Понедельник , 30 июня 2025

АЛТЫ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

Мем­ле­кет­тік қорға­ныс тап­сы­ры­сы­на отын­дық шикі­зат жет­кі­зу­шілер­дің бол­мауы сал­да­ры­нан 6 мың­нан астам қаза­қстан­дық жеңіл өнер­кәсіп жұмыс­шы­ла­ры жұмыс­сыз қалуы мүм­кін, деді «Жасам­паз» отан­дық өндіріс­шілер кон­сор­ци­у­мы атқа­ру­шы кеңесінің төрай­ы­мы Гүл­ми­ра Уахитова.

«БАҚ-пен кез­де­су­ге кон­сор­ци­ум­ның қаты­суы­на тый­ым салу себеп болып отыр. Мәжілі­сте қабыл­данған заң­ды Қорға­ныс және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стр­лі­гі (ҚАӨМ) әзір­ле­ген. Аталған заң жоба­сы жақын күн­дері сенат оты­ры­сын­да талқы­ла­на­ды. Қорға­ныс тап­сы­ры­сы­на кон­сор­ци­у­м­дар­дың қаты­суы­на тый­ым салу – отан­дық шикі­зат өндіру­шілер­дің мемқорға­ныс тап­сы­ры­сы­на қаты­са алмай­ты­нын біл­діреді. Алай­да бұл тап­сы­рыс өндірістің тұрақты жұмыс жаса­уы мен жос­пар­лы жүк­те­месі болуы­ның жалғыз ғана мүм­кін­ді­гі. Біз мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бәсе­ке­ге қабілет­ті өндірісті дамы­ту сая­са­ты мен импорт­ты төмен­де­ту ара­сын­да айыр­ма­шы­лық бар деп санай­мыз», – деді кеше өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да Гүл­ми­ра Уахитова.

БАҚ ұсы­нған ақпа­рат­та хабар­лаған­дай, бұл жаңа­лық өңде­уші сала­дағы 40-тан астам кәсі­по­рын­ның жабы­луы­на және қыз­мет­кер­лер саны­ның барын­ша қысқа­руы­на неме­се елі­міздің 13 өңірі­нен 6 мың­нан астам адам­ның қысқа­руы­на алып келеді. Өңде­уші өнер­кәсіп одағы­ның атқа­ру­шы дирек­то­ры Әділ­бек Бек­ті­ба­ев­тың айтуын­ша, биз­нес қауым­да­сты­ғы мен өндіріс­шілер жыл бойы тұрақты негіз­де мәжілісте­гі жұмыс тобы­ның талқы­ла­у­ла­ры­на қаты­сты. Алай­да қарас­ты­ры­лып жатқан заң жоба­сын­да соңғы түзе­ту­лер­дің енбей қалға­ны бел­гілі болды. 

Ол айта кет­кен­дей, егер заң жоба­сы кор­сор­ци­у­м­дар­дың қаты­су мүм­кін­ді­гін қарас­тыр­май­тын күй­де қабыл­дан­са, онда жұмыс жасап тұрған бір­ле­стік тара­ты­ла­ды, бұл тау­ар құны­ның қым­бат­та­уы­на алып келеді. 

«Мемқорға­ныс тап­сы­ры­сы кәсі­по­рын­дар ара­сы­на бөлі­неді. Айта­лық, 50 кәсі­по­рын бар делік, жыл сай­ы­нғы көлем 10 млрд, 1 кәсі­по­рын 200 млн астам ала­ды. Бірін­ші­ден, көлем аз болған­ды­қтан, әрқай­сысы кірісті барын­ша көбей­ту­ге тыры­са­ды. Бұл биз­нес. Сәл қым­бат біздің шикі­затты алып қай­те­ді? Олар сырт­тан арзан шикі­зат алуға ұмты­ла­ды, сөй­тіп капи­тал сыр­тқа кете­ді. Сәй­кесін­ше, өндіріс пен жұмыс орын­да­ры қысқа­ра­ды», – деп түсін­дір­ді Ә. Бектібаев.

Қаз­ТАГ

Республиканский еженедельник онлайн