Воскресенье , 11 мая 2025

Алтынбекті КІМ АТТЫ?

(Соңы. Басы газет­тің 13.02.2020 ж. нөмірінде)

  • Қыл­мыс жаса­уға себеп жағ­дай­ды – мотив­ті негіз­ге ала оты­рып, тер­геу, про­ку­ра­ту­ра, сот айып­кер­дің кінәлі, кінәсізді­гін аны­қтау үшін дәлел-дәй­ек­тер­ге, айғақтарға, куәлар­дың көр­се­ту­леріне, сарап­шы­лар­дың тұжы­рым­да­ры­на, т.б. сүй­е­неді. Мұның бәрі ҚР заң­да­рын­да көр­сетіл­ген. Соған сәй­кес, біз күдік­ті деп санаған төмен­де­гі адам­дар­дың қыл­мысқа баруы мүм­кін екен­ді­гін дәлел­дей­тін негіз­дер­ді, соның ішін­де мотив­тер­ді ішкі істер мини­стрінің, бас про­ку­рор­дың, жоғарғы сот төраға­сы­ның наза­ры­на ұсынамыз.

1. Күй­еу бала­сы­на қаты­сты мотивтер

  • Р.Әлиевтің 2001 жылғы оқиғаға бай­ла­ны­сты А.Сәрсенбаевқа деген өште­сті­гі бар. Оның сол кез­де мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ болған қыл­мысын А.Сәрсенбайұлы жетек­шілік еткен комис­сия толық аны­қтап, дәлел­деді. Бірақ пре­зи­дент Н.Назарбаев қыл­мыстық іс қозға­уға жол бер­меді, күй­еу бала­сын құтқа­рып қалды.
  • Р.Әлиевтің ең жоғарғы билік­ті заң­сыз ием­де­нуіне қауіп­сіздік кеңесінің хат­шы­сы А.Сәрсенбайұлы тосқа­уыл қойды.

Бұл екі тұжы­ры­мға және төмен­де­гі пікір­лер­ге Алтын­бек­тің «Жұма-таймс» (ДАТ) газетіне 2005 жылғы 17 қара­ша­дағы мына сұх­ба­ты дәлел: «ҚДТ қозға­лы­сы­нан бұрын, Р.Әлиевтің ісі орын алға­нын білесіз­дер. Мен соны тек­се­ру­ге қаты­сқан­дар­дың бірі­мін. Назар­ба­ев жек­сен­бі күні Рахат Әли­ев пен оның әкесін қабыл­да­ды, ал сосын оған көмек­те­су­ге және оны бел­гілі жағ­дай­да қорға­уға тыры­сқан адам­дар­дың бар­лы­ғын өзі ұстап бер­ді, өйт­кені ол мем­ле­кет­тің бас­шы­сы ғой. Ал біз тек оны (Назар­ба­ев­ты) емес, кон­сти­ту­ци­я­лық жүй­ені қорға­дық. Біз іс жүзін­де пре­зи­дент­ке елде сая­си бас­сызды­қ­пен айна­лы­суға бол­май­ты­нын дәлел­деп бер­дік. Назар­ба­ев Әли­ев­тің іс-қимы­лы тура­лы толы­қтай хабар­дар бол­ды. Мен оған жеке өзім баян­да­дым және бар­лық құжат­тар мен мате­ри­ал­дар­ды көрсеттім.

Мына­ны қараңыз: Назар­ба­ев Әли­ев­тер­ді қабыл­да­ды да, өз ұста­ным­да­рын өзгер­те сал­ды. Ал Р.Әлиев пре­зи­дент­пен бір­ге теле­ви­де­ние эфи­ріне шығып, жемқор­лы­қ­пен күрес­кенін және «мұн­дай кесел­мен күре­се беретінін» айт­ты. Мен пре­зи­дент­тің дәл қазір жағ­дай­ды ушы­қты­руға бол­май­ты­ны­на, сая­сат тұғыр­на­ма­сын дұрыс таң­да­уы­на көзін жет­кі­зуіне тыры­стым. Бірақ пре­зи­дент басқа жол­ды таң­да­ды. Ол енді қар­сы­ла­ста­рын қай тұрғы­дан да мой­ын­дағы­сы кел­меді. Жари­я­лан­баған соғыс басталды…».

  • ҰҚК төраға­сы болуға мүд­делі әрі дәмелі, оған сенім­ді Р. Әли­ев құдірет­ті меке­ме­де­гі орын­ба­сар­лық лау­а­зым­нан да айы­рыл­ды, пре­зи­дент­тің күзетіне уақыт­ша ауы­сты­рыл­ды, кей­ін одан да сырғы­ты­лып, шетел­ге елшілік­ке кет­ті. Мұның бәріне қыл­мысын ашқан, мем­ле­кет қауіп­сізді­гін қорғаған А.Сәрсенбайұлын кінәлі санады.
  • Сая­сат­кер А.Сәрсенбайұлы отба­сы билі­гін түбе­гей­лі орны­қты­ру­ды ойлаған Н.Назарбаевтың, Р.Әлиевтің халы­ққа керексізді­гін ашық түр­де мәлім етті.

Мәсе­лен, ол «Үштаған» неме­се Қаза­қстан­да әділ сай­лау неге арман» деген мақа­ла­сын­да 2005 жылы қара­ша айын­да былай деп жазды:

«Сай­лау қар­саңын­да үлкен күй­еу бала­сы Р.Әлиевті елге қай­тар­ды. Сыр­тқы істер мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры етіп қой­ды. Құд­ды ұлт­тық қазы­на­мыз секіл­ді арнайы жар­лы­ғы­мен оралт­ты. Биз­не­смен­дер сағы­нып қал­ды деді ме екен? Әлде оның талай теп­кісі­нен өткен оппо­зи­ци­о­нер­лер мен жур­на­ли­стер ұзақ күтіп қал­ды деп ойла­ды ма екен? Осы тағай­ын­дау арқы­лы отба­сы­ның режим­нің сая­си қаңқа­сы­ның маңы­зды құрам­дас бөлі­гі екен­ді­гін бады­рай­та көр­сет­ті. Бұған қанағат­танған Дариға Назар­ба­е­ва өз әкесінің елді 35 жыл бойы басқа­руы қажет екен­ді­гін дүй­ім жұр­тқа жария етті. Сіз қалай ойлай­сыз: отба­сы­ның билі­гі біздің халқы­мы­зға қажет пе? Осын­дай отба­сы­на біздің халық өз еркі­мен дауыс бере ме?». Мұн­дай мысқыл, ащы пікір өздерін құдірет санап жүр­ген Рахат пен Дариғаға ауыр соққы болып тигені анық. Лай­ы­қты жау­ап қай­та­ра алмаған соң, сая­си өрістері тар, құр­ту мен жой­ғанға әуе­стер қар­сы­ла­сы­нан басқа­ша жол­мен кек қай­та­ру­ды неме­се үндерін өшіруді ойлай­ды. Әли­ев те солай.

  • Бас­пасөз мини­стрі кезін­де А.Сәрсенбайұлы Рахат пен Дариға еке­уінің медиа-биз­несіне Қар­жы мини­стр­лі­гі арқы­лы бюд­жет­тен бөл­гіз­ген мил­ли­ард­таған қар­жы­ны заң­сыз деп тоқтатқы­зды, «Хабар­ды» жеке­ше­лен­ді­ру­леріне қар­сы тұрды. 
  • Оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің басын бірік­тір­ген, құрған пар­ти­я­сы халық тара­пы­нан қол­дау тапқан А.Сәрсенбайұлы тұрған­да отба­сы­ның және өзінің билік­тен кетірілетінін Р.Әлиев сезді, сол үрей оны қастық жаса­уға итермеледі.

2. Қызы­на қаты­сты мотивтер

  • Теле­ар­на­ларға, газет­тер­ге ие болған Д.Назарбаева өз ақпа­рат құрал­да­рын мем­ле­кет есебі­нен қар­жы­лан­ды­рып, пай­да табуға ұмтыл­ды. Оған министр ретін­де А.Сәрсенбайұлы келіс­пе­ді. Бәрін өзі қалаған­дай шеш­кізіп әдет­тен­ген пре­зи­дент­тің қызы мұн­дай қар­сы­лы­ққа қат­ты қапа­лан­ды. Әкесіне талай рет шағым­дан­ды, ыза­лан­ды, жек­көру­шілік сезі­мін жасырмады.

Оған дәлел: 2004 жылғы мау­сым­да жари­я­ланған сұх­ба­тын­да Алтын­дек былай деді: «…Біздің ара­мы­зды өте қиын-қыстау жыл­дар бөліп жатыр. Ол өз арна­сы­ның /«Хабар»/ ұлт­тық-мем­ле­кет­тік «Қаза­қстан 1» арна­сы­нан көбірек қар­жы алуы­на ұмты­лып бақты. Ол «Еуразия-ОРТ»-ны мем­ле­кет­тің есебі­нен ұстау үшін басым­дық жаса­уды көз­деді. Сосын ол аяқ асты­нан Бірін­ші ұлт­тық мем­ле­кет­тік арна­ны басқа­руға алуға шешім қабыл­да­ды, бірақ мен ондай мүм­кін­дік бер­медім, бұлай, жеме- жем­ге кел­ген­де, мем­ле­кет­тік арна­ны жеке мен­шік­пен шата­сты­рып алуға да бола­ды ғой».

Бұдан әрі Алтын­бек былай дей­ді: «Пре­зи­дент мұн­да тұрған не жаман­дық бар, егер Дариға қолы­на алып, ол арна­ны көтеріп жат­са деп сұра­ды. Сон­да мен оған элек­трон­дық БАҚ-қа Дариға түбе­гей­лі моно­по­лия орна­та­ды деп түсін­дір­дім. Бәрін бір адам­ның қолы­на өткізіп беру­ге бол­май­ды. Мені Қауіп­сіздік кеңесіне ауы­сты­ра салы­сы­мен, жаңа министр Мұх­тар Құл­мұ­ха­мед оның теге­урініне шыда­май, ұлт­тық арна соның басқа­руы­на көшті».

  • «Қаз­те­ле­ра­дио», «Кател­ко», «Алма-Медиа» сияқты ком­па­ни­я­лар мен Д.Назарбаеваның бай­ла­ны­сы, заң­сызды­қта­ры, ірі хол­динг­тің акци­я­ла­рын иелен­ген, бірақ сон­да көлік айдаған, кей­ін­нен Қаза­қстан­ның Австри­ядағы елшілі­гінің жүр­гі­зу­ші болып, күмән­ді жағ­дай­да қаза­ға ұшы­раған адам тура­лы зерт­теу жүр­гі­зу қажет­ті­гін Алтын­бек мәсе­ле етіп көтер­ді. Бұл да Рахат пен Дариға­ның ашу-ыза­сын туғызды.
  • Министр А.Сәрсенбайұлы «Хабар­ды» иелен­ген Д.Назарбаеваның қар­жы­лан­ды­ру заң­ды­лы­қта­ры мен бюд­жет сая­са­тын бұзып, үстем­ді­гін жүр­гі­зуіне жол бермеді.

Алтын­бек былай деді: «Мен Әділет мини­стр­лі­гіне сұрау салып, жеке арна­ны бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру бой­ын­ша ешқан­дай заң­дық құжат­тар­дың жоқ екенін аны­қта­дым. Мыса­лы, «Хабарға» келесі жылы 1 мил­ли­ард 200 мил­ли­он тең­ге бөлу жос­пар­ланған. Менің қар­сы­лы­ғым­нан кей­ін, бюд­жет­тік комис­си­яда шығын­дар­дың аталған пунк­ті алып тастал­ды. Бұдан бұрын «Хабарға» мем­ле­кет тара­пы­нан 470 мил­ли­он тең­ге бөлін­ген бола­тын. Бюд­жет­тік қара­жат­тар­ды тіке­лей тонау бол­маған­да, бұл не?».

  • «Хабар» арқы­лы А.Сәрсенбайұлын сотқа бер­гізіп, басын­да 1 мил­ли­ард тең­ге­ге айып­тағы­сы кел­ді. Сот мұның тым көп және ақы­лға сый­ым­сыз сома екенін ескерт­се керек, мораль­дық айып­пұл мөл­шерін 50 мил­ли­он тең­ге­ге түсір­ді. Қуыр­шақ сот «Хабар» ком­па­ни­я­сы­ның ар-намысы мен іскер­лік беделіне кел­ген нұқ­сан үшін 1 мил­ли­он тең­ге өте­мақы төлет­ті. Не үшін?

А.Сәрсенбайұлының «Рес­пуб­ли­ка. Дело­вое обо­зре­ние» газетін­де­гі мына сөзі үшін: «Менің­ше, қазір жұрт­шы­лық қай ақпа­рат құра­лы­ның кім­ге тиесілі екен­ді­гін жақ­сы біледі. Өз басым ең бірін­ші кезек­те Дариға Назар­ба­е­ва мен оның отба­сы­на тиесілі медиа­хол­динг­ті моно­по­ли­я­сыздан­ды­ру қажет деп есеп­тей­мін. Бұл медиа­хол­динг­ке «Хабар», «Ел Арна», «КТК», «НТК», «Еура­зия ‑Бірін­ші арна» теле­ар­на­ла­ры, «Кас­пи­о­нет» спут­ник­тік арна­сы, «Алма ТВ» кабель­ді жүй­есі, «ХитФМ», «Еуро­па плюс Казах­стан» радио­сы, «Рус­ское радио Қаза­қстан», «Радио Ретро» және бұдан басқа да бір­не­ше жал­пы­ұл­тық хабар тара­та­тын ұйым­дар кіреді. Соны­мен бір­ге бір­сы­пы­ра рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым да осы хол­динг­ке қарайды».

  • Ақпа­рат­тық рын­ок­ты моно­по­ли­я­лан­ды­рып алды деп, «Хабар» агент­ті­гін емес, Дариға­ның өзін, отба­сын ата­са да, айқасқа «жәбір­ле­ну­шінің» өзі шық­пай, басқа­лар­дың қолы­мен от көседі. Осын­дай адам өш алу, қар­сы­ла­сын тұқыр­ту, жой­ып жібе­ру үшін қастан­дық жаса­уға тап­сы­рыс бер­мей­ді деу­ге қалай иланамыз?!

3. Әке­леріне қаты­сты мотивтер

Қаза­қстан аза­ма­ты Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­евқа – бұры­нғы пре­зи­дент­ке қаты­сты Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы жазған, айтқан, тіке­лей оның өзін сынаған өте көп пікір­лер­дің бір­не­ше­уін ғана ұсынамын.

  • «Бір-бірі­нен мүл­де бөлек, тұрақ­сыз үш жол­дау. Мұн­дай­ды бүгін­де қой­ырт­пақ дей­ді. Қай­сысы­на сене­міз? Егер жол­да­у­ла­ры осын­дай әрқи­лы бол­са, онда пре­зи­дент­ке қалай сенесің? Ел үшін түй­ін­ді мәсе­ле бой­ын­ша басы әңкі-тәңкі болған ада­мға елдің тағ­ды­рын табыст­ап, біз орын­сыз тәу­е­кел­шіл­дік жасап оты­рған жоқ­пыз ба?».
  • «Назар­ба­ев сөз бостан­ды­ғы тура­лы айта­ды. Шын­ды­ғы­на сай­ған­да, ол заң­ның шең­берін­де, яғни қысқа қарғы­ба­уда болуы тиіс деп бір­ден атап көр­се­те­ді. Іс жүзін­де қалай? Жур­на­ли­стер­ді енді қорқыт­пай­ды, олар­ды өлті­ре бастай­ды. Газет­ті жай ғана жауып таста­май­ды, олар­ды жоюға тыры­са­ды. Про­ку­ра­ту­ра оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дар­дың ғима­рат­та­ры мен үйлерін заң­сыз тін­те­ді және демо­кра­ти­я­лық басы­лым­дар­ды заң­сыз тар­тып ала­ды. Пре­зи­дент­тің сая­си өзгерістің қажет­ті­гі тура­лы әрбір сөзі­нен кей­ін дүние тары­лып сала береді. Елі­міз үшін қорқынышты…».
  • «Оның /Назарбаевтың/ бүгін өз халқы­на бер­гені­нен гөрі, алға­ны әлдеқай­да көбей­іп кет­ті. Пре­зи­дент­тің кем­шілі­гі мен қателі­гі оның жетістік­терін басып озды. Шын жетістік­терін де, қол­дан жасалған «жетістік­терін» де. Масқа­ра­лы­ққа ұшы­рап, абы­рой­дан бір­жо­ла­та айы­ры­лып қал­ма­сы үшін, мұн­дай жағ­дай­да өзін-өзі сый­лай­тын сая­сат­кер­лер сахна­дан кетеді».
  • «Пре­зи­дент не деп еді? Пре­зи­дент­ке сен­сек, біз­де шека­ра да бол­маған. Тер­ри­то­рия да жоқ. Мем­ле­кет­тілі­гі­міз де бол­мап­ты. Сон­да біз сыған­дар­мен туыс болып шықтық қой… 1991 жылы ғай­ып­тан тай­ып, «бағы­мы­зға» Құдай бір биле­ушіні бере салып­ты. Мем­ле­кет­ті де сол жасап­ты! Шека­ра­ны да сол аны­қтап­ты. Және біз үшін жер­ді де іздеп тауып­ты. Жер болған­да қан­дай! Мұнайы да, көгіл­дір оты­ны да, хро­мы да, мыры­шы да, темірі де, алты­ны да бар жер! .. Орма­ны қан­дай, көлі қан­дай!.. Осы дұрыс па, осы шын­дық па?».
  • «Назар­ба­ев нелік­тен әділ сай­лау өткі­зе алмай­ды? Тым бол­ма­са, бір рет. Бар­лық тәу­ел­сіздік жыл­да­ры ішін­де, өзі басқарған 15 жыл­да неге ондай қада­мға бара алма­ды? Нелік­тен ол бұл жолы да лас, тай­ғақ соқ­паққа түсті? Үйрен­шік­ті болға­ны­мен, қауіп­ті емес пе?».
  • «Назар­ба­ев қазақ мен­сіз күн көре алмай­ды, ал мен олар­сыз күн көрем деген астам пиғы­лға бой алды­рған жоқ па? Ия, ол да мүм­кін. Кей­бір сөз­деріне қара­саң, солай да сияқты. Алай­да бұған да сен­гің кел­мей­ді. Нелік­тен? Өйт­кені ол да ет пен сүй­ек­тен жаралған адам. Ақыл­сыз да емес. Айтар­лы­қтай сұңғы­ла. Тарих­ты жақ­сы біледі. Тарих­та қалғы­сы келеді. Ататүрік­тен кем болғы­сы жоқ… Тарихқа жетік адам болған­ды­қтан, ол басқа авто­ри­тар­лық биле­ушілер­дің тағ­ды­ры­нан хабар­дар. Ол Сад­дам Хусейн­нің сай­ла­у­лар­да осын­дай жол­мен «жең­генін» біледі. Ол Мар­ко­стың да осын­дай жол­мен «жең­генін» біледі. Мило­шо­вич та осы­лай­ша «жең­ген». Ақа­ев та осы­лай­ша «жең­ген». Осы­лай «жеңу» қажет пе? Өйт­кені мұн­дай жалған «жеңістер» – бұл күй­ре­удің бастамасы!».

Ішкі істер мини­стр­лі­гі, про­ку­ра­ту­ра және сот­тың басын­да оты­рған бас­шы­лар! Мен Алтын­бек­тің бұры­нғы пре­зи­дент Н.Назарбаевқа, оның қыз­метіне қаты­сты өзге де сын пікірін, көзқа­ра­сын, бер­ген баға­сын тізіп шығуы­ма болар еді. Бірақ осы да жет­кілік­ті болар деп тоқта­дым. Мақта­удан басқа­ны есті­гісі кел­мей­тін, атақ-даңққа құмар адам­ның шым­бай­ы­на бата­тын жоға­ры­дағы шын­дық әрі ащы мысқыл, әжу­а­мен, бірақ мем­ле­кет пен қоға­мға жана­шыр­лы­қ­пен айты­лған ақиқат сөз­дер Н.Назарбаевтың қанын қарай­тып, ашу-ыза­сын кел­тір­генін өздеріңіз де білесіз­дер. Назар­ба­ев кеше­гі қол астын­да істе­ген мини­стр­ден, жасы кіші адам­нан мұн­ша­лы­қты сөз естуі оны «жын­дан­ды­рған» да шығар. Мұн­дай жағ­дай­ды өздеріңіз бұқ­пан­тай­лап жүріп, бай­қаған боларсыздар.

Енді заң­гер ретін­де айты­ңы­здар: Назар­ба­ев өзіне халық алдын­да жоға­ры­дағы­дай өткір сын айтқан, масқа­ра­сын шығарған, «тірі­дей сой­ып салған» адам­нан кек алмай тоқта­у­шы ма еді? Өзін ұлт­тың көш­бас­шы­сы, елба­сы сана­тып жүр­ген ада­мға оның құрған жүй­есінің айы­қ­пас ауы­руы тура­лы қой­ған қатаң, бұл­тарт­пас диа­гно­зы, өтірік­терін әшке­ре етуі өте жай­сыз тигені дау­сыз. Назар­ба­ев мұн­дай сынға төз­бей­тін, қор­ла­на­тын, қаһа­рын төгіп, шалт қимы­лға бара­тын пен­денің бірі. Сон­ды­қтан мен кел­тір­ген мысал­дар оның қыл­мыс жаса­уы­на себеп­ке, итер­ме­ле­уші фак­торға, мотив болуға жарап қалар. Өтемб­а­ев­тың /намысыма тиді деген/ мотиві­мен салы­сты­рған­да, бұл әлдеқай­да нақты­лы және сенім­ді аргу­мент. Өз өлшем­деріңіз­ге сал­сақ, Ержан­ның орны­на ең алды­мен Нұр­сұл­тан, одан кей­ін Рахат пен Дариға және басқа­ла­ры жау­а­пқа тар­ты­луы, тап­сы­рыс беру­ші, ұйым­да­сты­ру­шы, тым құры­ған­да қыл­мысқа итер­ме­ле­уші бап­та­ры бой­ын­ша жаза­ла­нуы керек қой!

Батыр, қайт­пас қай­сар тұлға Заман­бек Нұрқа­ді­лов­ке жасалған қастан­ды­қты халық пре­зи­дент болған Н.Назарбаевтан көр­ді. Мен де солай есептеймін.

Өйт­кені бұл екі аза­мат­ты қаза­ға ұшы­ратқан тер­рор­лық әре­кет­тің жеке баса­раз­ды­қтан туын­дай­тын қыл­мыстан бөлек, сая­си аста­ры бар. Ең басты­сы және негіз­гісі де сон­да – үлкен сая­сат­та! З. Нұрқа­ді­лов пен А.Сәрсенбайұлы – бел­гілі сая­сат­кер­лер, режим­ге қар­сы шыққан күрес­кер­лер. Кері қайт­пай­тын, сатыл­май­тын табан­ды тұлға­лар. Олар­дың шын­шыл, дәлел­ді сөз­дері­нен, сая­си айқын көзқа­рас­та­ры­нан кей­ін қоғам­дық пікір күрт өзге­ре баста­ды. Мұн­дай адам­дар Қаза­қстан­да отба­сы­лық, оли­гар­хи­я­лық, авто­ри­тар­лық билік жүй­есін түбе­гей­лі орны­қты­рып, мәң­гі үстем­дік етуді көз­де­ген­дер үшін үлкен кедер­гі бол­ды. Әрі айтар­лы­қтай қауіп­ті еді. Билік демо­кра­тия жолын­да күрес­ке шыққан­дар­ды алға­шын­да тек сот­пен қуғын­да­ды. Мәсе­лен, Ғалым­жан Жақи­я­но­вты, Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты жала­мен сот­тат­ты. Оппо­зи­ци­ядағы бел­сен­ділер Болат Әбі­ло­вты, Айдос Сады­қо­вты, Ермек Нарын­ба­ев­ты және басқа­ла­рын тер­ге­умен, сот­пен қажыт­ты. Ұрып-соғу, аран­да­ту сияқты сорақы­лы­қтар қатар жүр­ді. Сая­си қар­сы­ла­сты жой­ып жібе­рудің тәсілі ретін­де ашық түр­де тер­рор­лық әре­кет­тер­ге де бара­тын болды.

Көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­леріне қастан­дық жасау, «Ары­стан» секіл­ді қауіп­сіздік коми­тетіне қарай­тын күштік құры­лым­ды, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қыз­мет­кер­лерін адам ұрла­у­ға пай­да­ла­ну, қатыг­ездік­пен адам өмірін жою, сол арқы­лы қоғам­да қорқы­ныш туғы­зу, сая­сат­кер­лер­дің жақ­та­ста­рын жасқан­ды­ру – бұл нағыз сая­си тер­рор. Айна­ла­сы үш айда жасалған екі бір­дей мем­ле­кет­тік тер­рор­лық әре­кет­тің түп­кі көз­де­ген мақ­са­ты – Қаза­қстан­дағы сая­си оппо­нент­тер­ді, тұта­стай оппо­зи­ци­я­ны талқан­дау, тара­уға мәж­бүр­леу, аза­мат­тар­ды олар­дан аулақта­ту еді. Олар дегеніне жет­ті. Оны бәріңіз білесіздер.

Бірақ халы­қтың нара­зы­лы­ғы мен қар­сы­лы­ғы соңғы жыл­да­ры үдей баста­ды. Елден сыр­тқа кетіп, шетел­де жүріп, сая­си күре­сті жан­дан­ды­рған аза­мат­тар мен жаңа­дан қалып­та­са бастаған қоғам бел­сен­ділері қуда­ла­у­ға, қорқы­ту­ларға қара­ма­стан, назар­ба­ев­тық жүй­ені өзгер­ту үшін ашық алаңға шықты.

4. Қоры­тын­ды. Менің қоя­тын талабым

Мен, Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, сая­си тер­рор­лар­дың сал­да­ры­нан қаза­ға ұшы­раған Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втың жер­лесі­мін, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның аға­сы­мын. Заң бой­ын­ша – жәбір­ле­ну­ші­мін. Қаза­қстан аза­ма­ты­мын. Сон­ды­қтан атта­ры аталған қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кер­леріне, Бауы­р­жан Бай­бо­сын мен Васи­лий Журавлев­ке оқ атқы­зған­дар­ды, оқ атқан­дар­ды аны­қта­уды, қыл­мыстық жаза­ға тар­тқы­зу­ды талап ету­ге құқы­лы­мын. Бұры­нғы пре­зи­дент Н.Назарбаевты 2005 жылғы 13 қара­ша­дағы, 2006 жылғы 11 ақпан­дағы қыл­мыстық істер­ге қаты­сы бар деп есеп­тей­мін! Қазір­гі сенат төраға­сы Дариға Назар­ба­е­ва­ны Р.Әлиев пен Ә.Мусаевқа қаты­сты қозғалған №14001901100001 қыл­мыстық іске күдік­ті ретін­де қосып, тер­ге­у­ге алу­ды талап ете­мін! Сол екі қан­ды оқиға­ның қоғам­дағы қау­пін ескеріп, тер­ро­ризм бабы бой­ын­ша жаңа­дан іс жүр­гі­зуді талап етемін!

Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев және оның отба­сы­ның мүше­лері нелік­тен қыл­мыстық әре­кет­тер­дің күді­гіне ілін­генін мен жоға­ры­да айт­тым. Сот мате­ри­ал­да­ры­на, болған оқиға­ларға, ақпа­рат­тарға жасалған тал­дау негізін­де жеке өз болжа­мым­ды нақты­лы баян­да­дым. Ал олар­дың шыны­мен де қыл­мыс жаса­уы мүм­кін бе деген сұраққа «иә!» деп сенім­ді түр­де жау­ап бере­мін. Өйт­кені біздің елі­мізді билеп-төсте­ген отба­сы­ның мүше­лері қан­дай қыл­мыс жаса­са да, жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­май­ды. «ҚР тұңғыш пре­зи­ден­ті – елба­сы тура­лы» арнайы заң қабыл­данған. Ол заң бой­ын­ша, назар­ба­ев­тар­ды тер­геп, тек­се­ру­ге бол­май­ды. Ешкім­ді тиістір­меу жөнін­де бап­та­ры бар. Бұлар қыл­мысқа бара­тын­да­рын алдын ала ойла­стыр­ма­са, неме­се орын алған қыл­мыстық әре­кет­тері үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­мауды көз­де­ме­се, онда ешбір мем­ле­кет­те жоқ заң­ды не үшін жасатты?!

Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы келетін мұн­дай заң­сы­мақты жарам­сыз ету, күшін жой­ып, қоқы­сқа тастай­тын уақыт жет­ті! Пре­зи­дент Қ.Тоқаев, пар­ла­мент мәжілісінің төраға­сы Н.Нығматулин қоғам­ның бұл тала­бын жедел­детіп орын­да­сын! Міне, сон­да ғана бар­лық аза­мат­тар­дың құқы­ғы теңе­леді. Мем­ле­кет­тік билік­ті жеке­ше­лен­діріп алып, аса ауыр қыл­мыс жаса­у­шы­лар­дың жолы кесіледі. Заң алдын­да бар­лық адам­дар­дың бір­дей жау­ап­ты­лы­ғы жөнін­де­гі талап сон­да ғана іске аса­ды. Ал ол өз кезе­гін­де әр дең­гей­де­гі «назар­ба­ев­тар­дың» астам­шы­лы­ғы мен заңбұ­зар­лы­ғын тоқта­туға септеседі.

Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

11 ақпан 2020 ж.

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн