Пятница , 4 июля 2025

Айсұлтан Ұлыбританиядан САЯСИ БАСПАНА СҰРАДЫ

Жуықта «Фейсбук» желісінде Айсұлтан Рахаттың (Назарбаев) кезекті жазбасы жария болды. Біз оны қазақ тіліне аударып, «нашақорлыққа салынды» деген жас жігіттің не айтпақ болғанын оқырманның талғам-таразысына қалдырдық.

Егер халық бүгін­гі билік­ке қар­сы бірік­се, мем­ле­кет­ті төң­керіп тастай ала­ты­ны­на сенім­ді­мін. Төң­кері­стен кей­ін бәрін жаңа­дан баста­уға бола­ды. Билік­тің құлағын ұстап оты­рған­дарға олар­дың құдай емес екен­дік­терін дәлел­деп бере ала­мыз. Әрине, олар бізді қуда­лап, өлтіріп, бостан­ды­ғы­мы­здан айы­рып, басы­мы­зға қиын­ды­қтар туды­ра ала­ды. Бірақ маған сеніңіз­дер, Құдай біз жақта. Сон­ды­қтан біз жеңеміз!

Қазір менің отба­сым маған жан-жақтан қысым жасаған­ды­қтан, мен түбе­гей­лі амал­дарға баруға мәж­бүр бол­дым. Мен Ұлы­бри­та­ни­ядан сая­си бас­па­на сұра­уда­мын. Менің өмірім­нің соңғы бес жылы қиын-қыста­уға толы. Жағ­дай­дың қалай болға­нын адам­дар білуі тиіс деп ойлаймын.

Мәсе­ле – менің Ресей мен Қаза­қстан үкі­мет­тері ара­сын­дағы жемқор­лы­ққа қаты­сты дүни­е­лер­ден хабар­дар болуым­да. Менің айтып оты­рға­ным – Қаза­қстан халқы­нан ұрланған мил­ли­ард­таған АҚШ дол­лар­ла­ры жөнінде.

Мен, шешем Дариға Назар­ба­е­ва мен оның күй­е­уі Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың той­ым­сыз, ашкөз отба­сы­ның ішін­де қал­дым. 2015 жылы Рахат Әли­ев өлтіріл­ген соң, оның рухы­на тағ­зым етіп, фут­бол феде­ра­ци­я­сын басқарғым кел­ді. Ондағы мақ­са­тым – отан­дық фут­бол­ды жемқор­лы­қтан тазар­тып, оны дамы­ту бол­ды. Рахат Әли­ев осы­ған дей­ін ешкім­нің қолы­нан кел­ме­ген іс атқар­ды. Қаза­қстан фут­бо­лы Азия феде­ра­ци­я­сы­нан УЕФА-ға өткені бәріне белгілі.

Маған көп­шілік­ке таны­мал тұлға болуға тура кел­ді. 2015 жыл­дың көк­те­мі­нен Қай­рат Шәрі­п­ба­ев пен шешем менің бұры­нғы қай­ын атам Қай­рат Боран­ба­евқа қар­сы астыр­тын соғыс баста­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың айна­ла­сын­дағы­лар оны менің қай­ын ата­ма қар­сы айдап сал­ды. Оның себебі – қаза­қстан­дық газ­дың ресей­лік «Газ­про­мға» арза­нға кетіп жатқан келісім­шар­тқа қаты­сты бол­ды. Ол жер­де жыл­дық табысы 1,5 млрд АҚШ дол­ла­ры бола­тын дел­дал ком­па­ния бар. Қыру­ар қара­жат Син­га­пур­де жинақта­лып, Ресей бас­шы­ла­ры­ның ара­сын­да бөліс­ке түседі. Олар­дың ішін­де Вла­ди­мир Путин­нің «әми­я­ны» «Газ­пром» жетек­шісі Алек­сей Мил­лер де бар.

Қаза­қстанға қаты­сты айтар бол­сам, жылы­на 700 млн дол­лар Тимур Кули­ба­ев пен менің бұры­нғы қай­ын атам Қай­рат Боран­ба­ев ара­сын­да бөліс­ке түседі.

Менің шешем мен оның күй­е­уі Қай­рат Шәрі­п­ба­ев осы келісім-шар­тты­Ти­мур Кули­ба­ев пен Қай­рат Боран­ба­ев­тан тар­тып алғы­сы кел­ді. Мен сол тала­стың орта­сын­да қал­дым. Олар­дың қол­да­рын­да бар дүни­е­лері аздық еткен екен. Мен қай­ын атам­ның жағы­на шығып, өзім­ді соққы­ға тостым. Неге олай істе­дім? Өйт­кені ол – менің әйелім­нің әкесі. Бұған қоса, менің өзім­нің жеке ұста­ным­да­рым бар.

Мен талай сұра­дым: «Неге пре­зи­дент­ке барып сөй­ле­с­пей­ді?». Мен отба­сым­сыз, жалғыз қалға­ным­ды біл­дім. Тек әйелім мен оның ата-анасы…

Біраз уақы­тқа дей­ін шешем­ді түсіне алмай жүр­дім. Оның ана­лық сезі­мі қай­да кет­ті? Жүре­гінің астын­да 9 ай бойы көтер­ген бала­сы­на неге қия­нат жасай­ды? Ақша үшін бе?.. «Неме­се менің алдым­да тізер­леп тұра­сы­ң­дар, неме­се біт­тің­дер!» – деген прин­ци­пі ме? Оның үстіне бұл – 2015 жыл­дың қаңта­рын­да Мұх­тар Әли­ев пен 2015 жыл­дың ақпа­нын­да Рахат Әли­ев­тің өлім­дерінің қал­ды­рған жара­ла­ры жазыл­маған кез еді… Осы екі соққы­ға шыда­уға күш-жігерім жет­кені­мен, шешем­нің жасаған соққы­сы­нан кей­ін өмір сүр­гім кел­мей кет­ті… Жаным қат­ты қинал­ды. Тек ашу мен қор­шаған ортаға менің көңілім­нің қалға­ны күш беріп, алға жетеледі!

Пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­дағы­лар маған талай кедер­гі жаса­ды. Кей­ін мен олар­ды жемқор­лы­ққа қаты­сты­лы­ғы жөнін­де айып­та­дым. Осы астыр­тын күрес-жан­жал жар­ты жылға созыл­ды. 2015 жыл­дың күзін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Ұлы­бри­та­ни­яға жасаған сапа­ры кезін­де мені өзінің пәтеріне шақырт­ты. Сол кез­де оны маған қан­ша­лы­қты қар­сы қой­ған­да­рын көр­дім. Біздің әңгі­ме­міз айқай-шуға жалғасқа­ны сон­ша­ма, тіп­ті пре­зи­дент күзетінің шашы тік тұрды.

Мен оған отба­сы мен айна­ла­сы бір-бірі­нен биз­не­стерін тар­тып алуға мүм­кін­дік беретін өзі құрған жүй­е­де бәрі­нен айы­ры­лып қалу қау­пі бар екенін түсін­дір­гім кел­ді. Той­ым­сыздық пен ашкөздік бәріңнің түбіңе жете­ді дедім!

Мен оған деген адал­ды­ғым­нан кей­ін, одан көңілім қала баста­ды. Деген­мен, оны әлі де жақ­сы көре­мін. Ол өз өмірін­де көп қателік жасаған­мен, жақ­сы істері де аз емес!

Келесі күні мен оның қабыл­да­уы­на Қай­рат Боран­ба­ев­ты кір­гіз­ген соң, қай­ын атам өзінің мәсе­лесін шешіп шықты. Осы әңгі­ме­ден кей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев шешем­ді вице-пре­мьер­лік­тен – сенатқа жібер­ді. Ал Қай­рат Шәрі­п­ба­ев «ҚазТранс­Га­з­дың» пре­зи­ден­ті лау­а­зы­мы­нан – ком­па­ни­я­ның бақы­лау кеңесіне кетті.

Олар осы­ны маған әлі күн­ге дей­ін кеші­ре алмай отыр. Бұл олар­дың мен­мен­ді­гі мен тәкап­пар­лы­қта­ры­на қат­ты тиіп кет­ті. Осы­дан кей­ін олар жан-жақтан мені әшке­ре­лей­тін ком­про­мат­тар іздей баста­ды. Алай­да менің жемқор­лы­ққа ешқан­дай қаты­сым жоқ еді.

Менің жалғыз ғана әлсіз тұсым – есірт­кі бол­ды. Мынау қиын өмір­де одан жаны­ма тыны­штық іздедім. Ашкөздік пен той­ым­сызды­қтың бір бөл­ше­гі болғым келмеді.

Шешем мен оның қазір­гі күй­е­уі Лон­дон­дағы детек­тив­тік ком­па­ни­я­лар­ды жал­дап, мені әшке­ре еткілері кел­ді. Бірақ мен­де есірт­кі­ден басқа ешнәр­се жоқ еді.

2017 жылы мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан көмек сұра­дым. Есірт­кі­ге тәу­ел­ділік­тен құты­луға қол ұшын беруін өтін­дім. Бірін­ші рет 3 айлық емді Мәс­ке­уде қабыл­да­дым. Қаза­қстанға келісі­мен, шешем есірт­кі­ге тәу­ел­ділі­гім­ді беті­ме басып, бопса­лағы­сы кел­ді. «Фейс­бук­тағы» парақ­шам­да жоғарғы билік тура­лы ешнәр­се жаз­ба­уым­ды талап етті. Менің тілалғыш бала болуым­ды қалады.

Алай­да мен табиға­тым­нан бостан­ды­ққа құмар­мын және оны ешнәр­се­ге айыр­ба­ста­май­мын. Осы­дан соң «Фейс­букқа» өзім­нің жаз­ба­ла­рым­ды қал­дыр­дым. Бұл қада­мға өзім де дай­ын­да­лып жүр­ген едім.

Менің жаз­ба­ла­рым­нан соң шешем Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты маған қар­сы қой­ды. Менің істе­генім оның беделіне нұқ­сан кел­тір­ді деп нан­дыр­ды. Осы­дан кей­ін оның өзі маған теле­фон шалып, айғай-шу бол­ды. Төлқұ­жа­тым­ды тар­тып алып, менің келісі­мім­сіз тегім «Әли­ев» деп жазы­лған құжат беріп, тағы да Мәс­ке­у­ге жөнелт­ті. Мені есірт­кі­ге қай­та салы­на­ды деп күт­ті. Мен де қай­та салын­дым… Бұл жолы олар маған пси­хо­троп­тық дәрілер­ді күш­теп салып, мені емделіп жатыр деген желе­умен он төрт ай түр­ме­де шірітті…

Осы­лай­ша менің адам құқы­қта­рым аяққа тап­та­лып, есесін қай­та­ра алмай жүр­ген шешем­нің қолы­на Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мені салып бер­ді. Мәс­кеу түбін­де­гі Орел қала­сын­дағы түр­ме­де 12 ай жатқан­нан кей­ін, шешем кел­ді. Кез­дескені­міз­де менің бой­ым­нан бағы­ны­шты­лы­қты бай­қа­май тұрға­нын айт­ты… Сөй­тіп, шешем кет­ті де, мен толы­қтай оған бағы­ны­шты бол­май­ын­ша, түр­ме­де қала­тын болдым.

Он төрт ай бой­ғы ашу мен кек маған төзім­ділік бер­ді. Әлнұр Мұса­ев­тың арқа­сын­да ресей­лік арнайы қыз­мет мені ол жер­ден алып шықты. Менің отба­сым қат­ты қорқып кетті.

Менен тіп­ті өзім көмек­тес­кен қай­ын атам да бас тарт­ты. Алма­ты­ға кел­ген соң, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен менің ара­ма шешем тағы да от сал­ды. Жаңа жыл кешін­де мен оны­мен сөй­ле­спек­ші едім, мынан­дай жау­ап алдым: «Өзіңе жаңа отба­сын тауып алған­сың ба?». Назар­ба­ев­тың ондағы айтқа­ны – Әлнұр Мұса­ев еді. Кей­ін­нен әйелім де менен ажы­рас­қы­сы келетінін мәлімдеді.

Олар менің құжат­та­рым­ды қай­тар­май, «Халық бан­кін­де­гі» есеп­шот­тар­ды бұға­у­лап таста­ды. Олар бәрін өздерін­дей көреді, өйт­кені ақша мен билік­ке табы­нып кет­кен! Ал мені басқа нәр­се­лер жетелейді.

Артын­ша шешем келіп, менің заң­ды Назар­ба­ев деген тегім­ді Әли­ев деп өзгер­ту­ге мәж­бүр­леді. Мен оған: «Тегім­ді ауы­стыр­сам, тек Рахат деп ауы­сты­рам», – дедім. Өйт­кені мені тәр­би­е­ле­ген сол ғой.

Осы­дан соң мен елден кет­тім. Отба­сым­ның бей­бе­ре­кет жағ­дай­ын­да өмір сүр­гім кел­меді. Отба­сын­да тәр­тіп орна­та алмаған адам­дар мем­ле­кет­ті қалай басқа­ра­ды деген сұрақты өзі­ме жиі қойдым.

Уақыт өте келе Рахат Әли­ев­тің кіта­бын­да жари­я­лан­баған архи­вы қолы­ма тиді. Сол жер­ден өзім­нің шыққан тегім тура­лы білдім.

Шешем мені әлем­нің түп­кір-түп­кірі­нен іздей баста­ды. Ақы­рын­да жан күй­зелісім­ді есірт­кі­мен сөн­діріп жүр­ген жерім­нен – Лон­дон­нан тауып алды. Мені Қаза­қстанға еркі­ме қар­сы алып шығып, кей­ін тағы да Ресей­ге тыққы­сы кел­ді. Бірақ мен олар­дан қашып құтыл­дым. Осы­лай­ша мені біре­удің пәтеріне баса көк­теп кір­ген жерім­нен бри­тан­дық поли­ция тұтқы­нға алып, Wandsworth түр­месіне жап­ты. Сол түр­ме­ге түс­кені­ме шексіз қуан­дым. Шешем­нің Лон­дон­дағы жүр­гі­зу­шісі Behzad Naghibi үне­мі маған келіп, сот­та осы жағ­дай­ға қалай тап болға­ным тура­лы айт­па­уым­ды сұра­ды. Арты­нан шешем келіп: «Жет­кен жерің осы бол­ды ма?» – деді.

Мен елден тысқа­ры­да тыныш қана өмір сүрем, ал олар маған соқты­қ­па­уы тиіс деп шешем­мен келістік. Бірақ олар тіс жарып қояды деп, менен қат­ты қорықты.

Кей­ін­гі кез­де басым­нан талай нәр­се өтті. Ол жөнін­де «Times»-қа бер­ген сұх­ба­тым­нан оқи­сыздар. Егер тірі болсам!

Қазір­гі уақыт­та шешем­нің жүр­гі­зу­шісі Behzad Naghibi менің келісі­мім­сіз қонақүй­ден төлқұ­жа­тым­ды алып кет­ті. Бұл Ұлы­бри­та­ния заң­да­ры­на қай­шы әре­кет. Поли­ция менің құжа­тым­ды қай­та­рып береді деп үміттенем!

Әкем өлген­нен кей­ін, менің көзім­ді осы­лай­ша ашып оятқан Құдай­ға риза­мын! Құдай мені солар сияқты болып кет­пе­сін деп құтқар­ды! Құдай менен бір нәр­се қалай­ты­нын сезе­мін… Нақты не қалап оты­рға­нын алдағы уақыт­та білермін!

Маған тағы бір түсініксіз нәр­се – АҚШ бүкіл әлем­де демо­кра­тия орна­туға ынта­лы болып, Ресей бас­шы­лы­ғы­на қар­сы санк­ци­я­лар қабыл­дап жатқан кез­де Қаза­қстан үкі­меті неге олар­дың наза­ры­нан тыс қалып отырғаны.

  • Aisultan Rahat

Бет қат­та­лып жатқанда

Дариға Айсұлтанмен КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Әле­умет­тік желі­де­гі «Бәсе» теле­ар­на­сы­ның таратқан ақпа­ра­ты бой­ын­ша, өткен сен­бі мен жек­сен­бі – 15–16 ақпан күн­дері сенат спи­кері Дариға Назар­ба­е­ва Лон­дон­ның іргесін­де­гі ауру­ха­на­да емделіп жатқан Айсұл­тан­мен кез­де­сті. Дариға­мен бір­ге оның үлкен ұлы Нұрә­ли Әли­ев те барған екен. Екі күн­нің ішін­де екі тарап та ортақ бір мәміле­ге кел­ген сияқты. Айсұл­тан сәуір-мамыр айы­на дей­ін емделіп, сонан соң Қаза­қстанға ора­ла­ды. Айсұл­тан­ның ауру­ха­на­дағы емінің ақы­сын, қажетіне жұм­сай­тын қара­жа­тын Лон­дон­да тұра­тын Нұрә­ли Әли­ев төлей­тін болыпты.

Ал Айсұл­танға қой­ы­лған тала­пқа келер бол­сақ, бірін­ші­ден, ол ешкім­ге ешқан­дай ақпа­рат бер­мей­ді. Сая­си мәсе­ле­лер­ге қаты­сты тақы­рып­та сөз қозға­май­ды, Назар­ба­ев­тар отба­сы мүше­лерін сынамайды.

Осы кез­де­су­де Айсұл­тан­ның Ұлы­бри­та­ния үкі­меті­нен ресми түр­де сая­си бас­па­на сұра­маға­ны да бел­гілі бол­ды. Өзі емделіп жатқан ауру­ха­на­ның тәр­тібі бой­ын­ша жүріп-тұруы­на еркін­дік беріл­ген, бай­ла­ны­стың бар­лық түр­лерін, оның ішін­де әле­умет­тік желіні қол­да­нуға рұқ­сат етіл­ген. Енді­гі жер­де Айсұл­тан үнде­мей­тін бол­ды, өйт­кені шеше­сі­мен, аға­сы­мен жасалған келісім­нің шар­ты солай. Шаруа­сын бітір­ген Дариға Назар­ба­е­ва жеке мен­шік ұшақ­пен Қаза­қстанға ұшып кел­ді. Нұрә­ли Әли­ев пен Айсұл­тан Рахат-Назар­ба­ев Лон­дон­да қалды.

«БӘСЕ»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн