Воскресенье , 11 мая 2025

Алматы митингісі: ҚАСІРЕТ ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ!

Жазы­қты­лар ЖАУАПҚА тар­тыл­сын!

  • 2022 жылғы қаңтар оқиға­ла­ры­ның құр­бан­да­рын еске алуға арналған Алма­ты митин­гісінің қарары 

2022 жыл­дың қаңтар айын­дағы қан­ды қырғын – тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­дағы өте ауыр және сұм­дық қасірет! Күштік құры­лым­дар бей­біт шеру­ге шыққан халы­ққа қар­сы жары­лғыш гра­на­та­лар­ды, улы газ­ды, резең­ке оқты қол­дан­ды. Қорға­сын оқты да аяу­сыз борат­ты. Қару­сыз, ешқан­дай қауіп-қатер төн­дір­ме­ген бей­күнә адам­дар­ды мер­ген­дер бастан, жүрек­тен көз­деп атты. Алаң­дағы, көше­де­гі адам­дар­ды мерт қыл­ды. Төрт жастағы бүл­дір­шін, он төрт жастағы жет­кін­шек, бала еміз­ген ана оққа ұшты. Айда­ла­дағы мал­шы аты­мен бір­ге атыл­ды. Өртен­ген көлік­те­гі зей­нет­кер­лер күл­ге айнал­ды. Бұлар­дың ешқай­сысы да лаң­кестер – тер­ро­ри­стер емес еді!

Өз халқын жау санаған Назар­ба­ев – Тоқа­ев билі­гінің жауы­зды­ғы шек­тен шықты. Ресми дерек бой­ын­ша, 227 адам қаза­ға ұшы­ра­ды, оның он тоғы­зы – поли­ция, ҰҚК қыз­мет­кер­лері мен әске­ри­лер. Қан­ша­ма бала әкесіз, ана­сыз жетім қал­ды! Жара­ла­нып, мүге­дек болған­дар қан­ша­ма! Бей­біт күн­де, сырт­тан жау тиме­стен мың­даған адам бақыт­сызды­ққа ұрын­ды. Халы­қтың кедей­шілік­ке, қым­бат­шы­лы­ққа, жемқор­лы­ққа, әділет­сіздік­ке қар­сы­лы­ғын күшпен басып-жан­шы­ды. Назар­ба­ев­тық жүй­ені бей­біт жол­мен өзгер­туді қалаған қауым­ның ізгі ниетін қас­көй­лер өз мақ­сат­та­ры­на пай­да­лан­ды. Арнайы жіберіл­ген аран­да­ту­шы­лар, қыл­мыстық топ­тар митин­гінінің шырқын бұз­ды. Әкім­дік пен поли­ция, про­ку­ра­ту­ра ғима­рат­та­ры­на шабуыл жаса­ды. Қират­ты, өрт қой­ды, сауда орын­да­рын тонат­ты. ҰҚК-ны басқарған Кәрім Маси­мов­ке және оның орын­ба­сар­ла­ры­на мем­ле­кет­тік билік­ті күшпен басып алуға әре­кет жаса­ды деген айып тағылды.

Бұл – билік­ке таласқан клан­дар­дың ара­сын­да қақты­ғыс болған­ды­ғын айғақтай­ды. Ал оның зардаб­ын Қаза­қстан аза­мат­та­ры тар­тып отыр. Бүл­ді­ру, қира­ту әре­кет­терін жаса­маған бей­біт шеру­шілер­дің қауіп­сізді­гі қорғал­ма­ды. Олар­ды алаң­нан күш­теп кетіру­ге әре­кет­те­нудің, пре­зи­дент­тің ешбір ескер­тус­із оқ атуға бұй­рық беруінің сал­да­ры­нан жүз­де­ген адам­ның қаны төгіл­ді. Бұған кеше­гі және бүгін­гі билік басын­дағы­лар кінәлі. Сон­ды­қтан болған қай­ғы­лы, орны тол­мас өкіні­шті жағ­дай­дың бар­лық жау­ап­кер­шілі­гі Н.Назарбаев пен Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың мойнында.

Оқиға­дан кей­ін күштік құры­лым­дар тара­пы­нан асы­ра сіл­те­ушілік­ке, қатыг­ездік­ке, айу­ан­ды­ққа жол беріл­ді. Қамаудағы аза­мат­тар­ды екі-үш тәулік ас бер­мей, ашты­қта ұста­ды. Ұрып-соғу, үтік­пен күй­ді­ру, тыр­нақ асты­на ине жүгір­ту, ден­са­улы­қта­ры­на зақым кел­ті­ру сияқты азапта­у­лар белең алды. Билік­ті асы­ра пай­да­ла­ну мен азаптау бой­ын­ша 170 қыл­мыстық іс қозғалған. Бұл көр­сет­кіш одан да өсуі тиіс, егер әділет­тілік үстем­дік құрса.

Жазы­қ­сыз жан­дар­ды атып өлті­ру, мүге­дек ету, қамау, тер­геу бары­сын­да соққы­ға жығу – заң­сыздық қана емес, ауыр қыл­мыс. Мем­ле­кет­тің аза­мат­тарға қар­сы жасаған қылмысы.

Жоға­ры­дағы жан­түр­шік­тірер жайт­тың себеп­тері мен сал­дар­ла­рын еске­ре оты­рып, Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка алаңын­да өткен митин­гі­ге қаты­су­шы­лар пре­зи­дент­ке, сенат пен мәжіліс­ке, үкі­мет­ке мынан­дай талап­тар қоямыз:

  • қаңтар­дағы оқиға кезін­де қаза тапқан бар­лық адам­дар­дың аты-жөн­дері және олар­дың қан­дай жағ­дай­да қай­тыс болған­ды­ғы тура­лы мәлі­мет­тер жариялансын;
  • лаң­кес екен­дік­тері нақты­лы дәлел­ден­ген­нен басқа марқұм­дар­дың бар­лы­ғы­на, сон­дай-ақ жарақат­танған­дарға жет­кілік­ті көлем­де өте­мақы төленсін;
  • қамауда оты­рған кәме­лет­тік жасқа тол­маған­дар, жара­ланған­дар, дәлел­сіз айып­тар­мен күдік­ті сана­ты­на қосы­лған­дар, жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­сты делін­ген­дер, рұқ­сат етіл­ме­ген митин­гі­ге барған­дар, «экс­тре­ми­стік» ұйы­мға мүше бол­ды деген­дер, сая­си тұтқын­дар дереу босатылсын;
  • бол­маған «жиыр­ма мың­дық» лаң­кестер­дің орнын тол­ты­ру үшін, жап­пай тұтқын­дау кезін­де, қинау, азаптау арқы­лы алы­нған мой­ын­да­ту­лар, жалған куә­гер­лік­тер заң­сыз деп табылсын;
  • азапта­у­шы жен­дет­тер қатаң жазалансын;
  • «Тұңғыш пре­зи­дент – елба­сы» тура­лы заң­ның күші толы­ғы­мен жой­ыл­сын, Н.Назарбаевтың және оның отба­сы­на жатқы­зы­ла­тын­дар­дың заң­нан тыс тұруы­на, жасаған қыл­мыста­ры үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­мауы­на мүм­кін­дік беріл­месін, олар­дың қаңтар қырғы­ны­на қаты­сты­лы­ғы бол­са, қыл­мыстық іс қозғалсын;
  • Ішкі істер сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері сыбай­ла­стық, жемқор­лық, аза­мат­тар­дың құқы­ғын тап­тау, азаптау, ұрып-соғу, адам өлті­ру сияқты қыл­мыстар­ды жиі жасай­ды. Алай­да министр қыз­меті­нен кет­пей­ді, жаза­лан­бай­ды. Қаңтар­дағы оқиғаға тіке­лей кінәлі екені де анық. Е.Тұрғынбаев дереу қыз­мет­тен кетіріл­сін және жау­ап­кер­шілік­ке тартылсын;
  • Қаңтар қасы­ретін зерт­теп, зер­де­леп, ақиқатқа көз жет­кі­зу, халы­қа­ра­лық заң талап­та­ры­на сәй­кес баға беру үшін, БҰҰ-ның, бедел­ді халы­қа­ра­лық үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың сарап­шы­ла­ры, маман­да­ры мен өкіл­дері шақыртылсын;
  • лаң­кестер­ді, аран­да­ту­шы­лар­ды, ұрлық жаса­у­шы­лар­ды аны­қтау, айып­тау және жаза­лау кезін­де заң талап­та­ры қатаң сақтал­сын. Жазы­қ­сыз, бұл­тарт­пас дәлел­сіз ешбір аза­мат жаза­ға тар­тыл­ма­сын; олар­дың ісі алқа билер сотын­да қаралсын;
  • жоға­ры­дағы талап­тар­ды 2022 жыл­дың 1 науры­зы­на дей­ін іске асы­ру мем­ле­кет бас­шы­сы Қ.-Ж. Тоқа­ев­тан талап етіл­сін. Халық сай­ла­маған пре­зи­дент Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­ры­ның сақта­луы­на кепіл­дік бола алма­ды. Көп­те­ген адам­дар­дың өлі­міне әкел­ген оқиғаға бай­ла­ны­сты жібер­ген қателік­тері, билік­тің бей­біт жол­мен ауы­суы үшін қажет­ті сая­си рефор­ма жаса­маға­ны, жалған мәлі­мет­тері үшін Қ.-Ж.Тоқаевқа ақпан айы­ның соңын­да қыз­мет­тен кетуі тиісті­гі қатаң ескертілсін!

Халық – билік­тің қай­нар көзі. Халы­қ­пен сана­спай­тын мем­ле­кет­ті басқа­ру­шы­лар­ды кел­ті­ру де, кеті­ру де халы­қтың қолын­да. Біз өз құқы­ғы­мы­зды пай­да­ла­нып, бей­біт жол­мен, митин­гілер, шеру­лер, нара­зы­лық шара­ла­ры арқы­лы мақ­са­ты­мы­зға жете­міз. Біз енді аран­да­ту­шы­ларға, қай тарап­тан шық­са да, мүм­кін­дік бер­мей­міз! Бір­лі­гі­мізді арт­ты­ру арқы­лы жеңіс­ке жетеміз!

Алма­ты қаласы,

13 ақпан 2022 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн