Суббота , 5 июля 2025

Айман Тұрсынқан: Қазақстанға техникалық ДЕФОЛТ ҚАТЕРІ ТӨНДІ

Пре­мьер-министр Асқар Мамин­нің «Қаза­қстан тұрақты даму жолы­на түсті» деген мәлім­де­месі­мен басталған 2020 жыл үкі­мет­тің Азия даму бан­кі­нен 2 мил­ли­ард дол­лар көле­мін­де кезек­ті сыр­тқы қарыз алуы­мен аяқтал­ды. Осы орай­да «Еximar Foresight» агент­ті­гінің дирек­то­ры, тәу­ел­сіз эко­но­мист-қар­жы­гер Айман Тұр­сы­нқан­ның эко­но­ми­ка­лық жыл­дың қоры­тындысы жөнін­де «Азатты­ққа» бер­ген сұх­ба­тын газет оқыр­ман­да­ры үшін төмен­де қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз

– Қаза­қстан­дағы қазір­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды қалай сипаттар едіңіз?

– Мем­ле­кет­тік бюд­жет үшін бірін­ші рет тех­ни­ка­лық дефол­тқа ұшы­рау қау­пі туды. Мем­ле­кет­тік бюд­жет деген­де өңір­лік, рес­пуб­ли­ка­лық (мем­ле­кет­тік) бюд­жет пен Ұлт­тық қор­дағы қар­жы­ны мең­зеп отырмын.

Мұн­дай қоры­тын­ды жаса­уға не себеп болды?

– Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік бюд­жет тап­шы­лы­ғын жабу үшін сырт­тан қарыз алуын басты көр­сет­кіш деп ата­уға бола­ды (21 жел­тоқ­сан­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Азия даму бан­кі мен Ази­я­ның инфрақұры­лым­дық инве­сти­ци­я­лар бан­кі­нен 1,5 мил­ли­ард еуро­дан көп 1,5 мил­ли­ард еуро қарыз алу тура­лы заң­дарға қол қой­ды – Ред.). Бұрын Қаза­қстан­да мұн­дай жағ­дай бол­маған. Бұл отыз жыл­да бірін­ші рет тір­келіп отыр.

Бұрын мем­ле­кет сыр­тқы қары­зды арнайы даму бағ­дар­ла­ма­ла­ры аясын­да халы­қа­ра­лық көлік маги­стралін салу неме­се халы­қты сумен қам­та­ма­сыз ету сияқты инфрақұры­лым­дық жоба­ларға ала­тын. Әдет­те мұн­дай мақ­сат­та алы­нған қары­здың ком­мер­ци­я­лық құра­мы нақты көр­сетіледі: уақыт өте келе жоба өзін ақтап, қарыз осы қыз­мет есебі­нен қай­та­ры­ла­ды. Ал сыр­тқы қарыз рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тап­шы­лы­ғын жабу үшін алын­са, оны қай­та­ру­дың жалғыз жолы – халық пен эко­но­ми­ка­дан жиналған салық. Мұн­да басқа қар­жы көз­дері жоқ, өйт­кені бұл – ком­мер­ци­я­лық қарыз емес.

Азия даму бан­кі­нен алы­нған 1,5 мили­ард еуро көле­мін­де­гі сыр­тқы қарыз мем­ле­кет­тік бюд­жет тап­шы­лы­ғын жабуға жұм­са­ла­ды. Бұл – үлкен қауіп, өйт­кені елдің несие төлеу қабілетінің рей­тин­гі «С», одан әрі «D» дең­гей­іне дей­ін түсіп кетуі мүм­кін. Аталған дең­гей­лер дефолт алдын­дағы жағ­дай­ды білдіреді.

– Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің ста­ти­сти­ка­сы­на сен­сек, бюд­жет тап­шы­лы­ғы сіз айтқан­дай күр­делі мәсе­ле емес сияқты көрі­неді. Қара­ша айын­дағы деректер­ге сәй­кес, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тап­шы­лы­ғы 2,2 трил­ли­он тең­ге болған. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі бюд­жет тап­шы­лы­ғы­ның болжанған дең­гей­ден аспаға­нын айтады.

– Бұл өтірік! Неге? Өйт­кені 2020 жылы жаз­да жари­я­ланған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­те тап­шы­лық көле­мі 65 пай­ыз шама­сын­да бола­ды деп болжанған. Енді осы деректер­ді абсо­лют сан­дар­да қарас­ты­рып көрей­ік: был­тыр бекітіл­ген, 2021 жылға арналған заң бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік бюд­жет шығы­ны 14,5 трил­ли­он тең­ге­ден аспа­уы керек. Ұлт­тық қор­дан түсетін қар­жы­ны есеп­ке алмаған­да, бюд­жет­тің кіріс бөлі­гі, яғни эко­но­ми­ка мен биз­не­стен жина­ла­тын шикі­зат салы­ғы 11 трил­ли­он тең­ге көле­мін­де бола­ды деп жос­пар­ланған. Бірақ іс жүзін­де қазір осы салы­қтың көле­мі 9 трил­ли­он тең­ге­ге де жет­пей­ді. Яғни, 3 трил­ли­он тең­ге жиналған жоқ. Бұл – бір.

Екін­ші­ден, тіп­ті 11 трил­ли­он тең­ге жинаған күн­нің өзін­де, біз­де 2,8 трил­ли­он тең­ге көле­мін­де­гі жос­пар­лы бюд­жет тап­шы­лы­ғы қарас­ты­ры­лған. Бұл тап­шы­лы­қтың орнын зей­не­тақы актив­терін тар­ту есебі­нен тол­ты­ру көз­дел­ген. Біз­де 2007 жыл­дан бері үкі­мет дәстүр­лі түр­де мем­ле­кет­тік құн­ды қағаз­дар шыға­ру арқы­лы халы­қтың қар­жы­сын пай­да­ла­нып келеді. Яғни, бұл – мем­ле­кет­тің халық алдын­дағы ішкі қары­зы. Қазір рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің зей­не­тақы қоры алдын­дағы қары­зы халы­қтың бүкіл активінің 65 пай­ы­зы­на тең. Бұл өте көп.

Оған қоса, был­ты­рғы заң бой­ын­ша, Ұлт­тық қор­дың түзе­ту енгізіл­ген транс­фер­ті 2,6 трил­ли­он тең­ге болуы тиіс еді. Бірақ кей­ін бұл сома­ны алты трил­ли­он тең­ге­ге дей­ін арт­тыр­ды. Шикі­заттық емес салы­қтар­дан жинал­маған 3 трил­ли­он тең­ге көле­мін­де­гі салық тап­шы­лы­ғын осы­лай жабуға тыры­сты. Бірақ бұл ақша жет­пе­ді. Сон­ды­қтан [Азия даму бан­кі­нен] 1,5 мил­ли­ард дол­лар қарыз алды. Кас­са­лық айыр­ма­шы­лық ауқы­мы қауіп­ті дең­гей­ге жетіп үлгерді.

Билік­тің дере­гін­ше, мем­ле­кет 1,2 мил­ли­он ада­мға тұрақты әле­умет­тік жәр­дем беріп отыр. «Тұрақты әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру» деген не? Бұл – табысы жан басы­на, яғни отба­сы мүше­леріне шаққан­да, күн­көріс шегі­нен аспай­тын аза­мат­тар. Олар 630 мың адам ұзақ уақыт­тан бері мем­ле­кет­тің тұрақты жәр­де­міне күнел­тіп келе жатқа­нын айта­ды. Бұл – кедей­лік емес, тақыр жоқшылық.

Мұнай­дан тыс бюд­жет тап­шы­лы­ғы дегені­міз не? Бұл – мұнай өндіру­ден басқа сала­лар­дан түсетін салық көле­мінің шығын­нан аз болуы. Сон­ды­қтан жоға­ры­да аталған 65 пай­ыз – қорқы­ны­шты нышан, өйт­кені был­тыр бұл көр­сет­кіш 38 пай­ыз болған. Яғни, біз­де рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет тап­шы­лы­ғы екі есе­ге өскен.

– Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі биы­лғы 11 айда Қаза­қстан­ның жал­пы ішкі өні­мі 2,8 пай­ы­зға азай­ға­нын хабар­ла­ды. Қатаң каран­тин шара­ла­ры кезін­де эко­но­ми­ка 3 пай­ы­зға қысқарған. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі соңғы деректер «жағ­дай­дың қал­пы­на келе бастаға­нын көр­се­те­ді» деп есептейді.

– Был­тыр жал­пы ішкі өнім көле­мі өндіріс әдісі­мен есеп­те­ген­де 68 мил­ли­ард дол­лар бол­ды. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің дере­гін­ше, биыл тең­ге түрін­де алған­да елдің жал­пы ішкі өні­мі (ЖІӨ) был­ты­рғы­мен салы­сты­рған­да 2,8 пай­ы­зға төмендеген.

Бірақ осы тұста дол­лар­дың жыл­дық орта­ша баға­мы­на назар ауда­рай­ық. Был­тыр – 365 тең­ге, биыл соңғы тұрақталған дәліз 422 тең­ге бол­ды. Осы жер­ден кемі 15 пай­ы­здық «жыл­жы­ма­лы» деваль­ва­ция болға­нын көріп отыр­мыз. Деваль­ва­ци­яға ресми мой­ын­далған, эко­но­ми­ка­ның тең­ге түрін­де алған­да 2,8 пай­ы­зға қысқа­руын қос­сақ, 17,8 пай­ыз шыға­ды. Қазір мем­ле­кет жасы­рып оты­рған эко­но­ми­ка­ның қысқа­руы тура­лы шынайы баға­лау про­цесі дол­лар түрін­де жүруі керек.

Шын мәнін­де, эко­но­ми­ка ресми деректен әлдеқай­да көп дең­гей­де қысқар­ды деп ойлай­мын. Өйт­кені Ұлт­тық қор­дың өзін­де кас­са­лық айыр­ма­шы­лық қау­пі туды. Жыл бойы Ұлт­тық қорға тыны­штық бер­меді. Қорға жет­кілік­ті салық жинал­маға­ны былай тұр­сын, ондағы қар­жы­ның бір бөлі­гін мұнай өндіру­шілер­дің салы­ғы ретін­де кері қай­та­руға тура кел­ген кез­дер де бол­ды. Нәти­же­сін­де олар бірін­ші жар­ты­жыл­ды­қтың өзін­де [қор­дағы] жара­туға бол­май­тын 30 пай­ы­здық меже­ге жақын­дап қал­ды. Осы­ның бәрі елге ішкі мін­дет­те­ме­лері бой­ын­ша тех­ни­ка­лық дефол­тқа ұшы­рау қау­пі төн­генін дәлел­дей­ді. Сыр­тқы қарыз алу тура­лы шешім де ішкі төлем­дер мәсе­лесін шешу үшін қабылданды.

Бірақ біз­де эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың алдағы бір­не­ше жылын­да бюд­жет­ке түсетін салық көле­мінің өсуі күтіл­мей­ді. Яғни, мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке қосым­ша қар­жы түс­пей­ді. Бірақ үкі­мет әдет­те­гі­дей шығын­ды қысқар­ту­дың орны­на тағы да қарыз алады.

Бұл сөз­сіз екі сце­на­рий­дің біріне әкеліп соға­ды. Бірін­шісі: бізді Халы­қа­ра­лық валю­та қоры­ның нұсқа­уы­мен халы­ққа қар­сы сипаттағы рефор­ма­лар жүр­гізу­ге мәж­бүр­лей­ді. Әле­умет­тік төлем­дер мен база­лық зей­не­тақы көле­мі азай­ып, ден­са­улық сақтау және білім жүй­есіне бөлі­нетін қар­жы қысқа­ра­ды; салық мөл­шері өсіп, мін­дет­ті төлем­дер­ді жинау өте қатаң фор­ма­да жүреді.

Екін­ші сце­на­рий: мем­ле­кет қарыз алу­ды жалға­сты­ра береді. Бұл 2021 жылы Қаза­қстан­ды жал­пы­мем­ле­кет­тік дефол­тқа ұшы­рау қау­піне әкеліп соға­ды. Ал мұның тәу­ел­сіздік­ті жоғал­ту, мем­ле­кет қары­зын қай­тар­май­ын­ша, сырт­тағы билік­тің ықпа­лы­на түсу сияқты сая­си кері сал­дар­ла­ры болуы мүмкін.

– Ста­ти­сти­ка коми­теті 2020 жыл­дың үшін­ші тоқ­са­нын­да табысы күн­көріс шегі­нен (кедей­лік дең­гейі) төмен халы­қтың үлесі 5,7 пай­ы­зды құраға­нын, бұл был­ты­рғы жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да 1,2 пай­ы­здық пунктке жоға­ры екенін хабар­ла­ды. Осы ресми деректер­ге сенесіз бе?

– Мүл­де сен­бей­мін! Өйт­кені Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гінің дере­гін­ше, 4,6 мил­ли­он ада­мға 42 500 тең­ге көле­мін­де­гі мем­ле­кет­тік төлем (коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы­на бай­ла­ны­сты табысы­нан айы­ры­лған адам­дарға беріл­ген жәр­де­мақы – Ред.) беріл­ген. Еңбек­ке қабілет­ті жастағы 11 мил­ли­он аза­мат­тың 4,6 мил­ли­о­ны халы­қтың 42 пай­ы­зын құрай­ды. Демек, халы­қтың 42 пай­ы­зы табысы­нан айы­ры­лып, мем­ле­кет­тен көмек сұра­уға мәж­бүр болған. Біз мұн­да не тура­лы айтып отыр­мыз? 42 500 тең­ге тура­лы! Бұл ақша бір адам­ның бір ай өмір сүруіне арналған ең төмен­гі күн­көріс дең­гейі сана­ла­ды. Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі өз-өзін ұстап беріп отыр.

Олар «біз­де 5,7 пай­ыз кедей тір­кел­ген, ал мем­ле­кет халы­қтың 42 пай­ы­зы­на көмек­те­сті» деп айта­ды. Бұл ақы­мақтық болып көрі­неді. Билік­тің дере­гін­ше, мем­ле­кет 1,2 мил­ли­он ада­мға тұрақты әле­умет­тік жәр­дем беріп отыр. «Тұрақты әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру» деген не? Бұл – табысы жан басы­на, яғни отба­сы мүше­леріне шаққан­да, күн­көріс шегі­нен аспай­тын аза­мат­тар. Олар 630 мың адам ұзақ уақыт­тан бері мем­ле­кет­тің тұрақты жәр­де­міне күнел­тіп келе жатқа­нын айта­ды. Бұл – кедей­лік емес, тақыр жоқшылық.

42 пай­ыз деген дерек елде­гі кедей­лік дең­гей­ін ашып көр­се­те­ді. Ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, жұмыс істей­тін әр адам жұмыс­сыз оты­рған екі адам­ды асы­рай­ты­нын біле­міз. Демек, Қаза­қстан халқы­ның 70 пай­ы­зы­нан көбі кедей­лік шегі­нен төмен тұр­мыс кешіп жатыр.

Мем­ле­кет­тік көмек толық көлем­де көр­сетіл­ген жоқ. Жәр­де­мақы бірін­ші айда ғана толық төлен­ді. Екін­ші айда жар­ты­лай беріл­ді. Үшін­ші айда халы­қтың қолы­на бол­ма­шы тиын-тебен ғана тиді. Тамы­здың соңын­да Дүни­е­жүзілік банк Орта­лық Азия елдерін­де коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы­нан кей­ін туа­тын мәсе­ле­лер мен кедей­лік тақы­ры­бын­да арна­у­лы бри­финг өткізіп, өз есебін таны­стыр­ды. Дүни­е­жүзілік банк­тің ста­ти­сти­ка­сы­на сәй­кес, Қаза­қстан халқы­ның 13 пай­ы­зы кедей­лік шегі­нен төмен өмір сүреді. Ресми ста­ти­сти­ка мен шынайы дерек ара­сын­да осын­дай алшақтық бар.

– Дүни­е­жүзілік банк пан­де­ми­я­ның алдын­да Қаза­қстан­да деваль­ва­ция мен ұлт­тық валю­та­ны еркін айна­лы­мға жібер­ген­нен кей­ін кедей­лік­ті еңсе­ру қарқы­ны бәсең­деп қалға­нын айтқан. Алдағы уақыт­та елде­гі жағ­дай қалай өзге­руі мүмкін?

– Жағ­дай одан әрі нашар­лай­ды. Бюд­жет тап­шы­лы­ғын жабу үшін сырт­тан алы­нған қарыз кас­са­лық айыр­ма­шы­лы­қтың орнын тол­ты­руға жет­пей­ді деп ойлаймын.

Біз­де пан­де­мия сал­да­ры бай­қа­ла­тын екі мерзім бола­ды. Бірін­шісі жедел өте­ді: шағын және орта биз­нес біраз уақыт жұмысы тоқтаған­нан уақыт­ша табысы­нан, жал­да­ма­лы жұмыс­шы­ла­ры­нан айы­ры­ла­ды. Екін­ші сал­да­ры кей­ін бай­қа­ла­ды. Яғни, қазір­гі мін­дет­те­ме­лер, мыса­лы, несие қары­зы бел­гілі бір уақы­тқа кей­ін­ге шегеріледі. Қазір халы­қтың табысы бұры­нғы­дан азай­ды, оның 60 пай­ы­здан көбін азық-түлік­ке жұм­сай­ды. Мұн­дай жағ­дай­да халық қары­зды қай ақша­дан төлей­ді? Олар­дың табысы ком­му­нал­дық төлем­дер­дің өзіне жет­пей­ді. Кедей­лік­тің ушы­ғуы­ның сал­да­ры алдағы уақыт­та адам­дар­ды тағы да қарыз алуға итер­ме­лей­тін болады.

– Қыр­күй­ек­те «Азатты­ққа» бер­ген сұх­ба­ты­ңы­зда «Қаза­қстан­да шағын және орта биз­нес өлген» деп едіңіз. Бірақ Ұлттық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі «Азатты­қтың» хаты­на жібер­ген жау­а­бын­да «елде 1,3 мил­ли­он­нан астам кәсіп­кер­лік субъ­ек­тісі жұмыс істеп тұрға­нын» айтқан. Олар бұл көр­сет­кі­штің был­ты­рғы жыл­мен салы­сты­рған­да 0,2 пай­ы­зға артқа­нын да атап өткен. Мұны қалай түсін­діру­ге болады?

– Олар үне­мі ста­ти­сти­ка­ны өзіне ыңғай­лы етіп бұр­ма­лай­ды. Олар шағын және орта биз­нес субъ­ек­тілерінің саны 1,5 мил­ли­он дей­ді. Бірақ шын мәнін­де біз­де небәрі 250 мың заң­ды тұлға бар. Олар­дың 90 пай­ы­зы – шағын және орта кәсі­по­рын­дар. Яғни, 220 мың заң­ды тұлға елде шағын және орта биз­нес субъ­ек­тісі ретін­де тір­кел­ген. Қалға­ны – жеке кәсіп­кер патен­тін тір­кет­кен тұлға­лар. Олар­дың көбі жеке кәсіп­кер емес. Олар – кезін­де жеке кәсіп­кер патен­тін тір­ке­ту­ге мәж­бүр болған өзін-өзі жұмыспен қам­тып жүр­ген аза­мат­тар. Жұмыс беру­шілер жалақы төлеу сала­сын­дағы салы­қтан қашу үшін олар­ды осы­лай тір­ке­лу­ге мәж­бүр­лей­ді. Бүкіл биз­нес осы­лай істейді.

Демек, бір жарым мил­ли­он кәсіп­кер­дің 10 пай­ы­зы ғана жұмыс беру­ші болып сана­ла­ды. 90 пай­ы­зы – не жал­да­ма­лы жұмыс­шы, не өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ған адам. Сон­ды­қтан жеке кәсіп­кер саны «көбей­ді» деген ақпа­рат кәсі­по­рын­дар­дың штат­тан тыс қыз­мет­кер­лері артқа­нын ғана біл­діреді. Яғни, штат­та істей­тін қыз­мет­кер­лер­ді жұмыстан босатқан. Бұл да жұмыс­сызды­қтың көбе­юіне әсер ететін жана­ма көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі.

Мем­ле­кет биз­не­сті қол­дау үшін шек­те­улі қар­жы ғана бөледі. Мыса­лы, «Қара­пай­ым заттар эко­но­ми­ка­сы» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша 1,8 мил­ли­ард тең­ге бөлі­неді. Кешіріңіз, бірақ бұл ақша он жобаға ғана жете­ді! Нары­қта жұмыс орнын ұсы­нып оты­рған қалған 250 мың кәсі­по­рын ше? Демек, ешкім қары­зға ақша алмай­ды. Амал­дап күн көру­ге тура келеді.

«Азаттық» жыл бойы сұх­бат жүр­гіз­ген сарап­шы­лар­дың көбі – дәрі­гер­лер, әле­умет­та­ну­шы­лар, сая­сат­та­ну­шы­лар мен басқа­лар «коро­на­ви­рус Қаза­қстан­ның созыл­ма­лы кіл­ти­пан мәсе­ле­лерін ашып көр­сет­ті» деген пікір айт­ты. Бұл дағ­да­рыс Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын­дағы қан­дай кем­шілік­тер­дің бетін ашты?

– Шыны­мен, пан­де­ми­ядан кей­ін куә болған жағ­дай­лар­дың бәрі Қаза­қстан­да тұтас өндіріс тоқтаған 1998 жыл­дан бері бай­қа­ла бастаған. Біз­де шару­а­шы­лы­қтың үлкен бір сала­сы, ел эко­но­ми­ка­сы­ның 26 пай­ы­зын қам­та­ма­сыз етіп кел­ген агроө­нер­кәсіп кешені толы­қтай жой­ыл­ды. Еңбек нары­ғын­дағы жұмыс орын­да­ры­ның 60 пай­ы­зы­нан көбін осы сала қам­та­ма­сыз ететін. Біз өндірісті, жеңіл өнер­кәсіп­ті жоғал­тып алдық. Көлік құра­с­ты­ру сала­сы да жой­ыл­ды. Мұның бәрі нені біл­діреді? Ел ішін­де өңде­уші кәсі­по­рын­дар аз болған сай­ын, тұрақты жалақы төле­нетін жұмыс орын­да­ры да шек­те­улі болады.

– Ал кей­ін­гі жыл­да­ры эко­но­ми­ка­дағы үлесі артқан қыз­мет көр­се­ту сала­сы ше?

– Ұзақ уақыт бойы «қыз­мет көр­се­ту сала­сы мен сауда эко­но­ми­ка­ның үлкен бөлі­гін алып жатыр», «бәрі жақ­сы, бәрі тама­ша», «жұмыс орын­да­ры бар» деп кел­дік. Бірақ пан­де­мия кезін­де тура осы сек­тор­лар жұмыс орын­да­ры­нан айы­рыл­ды. Екі үлкен сек­тор­дың есебі­нен көпір­ші­ген көбік басы­лып, еңбек нары­ғы­ның әлсіз тұста­рын ашып көр­сет­кен шынайы көрініс­ке куә бол­дық. Қаза­қстан­да ұзақ мерзім­ді, тұрақты жұмыс орын­да­ры қалған жоқ. Кей­ін­гі 28 жыл­да олар­ды түбе­гей­лі жой­ып жіберді!

Адам­дар «ештеңе етпес, осы­лай да өмір сүру­ге бола­ды. Сауда­мен айна­лыс­саң да, тура сол ақша­ны таба­сың» деп ойла­ды. Каран­тин кезін­де бұл жұмыс орын­да­ры жой­ы­лған­нан кей­ін бәрі өндірі­сте жүр­ген­дер ғана табысы­нан айы­рыл­маға­нын түсін­ді. Нан мен сүт шыға­ра­тын зауыт­тар жұмыс істе­ді, ол жақта ешкім­ді жұмыстан шығарған жоқ. Бұл – еңбек нары­ғы­ның жалғыз тұрақты бөл­ше­гі. Ол тіп­ті кішірей­іп, қазір 65 пай­ы­здың орны­на 10 пай­ы­здан аз үлес­ке ие болып қалды!

Қазір билік­тің 28 жылға созы­лған: капи­тал­ды сыр­тқа шыға­ру, халы­қты арсызды­қ­пен тонау, адам дамуы­на кедер­гі кел­ті­ру сияқты елді басқа­ру сая­са­ты­ның «жемісін» көріп жатыр­мыз. Визу­ал­ды түр­де еле­стет­сек, бұл мен үшін Арал теңізіне ұқсай­ды: Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық әле­уеті дәл осы теңіз тар­ты­лған сияқты қарқы­н­мен жой­ы­лып кет­ті. Енді жағ­дай одан әрі қиын­дай түседі.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Аян ҚАЛМҰРАТ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн