Воскресенье , 6 июля 2025

Айтайын деп АЙТПАЙСЫҢ

«…Көр­мей­ін десем, көзім бар», – деп күй­ін­ген екен ерте­ректе өз зама­ны­ның қылы­ғы­на кей­і­ген бір бейбақ. 

Сол айт­пақ­шы, шын­ды­қты бет­ке айта­тын кей­бір мерзім­ді басы­лым бет­тері­нен елге, бүгін­гі ұрпаққа жаны ашы­май, ірі қыз­метін пай­да­ла­нып, мем­ле­кет­тің қыру­ар қар­жы­сын шетел асы­рып тастап, соңы­нан өздері кет­кен­дер­дің ит қылы­ғын оқып, жиір­ке­несің.  Арды, ынсап пен ұят­ты, ұлт­тық намысты бай­лы­ққа тұн­шы­қты­рып өлтір­ген сол тіріөлік­тер «бақыт­ты» бірақ?! Не ішем, не жей­мін демей­ді. Елдік, ұлт­тық намыста шару­а­ла­ры жоқ. Шетел банк­терін­де тығу­лы жатқан қыру­ар ақша­ла­ры­ның айлық, жыл­дық мол өсім үлесі ғана керек оларға!.. Бір қызы­ғы – сон­дай әре­кет жасап жүр­ген ала­яқтар – біздің елдің күні кеше­гі бан­кир­лері мен әкім­дері, мини­стр­лер мен үлкен шен­де­гі ұлт­тық қауіп­сіздік­тен бастап, басқа да сала­лар­дағы «көк­жал­дар»!

Газет­те­гі мына деректер­ге назар салы­ңыз: 2008 жыл­дың сәуірін­де Алма­ты­ның экс-әкі­мі Хра­пу­нов деген күйе­уба­ла Швей­ца­ри­яға қашты. Қол­сөм­ке­мен кет­кен жоқ, әрине. «ТУ-154» дей­тін алып ұшаққа 18 тон­на құн­ды затта­рын тиеп, 400 мил­ли­он дол­ларға тар­та капи­та­лын ала кет­ті… Әрине, Хра­пу­нов әлгі ұшаққа темір керу­ерт­терін, қаңы­л­тыр шелек­тері мен шой­ын шөмі­ш­терін тие­ме­гені анық… Сен­сеңіз де, сен­бе­сеңіз де – мұны біздің тың­шы­лар да, «ақыл­ды» бас­шы­лар да, тіп­ті ана кісі де, мына кісі де… иә, ешкім де біл­мей қап­ты… Рас та шығар… Ұшақ барар жеріне жетіп, Вик­тор ақ сарай­ы­на орна­ла­сып, сол елдің аза­ма­ты ретін­де тір­келіп алған соң барып, біздің «аңқа­у­лар» сан соққан бол­ды… Интер­полға ойбай­лап, іздеу салған­дай иша­ра жасаған­да, ел ішін басып күл­генін көрдік…

Қала әкі­мі болып тұрған кез­де Хра­пу­но­втар­дың иелі­гін­де Алма­ты­дағы ең сүбелі, май­лы, таң­да­у­лы 48 жер телі­мі болған екен («Қала мен дала», 27 шіл­де, 2018 жыл). Тағы бір газет жаз­ды: «…2017 жылы шетел­де­гі табысы мен мүлік­тері жөнін­де 68 мың адам декла­ра­ция тол­ты­рған. Оның 27 мыңы 108 елдің банк­терін­де жатқан 820 мил­ли­ард тең­гесін көр­сетіп­ті», – дей­ді ҚР Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетінің салық салу мето­до­ло­ги­я­сы депар­та­мен­тінің дирек­то­ры Қ. Жолмұхамбетов.

Сон­дай-ақ 69 мем­ле­кет­те біздің кей­бір көк­жал­дар­дың 12 мың­нан аса жыл­жы­май­тын мүлік­тері аны­қталған («Жас Алаш», 26 шіл­де, 2018 ж.). Бір қараған­да, біздің елде бар­лық мәсе­ле толық шешіл­ген секіл­ді болып көрі­неді. Билік­тің бас­пасөзі мен теле­ар­на­ла­рын қарап, ондағы тек табыст­ар­ды айта­тын хабар­лар­ды көр­ген­де, өзіңді ерекше өркен­де­ген елдің мол­шы­лы­қта күн кешіп жатқан, жалақы­сы да, зей­не­тақы­сы да жетіп арты­ла­тын, бақыт­ты ада­мы ретін­де сезініп, «мәз» бола­сың, шір­кін… «Пәлен­бай­ын­шы жылы шалқып өмір сүретін бола­мыз»! «Айлық та, зей­не­тақы да та пәлен­бай есе өседі»! – деп, мәр­те­белі кісілер мәй­поз­дап тұрып бөседі. Әзір­ге оңды өзгеріс бай­қа­лып тұрған жоқ. Қазір қажы­ған елге алдарқатқан уәде емес, бүгін­гі күн­нің ең түй­ін­ді сұрақта­ры­на нақты жау­ап керек.

Зей­не­тақы­сы дәрі-дәр­мек пен ком­му­нал­дық төлем­дер­ден артыл­май­тын адам­дар­дың жай­ын ойлап, тиісті шара жасап жатқан жан бар ма біз­де?! Тағы да бас­пасөз бет­терін­де­гі деректер­ге зер салай­ық: Ислан­дия мем­ле­кетін­де зей­нет­кер­лер ай сай­ын – 4724 АҚШ дол­ла­рын ала­ды екен. Бұл біздің тең­ге­ге шаққан­да, 1 703 283 тең­ге деген сөз. Ал біздің елде­гі орта­ша зей­не­тақы­ның мөл­шері 77 000 тең­ге­ден әрең асты деп жүр­міз. Бұл – көбей­ген­де­гісі («ДАТ» газеті, 30.08.2018 ж.). Ислан­дия, Нидер­лан­ды, Люк­сем­бург, Дания, Австрия, Швей­ца­рия, БАӘ, Бель­гия, Нор­ве­гия, Ита­лия, Фин­лян­дия мем­ле­кет­терін­де ай сай­ы­нғы зей­не­тақы мөл­шері 1 703 283 пен 899 933 тең­генің ара­лы­ғын­да екен. Ал біз­де­гіні айту­дың өзі ұят. Осы­ны оқи қал­са, біз секіл­ді болым­сыз ақша ала­тын зей­нет­кер­лер ғана емес, айлы­ғы­мыз аз деп жүр­ген кей­бір депу­тат­тар­дың өзі еңіреп тұрып жылай­тын шығар…

Айтақын ӘБДІҚАЛ,
ақын, Қаза­қстан Жазу­шы­лар
одағы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн