АЙТЫҢДАРШЫ, ағалар мен апалар!

  • «Тыныштықбек аға, Қайнар аға, Исраил аға, Балташ аға, Бейсенғали аға, Бақытжан аға, Жасарал аға, Марат аға, Өмір аға, Хайрулла аға, Ермұрат аға, Рысбек аға, Серік аға, Сая апа, Жанат апа, Сәуле апа, Айгүл апа, Анар апа, Роза апа!» деп, елге белгілі біраз тұлғаны жеке-жеке атап, әлеуметтік желінің танымал блогері Ася Асеткина Фейсбукта үндеу жариялаған екен. Жазбаның мән-мазмұны – Аягүл Мантайды өлімге душар еткен жәдүгөй желікке тыйым салудың, жазықсызға жала жабушы тобырға тоқтау айтудың амалы. Пост иесі желінің технологиясын пайдаланып, аты-жөндерін «ағалап», «апалап» атаған ағайындардан араша сұрайды.

Төменде біз сол жазбаны ықшамдап, экспрессивті лексикадан аршып, қоғамға тікелей қатысы бар бөлігін жария етіп отырмыз. Жарияланымның ықшамдалуы себепті қарапайым оқырманға ескертеміз: бұл жазбада және Бану Оңдасынованың Фейсбук-постында (төменде) Аяның ажалына себепкер болуы мүмкін деген кейіпкерлер аталады.

Менің Сәуле Әбединовада (Әбілдаханқызы – фото) ешқандай жеке басымның кегі жоқ!.. Тіпті, өзін көрмей, танымай тұрып, ол кісіні жақсы да көруші едім, сенсеңіздер! Оның жалғыз ұлы қайтқанда үйіне өзім көңіл айтып барып, бірінші рет көрдім. Көріп, өз-өзімнен жақын қабылдай алмағаным, іштей жақсы көрмей қалғаным да рас, «біртүрлі, сұп-суық, аурасы ауыр әйел екен» деп қоя салғам (…).

Сәуле мен оның тобы жасаған шабуылынан осы уақытқа дейін өзім ғана қорғанып, өзім ғана күресіп келдім, әлі де күресудемін. Бұлар Аягүл марқұмға /қарсы/ жасағандарынан екі есе, үш есесін жасаған маған. Оның бәрін Ая да білетін еді. Аягүл марқұм мені қайта үнемі жұбатып: «Кешіре салыңызшы, кішісіз ғой…» деген сияқты басуларын айтып жүретін. Өзінің оны /Сәулені/ «жақсы көретінін де» жиі айтатын. 

Кеше, дүниеден қайтарында, «Ася, мен адам таңдай алмайды екем, сізді тыңдамаппын. Өзім жақсы көрген Сәуле апай мені жазықсыз қаралады, аямай жаралады. Мен сіз сияқты мықты бола алмайды екенмін, мен жеңілдім. Мен әділетсіздіктен жеңілдім, мен өзім сүйген, өзім сенген еркектің өзіме жасаған сатқындығынан жеңілдім…» деп кетті.

Ағалар, апалар! Сәуленің шабуылшылары /жасаған/ кибербуллингісінен мен де өткенмін. Менің Аягүлмен айырмамыз – мен сынбадым, мұқалмадым, ал Аяш сынып кетті…

Ағалар, апалар! Мүмкін менің үлкен қателігім – бұл кибербуллингші топпен осы уақытқа дейін жалғыз күрескенім шығар? Мүмкін, сол уақытта осылай ортаға, қоғамдық талқыға салу керек пе еді?..

Аяның басында болған күй – осылардың әрбірі мені негізсіз, жаламен қаралап жатқанда менде де болды. Негізсіз жаладан мен де талай өлгім келген, мүмкін мен де асылуым керек пе еді? Сонда бәлкім, бұлар айыздары қанып, тоқтап, мынадай екіжүзді аярлардың дәуірі жүріп тұрған қоғам тынышталар ма еді? 

Сіздер сенсеңіздер, бір Сәуленің басында 20 шақты фейкаккаунты бар, бәрі жан-жақтан жабылып, күйе жаққанға Аяштай жаны нәзік, жүрегі әлсіз адамдардың төтеп бере алмасы анық қой! Аяш Сәуленің шабуылынан ғана емес, өзінің Мәди Манатбекпен (Шымкенттің ішкі саясатын басқарып отырған) арадағы /желідегі/ сырларын сол Мәдидің Сәулеге скриндеп беріп, Сәуле оны Аягүлге «желіге жариялаймын» деп қорқытқанына да шыдай алмады! 

Сәуленің фейкаккануттарымен біріккен шабуылына да төтеп бере алмай, күйіп кетті ғой…

Кеше сіздер осында «Аягүлдің әруағын қозғай бермеңдер, тыныштық беріңдер» деген соң, бәріміз сабыр сақтап отырмыз, ал мына аярларға (…) тоқтау айтатын адам бар ма? Бұл топ мұнымен тоқтамайды, тоқтамайтынына дәлел – Сәуленің өз парақшасында «көт», «боқ», «көк шыбын», «боқ шыбын» деп отырғаны. Мұның бәрі аздай, «Аяны періште емес екенін жарияласам, ұялып қаласыңдар» деп қоқан-лоққы жасап отырғаны – қай бетпақтығы? Аяштың азғынды сүйіп қалып, ақтарған сырын жариялауға Сәуленің қандай ақысы бар, айтыңдаршы? 

Бұл топқа «әй, қойыңдар!» дейтін, қазақта ақсақалдық жасайтын адам қалмаған ба? Жоқ, бәріңіз «ажалы келсе бәрі де өледі,бәлелі жерге бармақ тықпайық» деп, үндемей отырсыздар ма?! Ал сол «ажалға не жетеледі, қызғалдақ ғұмыр неге ерте үзілді?» деген сұраққа неге үңіліп көрмеске? 

Қазақ қоғамы неге шіріп барамыз? Неге біз осындай «тәубамыздың, шүкіріміздің» айналасынан шыға алмайтын бойкүйезбіз? Себебі мен салдарын салыстырмақ түгілі, саралауға құлықсыз, қоғамдағы құбылыстарға немқұрайлы, немкетті қарап отыра беретін, томырық ойлы, әлсіз-әлжуазбыз ба?

Әлде бәрің де «маған қатысы қанша?» дегендей, әрқайсың өз мансаптарыңды ойлау, «артым не болып кетер» деген қара бастың қамын жеу ғана ма?

Ася АСЕТКИНА

КИБЕРТЕРРОРИЗМ!

Фейсбук – еркін, кім болса, сол – айтқысы келгенін айтып, оғын оңды-солды қалаған адамына қаратып ата беретін алаңға айналды. Меніңше, шын патриот, шын іскер, шын қоғам жанашыры күні бойы бұрқыратып пост жазып, фейсбукта отырмайды. Патриотта адамгершілік, ар, ақыл, байыптылық болады. 

Қазақтың Фейсбугы бір адамға немесе жалпы тағдырына реніші бар, соны шығарудың амалын іздегендердің алаңына айналды. Белгілі бір адамның жанына батқан қайғысы болса, күйеуі тастап кетсе, өмірде жолы болмай жүрсе, ояна сап, фейсбукқа кіріп алып, мыңдаған адамның жүйкесіне шабуыл жасау – оның көңілін көтеріп, сергітіп, бақыттырақ ете ме?

Өкініштісі, біздің Фейсбук осындай кек қайтару, өш алу, кекету, бірін-бірі боқауыз, былапыт сөздермен қорлау құралына айналды. Жазып отыратындардың көбі қырықтан асып, елуге таяған, ақыл тоқтатқан адамдар. Топ-топ болып, біріне бірі тас атып, зәрін шашып жатады. 

Ақша үшін біреуді қаралап, оңды-солды оқ ата беретін оппозиционер-блогерлер өз алдына. Жұмысқа орналасып, адал еңбектеніп, нан тапқысы келмейтіндер Фейсбукте саяси пост жазып, табыс табады. Жұмыссыз жүргендердің біразы елде болған жағдай туралы «мен бүйтіп ойлаймын, сөйтіп ойлаймын» деп, Фейсбукта пост жазып, өзін-өзі қоғам белсендісі сайлап алды. Сондай қырттардың бәрі жабылып, Фейсбукты шірітіп, тоздырып, ақылы бар, арлы адам кірмейтін қоқыс алаңына айналдырды. Шын мәнінде, ол адамдар жүйкесінде ақаулық бар, парасатсыз, адамгершілігі төмен кибертеррористер. 

Сондай фейсбуктағы кибершабуылшылардың оқ боп қадалатын ауыр сөзінен, «ана қылығыңды елге жария қылам» деген бопсасынан немесе белгілі бір әрекетін видеоға түсіріп алып жариялаған «кибертеррорынан» қаншама адам күйзеліске түсіп, қиналады. Тіпті өзіне қол салады. 

Осы жерде орынды-орынсыз, былапыт, дау, көлдей-көлдей шабуыл-пост жазып отыратын Фейсбук белсенділерін қазақтың жанашыры, зиялы, мәселен, ел басқару ісіне араласса, үлкен шаруа тындыра алатын тұлға деп мүлде санамаймын! 

Олар кім-кім екенін өздері біліп отыр. 

Сәуле Әбілдаханқызы, сіз менің /Фейсбук/ достығымда жоқсыз. Бірақ осы санаттағылардың бірі – сіз!

  • Бану Оңдасынованың Фейсбук парақшасынан.

Кто-то должен был УМЕРЕТЬ 

Кого-то убили. Я чувствовала отчаяние и боль; человека заживо ели. Зло активизировалось, вы заметили? И выползни стали нападать на людей, отнимая энергию жизни… 

И плачущая девушка, красивая азиатка, которую я вижу мысленно – это проекция моих личных чувств. Меня отвлекли. Я отбивалась от клещей и червей с помощью друзей. 

А она умерла. Умерла писательница Ая Мантай из Казахстана. Не справилась с кибербуллингом. Она нежная была, ранимая. И не смогла выдержать поток грязи и оскорблений. Ушла из жизни. Я только что об этом узнала. 

«Люди хотят убить и похоронить тех, кто не похож на них», – горько писала она недавно. Вскользь. Она не просила помощи у друзей и подписчиков. Ей стыдно было просить. 

И защищаться она не смогла. Ушла из жизни. 

Будьте прокляты, сетевые клеветники. И те, кто жадно читает клевету, репостит ее и лайкает. Пусть проклятие придёт в ваш дом! Вы сами его создали. Вы убили человека! 

Пророк говорил, что нельзя проклинать часто. И он же говорил, что клеветники и те, кто слушает клевету подобны тем, кто питается человечиной. Они попадут в ад. 

Нежные и ранимые умирают. 

Сильные остаются. Но ожесточаются. 

Они добились своего. Иманды болсын, Ая Мантай! 

А мы пока ещё держимся. И будем держаться. Вместе.

Анна КИРЬЯНОВА, российская писательница

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн