
Кеше Алматыда Алаш арысы Ахсмет Байтұрсынұлының ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ауторы – мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.
Жұртшылық көптен күткен ескерткіш тұтастай қоладын құйылған, тұтас граниттен жасалған тұғырын қоса есептегенде, ескерткіштің биіктігі – 5 метр.
Мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының ауторы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ өркениетінің аса көрнекті тұғырлы тұлғаларының бірі.
Электронды ақрапат құралдары жедел хабарлағандай, ескерткішті Алматыға сайлаушылық науқанымен келген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.
ДАТ-информ.
Қазақтың қаржы түсімін РЕСЕЙ ҚЫСҚАРТТЫ

- Қазақстан 2022 жылдың қаңтар-қазанында мұнай өндірісін 2,5% және газ өндірісін – 1,5%-ға қысқартты, деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров (ҚазТАГ).
«Газ өндірісі көрсеткішінің төмендегені анықталды –1,5%-ға, мұнай өндірісі – 2,5%-ға», — деді Қуантыров сейсенбі күні үкімет отырысында баяндама жасау барысында.
Министрдің айтуынша, басқа да пайдалы қазбаларды өндіру көлемі 9,9%-ға қысқарған. «Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1%-ға төмендеген», — деді Қуантыров.
Бұл екі арада, тағы да ҚазТАГ хабарлағандай, соңғы тоғыз айда «ҚазТрансОйл» компаниясының таза пайдасы 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 49 пайызға қысқарған. Біріншіден, пайданың қысқаруы – кірістің кемігенінен. Яғни, ұлттық оператордың бюджетке берер үлесі де тиісінше қысқарған.
Екіншіден, «ҚазТрансОйл» елде өндірілген мұнайды тасушы негізгі және монопольды провайдер. Ендеше, егер мұнай өндіру көлемі күрт төмендемеген жағдайда, оператордың кірісі неге қысқаруы керек?
Терең консперологияға бармай-ақ, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке жүгінер болсақ, оператордың тасымал мүмкіндігі құбыр логистикасына тікелей байланысты. Біздегі, әсіресе сыртқа шығарылатын мұнайдың тасымал желісі негізінен Каспий құбыр концорциумына (КТК) байланған. Ал қазақ мұнайын Еуропа нарығына шығару мүмкіндігін қысқартуға, сол арқылы әлемдік нарықта мұқтаждық тудыруға тырысқан Ресей «КТК» құбыр тасымалын қатарынан екі рет істен шығарды. Яғни, сыртқы мұнай тасымалы мен тиісінше, мемлекеттік бюджетке түсетін кірісте кідірістер болды. Соның салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі тапшылық тартты.
Айналып келгенде, Ресейдің Украинаға жасаған оккупациялық соғысы Қазақстанның экономикасына елеулі залал әкелді. Бірақ қазақстандық билік Кремльдің ашуына тиіп кетпес үшін, елдегі мұнай өндірісінің қысқаруы мен тасымалдың шектелу проблемасына Ресей кінәлі екенін айта алмай отыр. Мемлекеттік бюджеттің кемістігі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалына тікелей әсер ететін фактор екенін ескерсек, қымбатшылық қамыты қылқындарған халыққа нақты жағдайдың жай-жапсарын ашық айту керек-ақ.
Сырым ДАТОВ,
«D»
Сайлау қарсаңында БЕЛСЕНДІЛЕРДІ қамау қамы басталды

- 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында оппозиция белсенділері жариялаған бейбіт митингіге байланысты, Қазақстанның түрлі өңірінде белсенділердің ұсталып жатқаны жөнінде «Азаттық» хабар таратты.
Мәселен, 11 қарашада Астана соты «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топ өкілдері Венера Жанбаева, Сандуғаш Қаңтарбаева, Мереке Нұғыманов, Марат Жыланбаев (фото), Марат Мұсабаевты 15 тәулікке қамады. Оларға «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағылған. Белсенділердің қудалануын бақылайтын топ ұстау кезінде оларға «дөрекі күш қолданылғанын» хабарлады.
Ең қызығы – белсенді азаматтарды әкімшілік қамауға алуға бұдан үш ай бұрынғы қоғамдық оқиғалар желеу болуда. Мәселен, олардың бірқатары 21 тамызда Еуропарламент делегациясының Қазақстанға сапары қарсаңында Астанада өткізген бейбіт митинг үшін айыптаған. Митингішілер сол кезде саяси тұтқындарды босатуды, саяси қудалауды доғаруды, барлық саяси партияны тіркеуді талап еткен еді.
Sud.kz сайтында жарияланған сот шешімінде Жыланбаев, Нұғыманов, Мұсабаев, Жанбаева және Қаңтарбаеваның 21 қарашада Астанада «Цветочный сад» алаңында «рұқсат етілмеген митингіге» қатысқаны жазылған. Оларға 488-баптың 6-бөлігі бойынша айып тағылған. Сотта белсенділер тағылған айыптарды мойындамаған. Белсенді Марат Мұсабаев сотта «сұрақтарға жауап бермей, өзіне толтырылған хаттаманы заңсыз деп санайтынын» айтқан.
Фейсбуктағы «Белсенділер экстремист емес» тобының мәліметінше, полиция бөлімшесінде белсенді Сандуғаш Қаңтарбаеваның жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақыртылған. Бірақ соған қарамастан сот оны әкімшілік қамауға жіберген.
Сол сияқты 15 қарашада Алматы соты «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыпталған азаматтық белсенді Әсет Әбішевті 15 тәулікке қамады. Сейсенбі күні түстен кейін полицияның «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топтың мүшесін дүкенге шыққан жерінен ұстап әкеткені белгілі болған еді.
Сот шешімінде Әбішевтің 16 тамызда Фейсбук желісінде видео жариялап, халықты «рұқсат етілмеген митингіге» шақырғаны жазылған. Сотқа видеобайланыспен шыққан белсенді тағылған айыптарды мойындамаған. Оның алдында интернетте полицейлердің белсендінің үйін күзетіп тұрғаны жөнінде видео жарияланып, Әбішев оны «саяси қудалау» деп бағалаған.
Еске салсақ, осыған дейін «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастама топ өкілдері сайлау күні – 20 қарашада бейбіт митинг өткізетінін мәлімдеген. Топ мүшелері бұған дейін «әділетсіз сайлауды өткізбеуді», саяси қудалауды доғаруды, саяси партияларды тіркеуді талап еткен еді.
Құқыққорғаушылардың пікіріне қарағанда, күрт күшейген қамау – сайлауды «тыныш» өткізудің қамы деп есептейді. Бейсенбіден бастап, алдағы жұма және сенбі күндері «қауіпті тұлғаларды» әкімшілік тұтқындау науқаны бұдан ары күшеюі мүмкін.
ДАТ-информ.
«OYAN. QAZAQSTAN»
Назарбаев көшесіне
«ШАБУЫЛ» ЖАСАДЫ

- 14 қарашада Алматыда Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының белсенділері елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы даңғылды «Қаңтар» деп атау жөнінде акция өткізді. Биыл Қаңтар оқиғасында осы көше бойына көп адам оққа ұшқан еді.
Акция өткізгендер «Қаңтар» деген жазуы бар тақтайша мен Qantar2022.org сайтының QR кодын Назарбаев даңғылының бойындағы үйдің қабырғасына жапсырды.
Фото Асем в папке
«Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішева (фото) «халық қаны төгілген жерге «Қаңтар» атауы берілуге тиіс» деп санайды. «Біріншіден, қанды Қаңтарға бір жыл болады. Аз уақыт емес. «Жиналғандарды ескертусіз атуға» бұйрық берген Тоқаевтың өзі де осы уақытта қайта сайланбақшы. Екіншіден, адамдарды азаптағандар, өлтіргендер әлі жазаланған жоқ, бостандықта жүр. Біз соған қарсымыз. Үшіншіден, бұл көшеге автократ Назарбаевтың есімі лайық емес. Алматының басты көшесінің бірі, қанды Қаңтар болған жер «Қаңтар» деп аталуға тиіс», — дейді белсенді Әсем Жәпішева.
Белсенділер өздерінің саяси акциясын бітіріп кеткен соң, бір топ полиция «Қаңтар» деген жазуы бар тақтайшаны алып кетті.
Azzattyq.org