Суббота , 24 мая 2025

АМАНАТҚА ҚИЯНАТ ЖАСАМАЙЫҚ!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Ермек КӨШЕРБАЕВҚА!

         Ұлт­тық сана мен тәу­ел­сіздік иде­я­сын қалып­та­сты­рып, ұлт­тық бір­лі­гі­міздің негізін қалаған ұлы қай­рат­кер­лер аз емес. Осы санат­тағы тұлға­лар­дың ішін­де Мір­жақып Дулатұлы­ның орны биік. Ол Алаш қозға­лы­сы және Алаш Орда үкі­метін құруға және қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы мен ағар­ту­шы­лық қыз­метін қалып­та­сты­руға бел­сен­ді ара­ла­сып, «Оян, қазақ!» иде­я­сы­мен таныл­ды. «Қазақ» газетін шыға­руға атса­лы­сып, оның негіз­гі авто­ры­ның бірі болып, қазақ әде­би­етін­де жаңа бағыт қалып­та­сты­рып, тәу­ел­сіздік­ке ұмты­лған халы­қтың руха­ни көсе­мінің біріне айналды.

Алаш қай­рат­кері Мір­жақып Дулатұлы­ның «Оян, қазақ!» өлең­дер жинағы­ның жары­ққа шығып, қазақ қоға­мы­ның рухын асқақта­тып келе жатқа­ны­на 115 жыл­дан асса, биыл – тари­хи тұлға­ның 140 жыл­ды­ғы. 2023 жылы кино­те­атр­лар­да көр­сетіл­ген «Мір­жақып. Оян, қазақ!» көр­кем филь­мін қазақ жаста­ры жақ­сы қабыл­дап, пат­ри­от­тық рухын асқақта­тып жібер­генін жақ­сы біле­міз. Бұл батыл­дық, дана­лық және көре­ген­дік­ті үстем етіп, ұлтқа адал қыз­мет етудің жарқын үлгісін көр­сет­кен Мір­жақып Дулатұлы­ның арман-тіле­гі мен мақ­сат-мұра­тын наси­хат­та­удың маңы­зын көр­сетіп берді.

М.Дулатұлының 140 жыл­ды­ғын жоға­ры дең­гей­де атап өту – оның мұра­сын жаңғыр­туға, жас ұрпаққа жет­кізу­ге және ұлт­тық біре­гей­лік­ті нығай­туға бағыт­та­уды – бас­шы­лы­ққа алу керек деп санай­мыз. Бұл – елдің АМАНАТЫ! Қай­рат­кер тұлға­ла­ры­мыз күрес жолын­да қия­нат­ты аз көр­ген жоқ. Енді­гі жер­де­гі ама­на­ты­на қия­нат жаса­май­ық! Сон­ды­қтан аса көр­нек­ті ағар­ту­шы, қоғам қай­рат­кері, сөз зер­гері Мір­жақып Дулатұлы­ның 140 жыл­ды­ғын рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де атап өту үшін, Үкі­мет тара­пы­нан келесі іс-шара­лар қабыл­данған жөн деп санаймыз:

1. Мір­жақып Дула­то­втың шығар­ма­шы­лы­ғы мен сая­си қыз­метіне арналған халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар ұйым­да­сты­ру. Бұл іс-шара­лар Мір­жақы­пқа емес, бүгін­гі жастарға, ғалым­дар мен әде­би­ет­шілер­ге керек.

2. Мір­жақып шығар­ма­ла­ры­ның толық жинағын басып шыға­руға қол­дау көр­се­ту. «Оян, қазақ!» және басқа еңбек­терін аудио­кітап ретін­де шыға­ру. Алаш қозға­лы­сы мен Мір­жақып Дула­тов тура­лы шетел тіл­дерін­де мате­ри­ал­дар жариялау.

3. Баба­мы­здың рухы­на тағ­зым етіп, туған ауы­лы мен жатқан жеріне келем деушілер­дің жолын жеңіл­де­ту үшін, Қоста­най облы­сы Арқа­лық қала­сы­ның әуе­жай­ы­ның іске қосы­луын тез­де­ту және Жан­гел­дин ауда­нын­дағы Мір­жақып­тың туған жері – Қыз­бел ауы­лы­на барар авто­жолға күр­делі жөн­деу жүргізу.

4. Отан­дық теле­ар­на­лар­да, радио­лар мен газет­тер­де, сон­дай-ақ интер­нет пор­тал­дар­да Мір­жақып Дулатұлы­ның өмірі мен шығар­ма­шы­лы­ғын наси­хат­тай­тын ақпа­рат­тық жұмыстар­ды күшей­ту маңызды.

Тарих – адам­заттың жады, тари­хи тұлға­лар – сол жады­ның мәң­гілік ескерт­кі­ші десек, жоға­ры­да айты­лған ұсы­ны­стар­ды еске­ре оты­рып, Мір­жақып Дулатұлы­ның 140 жыл­ды­ғын жоға­ры дең­гей­де атап өту мәсе­лесін тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар­дың жүй­елі жүр­гі­зуіне қол­дау көр­се­туіңізді сұраймыз.

«AMANAT» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депутаттары:

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ

Аман­жол ӘЛТАЙ

Жанар­бек ӘШІМЖАНОВ

Республиканский еженедельник онлайн