Четверг , 22 мая 2025

«Алтын адам» Қазақстанның басты бренді болуы тиіс

Әлем елдерін тану – адам сана­сы­ның сәні мен азы­ғы.                                                                              Лео­нар­до да Винчи

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.Тоқаев туризм әлем­дік эко­но­ми­ка­ның қарқын­ды дамуы­ның ката­ли­за­то­ры болып сана­ла­ты­нын және инве­стор­лар үшін тар­тым­ды сала екенін бір­не­ше рет атап өткен бола­тын. Мем­ле­кет бас­шы­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің наза­рын мына­ларға да аудар­ды: «Дүние жүзін­де­гі жұмыс орын­да­ры­ның шама­мен 10 пай­ы­зы туризм­ге тиесілі. Әрбір төр­тін­ші жұмыс орны осы сала­да ашы­лып жатыр. Көр­сетілетін қыз­мет­тер бой­ын­ша әлем­дік экс­порт­тың 30 пай­ы­зы, инве­сти­ци­я­ның 7 пай­ы­зы және салық түсім­дерінің 5 пай­ы­зы туризм арқы­лы түседі. Қаза­қстан­да туриз­мнің бар­лық түрін дамы­туға мол мүм­кін­дік бар, эко­ло­ги­я­лық туриз­мнен бастап, биз­нес туриз­міне дей­ін дамы­туға бола­ды. …Елі­міз тура­лы қызы­қты мәлі­мет­тер­ді ғалам­дық ақпа­рат кеңісті­гін­де кеңі­нен таратқа­ны­мыз жөн. …Шетел­ден тури­стер тар­ту үшін, елі­мізді барын­ша таны­ту керек».

Тиісін­ше, Қаза­қстан­да туризм ел бюд­жетінің маңы­зды құрам­дас бөлік­терінің біріне айна­луы мүм­кін, сон­ды­қтан тиісті ұлт­тық бренд­ті әзір­ле­у­ге барын­ша көп көңіл бөлу керек. Қазір­гі уақыт­та таны­мал бренд­тер өнім­ді әлдеқай­да тиім­ді сатуға мүм­кін­дік береді. Бұған мысал ретін­де Apple, Google, Amazon, Sony, Mercedes сияқты бар­шаға таны­мал бренд ата­у­ла­рын кел­тіру­ге бола­ды… Есте қалар­лық бренд­ті кеңі­нен жар­на­ма­ла­у­ға, тара­туға, таны­мал ету­ге бола­ды. Соны­мен, әлем­де­гі бар­лық халық Фран­ци­ядағы Эйфель мұна­ра­сын, АҚШ-тағы Бостан­дық мүсінін, Ита­ли­ядағы Пиза мұна­ра­сын біледі…

Сәт­ті жасалған бренд, сөз­сіз, елдің ими­джін көте­реді, әле­ует­ті тури­стер­дің сана­сын­да оның тар­тым­ды бей­несін жаса­уға көмек­те­седі, олар­ды жолға шығуға шақы­ра­ды. Бренд ұтым­ды әсер қал­ды­рып, тұрақты пози­тив­ті түсінік­тер қалып­та­сты­руы керек. Елдің мұн­дай сим­во­лы тек тури­стер­ді тар­ту мақ­са­тын­да жаса­лып жатқан сияқты көрі­нуі мүм­кін, бірақ бұл аза­мат­тар­дың пат­ри­от­тық сезім­дерін арт­ты­ру үшін де маңы­зды екенін атап өткен жөн.

Қазір­гі уақыт­та көп­те­ген елдер­де брен­динг тәжіри­бесі бел­сен­ді дамып келеді. Соны­мен, Моңғо­ли­яда Шыңғыс хан­ның алып ескерт­кі­ші орна­тыл­ды, деген­мен «ғалам­ды дүр сіл­кін­дір­ген» тұлға­ның бірқа­тар тари­хи баға­ла­ры екіұ­шты. Осы­ған бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­да қан­ды­қол жау­лап алушы­ның ұлы Жошы­ның есі­мін ұлы­қта­удан бас тар­ту керек. Біз тари­хи шын­ды­қты рас­таға­ны­мыз жөн және одан ешқа­шан бас тар­туға бол­май­ды. Сон­ды­қтан жалған қаһар­ман­дар­дың орны­на «Алтын адам» тәрізді жаһанға және елі­міз­ге жағым­ды төл тума­ла­ры­мы­зды ұлы­қтаға­ны­мыз абзал.

Қаза­қстан үшін елі­міздің еле­улі брен­ді халы­қа­ра­лық атаққа ие – «Алтын адам» болуы тиіс. Оның бей­несі біздің мем­ле­кеті­міздің ежел­гі тарихын, оның бай мәде­ни мұра­сын сипаттай­ды және ол елі­міздің ғажап тар­тым­ды­лы­ғын, оның сан­сыз табиғи бай­лы­ғы мен сұлулы­ғын паш етіп тұра­тын бола­ды. Алтын – қым­бат, асыл және мәң­гілік металл, ол бай­лық пен билік­тің сим­во­лы ретін­де қыз­мет етеді.

1969 жылы «Қаза­қстан­дық Тутан­ха­мон» деп ата­ла­тын «Алтын адам» Алма­ты­ның маңын­дағы Есік қала­сы­ның аумағы­нан табы­лған. Алтын бей­нелі жауын­гер біз­ге талай нәр­сені аян еткен бола­тын. Біздің ата-баба­ла­ры­мыз әлі күн­ге дей­ін таңқал­ды­ра­тын, ең жоға­ры өнер дең­гей­ін­де­гі көр­кем туын­ды­лар жасаған. Кешен­ді қорым­нан табы­лған сақ жауын­герінің алтын бей­несі мен жиһаз­да­ры ежел­гі ұста, зер­гер­лер­дің алтын мен басқа да бұй­ым­дар­ды өңдеу тех­ни­ка­сын аса шебер мең­гер­ген­ді­гін көр­се­те­ді. Ол сон­дай-ақ «Дала өрке­ни­етінің» мәні мен эсте­ти­ка­сын паш етіп отыр. Қазір­гі қаза­қстан­ды­қтар мен олар­дың бола­шақ ұрпақта­ры біздің арғы ата­ла­ры­мы­здың осын­дай жоға­ры дәстүр­лерін жалға­сты­ру­шы лай­ы­қты ізба­сар­ла­ры болуы тиіс.

«Алтын адам» брен­ді – қаза­қстан­дық құн­ды жәді­гер. Кәде­сый (суве­нир) өнім­дерін өндіру­шілер ұста­на­тын «Алтын адам­ның» біры­ңғай аны­қта­ма­лық үлгісі қажет. Олар­дың кәде­сый­лар­ды жап­пай өндіру­ге арнайы лицен­зия алу мін­дет­тілі­гін нор­ма­тив­ті түр­де қам­та­ма­сыз ету өте маңызды.

Алтын түсті метал­дар­дан жасалған «Алтын адам­ның» еңселі де айбын­ды көшір­ме­лерін Аста­на мен Алма­ты­ның орта­лық алаң­да­рын­да, Қаза­қстан­ның басқа қала­ла­рын­да орна­ту қажет. Себебі олар елі­міздің мың­даған қонақта­ры мен тури­стеріне ғала­мат жағым­ды әсер қал­ды­ра­ты­ны­на сенім­ді­мін. «Алтын адам» бей­несі негізін­де таны­ла­тын елта­ну лого­ти­пін жаса­уға ұлт­тық тури­стік ведом­ство­лар да, елге тури­стер ағы­нын ұлғай­туға мүд­делі мұра­жай, кон­церт­тік-музы­ка­лық, қонақүй­лер құры­лым­да­ры да тар­ты­луы тиіс. «Алтын адам» мен оның сәт­ті жасалған көшір­ме­лері Қаза­қстан­ның абы­рой­ын асқақта­тып, әлем­дік беделін көте­ре­рі сөз­сіз! Игілік­ті де орас­ан зор ауқым­ды іске сәт­тілік тілейміз!

     Нақыпбек СӘДУАҚАСТЕГІ заңгер-құқықтанушы, публицист

Республиканский еженедельник онлайн