Бүгін біз ең маңызды құжат – алдағы үш жылға арналған Республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдаймыз.
Бұл құжат – елдің әлеуметтік-экномикалық дамуын айқындайтын ең маңызды заң.
Дегенмен, елдің бюджетін пысықтауда Үкімет тарапынан жыл сайын жіберілетін олқылықтар жетерлік. Соларға тоқталып өтсем:
Бірінші, біздің бюджет қаржысының басым бөлігі мұнайға, шикізатқа тәуелді. Әлі күнге дейін республикалық бюджеттің 40 пайызын қазба байлықты экспорттаудан түсетін кіріс құрайды. Осы тәуелділіктің салдарынан Президент тапсырған экономиканы әртараптандыру жөніндегі прогрессивті бастама Үкімет тарапынан жеткілікті деңгейде жүзеге аспай отыр.
Сондай-ақ еліміздегі орта бизнестің экономикадағы үлесі небәрі 7 пайыз ғана. Бұл – тым аз көрсеткіш. Бір түйір табиғи байлығы болмаса да, әлемде «Азиялық жолбарысқа» айналып отырған мемлекеттер цифрлық технология, көлік өндірісі, жоғары білім беру, медицина, спорт, мәдениет және туризм саласын әлемге жоғары бағаға экспорттап отыр. Яғни, жоқтан бар жасап, оны қымбатқа сатуда. Ал біз дайын шикізаттан өнім шығара алмай әлек болудамыз.
Сондай-ақ бюджетте экономиканы дамыту бойынша көрсеткіштер көңіл көншітпейді. 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 4 пайызды құрап отыр. Мәселен, қазір санкциялар астында өмір сүріп жатқан ЕврАзЭС-ке кіретін мемлекеттердің өзінде экономикалық өсім Қазақстанға қарағанда жоғары. Тіпті ол елдерде инфляцияның өзі төмен.
Екінші. Президентіміз айтқандай, біздің бюджет әрдайым әлеуметтік сипатқа ие болуы тиіс. Бұл – өзгермейтін аксиома. Өйткені зейнеткердің зейнетақысын, ананың бала күтімі үшін алатын жөргекпұлын, мүгедектің пособиясын көтермесек, төмендетуге болмайды.
Дегенмен, Үкімет мүгедектерді әлі қолдамай отыр. Олардың ең төменгі жалақыдан да төмен жәрдемақысын өсіруге құлқы жоқ. Мүгедектерге берілетін әлеуметтік жәрдемақының көлемі жыл сайын тек Үкіметтің 7 пайыздық инфляциялық индексациямен ғана өсіп отыр. Мысалы, мүгедектер үшін жыл сайын қосылатын сома бар-жоғы 5-6 мың теңгеден аспайды. Бұл – осында отырған Үкімет мүшелерінің бір күндік түскі асының құны. Еліміздегі мүгедек жандар биыл орташа есеппен 74 660 теңге, яғни 153 АҚШ долларын алса, 2025 жылы 79 280 теңге, яғни 162 доллар алады екен. Келесі жылға мүгедектердің алатын жәрдемақысына бар-жоғы 9 доллар немесе 4400 теңге ғана қосылыпты.
Ал елімізде дәрі-дәрмектің бағасы ұшып тұр. Азық-түлік бағасы да қымбаттамаса, арзандамайды. Осындай жағдайда 79 мың теңгемен мүгедектігі бар адам қалай күн көрмек?!
Третье. Несмотря на строгие замечания Президента, мы все еще продолжаем тратить деньги из Национального фонда. В 2025 году изъятия из Нацфонда в общем составили 5,3 триллионов тенге, что в полтора раза больше, чем текущем году.
Самое тревожное – данная цифра фактически составляет 20 процентов республиканского бюджета и треть от реальных налоговых поступлений. Эти факты указывают на слабое исполнение доходной части по налоговым поступлениям и дивидендам Правительством.
Несмотря на то, что Правительство является стопроцентным держателем акций предприятий фонда «Самрук-Казына», поступления дивидендов в бюджет страны от их чистого дохода составляет всего лишь 10 процентов. А 90 процентов остальной прибыли расходуется фондом самостоятельно.
В-четвертых, на триллион увеличились расходы на обслуживание государственных и правительственных займов, которые превысили 6 триллионов тенге. Мы находимся у критической отметки обслуживания займов. Данный финансовый статус может повлечь ряд текущих проблем, особенно для Нацфонда.
Самое тревожное, что заимствования проводятся через квазигоссектор в обход Парламента, то есть в нарушение формулы главы государства «Влиятельный Парламент – Подотчетное Правительство».
В-пятых. Актуальным вопросом остается анализ структуры и финансирования расплодившихся подведомственных организаций. Они во многих случаях выполняют двойственные функциональные обязанности министерств и излишне дублируют работу, курируемых ими же государственных служащих. Например, более одного триллиона тенге из бюджета выделяются подведомственным организациям центральных государственных органов. Из них по двумстам миллиардам тенге у нас есть предметные вопросы по их расходованию.
Возникает закономерный вопрос: а не является ли такое положение дел прямым свидетельством неэффективного использования бюджетных средств?
Платить из государственной казны за выполнение одной и той же работы двумя разными структурами – это, мягко говоря, неоправданная роскошь. К примеру, в прошлом году Правительство у своей же подведомственной организации заказало разработку Строительного кодекса на 382 миллиона тенге, которая в конечном счете была лишь компиляцией действующих законов.
Также Антидопинговму центру Министерства спорта за последние пять лет выделили около 2 млрд тенге, несмотря на то, что у него нет международной аккредитации, что ставит под сомнение надежность проводимых тестов и наносит ущерб репутации казахстанского спорта. При этом мы продолжаем вливать бюджетные деньги в центр, выделив на следующие три года порядка полтора миллиарда тенге. Думаю, эти примеры наглядно демонстрируют ситуацию в этой сфере.
Шестое. Ситуация с закредитованностью населения вышла из-под контроля. Наш прогноз о дальнейшем ухудшении ситуации подтвердился: за последние полтора года количество заемщиков возросло на 27%. Сегодня уже 8,4 млн людей или более 80% от экономически активного населения имеют кредиты. Сумма просроченных выплат превысила 1,4 трлн тенге.
Количество людей, попавших в эту долговую яму и включенных как таковой «черный список», увеличилось еще на 300 тысяч и составило 1,7 миллионов. Это наглядно демонстрирует то, что доходы населения падают. В связи с этим требуются срочные меры по поддержке граждан и оздоровлению финансового рынка.
Тағы бір мәселе – шешімін таппайтын жұмыссыздық. Әрине, экономикамыз әртараптандырылмаса, негізгі табысымыз шикізатқа тәуелді болса, терең өңдеу өндірісі дамымаса, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік деңгейі 5 пайыздан аспаса, онда жұмыссыздық мәселесі ешқашан шешімін таппайды.
Үкіметтің бүгіндегі статистикасы бойынша, 950 мың адам жұмысқа орналасып, 5 процент азамат қана жұмыссыз деген көрсеткішіне ешкім де сенбейді. Ал тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 12%-дан кем емес. Бұл – кемі 1 миллион адам жұмыссыздар қатарында жүр деген сөз.
Тағы бір өзекті мәселе – халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге шешімін таппай отыр. Тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны өспесе, азаймауда. Соңғы төрт жылда олардың саны тағы 200 мыңға өсті. Бүгінгі күні үй кезегінде 649 мың адам тұр.
Бюджет жобасындағы сома тым аз – 72 млрд теңге, ол шамамен 5 мың отбасына жетеді. Ал жыл сайын кезекке тұрушылардың саны қосымша 50 мың адамға өсіп отыр.
Әріптестер, айтылған проблемаларды шешу Үкімет пен Парламенттің жүйелі ортақ жұмысының арқасында іске асатыны анық. Сондықтан жоғарыдағы сын-ескертпелерді бірге шешуіміз қажет.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,ҚР Парламенті Мәжілісіндегі«Аманат» фракциясының
жетекшісі