Пятница , 4 июля 2025

АЛТЫНБЕКТАНУ бағыты басталды

  • 2006 жылы қастан­ды­қ­пен өлтіріл­ген оппо­зи­ция лидері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның туға­ны­на 60 жыл толуы­на арналған ғылы­ми кон­фе­рен­ци­яда ашы­лған көр­ме­ден көрініс сурет­тер. Алма­ты, 6 қазан 2022 жыл.

Жуықта Алма­ты­да сая­сат­кер, оппо­зи­ция қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның туға­ны­на 60 жыл толуы­на арналған ғылы­ми кон­фе­рен­ция өтті. Ғалым­дар «оппо­зи­ция бел­сен­дісінің сая­си мұра­сын зерт­теу арқы­лы Алтын­бек­та­ну­дың ғылы­ми тұғы­рын жасап, сол арқы­лы қоғам­дық-әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу маңы­зды­лы­ғын» атап өтті.

– Тарих, фило­ло­гия, әле­умет­та­ну, қоғам­та­ну, сая­сат­та­ну, жур­на­ли­сти­ка ғылы­мын­да Алтын­бек­та­ну деген бағы­тқа түрен салын­ды. Енді ғылы­ми негіз­де сарап­тап, Алтын­бек­тей тұлға­ның қалып­та­суы­ның негізі неде? Алтын­бек­тің рухы кей­ін­гі ұрпақтарға жұғы­сты болуы үшін қайт­пек керек? Қалай зерт­теу керек? Қай бағыт­та, қай қыры­нан алып сара­лау керек деген мәсе­ле­лер қозғал­ды, – дей­ді кон­фе­рен­ция ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры­ның бірі Сағат­бек Медеубекұлы.

Жиын­да совет дәуірін­де тәр­би­е­леніп, Мәс­ке­уде білім алса да, «ұлт­сыздан­баған» сая­сат­кер­дің «билік басын­да жүріп те, жүй­енің қателік­терін көріп, соны дұры­стау үшін күш салға­ны» айтыл­ды. Сая­сат­кер­дің өмірі мен сая­си жолын зерт­теу маңы­зды­лы­ғы сөз болды.

«Тәу­ел­сіз елдің тәу­ел­сіз аза­мат­та­ры өздері үшін және бола­шақ ұрпағы үшін бей­біт сая­си күре­сті бүгін бастай­мын десе, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның сая­си мұра­сы темірқа­зық болуға дай­ын», – деді баян­да­ма­сын оқы­ған сая­сат­та­ну­шы Шалқар Нұрсейіт.

Кон­фе­рен­ция бары­сын­да Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның жаз­ба­ла­ры мен ол тура­лы жазы­лған мақа­ла­лар топ­та­сты­ры­лып шыға­ры­лған екі кітап таны­сты­рыл­ды. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар үшін­ші томға осы кон­фе­рен­ция бары­сын­да оқы­лған баян­да­ма­лар енгізілетінін жеткізді.

  • Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы 1993–2001 жыл­дар ара­лы­ғын­да ҚР Қоғам­дық келісім және ақпа­рат мини­стр­лі­гін басқарған. Кей­ін Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы, Қаза­қстан­ның Ресей­де­гі елшісі бол­ды. 2003 жылы оппо­зи­ци­яға өтіп, билік­ті сынады.
  • 2006 жыл­дың 11 ақпа­нын­да Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен екі көмек­шісін Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің «Ары­стан» арнайы жасағы­ның офи­цер­лері ұрлап әкетіп, екі күн­нен кей­ін үше­уінің мәй­іті Талғар ауда­нын­дағы Көк­тө­бе ауы­лы­ның маңын­дағы сай­дан табыл­ды. Қастан­ды­ққа тап­сы­рыс беру­ші ретін­де әуелі сенат аппа­ра­тын басқарған Ержан Өтемб­а­ев айып­ты деп таныл­ды. Кей­ін бұл қыл­мыс экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың бұры­нғы күй­еу бала­сы, марқұм Рахат Әли­ев пен ҰҚК-нің экс-төраға­сы Әлнұр Мұса­евқа таңылды.
  • Бұған дей­ін Алма­ты облы­сын­дағы елді мекен­де сая­сат­кер оқы­ған мек­теп­ке Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның есі­мі беріл­ген бола­тын.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн