Понедельник , 30 июня 2025

Алтын қорының ТҮБІ КӨРІНДІ

  • Қаза­қстан­ның алтын валю­та­лы резерві шіл­де айын­да $76 млн қысқар­ды, деп хабар­ла­ды Ұлт­тық банк­тің бас­пасөз қызметінен.

«Алдын ала деректер бой­ын­ша, алтын-валю­та резерв­тері бір айда 76 млн АҚШ дол­ла­ры­на шама­лы азай­ып, биы­лғы жылғы 30 шіл­де­де 35,0 млрд АҚШ дол­лар бол­ды», – деді бей­сен­бі күні Ұлт­тық банк төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Әлия Молдабекова.

Ол нақты­лаған­дай, қор­дың аза­юы еркін айыр­ба­ста­ла­тын валю­та­дағы актив­тер­дің қысқа­руы есебі­нен орын алды. «Кли­ент­тер­дің кете баста­уы­на (?) және 126 млн АҚШ дол­ла­ры­на мем­ле­кет­тік қары­зды төле­у­ге бай­ла­ны­сты Ұлт­тық Банк­те­гі ЕДБ қара­жа­ты­ның 655 млн АҚШ дол­ла­ры­на аза­юы қысқа­ру­дың негіз­гі себеп­теріне айнал­ды», – деп түсін­дір­ді Ұлт­тық банк төраға­сы­ның орынбасары.

Қаз­ТАГ.

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА жылқы ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР

  • Қаза­қстан­дағы қуаң­шы­лық пен оның зардаб­ы­на әлем­нің жетек­ші ақпа­рат құрал­да­ры назар ауда­ра баста­ды. Көбі бұл құбы­лы­сты кли­мат­тың жылы­нуы­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты­ра­ды және жұт­тан жапа шек­кен халы­ққа үкі­мет­тен көмек аз екеніне тоқталады.

Қаза­қстан бұрын-соң­ды бол­маған ауыр қуаң­шы­лы­ққа ұшы­рап, дала жылқы мола­сы­на айнал­ды”. Аме­ри­ка­лық Washington Post басы­лы­мы мақа­ла­сы­на осын­дай тақы­рып қой­ған. “Қаза­қстан­ның шөл дала­сын­да жылқы өлек­се­лері шашы­лып жатыр. Елдің кей ауда­ны көзі тірі адам­дар бұрын-соң­ды көр­ме­ген қуаң­шы­лы­қтан зардап шегу­де” деп жаза­ды басылым.

  • Ақшы­мы­рау аулы­ның тұрғы­ны, 88 жастағы Орын­ба­сар Сей­іто­втің де 10 шақты жылқы­сы өлген. Тағы бір бай­та­лын өрі­сте құлап қалған соң үйге әкел­ген… Маңғы­стау облы­сы, 14 шіл­де 2021 жыл.

Орта­лық Ази­я­ның көп бөлі­гін, соның ішін­де Батыс Қаза­қстан­ды бір­не­ше айға созы­лған қуаң­шы­лық жай­ла­ды. Жауын-шашын аз түс­кен қыс пен көк­тем­нен соң аптап ыстық басталған.

Аме­ри­ка­лық басы­лым­ның жазуын­ша, халы­қа­ра­лық жәр­дем ұйым­да­ры 30 шіл­де­де Қаза­қстан­дағы қуаң­шы­лы­ққа бай­ла­ны­сты мәлім­де­ме жасаған. Онда “Жем-шөп пен судың аз-маз қоры тау­сы­лған, мал­дың көп бөлі­гі жай­ы­ла­тын шөп жоқ. Бұл жылқы, қой, сиыр сияқты жану­ар­лар­дың жап­пай өлуіне себеп­кер болған” делінеді.

Қуаң­шы­лы­қтан жапа шек­кен­дер­дің көбі – шағын шару­а­шы­лы­қтар, олар­дың жалғыз күн­көрісі – мал” деп жаза­ды Washington Post. Мәсе­лен, Қаза­қстан­ның баты­сын­дағы ауыл­да тұра­тын 70 жастағы Ғаби­дол­ла Қалын­бай­ұ­лы биыл жаз­да 20 жылқы­сы­нан айы­ры­лға­нын айтқан. “Оның 150 бас малы дұрыс жем-шөп жемей­ді, бұдан түр­лі ауруға ұшы­ра­уы мүм­кін” деп жаза­ды басылым.

Ұзақ тұрған ыстық тем­пе­ра­ту­ра жылқы­ны жылу стрес­сіне ұшы­ра­та­ды, бой­ы­на ыстық өтіп, денесі жан­сызда­на­ды” деп жаза­ды басылым.

Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның дере­гі бой­ын­ша, әлем­де­гі ең ірі бидай өндіру­ші елдер­дің бірі – Қаза­қстан­да құрғақ­шы­лық пен өрт кесірі­нен соңғы жыл­да­ры өнім азай­ды. Бірік­кен ұлт­тар ұйы­мы­ның мәлім­де­уін­ше, кли­мат­тың өзге­руі кесірі­нен шөлі мен шөлей­ті көп Қаза­қстан жерінің 75 пай­ы­зы­на эко­ло­ги­я­лық тұрақ­сыздық қау­пі төніп тұр” деп жаза­ды Washington Post.

Маңғы­ста­удағы жұтқа сюжет арнаған гер­ма­ни­я­лық Deutsche Welle арна­сы жылқы­ны арқан­мен қора­ның төбесіне бай­лап қой­ған маңғы­ста­улық шару­а­ны көр­се­те­ді. “Дала­да жей­тін шөп те, қурай да жоқ. Арқан­мен бай­лап қой­ма­саң, аяғын тіреп тұра алмай, құлап қала­ды” дей­ді сұх­бат бер­ген әйел.

Үкі­мет маған ең бол­ма­са 2–3 күн­де бір су әкеліп тұр­са, малым­ды аман алып қалуға аз да бол­са мүм­кін­дік болар еді” дей­ді және бір шаруа. Тіл­шінің айтуын­ша, шару­а­лар үкі­мет­тен көп қай­ран бол­май оты­рға­нын айтып шағынған.

Жер бетін­де тем­пе­ра­ту­ра­ның жоға­ры­ла­уы және теңіз дең­гей­інің төмен­де­уі бұл аймақты қиын жағ­дай­ға душар етіп отыр” дей­ді Deutsche Welle тілшісі.

Бұл екі ара­да

ҚАЗАҚСТАНДА 180 мың гектар ЕГІС ЖОЙЫЛДЫ

  • Қаза­қстан­да құрғақ­шы­лық сал­да­ры­нан 178,8 мың гек­тар егіс жой­ыл­ды. Бұл тура­лы 18 тамыз күні үкі­мет оты­ры­сын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі мін­детін атқа­ру­шы Ербол Қара­шө­ке­ев мәлімдеді.

Оның сөзін­ше, биыл Қаза­қстан­да 23 мил­ли­он гек­тарға егіс егіл­ген. “13,2 мил­ли­он гек­тар­да неме­се дән­ді дақыл­дар­дың жал­пы көле­мінің 85 пай­ы­зын­да жақ­сы және қанағат­та­нар­лық күй­де. 2,1 мил­ли­он гек­тар­да неме­се 13,7 пай­ы­зын­да нашар күй­де, 178,8 мың гек­тар­да неме­се 1,1 пай­ы­зын­да егістер жой­ы­лған” деді министр мін­детін атқарушы.

Шене­унік­тің сөзіне қараған­да, биыл Қаза­қстан­да 15,3 мил­ли­он тон­на дән­ді дақыл жина­ла­ды деп болжа­нып отыр. Оған қоса рес­пуб­ли­ка­да алды­ңғы жыл­дар­дан қалған 3,1 мил­ли­он тон­на астық бар.

Биыл Қаза­қстан­да және Орта­лық Ази­я­ның өзге елдерін­де су тап­шы­лы­ғы мен құрғақ­шы­лық қат­ты­рақ сезіліп, көкөніс пен астық баға­сы қым­бат­тап кет­ті, кей өңір­лер­де шөп шық­пай қалып, азық тап­шы­лы­ғы­нан мал қыры­ла бастады.

Қаза­қстан­да құрғақ­шы­лы­қтан Маңғы­стау және Қызы­лор­да облы­ста­ры қат­ты зардап шек­ті. Үкі­мет оты­ры­сын­да Қара­шө­ке­ев бұл екі облы­сқа мал азы­ғы­на жұм­салған шығын­ның өте­мі ретін­де үкі­мет резерві­нен 3,8 мил­ли­ард бөлін­генін, тағы 5,3 мил­ли­ард тең­ге бөлу жөнін­де шешім қабыл­данға­нын айт­ты. Мини­стрілік бас­шы­сы­ның сөзін­ше, бұған қосым­ша ретін­де жер­гілік­ті бюд­жет­тер­ден 9,1 мил­ли­ард тең­ге бөлін­ген, облыс бас­шы­ла­ры қосым­ша 4,5 мил­ли­ард тең­ге бөлу қарас­ты­рып отыр.

Azattyq.org

ӘКЕСІ ӨЛГЕНДІ ДЕ… қамаудан шығармады

  • Ақтө­бе соты әкесі қай­тыс болған бел­сен­ді аза­мат Асыл­хан Жау­ба­ты­ро­вты үйіне босат­па­ды және оған қаты­сты сот про­цесін кей­ін­ге қалдырды.

Тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ла­сты” деп айып­талған Жау­ба­ты­ро­втың ісі 17 тамы­зда қара­луы тиіс болған. Сот басталған бой­да адво­кат Раси­ля Өте­ге­но­ва судья­дан әкесі қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты сот­та­лушы­ның бұл­тарт­пау шара­сын өзгер­туді сұра­ды. Судья Әли­ма Әді­ло­ва адво­кат­тың өтіні­шін қанағат­тан­дыр­май тастады.

Адво­кат сотқа ұсы­нған құжат­тарға қараған­да, бел­сен­дінің әкесі 17 тамы­зға қараған түні қай­тыс болған. Коро­на­ви­рус жұқты­рып, ауру­ха­на­да емделіп шыққан отба­сы­ның өзге мүше­лері каран­т­ин­де. Яғни, марқұм­ның жақын­да­ры жана­за­ны ұйым­да­сты­ра алмай­ды. Адво­кат судья­дан Жау­ба­ты­ро­вқа адам­гер­шілік­пен қара­уды сұраған.

Мен бұл­тар­пау шара­сын өзгер­тіп, сізді үйқа­маққа алған жағ­дай­да да үйіңіз­ден ұзап шыға алмай­сыз. Сон­ды­қтан өтіні­шіңіз қанағат­тан­ды­рыл­май­ды” деді судья Әді­ло­ва сотталушыға.

Келесі сот оты­ры­сы 26 тамы­зда өтетін бол­ды. Асыл­хан Жау­ба­ты­ров судья­ның қаулы­сы­на нара­зы­лық ретін­де келесі сот оты­ры­ста­ры­на қаты­су­дан бас тар­та­ты­нын айтты.

Бел­сен­ді Асыл­хан Жау­ба­ты­ров тер­геу изо­ля­то­ры­на биыл 20 мамыр күні қамалған. Оған дей­ін 5 наурыз бен 6 мамыр ара­лы­ғын­да “тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ла­сты” деген айып­пен 62 күн үйқа­мақта болған.

Azattyq.org

Америка сенаты КЕДЕЙЛЕРГЕ 3,5 триллион бөлді

  • АҚШ Cена­ты кедей­лік­ке қар­сы күрес және қор­шаған орта­ны қорға­уға бағыт­талған 3,5 трил­ли­он дол­лар­лық бюд­жет жос­па­рын бекітті.

Құжат­ты демо­крат­тар қол­да­ды, ал 50 рес­пуб­ли­ка­шыл депу­тат­тың 49‑ы қар­сы дауыс бер­ді. Вице-пре­зи­дент Кама­ле Хар­ри­стің арқа­сын­да демо­крат­тар­дың дауы­сы шешу­ші болып саналады.

Бұл құжат – Джо Бай­ден­нің сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы­ның ең маңы­зды тар­мағы. Ол кедей­лік­ке қар­сы күрес мақ­са­тын­да бюд­жет­тен трил­ли­он­даған дол­лар бөліп, жұмыс орнын құрып, кли­мат­тың өзге­руіне қар­сы шара­лар бастай­мын деп уәде еткен еді. Әзір­ге демо­крат­тар заң жоба­сын емес, бюд­жет резо­лю­ци­я­сын бекітті.

Бюд­жет коми­тетінің бас­шы­сы Бер­ни Сан­дерс бұл баста­ма­ны халы­қтың аме­ри­ка билі­гіне деген сенім­ді қал­пы­на кел­ті­ру деп ата­ды. Ал рес­пуб­ли­ка­шыл­дар керісін­ше инфля­ция өсіп, көлең­келі эко­но­ми­ка сая­са­ты билік құра­ды деп есептейді.

Енді заң жоба­сы қабыл­дан­са, 3,5 трил­ли­он дол­лар алдағы он жыл­да жұм­са­ла­ды. Бұл жоба ірі биз­нес өкіл­деріне салы­қты көбей­ту арқы­лы қаржыландырылмақ.

Еске сал­сақ, тая­у­да Сенат көлік және темір жол­дар мен стан­ци­я­лар­ды және әуе­жай­лар­ды модер­ни­за­ци­я­ла­у­ға 1 трил­ли­он дол­лар жұм­сау жөнін­де­гі пакет­ті бекіткен.

Reuters

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн