Пятница , 4 июля 2025

АКТИВТЕРДІ ЕЛГЕ ҚАЙТАРУ:

арнайы комиссия не бітіріп отыр?

  • Қаза­қстан қазы­на­сы­нан ұрланған актив­тер­ді елге қай­та­ру – күн тақы­ры­бын­да тұрған ең маңы­зды мәсе­ле­лер­дің бірі. Ел пре­зи­ден­ті өткен жыл­дың қара­ша айын­да осы орай­да арнайы заң жоба­сын дай­ын­дау жөнін­де үкі­мет­ке пәр­мен беріп, оны осы жылғы 31 науры­зға дей­ін Пар­ла­мент­тің талқы­ла­у­ы­на өткі­зуді тап­сы­рған еді.

Абзал Құс­пан мыр­за бастаған ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің бір топ депу­та­ты пре­мьер-министр Әли­хан Смай­ы­лов пен ҚР Бас про­ку­ро­ры Берік Асы­ло­вқа жол­даған депу­тат­тық сау­а­лы пре­зи­дент­тік тап­сыр­маға қаты­сты кідірістер про­бле­ма­сын қозғай­ды (қаз-қал­пын­да).

​Мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.К.Тоқаевтың баста­ма­сы­мен елден заң­сыз жол­мен шыға­ры­лған қара­жат­ты қай­та­ру, сон­дай-ақ заң­сыз жол­мен алы­нған эко­но­ми­ка­лық ресур­стар­дың моно­по­ли­я­лық (оли­го­по­ли­я­лық) шоғыр­ла­нуын аны­қтау, олар­ды мем­ле­кет­ке қай­та­руға бағыт­талған бірқа­тар тап­сыр­ма­лар беріл­ген болатын. 

​Оған сәй­кес, Үкі­мет бас­шы­сы тара­пы­нан бір­не­ше жұмыс топ­та­ры құрылды. 

Соны­мен қатар мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 05.06.2022 ж. Жар­лы­ғы­мен елден заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру мақ­са­тын­да ведом­ство­ара­лық комис­сия құры­лып, оның төраға­сы болып Бас про­ку­рор бекітіл­ген еді. 

Ал 2022 жыл­дың 26 қара­ша­сын­да Пре­зи­дент «Заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру жөнін­де­гі шара­лар тура­лы» Жар­лы­ққа қол қойды. 

Оған сәй­кес:

1. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкіметіне;

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­мен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық бан­кі­мен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті­мен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гі­мен (Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет­пен), Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мони­то­ринг агент­ті­гі­мен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гі­мен, «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры» акци­о­нер­лік қоға­мы­м­ен және басқа да мүд­делі мем­ле­кет­тік орган­дар­мен және ұйым­дар­мен бір­лесіп, 2023 жылғы 31 науры­зға дей­ін:

1) заң­мен рет­те­летін құқық қаты­на­ста­ры­ның субъ­ек­тілерін анықтауға;

2) заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­дің шығу тегін ашу, рас­тау және олар­ды қай­та­ру тетік­терін регламенттеуге;

3) заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру рәсім­дерінің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз етуге;

4) заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді мем­ле­кет­ке өз еркі­мен беруді ынталандыруға;

5) актив­тер­ді заң­сыз шыға­руға ықпал еткен себеп­тер мен шар­ттар­ды жоюға бағыт­талған жүй­елі шара­лар­ды қабылдауға;

6) өкілет­тік­терін айқын­дай оты­рып, заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру мәсе­ле­лері жөнін­де­гі кон­суль­та­тив­тік-кеңес­ші орган­ды құруға;

7) келіп түсетін заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді жинақтай­тын және олар­ды Қаза­қстан халқы­ның әл-ауқа­тын арт­ты­руға бағыт­талған әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру үшін басқа­ра­тын арна­у­лы мем­ле­кет­тік қор­ды құруға бағыт­талған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы заңы­ның жоба­сын әзір­лесін және Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің қара­уы­на енгізуді,

2. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас прокурорына;

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның құры­лы­мын­да заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру бой­ын­ша жеке бөлім­ше құру жөнін­де ұсы­ныс енгізуді,

3. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкіметіне;

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­мен және басқа да мүд­делі мем­ле­кет­тік орган­дар­мен бір­лесіп, заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді аны­қтау және мем­ле­кет­ке қай­та­ру үшін шетел­дер­мен және халы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен, оның ішін­де халы­қа­ра­лық құқы­қтық көмек шең­берін­де­гі тиім­ді өза­ра іс-қимыл­ды жүй­елі негіз­де қам­та­ма­сыз етуді,

4. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның құқық қорғау және арна­у­лы мем­ле­кет­тік органдарына;

заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­руға маман­да­на­тын бөлім­ше­лер­ді айқын­дау тапсырылып, 

​осы қаулы­ның орын­да­луын бақы­лау – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің Әкім­шілі­гіне жүк­тел­ген болатын. 

​Алай­да мем­ле­кет бас­шы­сы қол қой­ған Жар­лы­қта тіке­лей көр­сетіліп тұр­са да, осы кез­ге дей­ін құры­лған арнайы комис­сия жұмысы қоға­мға ашық деп айтуға кел­мей­ді. Біры­ңғай чинов­ник­тер­ден құры­лған комис­сия құра­мын­да бір­де-бір халы­қтың ман­да­ты­на ие болған депу­тат жоқ. БАҚ-ын шолып шыққан­дағы бай­қаға­ным – арнайы комис­си­я­ның құры­лған кез­де және өткен жыл­дың қара­ша айын­да жасаған ресми мәлім­де­месі­нен басқа көз­ге ештеңе түс­пе­ді. Биы­лғы 2023 жылғы қыз­меті тура­лы ешқан­дай ақпа­рат таба алмадық. 

​Егер жоға­ры­да көр­сетіл­ген тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­лу бары­сы тура­лы қоғам және сол қоғам­ның осы жер­де оты­рған заң­ды өкіл­дері ретін­де біз­дер – депу­тат­тар хабар­сыз бола­тын бол­сақ, онда күні ертең актив­тер­ді қай­та­ру­мен бай­ла­ны­сты алды­мы­зға түсетін заң жоба­сын қалай, қай­тіп қабылдамақпыз?!

Осы­ған байланысты:

– Бас про­ку­рор был­ты­рғы жыл­дың мау­сым айы­нан бастап, актив­тер­ді қай­та­руға бағыт­талған арнайы комис­си­я­ның осы кез­ге дей­ін атқарған қыз­меті тура­лы толық ақпа­рат жол­да­уы қажет. Ол ақпа­рат­та кім­нен, қай­дан, қан­дай сум­ма өндіріл­ді, оның қан­ша­сы шетел­ден, қан­ша­сы іште­гі ком­па­ни­ядан неме­се лау­а­зым иесі­нен өнідіріл­гені, олар­дың қай­сысы өз еркі­мен, қай­сысы мәж­бүр­лі түр­де қай­тар­ды, мәж­бүр­лі қай­та­ры­лған актив­тер бой­ын­ша қан­ша қыл­мыстық іс қозғал­ды, олар­дың іші­нен қан­ша адам қамауға алы­ған­ды­ғы тура­лы, т.б. ақпа­рат толық қам­ты­луы тиіс. Ол ақпа­рат біз­ге Үкі­мет тара­пы­нан актив­тер­ді қай­та­руға қаты­сты заң жоба­сы түс­кен­ге дей­ін жол­да­нуы керек, себебі біздің тара­пы­мы­здан қосым­ша сұрақтар туын­да­уы мүмкін. 

– Бас про­ку­рор басқа­ра­тын ведом­ство­ара­лық арнайы комис­сия және Үкі­мет жанын­дағы жұмыс топ­та­ры­на маман­ды­қта­ры сәй­кес келетін депу­тат­тар­дың да қаты­сты­ры­луын қам­та­ма­сыз етуді талап ете­міз.

Құр­мет­пен,​​​​​​​

  • А.Құспан, ​​​​​Е.Бапи, ​​​​​​​​Қ.Әлішев, ​​​​​​​Р.Зайытов, ​​​​​​М.Рожин, ​​​​​​​​​Н.Сарсенғалиев,​​ С.Нұртаза, Ж.Әшімжан, Қ.Иса, М.С.Башимов

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн