Понедельник , 5 мая 2025

«АЛАШТЫ» АЛМАҒАН,

бірақ алуы тиіс жазушының хикаясы

Кеше­ден бері Халы­қа­ра­лық «Алаш» сый­лы­ғы­мен құт­ты­қтап жатқан ағай­ы­нға рақ­мет! Шын­ды­ғын­да, мен бұл сый­лы­қты алға­ным жоқ. Оны беріп жүр­ген Әскер­хан Ақтай. Өмірі жолы­ғы­спаған бұл аға­мы­здың пей­ілі қалай ауды екен, ә? Шатасқан ғой. Лау­ре­ат­тар ара­сы­на мені бел­гілеп, құт­ты­қтап жіберіп­ті. Содан құт­ты­қта­у­лар кет­ті. Әскеңнің жекесіне шығып, «Шата­сты­ңыз. Мен сый­лық алма­дым. Алып тастаңыз» дедім. Қалған­да­ры­на айтып үлге­ре алмадым.

Алма­ты­да күн 30 гра­дустан асты. Кеше шаруа да көп бол­ды. Әркім­ге бір жазып оты­руға уақыт жоқ. Соны­мен қой­шы, құт­ты­қта­у­лар­дың астын­да қал­дым. Еш себеп­сіз тілек тың­даған өзі­ме де ұнап кет­ті. Айта бер­сін дедім. Іске «вацап» қосыл­ды. Қоңы­рау да шала баста­ды. Қой, мына сый­лы­қты жуай­ын дедім жұмыстан қай­тып келе жатып. Содан үйдің жанын­дағы кафе­ге барып, бір бокал сыра, екі кәу­а­пқа тап­сы­рыс беріп, той­ды бастап кеттім…

Бір кез­де Өркен Жоя­мер­ген құр­да­сым хабар­ла­сты. «Қане­ке, қай­да­сың?» – дей­ді. Сыра ішіп отыр­мын. «Дұрыс, ішетін күн ғой» дей­ді. «Иә, Алма­ты­да күн ысып кет­ті» дей­мін. «Құт­ты бол­сын» дей­ді іле-шала. «Ала­шты» алға­ным жоқ. «Қой-ей, сай­тқа беріп қой­дық. Қал­жың деп айт­шы» дей­ді. «Қал­жың» дей сал­дым. (Зачем пор­тить праздник).

 Сосын Өмір­жан Әбді­ха­лы­құ­лы – Өміш хабар­ла­сты. Құт­ты бол­сын, дей­ді ол да. – Адам деген «Фейс­бук­ке» фотом­ды салып, арнайы құт­ты­қта­май ма?! – деп тұқырт­тым. Көңілі әппақ қой. «Фейс­бук­ке» жарқы­ра­тып шыға­рып қой­ып­ты. Шынын айт­сам, шығарт­пасқа қой­ма­дым ғой. Рахат. Адам­дар­дың ақ тілек­терін оқы­ған кайф қой.

Содан бәрін «құр­тқан» Аман­гел­ді Кең­шілікұ­лы ағам. Сол кісі звон­дап құт­ты­қтаған­да, «Ала­шты» алмаға­ным­ды айтуға тура кел­ді. Әзіл­де­сетін құр­да­сым емес. «Жоқ, Аман аға, алма­дым, алма­дым. Шатасқан ғой» дедім қолым­нан сый­лы­ғым сусып бара жатқан­дай, көңіл­сіз. Содан үйге қайт­тым. Әйелім қар­сы алды. «Құт­ты бол­сын!» деді. Бірақ құт­ты­қта­уы бір түр­лі шықты. Бір­ден «алма­дым» дей алма­дым. Ас үйге кірдік.

– Неге айт­паған­сың маған. Жұрт­тан есті­ген бір түр­лі екен, – дей­ді. Болған оқиға­ны басы­нан айтып бер­дім. Әйелім мәз. – Бәсе, алсаң, маған бірін­ші айтар едің ғой, – дей­ді. – Иә, – деймін.

Соны­мен, «Арсе­налға» бір гол соғып тастап, жат­тық. Тұр­сам Жан­гел­ді Неме­ре­бай досым «ваца­бқа» голо­со­вой жіберіп­ті. «Қақа, кеше Одақтағы жиын­да өзім бол­дым. Сенің аты­ң­ды ешкім ата­ма­ды. Әлде бар­маған соң, лау­ре­ат­тар ара­сы­на қос­па­ды ма? Өзі не боп кет­ті? Сый­лы­қты алдың ба, әлде алма­дың ба?» дей­ді. Содан жаңа ақ тілек­тер бар ма деп «Фейс­бук­ке» кір­месім бар ма. Алдым­нан Асыл­хан Мама­шұ­лы посты шықты. «Ала­шты» алу үшін аты­лу керек дей ме, адам шошы­та­тын сөз­дер. Пікір жазып, қыры­лып жатқан жұрт. Шеті­нен бөлісіп те жатыр. Әгәрәки бола­шақта Асе­кеңнің тала­бы­мен «Ала­шты» беретін бол­са, мен точ­но ала алмай­мын ғой деп, көңіл күй­ім­нің түсіп кеткені…

Қанат ТІЛЕУХАН

Республиканский еженедельник онлайн