Четверг , 6 ноября 2025
image description

АЙМАҚТЫҚ басылымдардан АШЫҚ ХАТ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида БАЛАЕВАҒА!

Құр­мет­ті Аида Ғалымқызы!

Біз, рес­пуб­ли­ка­ның түк­пір-түк­пірін­де­гі аймақтық басы­лым­дар­дың редак­тор­ла­ры, «Қаз­по­шта­ның» мерзім­ді басы­лым­дарға көр­сетіп оты­рған қысы­мы­на бай­ла­ны­сты ести­тін құлақ, көретін көз және тоқтау сала­тын билік таба алмай, қина­лып отыр­мыз. Бас­пасөз­ге бағыт­талған мұн­дай шек­те­улер – тек қар­жы мәсе­лесі ғана емес, мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тық сая­сатқа әсер ететін сая­си қадам деп есептейміз.

1. «Қаз­по­шта» редак­ци­я­ларға келісім­шар­тты дай­ын күй­ін­де жол­дап, оны талқы­ла­у­ға неме­се өз ұсы­ны­сын енгізу­ге мүм­кін­дік бер­мей­ді. «Қол қой­ма­саңы­здар, газет тасы­мал­да­уды тоқта­та­мыз» деген сөз ашық күш көр­се­ту мен тәу­ел­ділік теті­гіне айналған. Сон­да бұл келісім­шарт па, мәж­бүр­леу ме?

2. Басы­лы­мға жазы­лу баға­сы­на «Қаз­по­шта» тара­пы­нан 141% үсте­ме қосу – ақпа­рат құрал­да­ры­ның оқыр­ман­да­рын жоюға жасалған қадам деп біле­міз. Редак­ци­я­лар­дың келісі­мін­сіз қосы­лған баға сал­да­ры­нан ауыл­дағы оқыр­ман жазы­лу­дан бас тартуда.

3. Пошта тара­пы­нан апта­сы­на екі рет жет­кізілетін газет оқыр­манға керек пе? «Қаз­по­шта­ның» тара­пы­нан Instagram арқы­лы беріл­ген ресми түсінік­те­ме­де: «Ауыл­дарға газет апта­сы­на екі рет жет­кізіледі» делін­ген. Сон­да апта­сы­на бес рет шыға­тын рес­пуб­ли­ка­лық газет­тер оқыр­манға қалай жетіп жүр?

4. Кері бай­ла­ны­сқа тый­ым – сөз бостан­ды­ғы­на шек­теу емес пе?! «Қаз­по­шта­ның» ресми парақ­ша­сын­да жари­я­ланған түсінік­те­ме­ге пікір жазуға неме­се сұрақ қоюға мүм­кін­дік жоқ. Кері бай­ла­ны­сқа шек­теу қой­ы­лған. Біз мұны – жур­на­ли­стер қауы­мын басы­ну, қоғам пікірі­нен қорға­ну әре­кеті деп баға­лай­мыз. Ақпа­рат сала­сы­ның өкілі болып табы­ла­тын ұлт­тық опе­ра­тор­дың мұн­дай ұста­ны­мы – ашық диа­лог қағи­да­ты­на қайшы.

5. Эко­но­ми­ка­лық қысым, әріп­те­стік әдеп нор­ма­ла­рын аяққа тап­тау «Қаз­по­шта» тара­пы­нан тұрақты әдет­ке айналған. Мыса­лы, шіл­де айын­да газет тара­ту құны 1 тең­ге­ден 17 тең­ге­ге дей­ін көтеріл­ді. Ол кез­де де ешқан­дай ескер­ту, ақыл­да­су болған жоқ. Тек бұй­рық беру әдісі қол­да­ныл­ды. Енді жазы­лу баға­сы шары­қтап отыр. Біз бұл әре­кет­ті тек эко­но­ми­ка­лық шешім емес, мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тық сая­сатқа қысым жасау құра­лы ретін­де қабыл­дай­мыз. Нәти­же­сін­де бас­пасөздің дауы­сы бәсең­деп, ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ке нұқ­сан келіп отыр.

Бүгін «төр­тін­ші билік» сана­ла­тын жур­на­ли­стер қауы­мы «Қаз­по­шта­ның» алдын­да дәр­мен­сіз күй кешіп отыр. Қоғам­дағы әділет­сіздік­ті жаза­тын бас­пасөз өкіл­дері өз басын­дағы әділет­сіздік­ке қар­сы тұра алмай қина­лу­да. Бұл – бас­пасөздің ғана емес, қоғам­дағы сөз еркін­ді­гі мен демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтарға жасалған соққы.

Құр­мет­ті Аида Ғалы­мқы­зы, мини­стр­лік – соңғы үмітіміз!

Мерзім­ді бас­пасөз – мем­ле­кет­тің ақпа­рат­тық сая­са­ты­ның тіре­гі. Егер сол тірек шай­қал­са, халық пен билік ара­сын­дағы сенім де әлсірей­ді. Біздің дауы­сы­мы­зға құлақ асып, әділ шешім қабыл­дай­тын жалғыз меке­ме – Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі деп біле­міз! Бас­пасөз­ге өз мини­стр­лі­гі­нен басқа кім қорған бола алады?..

Құр­мет­пен,

аймақтық басы­лым­дар­дың атынан:

1. Сафу­ан Үте­ба­ев, Түр­кістан облы­сы, Жеті­сай ауда­ны «Бекет» газетінің құрылтайшысы

2. Хасан Еспа­нов, Жеті­су облы­стық «Вест­ник Жеті­су» газетінің бас редакторы

3. Әмі­ре Жұма­тай Оспанұ­лы, Жеті­су облы­стық «Жеті­су» газетінің бас редакторы

4. Бек­на­за­рұ­лы Бала­жан Абай, Түр­кістан облы­стық «Оңтүстік Қаза­қстан» газетінің дирек­тор-бас редакторы

5. Нұр­бол Қанат­бекұ­лы Жай­ы­қ­ба­ев, Пав­ло­дар облы­стық «Saryarqa samaly» газетінің бас редакторы

6. Кәу­сар Ары­қ­ханқы­зы, Абай облы­сы Жар­ма аудан­дық «Қал­ба тыны­сы» газетінің бас редакторы

7. Зух­ра Нұр­жанқы­зы, Абай облы­сы Үржар аудан­дық «Уақыт тыны­сы», «Пульс вре­ме­ни» және «Мақан­шы айна­сы» газет­терінің бас редакторы

8. Тимур Смағұ­лов, «Арай­лы Катонқа­рағай» газетінің редакторы

9. Тау­нар Қай­рат, «Samar tynysy» газетінің редакторы

10. Марат Жай­ыл­ханұ­лы Арал­ба­ев, Қызы­лор­да облы­сы бой­ын­ша «Сыр медиа» ЖШС бас директоры

11. Сәт­жан Кәрі­п­бай, «Семей таңы» газетінің редакторы

12. Риза Мол­да­ше­ва, «Абай аймақ медиа» ЖШС директоры

13. Татья­на Кат­ке­е­ва, Боро­ду­ли­ха ауда­ны «Новое вре­мя» газетінің редакторы

14. Нұр­гүл Халы­қо­ва, Зай­сан аудан­дық «Достық» газетінің редакторы

15. Сәду­ақас Әбдіқа­ды­рұ­лы Аңсат, рес­пуб­ли­ка­лық «Тіл сақ­шы­сы» газетінің құрылтайшысы

16. Ерға­ли Жұма­ха­нов, Абай облы­сы Ақсу­ат аудан­дық «Тар­баға­тай» газетінің бас редакторы

17. Сар­сен­күл Бихо­жа­е­ва, рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық-сая­си «Ақме­шіт ақша­мы» газетінің бас редакторы

Республиканский еженедельник онлайн