Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, біздің Еліміздің ең әдемі табиғаты бар аймақтардың бірі. Оның тауалары мен алмалары бүкіл әлемге танымал. Ауыл шаруашылықтан басқа, нағыз туризмді ұйымдастыратын аумақ.
Агротуризм көптеген жерлерде тез дамып келеді, өйткені туристер күнделікті өмірінен және бұрын барған жерлерінен өзгеше тәжірбие, қызық көрмеген білмеген нәрселерін іздейді.
Ауылдық туризм дәмді тағамдардан дәм татып қана қоймайды, сонымен қатар келушілерге сирек кездесетін шараптар, арнайы ірімшіктер және зәйтүн майы сияқты эксклюзивті өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді. Италия, атап айтқанда, ауылдық туризммен тығыз байланысты 70-тен астам шарап пен гастрономиялық маршруттар жасады.
Ал, Қазақстан Елі үшін, соның ішінде Алматы аймағына, бұл ауыл туризмі жаңа бағыт болып табылады, әсіресе жергілікті тұрғындар арасында кең таралмаған. Бірақ, соған қарамастан ол ауылдық тұрғындарға үлкен әлеует болып келеді, себебі, үлкен шығындармен байланысты емес және басқа демалыс туризм түрімен салыстырғанда табиғатқа жақын болуымен сипатталады.
Негізі, қазіргі кезде әлемде агротуризм ұлттық экономиканың бір элементі сондай-ақ, кез-келген елдің өмір салтының маңызды аспектісі болып отыр және жаһандық экономикада орны бөлек.
Адамдар қала өмірінің күйзелісін болдырмау үшін жиі саяхатқа шығады, әсіресе ата-аналар балаларының тағамдарының, сусындарының шығу тарихын түсініп, балаларына органикалық тамақтарды беруге тырысады.
Отбасылар азық-түлік сатып алу, ойын-сауықтан ләззат алу, ауылшаруашылық іс-шараларға қатысу, түнеу үшін ранчоларға, фермерлерге және шарап зауыттарына бара алатын ауылдық жерлерге жағымды күндік саяхат идеясы барған сайын тартымды бола түсуде.
Агротуризм ауыл қоғамдастықтарына ауыл шаруашылығынан тыс жерлерде олардың экономикалық қызметін әртараптандыру перспективаларын аша отырып, Алматы облысында жаңа және оптимистік тұжырымдамаға айналуда. Сонымен қатар, бұл индустриалды аудандардан келушілерге шынайы ауылдық өмір салтына енуге бірден бір мүмкіндік береді.
Өз алдына агротуризм тағыда құрылыс, өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы, көлік пен кәдесый өндірісі сияқты әртүрлі секторларды дамытуға ынталандыру арқылы аумақтық экономиканы қайта құруға септігін тигізеді.
Жалпы былай қарап отырсақ Алматы облысында әртүрлі салаларды дамытуға мүмкіншіліктері бар, оның бір түрі агротуризм болып отыр.
Егер бір ауылды шағын агротуризмге байланысты шығын бизнес ашылса онда ол кем дегенде бастапқы кезде 15 адамды жұмыспен қамтиды және сонымен тоқтап қалмай келер жылы өндіріс көлемін кеңейтіп, келер жылы 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Сонда жылына 65 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді және соның нәтижесінде халықтың жұмыссыздық деңгейін азайтып, толықтай жұмыспен қамтамасыз етіп ауылдық аумақтың тұрмыстық деңгейін жақсартады.
Алматы облысының жергілікті билік басқару органдары осы мәселені зерттеп, аумақтық агротуризмді дамытуға шаралар қолдану қажет.
SHIKA