Пятница , 4 июля 2025

Айнұр КӨПБАСАРОВА: «ФАРИЗА» түсімнен өңіме АЙНАЛДЫ

  • Өткен апта­ның соңын­да Мәс­ке­удің «Совре­мен­ник» теат­рын­да «Фари­за» дра­ма­сы­ның қой­ы­лы­мы өтті. Бұл – атақты қазақ ақы­нын ресей­лік сахна­да дәріп­теу ғана емес, соны­мен бір­ге диа­па­зо­ны кеңі­ген қазақ сахна өнерінің тағы бір белесін бел­гілей­тін оқиға бол­са керек. Бұған дей­ін тұса­у­ке­сері Алма­ты­да – Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы театр­да өткен спек­такль­дің дүни­е­ге келуіне себеп­кер болған про­дю­сер және «Фари­за» спек­таклінің идея авто­ры Айнұр Көп­ба­са­ро­ва­ны осы орай­да әңгі­ме­ге тар­тқан едік.

– Айнұр Сай­лау­бай­қы­зы, тұтас бір театр­дың труп­па­сы емес, бір ғана про­дю­сер­дің баста­ма­сы­мен дай­ын­далған дүние бір­ден Мәс­кеу сахна­сы­на жол тар­тқа­ны қалай болды?

– Сұрағы­ңы­здың төр­кінін түсін­дім… Жасыр­май айтай­ын: бұл дра­ма­ны Мәс­ке­уде қоюға Қаза­қстан­ның Ресей­де­гі елшісі Иманға­ли аға Тасмағам­бе­тов мұрын­дық бол­ды. Алға­шқы қой­ы­лым­нан кей­ін-ақ көре­рмен­нің ықы­ла­сы ауған дра­ма тура­лы жақ­сы прес­са­ны оқы­ған Иманға­ли аға «Фари­за­ны» Мәс­ке­уде көр­се­ту­ге қолқа сал­ды. Ал біз бұл ұсы­ны­сқа қуа­на келістік. Бар құпия осы ғана.

– Сіз бұған дей­ін елде­гі көп­те­ген көп­шілік-спорт­тық шоу-шара­лар­дың ұйым­да­сты­ру­шы­сы ретін­де таны­мал бол­саңыз да, өнер мен теат­рға тіке­лей қаты­сы­ңыз жоқ еді. Енде­ше сіздің кәсі­би амплу­аңы­зда «Фари­за» спек­таклі қай­дан пай­да болды? 

– Иә, дұрыс айта­сыз, мен бұған дей­ін бел­сен­ді театр көре­рмені болға­ным­мен, сахна өнерін жаса­уға ара­ла­сты­ғым жоқ еді. Бұл –өзім­ді жаңа бір сала­да сынап бағу­дың әре­кеті­нен туған иде­я­ның жемісі десем бола­ды. «Фари­за­ны» сахна­ла­у­ға түрт­кі болуым ақшам асып-тасы­ған­ды­қтан, иә бол­ма­са өзім­ді көр­сетіп, атақ-даңққа бөле­нудің сал­да­ры емес.

Ашы­ғын айтай­ын, театр өнеріне ара­ла­су үш ұйы­қ­та­сам түсі­ме кір­ме­ген әуе­стік бол­ды десем де, осы спек­такль­дің дүни­е­ге келуіне менің түсі­ме кір­ген тыл­сым құбы­лыс себеп бол­ды. Неге екенін біл­мей­мін, Фари­за апам түсі­ме кір­ді. Бір емес, бір­не­ше рет. Бұл өзі бір жағы­нан мисти­ка­лық дүние. Марқұм Фари­за апа­ма ешқан­дай туы­сты­ғым жоқ. Бірақ ақын­ның өлең­дерін әр қазақ сияқты оқы­ған, жат­тап өскен қыздар­дың бірі­мін. Сон­ды­қтан баста­пқы­да Фари­за апа­мыз түсі­ме кіріп, мені қол­дап-қорғап жүр­ген шығар деп жоры­дым. Өйт­кені сол кез­дері қат­ты ауы­рып жүр­дім. Кей­ін бұл – Фари­за апам­ның аян арқы­лы маған бер­ген ама­на­ты шығар деп қабыл­да­дым. Содан бар­лық шоу-шат­пақтар­ды жиып тастап, Фари­за апам­ды дра­ма­лық дең­гей­де сахна­ла­у­ға қарым-қуа­ты жететін өнер маман­да­ры­мен кеңе­суді баста­дым. Осы­лай­ша «Фари­за» түсім­нен өңі­ме айналды…

– Әрине, кеңе­су­ден бұрын, ол иде­я­ны жүзе­ге асы­руға қомақты қар­жы керек еді ғой…

– Спек­такль­ді қоюға жеке қара­жа­тым­ды жұм­са­дым. Қой­ы­лым­ды дай­ын­да­уға тір­нек­теп жинаған өз ақшам, дос-жаран­дар, туған-туы­стар бөл­ген қара­жат кет­ті. Мем­ле­кет­тен неме­се мини­стр­лік­тен бөлін­ген бір тиын болған жоқ. Егер­Фа­ри­за апам­ды түсім­де бір рет қана көр­сем, әлдеқа­шан ұмы­тып та кетер едім. Бірақ қай­та-қай­та кіре бер­ген соң, бұл жай­дан-жай емес шығар деген ой түй­дім. Фари­за апа­мыз – өзінің жанын, мұңын, ішкі дра­ма­сын поэ­зи­яға, ал поэ­зи­я­сын фило­со­фи­яға айнал­ды­рған адам. Осы­ны жет­кіз­гім келді.

Идея – осы. Ал ол иде­я­ны сахна­ла­у­ға өнер маман­да­ры­ның үлесі көп бол­ды. Сон­ды­қтан Фари­за апа­мы­здың көзін көр­ген, жанын­да жүр­ген адам­дар­ды ізде­стіріп, ақын­ның өмір­де­гі шынайы обра­зын құруға тыры­стым. Сон­дай адам­дар­дың бірі – таны­мал ақын Марал­тай Ыбы­рай­ы­мов болды.

Жал­пы, Фари­за­ны зерт­теу жұмысы 2016 жылы қолға алын­ды. 2017 жылы отан­дық және шетел­дік дра­ма­тург­тар­мен келісім­сөз­дер жүр­гізіл­ді. Осы­ның бәрін жинақтап келіп, қазақ сахна­сы­ның шоқты­ғы биік дра­ма­тур­гы Роза Мұқа­но­ваға пье­са жазуға сұра­ныс жаса­дық. Жасы өзі­нен кіші бол­са да, Фари­за апа­мыз Роза апай­ды еш бала­сын­бай, өзінің заман­да­сы­на, әріп­тесіне балаған екен.

Осы жыл­дың басын­да Роза апай­ы­мыз иде­я­ның сце­на­рий­ін дай­ын­дап бер­ді. Сол күн­нен бастап біз режис­сер­мен бір­ге қой­ы­лым­ды дай­ын­да­уға кірісіп кет­тік. Дра­маға ірік­теліп алы­нған актер­лар 60 күн бойы күніне 4 рет­тен дай­ын­дық жасап, біраз тер төк­ті, қан­ша­ма еңбек етті.

– Ал театр сын­шы­ла­ры «Фари­за» тура­лы не деп жатыр?

– Әзір­ге сон­дай­лық бір тұщым­ды неме­се спек­такль­ді жарам­сыз еткен сыни дүние оқы­ма­дым. Деген­мен біз­дер­де «диван­ный кри­тик» көп қой: бір тал екпей жатып, біре­уді сына­уға дай­ын­быз. Біздің бүгін­гі негіз­гі сын алаңы­мыз әле­умет­тік желілер ғой: бірақ ол жер­ден де елең етер­лік ештеңе оқымадым.

Мағ­жан ақын айт­пақ­шы, «мен жастарға сене­мін». «Фари­за» да негізі­нен жастар­дың сана­сы­на саңы­лау салуға арналған. Театр­ды, өнер­ді түсі­нен­тін көзі ашық жаста­ры­мыз да аз емес. Мен қан­ша­ма рет теат­рға бар­сам, бар­лық кез­де топ-топ болып жастар жүреді. Демек, сахна өнеріне сұра­ныс бар. Деген­мен «біт­кен іске сын­шы көп» деген: алдағы уақыт­та біздің «Фари­за» тура­лы бір­деңе­лер жазы­лып қалар…

– Ал «Фари­за­ның» басты кредо­сы не бол­ды: ақын­дық па, әлде өмір­ден жалғыз өткен әйел­дің дра­ма­сы ма?

– Фари­за апа­мыз қара өлеңнің қалқа­сын­да ғана қалған ақын емес. Қай­рат­кер­лі­гі бір төбе, талай жыл жоғарғы пала­та­ның депу­та­ты бол­ды, ал өмір­ден шын­шыл, ойшыл адам болып өтті. Ақын апа­мыз ешкім­ге ешқа­шан бағын­баған, тек өз ойы­на ғана сен­ген өте намысқой адам.

Апа­мыз бір сөзін­де: «Қаза­қта төрт жүз бар, төр­тін­шісі – қыздар» деген екен. Жеке өмірі тура­лы айтуға қақым жоқ, бірақ біз зерт­те­ген Фари­за пен­де­шілік­тен биік, қазақ қызы мен әйелінің мұңы мен сырын жүре­гі­мен жет­кіз­ген дара тұлға. Сон­ды­қтан біз бұл дра­ма­да пен­де­шілік­тен жоға­ры дүниені көр­сет­кі­міз кел­ді. Атақ пен даңққа, ман­сап пен бай­лы­ққа бай­лан­бай­тын, одан да биік жоға­ры сезім – ол махаб­бат. Абай «Махаб­бат­пен жаратқан адам­затты, сен де сүй сол Алла­ны жан­нан тәт­ті» деген екен. Алла біз­ге сезім бер­ді, ал сезім­нен биік нәр­се жоқ. Сіз­ге жаман адам, біре­у­ге жақ­сы болуы мүм­кін. Адам­ның ала­сы да, құла­сы да бар. Фари­за сол сезім­ді баға­лай біл­ген, оның ішкі жаны­ның тра­ге­ди­я­сын қағазға кере­мет өрнек­те­ген, өрнек­теп қана қой­май, оны фило­со­фи­я­лық тұрғы­дан дәлел­де­ген ақын.

– Теле­фонға тесіл­ген, әлем­желілер­ден түс­пей­тін қазір­гі жастар Фари­за ақын­ның сезі­мін түй­сі­неді деп ойлай­сыз ба?

– Мен әле­умет­тік желілер­де жіті бақы­лап оты­ра­мын. Бел­сен­ділер­дің бірі­мін. «Фари­за» тура­лы жаза бастаған­нан бері, менің парақ­ша­ма жүз­де­ген қол­да­ну­шы тір­келіп, соның біра­зы Алма­ты­дағы театр залын­да отыр­ды. Мәс­кеу сахна­сы­на да кел­ген­дер­дің біра­зы Ақтө­бе­ден, Қызы­лор­да­дан, Тараз­дан, Аста­на мен Пет­ро­пав­л­дан, тіп­ті Қырғыз­стан­нан ат арт­ты­рып кел­ген 20 мен 30 жастың ара­сын­дағы көре­рмен­дер бол­ды. Осы­ның өзі мен үшін үлкен нәтиже.

Біз көп нәр­сені өтіп кет­кен­нен кей­ін баға­лай­тын халы­қ­пыз. Кей­де қуа­ны­шты бөлі­се алмай­мыз, қызға­на­мыз. Өйт­кені заман солай. Ал өнер деген тұнып тұрған дра­ма. Бірақ алмас қылыш қап түбін­де жат­пай­ды, әйте­уір бір тесіп шыға­ды. Бүгін­гі күн­нің «Фари­за­ла­ры» да шыға­тын кез келеді. Әр кезеңнің, әр дәуір­дің өз тұлға­ла­ры болған.

– Ал «іштен шыққан шұбар жылан­ды» сіз өзіңіз қалай баға­ла­ды­ңыз? Көңіліңіз тол­ды ма?

– Біздің шығар­ма­шы­лық топ бұған дей­ін 250-ге жуық әртүр­лі жоба­ны жүзе­ге асы­рған. Әрине, өнер­ден алшақ емес адам­дар болған­ды­қтан, бар­лық уақыт­та шоқты­ғы биік, үлкен жоба жаса­уға ұмтыл­дық. Рас айта­сыз, бұл қой­ы­лым «іші­міз­ден шыққан бала­мы­здай», сон­ды­қтан алды­мен өзі­міз қарап, сүз­гі­ден өткізіп барып, көре­рмен наза­ры­на ұсын­дық. Актер­лар­дың ойы­ны­на, спек­такль­дің режис­сері Фар­хат Мол­даға­ли­дың, ком­по­зи­то­ры – Ренат Гай­син­нің еңбе­гіне өз көңілім тол­ды. Дра­ма көре­рмен­ді жылат­ты. Ал өзі­ме кел­сек, өз жұмысы­ма баға бере алмай­мын. Оның баға­сын тек көре­рмен береді.

– Театр өнерінің жыл қоры­тындыс­ын­да «Фари­за­ның» жақ­сы жағы­нан ата­луы­на тілек­тес­піз! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн