Воскресенье , 1 марта 2026

Алғыс айту күні: тарих пен тағылым

1 наурыз – Қаза­қстан­да айры­қ­ша маз­мұнға ие мере­ке. Бұл күн – елі­міз­де өмір сүріп жатқан түр­лі этнос өкіл­дерінің қазақ халқы­на риза­шы­лық біл­діретін, өткен тарих­тың ауыр кезең­дерін­де көр­сетіл­ген кең­пей­іл­дік пен бауыр­мал­ды­қты еске ала­тын сәті. Алғыс айту күні – жай ғана мере­келік дата емес, тари­хи жады­ны жаңғыр­та­тын, татулық пен бір­лік­ті бекем­дей­тін, адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар­ды ұлы­қтай­тын тағы­лым­ды күн.

Мере­кенің тари­хи негізі

Қаза­қстан жері ХХ ғасыр­дың ала­са­пы­ран кезең­дерін­де көп­те­ген халы­ққа пана бол­ды. Кеңе­стік кезең­де­гі сая­си қуғын-сүр­гін, күш­теп ұжым­да­сты­ру, ашар­шы­лық, соғыс жыл­да­рын­дағы депор­та­ци­я­лар сал­да­ры­нан мил­ли­он­даған адам туған жері­нен айы­ры­лып, қазақ дала­сы­на қоныс ауда­рыл­ды. Сол жыл­да­ры Қаза­қстанға кәріс, шешен, ингуш, неміс, поляк, грек, қырым тата­ры және басқа да көп­те­ген этно­стар жер аударылды.

Қиын-қыстау заман­да өздері де жоқ­шы­лық пен ауырт­па­лы­қты бастан өткеріп оты­рған қазақ халқы тағ­дыр айдап кел­ген жұрт­ты жат­сын­бай, бары­мен бөлісті. Бір үзім нанын бөліп жеп, бас­па­на­сы­на пана­лат­ты. Бұл – халқы­мы­здың табиғи бол­мысы­нан туын­дай­тын дар­хандық пен адам­гер­шілік­тің айқын көрінісі еді.

Осы тари­хи шын­ды­қты ұмыт­пау, өткен­нің қасіретін қай­та­ла­мау және халы­қтар ара­сын­дағы досты­қты нығай­ту мақ­са­тын­да 1 наурыз Алғыс айту күні болып бел­гі­лен­ді. Бұл күн­нің 1 науры­зға бекітілуі де сим­вол­дық мән­ге ие. Өйт­кені дәл осы күні, 1995 жылы Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы құрыл­ды. Ассам­блея – елі­міз­де­гі этно­са­ра­лық келісім мен бір­лік­тің инсти­ту­ци­о­нал­дық негізін қалаған біре­гей құрылым.

Маз­мұн­дық ерекшелігі

Көп­те­ген елде риза­шы­лық біл­ді­ру мере­кесі бар. Мыса­лы, АҚШ-та Thanksgiving Day, Жапо­ни­яда Еңбек­ке алғыс айту күні, Изра­иль, Вьет­нам, Қытай, Бела­русь және басқа мем­ле­кет­тер­де де алғыс айту дәстүр­лері қалып­тасқан. Алай­да Қаза­қстан­дағы Алғыс айту күнінің маз­мұ­ны өзгеше.

«Қиналған­дарға қамқор­лы­ғын аямай­тын, жасаған жақ­сы­лы­ғын сат­пай­тын, құшағы­на алған қан­ша жұрт қай­ы­рым­ды­лы­ғын айтып, тәу етіп жат­са, масат­тан­бай­тын халқы­мыз үшін бұл – басқа елдер­де бар болған­ды­қтан бел­гі­лен­ген мере­ке емес, қажет­тілі­гін уақыт­тың өзі талап еткен, ХХ ғасыр­дың зұл­ма­ты қай­та­лан­ба­уы үшін оны бастан кеш­кен халы­қтар жадыс­ын жаңғыр­ту мақ­са­тын­да пай­да болған мере­ке», – деп атап өтті жазу­шы Камал Әлпей­і­со­ва бұл мере­кенің мәнін терең түсін­ді­ре отырып.

Шынын­да да бұл күн – ортақ тарихқа тағ­зым ету, қиын­ды­қта бір-біріне сүй­ен­ген тағ­дыр­лар­дың сабақ­та­сты­ғын мой­ын­дау, өткен­нің ащы сабағын есте сақтау күні.

Бір­лік пен татулы­қтың символы

Қаза­қстан – жүз­ден аса этнос өкіл­дері тату-тәт­ті өмір сүріп жатқан мем­ле­кет. Бұл – кез­дей­соқ қалып­тасқан құбы­лыс емес, ғасыр­лар бойы жалғасқан төзім­ділік пен өза­ра құр­мет­тің нәти­же­сі. Алғыс айту күні осы құн­ды­лы­қтар­ды нығай­та түседі.

Бұл күні елі­міздің бар­лық өңірін­де мәде­ни шара­лар, кез­де­су­лер, қай­ы­рым­ды­лық акци­я­ла­ры, жастар фору­мы, кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма­лар ұйым­да­сты­ры­ла­ды. Әртүр­лі этно­мә­де­ни бір­ле­стік­тер өз өнерін көр­сетіп, ұлт­тық дәстүр­лері­мен бөлі­седі. Мұның бәрі – ортақ үйі­міз Қаза­қстан­дағы ынты­мақтың көрінісі.

Алғыс айту – тек өткен­ге бағыт­талған іс емес, бүгін­гі күн­нің де тала­бы. Қоғам­да бір-біріне қол­дау көр­се­ту, үлкен­ге құр­мет, кіші­ге ізет, көр­ші­ге қамқор болу – тұрақты­лы­қтың кепілі. Алғыс айту мәде­ни­еті қалып­тасқан жер­де реніш азай­ып, сенім артады.

Адам­гер­шілік­тің маңызы

Қазақ халқы үшін алғыс айту – ежел­ден бар қаси­ет. «Рақ­мет», «Құдай разы бол­сын», «Алла жар бол­сын» деген сөз­дер­дің өзі риза­шы­лы­қтың терең мағы­на­сын біл­діреді. Ата-баба­мыз кей­ін­гі буын­ды жақ­сы­лы­қты ұмыт­па­уға, кісілік пен кеңдік­ті жоға­ры қоюға үйреткен.

Алғыс айту күні – осы ұлт­тық тәр­би­ені зама­на­уи қоғам­да жаңғыр­ту­дың бір жолы. Бұл мере­ке жастарға тари­хи шын­ды­қты түсін­діріп, олар­дың бой­ы­на пат­ри­о­тизм мен жау­ап­кер­шілік сезі­мін сіңіреді. Өткен­ді біл­ген ұрпақ бола­шаққа сана­лы қадам жасайды.

Соны­мен қатар бұл күн – тек этно­са­ра­лық қарым-қаты­нас шең­бері­мен шек­тел­мей­ді. Әр адам осы күні ата-ана­сы­на, ұста­зы­на, досы­на, әріп­тесіне алғыс айту арқы­лы руха­ни таза­ру сезі­мін бастан кешіреді. Алғыс айту – жүрек­ті жұм­сар­тып, адам­ды ізгілік­ке жетелейді.

ХХ ғасыр сабағы және жауапкершілік

ХХ ғасыр қазақ дала­сы үшін де, Қаза­қстанға жер ауда­ры­лған халы­қтар үшін де ауыр сынақтар кезеңі бол­ды. Ашар­шы­лық, қуғын-сүр­гін, соғыс – бәрі де халы­қтар­дың тағ­ды­рын тоғы­стыр­ды. Осы зұл­мат­тың қай­та­лан­ба­уы үшін тари­хи жады­ны сақтау – аза­мат­тық парыз.

Алғыс айту күні – сол жады­ны жаңғыр­ту­дың бір фор­ма­сы. Бұл күн біз­ге бей­біт­шілік пен келісім­нің өзді­гі­нен кел­мей­тінін, оны сақтау үшін күн сай­ын еңбек ету керекті­гін еске салады.

Қоры­тын­ды

1 наурыз – Қаза­қстан үшін ерекше маз­мұнға ие күн. Бұл – бір­лік­тің, бауыр­мал­ды­қтың, тари­хи жады мен адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтар­дың мере­кесі. Қазақ халқы­ның дар­хан көңілі мен кең пей­ілі талай халы­қтың жүре­гін­де мәң­гілік із қалдырды.

Алғыс айту күні – өткен­ге тағ­зым, бүгін­ге риза­шы­лық, бола­шаққа сенім күні. Ол бізді ортақ тарихы­мы­зды қадір­ле­у­ге, бір­лі­гі­мізді нығай­туға, бей­біт өмір­дің баға­сын білу­ге шақы­ра­ды. Осын­дай руха­ни негізі берік қоғам ғана тұрақты дамып, жарқын бола­шаққа қадам баса алады.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Республиканский еженедельник онлайн