Пятница , 4 июля 2025

Алтынбекті КІМ АТТЫ?

  • Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлын, оның қасын­дағы серік­тері Бауы­р­жан Бай­бо­сын­ды, Васи­лий Журавлев­ті қаза­ға ұшы­ратқан қастан­ды­қтың құпи­я­сы әлі толық ашы­лған жоқ. Адам ұрла­у­ға және олар­ды атуға тап­сы­рыс беру­ші неме­се тап­сы­рыс беру­шілер­дің шынайы аты-жөні ресми түр­де атал­ма­ды. Бұл істе­гі ең негіз­гі басты тұлға­лар таса­да қал­ды. Қосақ ара­сын­дағы­лар, қожа­сы­ның құл­да­ры, тап­сыр­ма­ны орын­да­у­шы­лар сот­та­лып, жаза­ға тартылды.

Жарты­кеш шын­ды­қты толы­қты­ра­тын, тура­сын жария ететін кез енді кел­ді. Ол үшін қасірет­ті күн­дер­дің алға­шқы сәтін­де-ақ күдік­ке ілік­кен бей­мәлім емес, керісін­ше, аса таны­мал бей­не­лер­дің әре­кетін сара­лап көрей­ік. Біздің де, халы­қтың да көңілін­де тұрған сұрақтар­дың жау­а­бын тер­геу және сот бары­сын­да айқын­да­уға болар еді. Бірақ сол билік басын­дағы күдік­тілер істі қасақа­на басқа бағы­тқа бұрғы­зды. Олар­дың қыл­мысты жабу­дағы қитұрқы­лы­қта­ры уақыт өткен сай­ын айқын­да­ла түсті.

Нақты­лы деректер­ге назар аударайық.

2001 жыл, 7 қара­ша. Қаза­қстан­дағы теле­ар­на­лар­дан пре­зи­дент Н.Назарбаев пен оның күй­еу бала­сы­ның жады­раңқы кей­іп­те сөй­лесіп оты­рға­ны көр­сетіл­ді. Сон­дағы Назар­ба­ев­тың айтқаны:

  • «Я хочу ска­зать свое разъ­яс­не­ние по вопро­су, кото­рый воз­ник в нашем обще­стве, тем более каса­ет­ся мое­го род­ствен­ни­ка. Про­изо­шло рядо­вое собы­тие. Оце­нив обста­нов­ку, Р.Алиев подал про­ше­ние об отстав­ке с долж­но­сти пер­во­го заме­сти­те­ля пред­се­да­те­ля КНБ. Я думаю, как офи­цер посту­пил пра­виль­но в этой ситу­а­ции. Рабо­тал нор­маль­но, пре­тен­зий к нему лич­но по служ­бе не было. Учи­ты­вая его опыт, назна­чил зам­на­чаль­ни­ком служ­бы охра­ны пре­зи­ден­та. Кому меня охра­нять, поз­во­ле­но решать мне».

2001 жылы пре­зи­дент Н.Назарбаев өз күй­еу бала­сын жұрт­шы­лық алдын­да ақта­ды әрі жақтап сөй­леді. Олай етуінің қоғам­дық-сая­си мәні бар еді. Авто­ри­тар­лық билік­ті нығай­туға кіріс­кен отба­сы демо­кра­ти­я­ны қала­ма­ды. Гине­ко­лог-дәрі­гер Р.Алиевті қай­ын ата­сы ҰҚК басты­ғы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры етіп қой­ды. Оған да кере­гі сол бола­тын. Сая­сат­кер­лер­ді, биз­не­смен­дер­ді, жур­на­ли­стер­ді қуда­ла­ды, қысым көр­сет­ті. Әйелі Дариға еке­уі ақпа­рат құрал­да­рын өз қол­да­ры­на шоғыр­лан­дыр­ды. БАҚ-ты пай­да­ла­нып, қар­сы­ла­ста­рын масқа­ра­ла­ды. Ақпа­рат соғы­сын баста­ды. Тіп­ті қызды-қызды­мен ата­сы­ның да артын аша баста­ды. Пре­зи­дент­тің денінің саулы­ғы­на күдік туды­рар­лық жайт­тар­ды сайт­та­ры арқы­лы көп­шілік­ке мәлім етті. Ал Әли­ев бол­са, өзін күрес­кер, үкі­мет­тің шынайы иесі сияқты көр­се­ту­ге мықтап кірісті. Дариға Назар­ба­е­ва да сая­сатқа ара­ла­сты. «Хабар­ды» басы бүтін ием­ден­ді. Билік құруға, үстем­дік жаса­уға құл­шы­ны­сын жасыр­ма­ды. Әли­ев-Назар­ба­е­ва отба­сы пре­зи­дент­тік құзы­рет тіз­гіні өздерінің қолы­на өтуі тиіс деп есеп­те­ді. Сон­дай желі­гу­мен мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға, билік­ті басып алуға дайындалды.

Рахат­тың астам­шы­лы­ғы­на қар­сы даб­ыл алғаш рет пар­ла­мент қабы­рға­сын­да қағыл­ды. Депу­тат Төлен Тоқ­та­сы­но­втың әшке­ре­ле­уі­нен кей­ін, мем­ле­кет­шіл топ сая­си рефор­ма жаса­уға, қоғам­ды демо­кра­ти­я­лан­ды­руға, сөз бостан­ды­ғы­на төн­ген қатер­ге қар­сы топ­та­са бастады.

Сол кез­де Қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы, пре­зи­дент­тің кеңес­шісі қыз­метін­де­гі Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­на пре­зи­дент тіке­лей тап­сыр­ма бер­ді. Күй­еу бала­сы­ның өзіне ақпа­рат­тық аран­да­ту­лар жаса­уы­ның жөнін, қан­дай қатер­лі іске барға­нын аны­қта­уды тап­сыр­ды. Баста­пқы­да өтініш ретін­де, жалы­ны­шты кей­іп­пен сұрайды.

Алтын­бек: «Бұл сіз­дер­дің отба­сы­лық жеке мәсе­леңіз. Туы­сы­ңы­здан өзіңіз ашық сөй­лесіп біліңіз. Комис­сия құрып, ресми түр­де біздің ара­ласқа­ны­мы­з­бен, соңын­да сіз өз жақы­ны­ңы­зды жақтай­ты­ны­ңыз анық қой» дей­ді тура­сы­на көшіп.

«Менің қауіп­сізді­гім – мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гі. Ал сен соған жау­ап­ты қыз­мет­тесің. Ішкі істер мини­стрі, ҰҚК төраға­сы, бас про­ку­рор комис­си­яға кір­сін, жедел аны­қтаң­дар! Оның сатқын­дық жаса­рын біл­ген­мін, оңбаған ол ит…» деп, Назар­ба­ев күй­еу бала­сын балағат­тай­ды. (Мұны маған інім ретін­де кей­ін Алты­кен­нің өзі айтқан болатын).

Құры­лған комис­сия жедел түр­де, жан-жақты жұмыс істей­ді. Мәс­ке­уде­гі ақпа­рат тара­та­тын сайт­тың қыз­мет­керін Алма­ты әуе­жай­ын­да ұстай­ды. Өзінің қожа­сы Р.Әлиевтің құдірет­тілі­гіне, ертең-ақ ел басқа­ра­ты­ны­на ол әбден сенім­ді екен. Темір есік­ті теп­кілеп айбат шегеді. Рахат­пен сөй­ле­стіруді талап ете­ді. «Роха әке­леріңді таны­та­ды!» деп қорқыт­пақ бола­ды. Түр­ме ішіне Әли­ев­тің ұсталға­ны, билік­ті басып алмақ болға­нын мой­ын­дап, пре­зи­дент­тің аяғы­на жығы­лып, кешірім сұраға­ны, қасын­дағы­лар­дың бәрін көр­сетіп жатқа­ны тура­лы лақап әңгі­ме­лер тара­ты­ла­ды. Сон­ша­лы­қты ила­ным­ды айты­лған ақпа­рат­тар үдей түседі. Оған сен­бес­ке лажы қал­маған әлгі тұтқын­ды үрей билей­ді. Өзінің жаза­сын жеңіл­де­ту үшін тер­ге­уші­ге сұра­на­ды. Біл­ген­дерін, Әли­ев­тің бер­ген тап­сыр­ма­ла­рын, оны қалай, кім арқы­лы орын­даға­нын тегіс баян­дап, жазып береді. Рахат­тың Алма­ты мен Аста­на­дағы әртүр­лі нысан­дар­ды күзет­ке алған, мықтап қару­ланған жасақта­ры болған. Олар бір сәт­те залал­сыздан­ды­ры­лып, тара­ты­ла­ды. Р.Әлиевтің өзі бун­керіне тығы­ла­ды. Тапан­ша­сы­мен аты­лып өлмек бола­ды. Бірақ оған баты­лы жетпейді…

Жоға­ры­дағы пре­зи­дент пен оның төң­керіс­шіл күй­еу бала­сы­ның теле­ар­на­лар­да сөй­ле­генін кеш­кі ақпа­рат­тан көр­ген­де, Алты­кен­нің: «Ол (Назар­ба­ев – Р.С.) бізді сатып кет­ті!» дегені ойым­нан ешқа­шан кет­пей­ді. Билікқұ­мар Р.Әлиевтің бір жолғы қау­пі­нен жеңіл құты­лған пре­зи­дент қулы­ққа басты. Келеңсіз жайт­ты құпия сақтап, ешнәр­се бол­маған­дай кей­іп таныт­ты. Рахат­ты заң­мен жау­а­пқа тар­ту­дың орны­на, басы­нан сипап қоя бер­ді. Бар болға­ны – қыз­метін ауы­сты­рып, өзінің қасы­на алды. Жеке басы­ның және отба­сы­ның абы­рой­ын, бір­лі­гін сақтап қалу үшін осы­ған бар­ды. Оның бұл «кешірім­ділі­гі» ақы­рын­да үлкен қасірет­тер­ге ұрындырды.

Назар­ба­ев авто­ри­тар­лық билік жүй­есіне қар­сы­лы­ғын және оған жол беру­ге бол­май­ты­нын ашық мәлім­де­ген адам­дар­дан қоры­қты. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі, биз­не­сте­гі жаңа­шыл, жігер­лі, мем­ле­кет­шіл жастар­дан сақтан­ды. Оның алдын­да таң­дау тұр­ды: Рахат­ты қорғау керек пе, әлде демо­крат­тар­ды қол­дау керек пе деген. Еке­уі­нен де өзіне қатер бар. Ақы­рын­да авто­ри­тар­лық жүй­ені жақтай­тын күй­еу бала­сын артық сана­ды. Сая­си өзгеріс жаса­уды қалай­тын­дарға басым­дық бер­гісі кел­меді. Алдағы уақыт­тар­да тар­тыс бола­ры сөз­сіз. Сон­да тізер­леп тұрып кешірім сұрап, адал болуға ант-су ішкен әрі ет жақын­да­ры кепіл­дік еткен күй­еу бала­сын пай­да­ла­ну­ды ойла­ды. Билі­гіне демо­кра­ти­я­ны ту еткен­дер­ден қауіп төн­се, өзі секіл­ді авто­кра­ти­я­ны қалай­тын Р.Әлиев жәр­дем­ге келеді деп үміт­тен­ді. Сон­дай бақай есеп­пен оның төң­керіс жаса­уға әре­кет­тен­генін кеші­ре сал­ды. Қыл­мыстық іс қозға­тып, сотқа тар­тқы­з­ба­ды. Арам пиғы­лын көр­сетіп алған қызы­ның күй­е­уіне аса сен­бе­се де, қасын­да ұста­уды жөн көр­ді. Өз отба­сын­дағы былы­қтар­ды, өлген­ше билік­тен кет­пеу мақ­са­тын, т.б. ашып қой­ма­сын деп, айлаға көшті. Алай­да Назар­ба­ев­тың сол кез­де­гі қулы­ғы кей­ін өзіне жаман­ды­қ­пен оралды.

2001 жылғы төң­керіс жасау әре­кетінің болға­нын Р.Әлиевтің ақы­л­шы досы, қан­ды­ба­лақ жоры­қ­шы­сы Әлнұр Муса­ев Ермек Нарым­ба­ев­пен сұх­бат­та­рын­да ашық айт­ты. Қаза­қстан билі­гі 2001 және 2007 жыл­да­ры мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға әре­кет­тен­ген Әли­ев пен Муса­ев­ты шетел­ге қашып кет­кен соң, сырт­тай сот­та­ды. Н.Назарбаев Р.Әлиевті 2001 жылы қорғап қалға­ны­на кей­ін өкін­ген шығар. Өкін­бей қайт­сын: «асы­раған күші­гі» ескі әдетін қай­та­лап, екін­ші рет, 2007 жылы тағы да тағы­нан тай­ды­рып, билік­ті алмақ бол­са! Бұл жолы ол өзінің иелі­гін­де­гі «Нұр­банк­тің» екі қыз­мет­керін ақшам­ды ұрла­ды деп, қинап өлтір­ген қыл­мысы әшке­ре болған сәт­те жаза­дан құтқа­ра­тын жалғыз жол – билік­ті басып алу деп есеп­те­ді. Сөйт­кен ол Муса­ев­пен бір­ге бұрын­нан дай­ын­даған жос­па­рын шұғыл түр­де іске асы­ра­мын деп жүріп, ағат­тық жаса­ды. Оның сол қателі­гі жөнін­де Ә.Мусаев былай дейді:

  • «Рахат был силь­но вла­сто­лю­би­вый, для меня власть это тоже тягость, как у вся­ко­го нор­маль­но­го чело­ве­ка, как у всех людей. Рахат стре­мил­ся к это­му. В 2007 году я уже собрал в офи­се доста­точ­но неза­ви­си­мых людей, и мы поти­хонь­ку созда­ли обще­ствен­ное мне­ние о том, что Рахат при­дет к вла­сти. В 2007 году мы зано­во гото­ви­ли то, что гото­ви­ли в 2001 году. Кон­троль за всей вла­стью я лич­но взял под кол­пак: все теле­фо­ны, все свя­зи, наруж­ное наблю­де­ние, видео­ком­про­мат. Создан­ное мною «управ­ле­ние в под­держ­ку пре­зи­ден­та» собра­ло пол­но­стью инфор­ма­цию, в каком состо­я­нии нахо­дит­ся Назар­ба­ев, все его окру­же­ние. В 2007 году был готов мате­ри­ал, что­бы сверг­нуть эту власть. В КНБ, Служ­бе охра­ны пре­зи­ден­та – свои люди, МВД тоже. Все были гото­вы. Про­изо­шла утеч­ка. Рахат – он не чекист. Что­бы напу­гать Назар­ба­е­ва, дал Саре запись раз­го­во­ра с Асель (токал Асель Иса­ба­е­ва – ред.), что­бы она демо­ра­ли­зо­ва­ла Назар­ба­е­ва. Она гово­ри­ла об этом Тас­ма­гам­бе­то­ву. Инфор­ма­ция дошла до само­го Назар­ба­е­ва. У него воло­сы дыбом. При­ка­зы­ва­ет раз­би­рать­ся. Гили­мов и его друг огра­би­ли банк, пере­ве­ли на Раха­та Али­е­ва. Рахат бежит в Австрию».

Егер Р.Әлиевті 2001 жылғы қыл­мысы – мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­уға әре­кет­тен­гені үшін түр­ме­ге оты­рғы­зған­да, 2006 жылғы ақпан­дағы үш адам­ның, 2007 жылы «Нұр­банк­те­гі» екі аза­мат­тың бала­ла­ры, туы­ста­ры қай­ғы­ға душар бол­мас еді! Бұл қыл­мыстар­дың жаса­луы­на жол ашып бер­гені үшін, пре­зи­дент билі­гін ием­деніп алып, ойы­на кел­генін істе­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев жау­ап­ты. Ол қыл­мыс­кер Р.Әлиевті, біздің білетіні­міз, екі рет қыл­мыстық жау­ап­кер­лік­тен құтқа­рып жібер­ді. Біліп тұрып. Бірін­шісі – Рахат Әли­ев­тің 2004 жылы өзінің көңіл­десі болған А.Новикованы Бей­рут­те өлтірт­кіз­гені. Екін­шісі – Алтын­бек­ке, Бауы­р­жанға, Васи­лий­ге сая­си тап­сы­ры­спен жасалған қастан­дық. Бірін­ші қыл­мыстық іс тура­лы Қаза­қстан­ның про­ку­ра­ту­ра­сы тек 2008 жылы ғана мәсе­ле көтер­ді. Онда да «Нұр­банк­тің» қыз­мет­кер­лері Жол­дас Темірә­ли­ев пен Айбар Хасе­но­вті ұрлап әкетіп, өлтір­ген­дері әшке­ре болған соң. Егер Р.Әлиев 2007 жылы қай­ын ата­сын тақтан тай­ды­руға екін­ші рет әре­кет етпе­ген жағ­дай­да, бұл істі де жапқы­зып таста­уы неме­се күй­еу бала­сы­ның кінәсін басқа біре­у­ге арта салуы мүм­кін еді. Өтемб­а­ев сияқты бір бей­ша­ра­ны құр­бан­ды­ққа шалу оларға сөз емес.

Сенат аппа­ра­ты­ның жетек­шісі, сол кез­де­гі сенат төраға­сы Нұр­тай Абы­қа­ев­тың қамқор­лы­ғын­дағы Ержан Өтемб­а­ев­ты аса ауыр қыл­мысқа тап­сы­рыс беру­ші ретін­де 2006 жылы сот­та­ды. Айып­тау мен сот қыл­мыстың мотивін негіз­деу үшін, «Вре­мя» газетін­де 2003 жылы қазан-қара­ша айла­рын­да шыққан «Но пора­же­нье от побе­ды ты сам не дол­жен отли­чить..» және «Спи­сок будет про­дол­жен!» деген мақа­ла­лар Өтемб­а­ев­тың намысы­на тиген, ол сон­дай жек­көру­шілік­тен барып, А.Сәрсенбаевты өлтіру­ге адам жал­даған, сол үшін банк­тен кре­дит алған деген қисын­сызды­ққа бар­ды. Екін­ші мақа­ла­да Өтемб­а­ев­тың аты-жөні мүл­де атал­маған. Ал бірін­шісін­де «Қаза­қстан­ның стра­те­ги­я­лық дамуы 2030» бағ­дар­ла­ма­сы тура­лы сын пікір­лер жазы­лған. Өтемб­а­ев осы бағ­дар­ла­ма­ны дай­ын­да­у­шы­лар­дың бірі. Мақа­ла­дағы сын пікір жеке оның өзіне бағыт­тал­маған. Сот­та Өтемб­а­ев Сәр­сен­бай­ұ­лы­мен өште­сті­гім, бас араз­ды­ғым жоқ деді. Мақа­ла­ларға сон­ша­лы­қты рені­шті еме­сті­гін айт­ты. Куәлар да ол екі кісі мей­рам­ха­на­да жолы­ққан­да бас изесіп аман­дасқан деді. Және ара­да үш жыл өткен соң, баяғы­да ұмыт болған мақа­ла­ны еске алып, жыны ұстай­тын­дай Өтемб­а­ев еса­лаң емес. Мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның қасын­да жүр­ген ақыл-есі бүтін адам. Араққа үйір­лі­гі барын біл­се де, бас­шы­ла­ры шет­ке қақ­паған үлкен қыз­мет­кер. Газет­те­гі мақа­лаға бола қыз­меті төмен­деп, зардап шек­пе­ген. Өтемб­а­ев­ты біз сот бары­сын­да, кей­ін де шын­ды­қты айтуға шақыр­дық. Бірақ ол өзін құр­бан­ды­ққа шалған «қамқор­шы­ла­ры­ның» құпи­я­сын айтуға жара­ма­ды, түр­ме­ден шыққан соң, көп ұза­май өмір­ден өтті.

Ержан Өтемб­а­ев кім­ді қорғап қал­ды? Ол нелік­тен біре­удің жасаған қыл­мысын өз мой­ны­на алды?

Рас, Өтемб­а­ев пен сот­та­лушы /Рустам/ Ибра­ги­мо­втың ара­сын­да бұрын­нан бай­ла­ныс болған. Жер сату, құры­лыс салу, банк­тер­дің неси­есін пай­да­ла­ну сияқты тір­лік­тер­мен айна­лы­сқан. Ол еке­уін адам ұрлау және өлті­ру мақ­са­тын­дағы аса ауыр қыл­мысқа итер­ме­ле­ген не нәр­се, неме­се кім? Өтемб­а­ев­тың мақа­ла­дағы сыни пікір­ге бола жек көр­ген ада­мы­м­ен өштесіп, кек алмай тын­бай­тын, мінезі шақар, төбе­лесқұ­мар, қаны­пе­зер жан еме­сті­гіне көз жет­кіз­ген­дей­міз. Керісін­ше, ол момын, бай­сал­ды, ұстам­ды, қатыг­ездік­тен ада, жұм­сақ мінезді сияқты көрін­ді. Оны тани­тын­дар осы­лай мінез­деді. Мақа­ла­да жазы­лған­дар ар-намысы­на тисе, сотқа жүгініп, заң арқы­лы ұпай­ын түген­дер еді. Қара­жа­ты бар, сотқа ықпал ету­ге қауқар­лы. Сая­сат­тағы Сәр­сен­бай­ұлын жария түр­де­гі сотқа сүй­ре­леп, «жеңіс­ке» жетіп, қожа­ла­ры­на да бір көрініп қалар еді. Сон­ды­қтан газет­те­гі мақа­лаға күй­ініп, ұрып-соғуға тап­сы­рыс жасай­тын ол сон­ша­лы­қты ақы­мақ деу – жөн­сіз. «Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның сая­си ұста­ны­мы­на келіс­пей­мін. Оның іс-әре­кеті қоғам­да бүлік туғы­зуы мүм­кін» деген пікір­де­гі Е.Өтембаевтың – сенат­тағы жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­кер­дің сая­сат­кер­ді ұрып-соғуға, өлтіру­ге тап­сы­рыс жаса­уы мүм­кін бе? Егер осы­ған сен­сек, бұл «тап­сы­рыс беру­шіні» де тер­рор­ды ұйым­да­сты­ру­шы­лар қата­ры­на қосу керек!

Тер­геу тобын­дағы­лар­дың көр­се­туіне қараған­да, «чекист» Муса­ев «жар­ты­лай бан­дит, жар­ты­лай мент» Ибра­ги­мо­вті пай­да­ланған. Оның Өтемб­а­ев­пен сыбай­ла­сты­ғын біл­ген және оны кәде­ге жаратқан. Муса­ев – қыл­мыстық қитұрқы­лы­қтар­ды қол­дан жаса­удың кәсіп­тен­ген мама­ны. Қан­ды жос­пар­ды жүзе­ге асы­рған­да, аңғал Өтемб­а­ев­ты әдейі іске қос­са керек. Өтемб­а­ев­тың арғы жағын­да Н.Абықаевтың тұрға­нын, ал оның Р.Әлиевпен қас­тас екенін ескер­сек, Назар­ба­ев­тың ең сенім­ді сері­гін құла­туға бұл тап­тыр­май­тын мүм­кін­дік. Әли­ев-Муса­ев тобы Өтемб­а­ев ұсталған соң, өзіне тап­сыр­ма беріп жүр­ген Абы­қа­ев­ты көр­се­те­ді деп ойла­ды. Оның сөзін Ибра­ги­мов қуат­та­уы тиіс. Еке­уінің көр­се­туі бой­ын­ша, Абы­қа­ев тап­сы­рыс беру­ші болып шығады.Қоғамда дүр­бе­лең туа­ды. Назар­ба­ев өзіне беріл­ген адал сері­гін сот­тан сақтап қалар, бірақ сенат төраға­сы қыз­меті­нен амал­сыз кетіреді деп есеп­те­ді. Осы­лай­ша билік­тің өз ішін­де­гі қар­сы­ла­сын құлат­са, пре­зи­дент­ке ықпал­да­рын еркін жүр­гізу­ге кедер­гі-тосқа­уыл бол­май­ды. Арғы жағын­да Әли­ев­тің өзін неме­се оның әйелін таққа әкеліп, ортақ билік құру­дың ауы­лы алыс емес.

Назар­ба­ев­тың сая­си қар­сы­ла­сы, оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің басын бірік­тір­ген жетек­шісі А.Сәрсенбайұлы – екі жақтың да, Назар­ба­ев-Абы­қа­ев және Әли­ев-Дариға-Муса­ев тобы­ның да ортақ жауы. Олар­дың бәрі билік­ті өз қол­да­рын­да ұстап қалу­ды мақ­сат тұтқан­дар. Бұларға Алтын­бек және оның серік­тері талап еткен сая­си рефор­ма жасау, әділ, таза сай­лау өткі­зу – билік­тен, сол арқы­лы келіп жатқан ұшан-теңіз бай­лы­қтан, мил­ли­он­дар мен мил­ли­ард­тар­дан айы­ры­лу! Сол үшін де оны өздерінің жауы санады.

Ортақ мақ­сат­та­ры­на жет­кі­зетін жос­пар­ды іске асы­ру бары­сын­да Рахат­тың тобы өз мүд­де­лерін көз­деп, «одақ­та­ста­рын» сатып кет­се керек. Яғни, Өтемб­а­ев – сол сатқын­ды­қтың құр­ба­ны болып шығады.

Өтемб­а­ев қана емес, Әбі­ке­нов деген қаны­пе­зер басқарған «Ары­стан» жен­дет­тері де құр­бан­ды­ққа шалын­ды. Жол­ды бөгеп, көлік­ті тоқта­тып, адам­дар­ды күш­теп әкет­кен және бел­гілі жер­ге жет­кіз­ген бұл ары­стан­дық қыл­мыс­кер­лер Е.Әбікенов, Р.Еспенбетов, Е.Ералиев, А.Тәжі, Е.Қасымов қаза тапқан­дар­дың теле­фон­да­рын тара­тып алған. Соны­мен хабар­ласқан­дар­ды бай­ла­ныс құрал­да­рын қадаға­лай­тын­дар аны­қтап бер­ген. Бан­дит­тер солай­ша ұсталған. Бәл­кім, Муса­ев мақта­ны­шпен айта беретін «пре­зи­дент­ті қол­дау басқар­ма­сын­дағы» сенім­ді адам­да­ры хабар­лаған болар. Қалай десек те, Назар­ба­ев-Абы­қа­ев тобы торға түсті. Түсірт­кен – сатып кет­кен өз сыбай­ла­ста­ры Әли­ев пен Муса­ев. Өтемб­а­ев­тың Ибра­ги­мов­пен қоса кісен­деліп, тұтқын­да­луы назар­ба­ев­тар тобы­ның әшке­ре­леніп қалу қау­пін туғы­зды. Олар «лақты­рып кет­кен­дер­ді», яғни күй­еу мен қыз жағын қуғын­да­туға қоры­қты. Өйт­кені әлгі мүд­де­ле­стері бар­лық құпи­я­ны жария ету­ден және оны дәлел­деп беру­ден тай­ын­бас еді. Оппо­зи­ци­я­лық күш­тер әлсіре­се де, әлі ыды­ра­маған, халық олар­ды қол­дай­тын кезең­де билік­те­гілер өза­ра қырқы­су­дың құр­ды­мға кету­мен бір­дей екенін түсін­ді. Сон­ды­қтан бірін­ші топ екін­шісінің есер­лі­гіне кешірім­мен қара­ды, оларға қыса­стық жаса­удан тартынды.

Сая­си қар­сы­ла­ста­ры­на тер­рор­лық әре­кет­ті бұл екі топ бір­лесіп жос­пар­ла­уы, бір­лесіп іске асы­руы неме­се бірін­ші топ­тың бар­лық іс-қимы­лын жасы­рын түр­де мүл­тіксіз қадаға­лап, бақы­ла­уда ұстаған екін­ші топ ұрым­тал сәт­те сырт­тай ара­ла­сып, өз мүд­де­леріне пай­да­ла­нып кетуі де мүм­кін. Қалай десек те, олар­дың бәрінің мақ­са­ты бір бол­ды. Ол – оппо­зи­ци­я­ның көр­нек­ті қай­рат­керінің өміріне қастан­дық жасау арқы­лы қоғам­да үрей туғы­зу, өздеріне қар­сы шыға­тын­дар­ды қатыг­ездік­пен жаза­ла­удан тай­ын­бай­тын­ды­қта­рын ашық көр­се­ту. Аза­мат­тар­дың сая­си-қоғам­дық іс-әре­кеті үшін одан кек ала­тын­да­рын анық таны­ту. Назар­ба­ев билі­гінің бұл сая­сат­ты әлі күн­ге дей­ін жалға­сты­рып келе жатқан­да­ры­на Жаңаө­зен­де­гі мұнай­шы­лар мен бей­біт тұрғын­дарға оқ атып, қан­ды қырғын жасаға­ны, пикет­ке, митин­гі­ге шыққан­дар­ды жап­пай қуда­лап, сот­тап жатқан­да­ры дәлел!

Прези­дент жағын­дағы­лар тірел­ген тұй­ы­қтан шығу­дың бір жолы ретін­де Өтемб­а­ев пен Ибра­ги­мо­вты деген­деріне көн­діріп, құпи­я­ны аштыр­май таста­уды жөн сана­ды. Түр­ме­де­гі бұл еке­уіне бас про­ку­рор­дың, ішкі істер мини­стрінің, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті адам­да­ры­ның барып, келісім жаса­уы, үгіт­те­уі, қыл­мысым­ды мой­ын­дай­мын дегізіп, пре­зи­дент­тен кешірім сұра­тып, хат жаз­ды­рып алға­ны, т.б. соны айғақтай­ды. Бұлар алда­уға түсті, ола­рын тым кеш біл­ді, Ибра­ги­мо­втың өзі айтқан­дай, «лох» болды.

Өтемб­а­евқа қожай­ын­да­ры – қамқор­шы­ла­ры тара­пы­нан беріл­ген уәде-кепіл­дік­тер орын­дал­ды. Судья Л.Мерекеновтың 2006 жылғы үкі­мі бой­ын­ша, Е.Өтембаев тап­сы­рыс беру­ші және қыл­мысты ұйым­да­сты­ру­шы ретін­де таныл­ды. 20 жылға сот­тал­ды. 2014 жылы Қас­ке­лең­де өткен сот­та судья А.Бейімбетов бұры­нғы айып­тау бап­та­рын өзгер­тіп, Е.Өтембаевты «тап­сы­рыс беру­ші­ден» «итер­ме­ле­уші­ге» ауы­стыр­ды. Жаза­сын өтеу мерзі­мін 13 жылға түсір­ді. 2015 жылы Аста­на маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық соты­ның судья­сы Е. Рахым­бе­ков оны шар­тты түр­де мерзі­мі­нен бұрын босат­ты. Баста­пқы­да 20 жыл­ды арқа­лаған ол 9 жыл­да түр­ме­ден шықты.

Аста­на маңын­дағы коло­ни­яда кіта­п­ха­на­шы­лық жұмыс бер­гізіп, жаза­сын өте­ген­сіт­кен Өтемб­а­ев­тың билік­тің ұшар басын­дағы «борыш­кер­лері» оған риза шығар. Ал жаза­ның 11 жылын қысқар­тқа­ны үшін Абы­қа­ев пен Назар­ба­евқа ол марқұм тірісін­де рах­мет айт­ты ма, жоқ па? «Мем­ле­кет­тің мүд­десін, Нұр­тай мен Нұр­сұл­тан­ның абы­рой­ын, тағын қорғап қалу жолын­да» Өтемб­а­ев қыл­мыс­кер атан­ды. Ден­са­улы­ғын құрт­ты. Тоғыз жыл темір торға тел­мір­ді. Өмір­дің қызы­ғы­нан, мән­сап­тың лепір­тер буы­нан, бәрі­нен құр қал­ды. Ауыр сырқат­тағы әйеліне де қарай алма­ды, өлгенін­де оған топы­рақ та сал­ма­ды. Оның осын­дай бей­ша­ра­лы­ққа ұшы­раға­ны үшін кім жау­ап береді? Тер­ге­уші Г.Машанло ма? Про­ку­рор В.Кириленко ма? Судья Л.Мерекенов па? Тер­геу жүріп жатқан кез­де жолы­ққан, Өтемб­а­ев­ты көн­дір­ген сол кез­де­гі ішкі істер мини­стрі Б.Мұхамеджанов пен оның орын­ба­са­ры Қ.Қасымов, бас про­ку­рор болған Р.Түсіпбеков па? Бұлар тап­сыр­ма мен бұй­ры­қты орын­да­уды ғана білетін, қыз­мет­ке тағай­ын­даған қожа­ла­ры­ның құл­да­ры. Құл­дар­да аза­мат­тық, адам­гер­шілік, сана­лы­лық деген құн­ды қаси­ет­тер бол­май­ды. Бірақ бұл жағ­дай, ада­ми қаси­ет­тер­дің жетіс­пе­ушілі­гі олар­дың ешқай­сысын жау­ап­кер­лік­тен, жаза­дан құтқар­май­ды. Ең ақы­рын­да қия­мет күнін­де тоза­ққа жол­да­ма бер­гі­зеді. Иман­сызды­қтың барар жері сол.

  • (Жалға­сы газет­тің келесі санында)

Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Алма­ты қаласы,

11 ақпан 2020 ж.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн