Вторник , 1 июля 2025

Айттым сәлем, «ҚАЛАМҚАС»…

Кеше Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Маңғы­ста­удағы өрт­ке оранған «Қала­мқас» кені­шін­де­гі апатқа қар­сы күре­сті тіке­лей бақы­ла­у­ы­на ала­ты­ны жөнін­де өзінің Тwitter-акка­ун­тын­да хабарлады. 

«Үкі­мет­ке «Қала­мқас» кен орнын­дағы төтен­ше жағ­дай­ды жою және өрт­ті сөн­діру­ге бар­лық қажет­ті шара­ны қолға алу­ды тап­сыр­дым. Бұл сұрақ менің бақы­ла­у­ым­да», – деп пре­зи­дент елге сәлем жолдады.

Бірақ өрт­тің көле­мі мен жалы­ны ауқым­ды болға­ны сон­ша­лық, бұл апат­ты жоюға пре­зи­дент­тің пәр­мені жетер ме екен деген күдік көп. Мәсе­лен, мұнай-газ сала­сы­ның мама­ны, бел­гілі қаза­қстан­дық бло­гер Қуа­ныш Еділ­хан­те­гі өзінің ФБ-парақ­ша­сын­да былай деп жазады:

«Тоқа­ев «Қала­мқастағы» өрт­ті сөн­діруді жеке бақы­ла­у­ы­ма алам деп­ті. Екінің бірі – не әлгі гри­фон сөну­ге жақын – қан­дай да бір шанс болға­ны, не Тоқа­ев­тың мұнай өндірісі­нен еш хаба­ры жоқ. Әйт­пе­се мұн­дай «өлім­ді іске» (гиб­лое дело) тұм­сы­ғын тық­паған болар еді. Неге?

Менің­ше: 
а) газ жер астын­дағы мұнай қаба­ты­ның бір­не­ше жері­нен сыр­тқа шығып жатыр. Ұмыт­па­сам, бір­не­ше ұңғы­ма өрт­ке оранған, газ сол ұңғы­ма­лар­дан да сыр­тқа шыға беретіні ақиқат, сон­ды­қтан алды­мен солар­ды шеген­деу керек.

ә) «Қала­мқас» жері сор­таң, кебір, бұры­нғы теңіздің түбі, мер­гель қаба­ты көп емес. Ойпаң жер екені көрініп тұр, сон­ды­қтан да жаң­быр неме­се қар суы жатыр. Өрт сөн­діретін тех­ни­ка бара алмауда деп өздері де айтып отыр. Ондай бір­тұ­тас саз­ды жер­де гри­фон­ды сөн­ді­ру мүм­кін емес, егер, әрине, пла­ст­тың өзін азған­тай взрыв­пен жар­ма­са, бірақ ондай маман қал­ды ма екен? Өткен­де­гі видео­да алы­стан тұрып, сумен сөн­дір­гелі жатқа­ны көрініп тұр. Ол іш киім ішін­де­гі «газ­ды» сыр­ты­нан шал­бар кигізіп тоқта­ту сияқты, өнбей­тін тірлік.

Соны­мен… Тоқа­ев кірісті. Көрей­ік, не бітірер екен? Біз әміри­ка­мен кетіс­кен жоқ­пыз ғой, Баты­спен де бай­ла­ны­сы­мыз бар. Қызы­ғы, соны пай­да­ла­нып қалған дұрыс-ау (тех­но­ло­ги­я­сын алып, маман­да­рын шақыр­тып дегендей).

Еске сал­сақ, 25 науры­зда «Маңғы­ста­у­Мұ­най­Газ» ком­па­ни­я­сы­ның «Қала­мқас» мұнай кен орнын­дағы ұңғы­ма­лар­дың бірін­де 900 ш.м. алаң­да ашық өрт шыққан. Зардап шек­кен­дер мен қаза тапқан­дар жоқ. Өрт сөн­ді­ру орнын­да Маңғы­стау облы­сы ТЖД басты­ғы Қуа­нар Базар­ба­ев­тың жетек­шілі­гі­мен жедел штаб ұйымдастырылды. 

26 науры­зда «Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК АҚ бас­пасөз қыз­меті­нен кен орнын­да шыққан өрт­тің негіз­гі көзіне апа­ра­тын кір­ме жол­дар­дың бол­мауы­нан сөн­ді­ру мүм­кін бол­май жатқа­нын хабар­лаған еді. Өрт­тің шығуы­на бұрғы­лау ұңғы­ма­сын­дағы апат себеп болған. 

Ал бұр­нағы күні «Қала­мқас» кен орнын­дағы өрт басқа ұңғы­ма­ны шар­пы­ды, деп мәлім­деді энер­ге­ти­ка вице-мини­стрі Болат Ақшо­лақов. «Өрт­ті сөн­ді­ру кезін­де оны тоқта­туға әре­кет жасал­ды, алай­да өрт шыққан негіз­гі жер­ге кір­ме жол­дар­дың бол­мауы­нан оны сөн­ді­ру мүм­кін бол­ма­ды…», – деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ Ақшо­лақо­втың сей­сен­бі күн­гі орта­лық ком­му­ни­ка­ция қыз­метінің бри­фин­гін­де­гі сөзіне сіл­те­ме жасап. 

Жал­пы, оның ақпа­рын­ша, 25 науры­зда сағат 5.46-да «Қала­мқас» кен орнын­да газ-су қоспа­сы­ның көзі өртен­ген, алға­шқы өрт сөн­діру­шілер 5.58-де келіп жет­кен, 25 наурыз сағат 14.30-да Ақта­удан 6 өрт сөн­ді­ру қыз­меті, 4 авто­ци­стер­на, 1 жыл­жы­ма­лы сорғы стан­са­сы, 1 газ-су сөн­діретін өрт авто­мо­би­лі келіп жеткен. 

«Қазір­гі таң­да өрт шыққан жер­де облы­стың ТЖД 12 бір­лік тех­ни­ка­сы мен жеке құра­мы­ның 53 ада­мы, сон­дай-ақ «Сем­сер-Өрт сөн­діру­ші» және «Fire Protection» ком­па­ни­я­сы­ның қыз­мет­кер­лері жұмыл­ды­ры­лған», – деді Б.Ақшолақов.

Төтен­ше жағ­дай­лар коми­тетінің төраға­сы Вла­ди­мир Бек­кер­дің айтуын­ша, ТЖ орын алған жер­де­гі жел де жағ­дай­ды қиын­да­тып тұр, оның екпіні кей­де 15 м/с дей­ін жете­ді екен, сон­ды­қтан қабыл­данған шара­лар өрт­ті сөн­діру­ге мүм­кін­дік бер­мей жатыр. 

«Ақта­удан ТЖ шыққан жер­ге дей­ін­гі қашы­қтық шама­мен 300 км. Ақта­удан да сәй­кес тех­ни­ка­ны жібе­ру тура­лы шешім қабыл­дан­ды, тағы да үш авто­мо­биль. Аста­на уақы­ты­мен сағат 18.00-де қосым­ша күш­тер келіп жете­ді деп күтіп отыр­мыз, өрт­ті сөн­діру­ге тағы бір тал­пы­ныс жаса­ла­тын бола­ды. Мына­ны айтай­ын, бұл қатар­дағы өрт емес, бұл барын­ша ірі өрт­ке жата­ды. Себебі оған түр­лі хими­я­лық қос­па­лар қосы­ла­ды, от лебінің тем­пе­ра­ту­ра­сы да жоға­ры», – деп түсін­дір­ді В.Беккер.

«D»

Республиканский еженедельник онлайн