Пятница , 4 июля 2025

Алтынбекті КІМ АТТЫ?

Осы­дан 14 жыл бұрын мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, қаза­қтың арда аза­ма­ты Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен оның көмек­шілері Бауы­р­жан Бай­бо­сын, Васи­лий Журавлев қан­ды қарақ­шы­лар­дың қолы­нан мерт бол­ды. Осы қара­лы күн­ді еске алуға арналған «дөң­ге­лек үстел» Алма­ты­дағы «Аста­на» қонақүй­ін­де өтті. Шара­ны ұйым­да­сты­рған «Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы атын­дағы қоғам­дық қоры» (төраға­сы – мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Төле­ген Жүке­ев). Бұл шараға қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері Бал­таш Тұр­сым­ба­ев, қоғам қай­рат­кері Бах­ты­лы Түме­но­ва, бел­гілі ком­по­зи­тор Қал­ды­бек Құр­манәлі, қоғам қай­рат­кері Жан­бо­лат Мамай және құқы­ққорға­у­шы­лар мен қоғам өкіл­дері қатысты.

Жиын­да басты баян­да­ма­ны (8–9‑бетті қараңыз) Алты­кен­нің аға­сы, қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы мен бел­гілі құқы­ққорға­у­шы Евге­ний Жовтис жасап (газет­тің алдағы номерін­де жари­я­ла­на­ды), Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұмәді­лов, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры Есенға­зы Қуан­ды­қов және басқа­лар сөз сөйледі.

Дөң­ге­лек үстел­ге қаты­су­шы­лар Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның есі­мін өзі оқы­ған орта мек­теп­ке, Алма­ты қала­сын­дағы бір көше­ге, гума­ни­тар­лық жоға­ры оқу орын­да­ры­ның біріне беру жөнін­де билік­ке ресми ұсы­ныс жасау жөнін­де баста­ма көтер­ді. Бұл баста­ма бұрын да көтеріліп, ел аза­мат­та­ры қол жинап, құзыр­лы орын­дарға жол­даған еді. Жиналған қауым баста­ма­ны біра­уы­здан қолдады.

Қаб­деш ЖҰМӘДІЛОВ, Қаза­қстан­ның халық жазушысы:

ЖАУАП БЕРЕТІН УАҚЫТЫ ЖЕТТІ

Алтын­бек­тің орны ойсы­рап тұр, ол қазір біз­ге керек еді, қоғам былы­ғып, быт-шыт, түсі­нудің өзі қиын­дап кет­ті. Алтын­бек пен Заман­бек­ті толы­сып тұрған кезін­де жой­ып жібер­ді, мақ­сат­та­ры – шын­ды­қты айтқы­з­бау. Қазір­гі билік өзінің сая­са­ты­ның халы­ққа қар­сы екенін білді.

Билік шын­ды­қты айта­тын халы­қтан өлер­дей қоры­қты, Алтын­бек­ті қыр­шы­ны­нан қиып, оққа бай­ла­ды. Алтын­бек аз жыл­дың ішін­де билік­тің бол­мысын, табиға­тын жілік­теп тұрып айтып берді.

Бүгін­гі болып жатқан оқиға­ларға Алтын­бек­тің көзі­мен қара­уы­мыз керек. Мәсе­лен, бір апта­ның алдын­дағы Қор­дай­дағы жан­жалға үкі­мет­тік комис­сия бар­ды десіп жатыр. Төбе­ле­стің қан­дай жағ­дай­да болға­нын бай­қа­дым. Өштес­кен адам­дар­дың ара­сын­да адам өлі­мі болған. Масан­шы­да кім тұрға­нын біле­міз, бірақ теле­ди­дар­да, не газет­тер­де «дүң­ген» деген бір ауыз сөз жоқ, жасы­ра­мыз, «бұза­қы­лар» дей­ді: аспан­нан пара­шют­тен бұза­қы­лар түс­кен сияқты. Қай­дан кел­ген бұза­қы­лар екенін ешкім айт­пай­ды, адам төз­гісіз әділет­сіздік, шыдам­ның тау­сы­лған жағ­дайы осы­ған жеткізген.

Дүң­ген деген қиын халық, жәй­іл ұлт. Діні мұсыл­ман болға­ны­мен, тілі мен мінезі – қытай. Қытай­дың Гань­су, Шин­хай өлке­лерін­де 10 мил­ли­он­дай дүң­ген тұра­ды. Осы 10 мил­ли­он дүң­ген 1 мил­ли­ард қытай­ға қырық-елу жыл­да ғаза­уат жари­я­лап тұра­ды. Қытай мил­ли­ард екен деп қаймықпайды.

Біз­де­гі халы­қтар ансам­блі дей ме, ассам­блея ма еді, ширек ғасыр­дан бері солар­ды үкілеп, асы­рап отыр­мыз. Ұлт­тар досты­ғын қолын­да ұстап отыр деп наси­хат­тай­мыз, бірақ дүң­ген мен қазақ төбе­лесіп жатқан­да, іші­нен бір ада­мы бар­мап­ты. Осы түк бітір­ме­ген, сеп­ті­гі жоқ ассам­бле­я­ны тара­та­тын уақыт жет­ті. Оған қан­ша­ма шығын жұмсалуда?

Назар­ба­ев­ты жыл сай­ын Нобель сый­лы­ғы­на ұсы­на­тын­дар­дың бірі – осы ассам­блея. Дүние жүзін­де­гі дін өкіл­дерін жинап, құры­л­тай аша­мыз, бірік­тір­мек­піз, тату­ла­стыр­мақ­пыз дей­ді. Оны кім­дер істеп жатыр? Оны да кеше­гі ате­и­стер, ком­со­мол­дар жасап жүр. Бірік­кен кім бар? Сун­нит пен шейт­ке бөлі­нетін ислам­ның басы қосыл­май­ды. Олар Қаза­қстан­дағы ком­му­ни­стер айт­ты екен деп қосы­ла қала ма? Сон­ды­қтан ассам­бле­я­ны тарқа­ту керек. Билік­тің мой­нын­дағы қыл­мысты тізе бер­сең, тау­сыл­май­ды. Жау­ап беретін уақы­ты жетті!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн