап­тар мем­ле­кет­тік қыз­мет­те болуға қаты­сты мәсе­ле бой­ын­ша шек­теу қой­ған. Сөй­тіп, «Суға кет­кен тал қар­май­ды» деген­дей, Әмір­жан Қоса­но­втың кан­ди­да­ту­ра­сы үшін бар күші­мізді сал­дық. Сай­ла­удың нәти­же­сін алдын ала біл­сек те, елдің бола­шағы үшін, елде өзгерістер болуы үшін Қоса­но­вқа дауыс беру­ге үндеп, сай­ла­у­шы­лар ара­сын­да наси­хат жұмыста­рын жүргіздік. 

Билік бұл сай­ла­удан қар­жы­сын аяған жоқ, сай­ла­уды сай­қы­ма­за­ққа айнал­ды­рып, алты үміт­керін қосты. Екін­ші­ден, Қоса­но­вты қаты­сты­рып, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа сай­ла­удың заң­ды өткенін көр­сет­ті. Қоса­нов Тоқа­ев­тың жеңісін сай­лау қор­тындысы шық­пай жатып мой­ын­да­са да, дауыс беру­ге қаты­сқан сай­ла­у­шы­лар­дың бел­сен­ділі­гінің артуы­на ықпал еткені анық. Бірақ билік­тің сая­си тех­но­лог­та­ры сай­ла­уды бұры­нғы әдет­тері­мен өткі­зе­міз деген әре­кет­терінің нәти­же­сін­де аза­мат­тық қоғам­ды екі­ге жарып, бір-біріне айдап салды. 

 Осы сай­ла­уда екі учас­ке­де бақы­ла­у­шы бол­дым. Сол жер­ден ақпа­рат тара­тып отыр­дым. Біз Қоса­нов үшін емес, елде өзгеріс болуы үшін дауыс бер­дік. Билік осы жағ­дай­мен есеп­те­суі керек. Бақы­ла­у­шы­лар осы сай­ла­уда сая­сат­кер­лер­дің, аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің қолы­нан кел­ме­ген қыз­мет­ті атқар­ды. Сая­си науқан­да халы­қтың 50–70 пай­ы­зы өзгерісті қалай­ты­ны­на көзі­міз жет­ті. Сай­ла­удың әділ өтпей­тінін біл­се де, дауыс беру­ге кел­ген­дер­дің саны 30–40 пай­ыз бол­ды. «Кару­сель» арқы­лы Тоқа­евқа дауыс бер­ген­дер жәшік­ке топ-тобы­мен бюл­ле­тень­дер­ді таста­ды. Осы жағ­дай­ла­ры нақты дәлел­дер­мен дәйектелді. 

Әмір­жан Қоса­но­втың сай­лау аяқтал­май жатып жасаған мәлім­де­месі­нен көңілі­міз қат­ты қал­ды. Алай­да біз өзі­міздің дауы­сы­мыз бар екенін, оны қалай қорғай ала­ты­ны­мы­зды біле­міз, аяғы­на дей­ін қорғай­мыз. Осы сай­ла­удың нағыз батыр­ла­ры – бақы­ла­у­шы­лар! Таң аты­сы­нан бастап, түн­нің бір уағы­на дей­ін ұйқы­сыз қыз­мет атқа­рып, заң бұзу­шы­лы­қты сөз жүзін­де емес, іс жүзін­де дәлел­де­ген бай­қа­у­шы­лар­дың не кінәсі бар? Кеше қазақ xалқы өзінің сая­си ниетін нық біл­дір­ді. Халы­қтың тобыр емес екеніне билік­тің көзі жетті. 

Сай­ла­у­ға алдын ала бой­кот жари­я­лап, «қар­сы­мыз» деген­дер­дің қата­ры аз бол­ды. Мен бақы­ла­у­шы болған № 863 учас­ке­де 789 дауыс бер­ген­дер­дің 20 бюл­ле­тені ғана жарам­сыз бол­ды, басым бөлі­гі үшін­ші тұрған үміт­кер­ге дауыс бер­ді. Амал қан­ша, Қоса­нов елдің жігерін осы­лай аттап кете­ді деп ойла­мап­пын. Біз сол үшін таң­дау жасап, сай­ла­у­ға қаты­стық. Қоса­нов үшін емес, елдің бола­шағы үшін дауыс бердік. 

Билік­ті дәл қазір өзгер­ту­ге күші­міз жет­пес, бірақ елдің өзгеріс­ке деген ерік-жігерін ешкім баса алмай­ды. Қаза­қстан 9 мау­сым­дағы сай­ла­удан кей­ін басқа даму жолы­на түседі. Осы сай­ла­у­ға қаты­сы бар бар­лық сая­сат­кер­лер, оның ішін­де шетел­де оты­рып, сая­си науқанға ықпал ету­ге тыры­сқан сая­сат­кер­лер, бой­кот­шы­лар, билік­ке бағы­ны­шты­лар – бәрі-бәрі өздерінің дәр­мен­сіз екенін көрсетті. 

Мен енді ешкім­ге сен­бей­мін! Осы жыл­дың ішін­де бәрінің де бет-жүзін көр­дім, әркім­мен жеке-жеке кез­десіп, сөй­ле­стім. Олар­дың алдам­паз түрін де көр­дім. Алды­мы­зда пар­ла­мент­тік сай­лау күтіп тұр. Түбі қазақ жеңеді! Кеше xалқы­мыз қай­сар мінезін көр­сет­ті! Сай­ла­у­ға бел­сене қаты­сып, әділ өтуі үшін жанын салған бақы­ла­у­шы­ларға батыл­ды­ғы, ұйым­шыл­ды­ғы үшін раx­мет айтам! 

Біздің тағ­ды­ры­мыз өз қолы­мы­зда екенін түсін­дік! Мәсе­лен, кеше­гі сай­ла­уда халық жиы­лып, үлкен күш бола біл­ді, бұрын ондай жағ­дай­ға сену қиын бола­тын. Түп­теп кел­ген­де, сай­ла­уда беріл­ген әрбір дауыс Әмір­жан Қоса­но­вқа беріл­ген жоқ. Жүй­е­ге қар­сы беріл­ген дауыс бола­тын. Халық енді мал болып жүре бер­мей­тінін көр­сет­ті. Бұл жүй­ені жек көретінін, шар­шаға­нын, жаңа бет­бұры­сты қалай­ты­нын аңға­ру қиын емес еді. Алдағы уақыт­та тек қана аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне ғана сенім артуға бола­ты­ны­на көзім жетті.

Республиканский еженедельник онлайн