Суббота , 5 июля 2025

Анар СЕРКЕНОВА: Алаңда тұрғаным үшін ғана 18 ЖАСЫМДА СОТТАЛДЫМ

Желтоқсан-86 кезінде жасым 18-де еді, максималист болатынмын. Неліктен былай болды? Қазір бұл сұраққа ешкім де жауап бере алмас. Бәлкім, сол кездегі достарым да шындықты соңына дейін ашып айтпаған болар.

Осы жыл­дар ішін­де Жел­тоқ­сан тақы­ры­бы­на қаты­сты бір­де-бір тұщы­мы­рақ мате­ри­ал оқы­ған емес­пін. Мен бұл жағ­дай­ды есі­ме алғым кел­мей­ді, өйт­кені 18 жасым­да қат­ты пси­хо­ло­ги­я­лық соққы­ға душар бол­дым. Деген­мен, мен бұны айтуға құқы­лы­мын деп есептеймін.

Оры­стар көп тұра­тын ауыл­да туып-өстім, мүл­де ұлт­шыл емес едім. 1986 жылы Тал­ды­қорған­да бола­ты­н­мын, заң­гер маман­ды­ғы­на оқып жүр­ген­мін. Алма­ты­да болып жатқан жағ­дай­ды ел аузы­нан естідік. Доста­рым­мен жина­лып, қала­дағы алаңға шықтық. Бізді жедел тара­тып жіберді.

Кей­ін мили­ци­яға шақы­рып алып, мені тек түр­ме ғана түзе­те ала­ты­нын айт­ты. 30 жел­тоқ­сан­да сот өтті. Ешқан­дай негіз­сіз 1,5 жыл түр­ме жаза­сын бер­ді. Жаңа жыл­ды темір тор­дың ішін­де қар­сы алдым. Жазам­ды басы­нан аяғы­на дей­ін өтеп шықтым. Мен үшін ата-анам қат­ты қай­ғы­рып, шешем сал болып қал­ды. Сол жыл­дар­дың кесірі­нен әкем екі жыл бұрын дүни­е­ден озды. Өте қиын болды.

Мен Тал­ды­қорған заң тех­ни­ку­мын­да оқып жүр­ген­мін, бұл оқу орны­на түсу өте қиын еді. Про­ку­рор неме­се сот болу­ды арман­дағам, аяғын­да қыл­мыс­кер болып, «зэк» атан­дым. Қамаудан шыққан соң, Алма­ты­ға жол тарт­тым. Екі апта­дай вок­зал­да түнел­тіп, кей­ін Алма­ты бас киім­дер фаб­ри­ка­сы­на жұмысқа тұрдым.

Әйт­се де кей­ін тех­ни­кум­дағы оқуым­ды қай­та жалға­стыр­дым, тұр­мыс құрып, екі қыздың ана­сы атан­дым. Заң­гер де бол­дым. Қазір көлік ком­па­ни­я­сын­да қыз­мет істей­мін. Әкем­нің «бәрі де орны­на келеді» деген сөзі есі­ме түседі.

Сіз­дер білесіз­дер ме, тек қана алаң­да тұрға­ным үшін, мені 18 жасым­да түр­ме­ге тыққан судья жуы­қта Жоғарғы сот қазы­лар алқа­сы­ның аты­шу­лы ісі бой­ын­ша орны­нан алы­нып­ты?! 26 жыл бұрын менің жасым 20-ға да жет­пе­ген еді. Мен ол кез­де жас бол­дым, алай­да өмір­ді қай­та баста­уға күш-қуат тап­тым. Ал ол бол­са 60-ты еңсер­ген адам, бұл жаста оған өмір­ді қай­та бастау әлдеқай­да қиын…

  • Нұр­лы­бек Қуаң­ба­ев­тың ФБ-парақшасынан

Қыршын кеткен БОЗДАҚТАР неге түгенделмеді?

  • Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де қыр­шын кет­кен, ақ жауып, ару­лап көміл­мей, «бел­гісіз мола­да» жатқан, аты-жөн­дері ата­лып, дұры­стап Құран бағы­штал­маған, содан рухы тыныш тап­пай жатқан боздақ марқұм­дар мәсе­лесіне біздің елде әлі күн­ге нүк­те қойылмады.

 Тәуел­сіздік алға­ны­мы­зға отыз жыл­дан асса да, сол боздақтар­дың тізі­мі жасал­ма­ды, атта­ры атал­ма­ды, түстері түстел­меді, жанқи­яр ерлік­тері тиісті дең­гей­де баға­лан­ба­ды. Әлі күн­ге дей­ін сол қыр­шын кет­кен жастар­дың санын да біл­мей­міз. Кезін­де Кол­бин­нің айтып кет­кен төрт ада­мы­нан басқа ешкім­ді білмейміз.

Кей­ін­нен Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз бастаған комис­си­я­ның өзі қаза тапқан­дар саны алпы­стың үстін­де бол­ды деген сияқты еді ғой. Сон­да жабу­лы қазан сол жабу­лы күй­ін­де қала бер­мек пе? Шын­ды­қтың беті ашы­ла­тын кез кел­ген жоқ па? Халы­қтан неге жасы­ры­лып отыр, мүм­кін, біз біл­мей­тін құпия бар ма? Әлде біздің билік басын­дағы­лар үшін бұл маңы­зы шама­лы мәсе­ле ме екен? Әлде сол билік­тен Жел­тоқ­сан­да қыр­шын кет­кен­дер­дің саны мен аты-жөнін аны­қта­уды талап ете алмай жүр­ген біз – қазақ халқы мәң­гүрт болып кет­тік пе? Негізі, аны­ғын­да солай да шығар…

Жақын­да бір шару­а­лар­мен Әзір­бай­жан аста­на­сы Баку қала­сын­да бол­дым. Үш-төрт күн­дік сапа­рым­ды пай­да­ла­нып, қала­ның көр­нек­ті жер­лерін ара­ла­дым. Негізі әзір­бай­жан халқы ұлт­тық сая­сатқа самарқау қара­май­ды екен, біз сияқты өзінің билі­гіне де, агрес­си­я­лық Ресей­ге де жал­тақта­май­тын халық қой. Өткенін, тарихын, тілін, дінін қат­ты сый­лай­ды, олар­ды лай­ы­қты дең­гей­де ұлы­қтап отырады.

Бакудің ұлт­тық мұра мен халы­қтық зер­десіне қаты­сты сон­дай көр­нек­ті жер­лерінің бірі – «Шахид­тер алле­я­сы» деген жер бар екен. Қала­ның ең бір әде­мі жерін­де, біздің Алма­ты­дағы Көк­тө­бе сияқты таудың басын­да орна­ласқан, жал­пы аумағы бес-алты гек­тар­дай жер­ді алып жатыр.

Сол жер­де Әзір­бай­жан­ның тәу­ел­сізді­гі үшін жанын бер­ген боздақтарға арналған, әр кезең­ге жеке-жеке жасалған алаң­ша­лар бар. Боль­ше­вик­тер­дің репрес­си­я­сы кезін­де­гі құр­бан­дар, кей­ін­гі 1990 жылғы Баку­де­гі қырғын­ның, 1992 жылғы Хожа­лы қырғы­ны­ның құр­бан­да­ры­на – әрқай­сысы­на арнайы мәр­мәр тақта қой­ы­лып, онда олар­дың сурет­тері, аты-жөн­дері, туған, қаза болған жыл­да­ры және қан­дай жағ­дай­да мерт болға­ны тура­лы мәлі­мет­тер көр­сетіл­ген. Бакудің тұрғын­да­ры мен қонақта­ры келіп, оларға тағ­зым етіп, гүл шоқта­рын қой­ып кетіп жатыр.

Сол алле­я­ның жанын­да әп-әде­мі шағын мешіт салы­нған. Кіріп, сол жер­де жатқан ару­ақтарға құран бағы­штап шықтық. Міне, тәу­ел­сіз мем­ле­кет деген осын­дай болуы керек. Осы­дан кей­ін, бір жағы­нан, Әзір­бай­жан халқы­ның, олар­дың билік басын­дағы­ла­ры­ның өз ел-жұр­ты­ның өткен тарихы­на осын­дай тама­ша көзқа­ра­сы­на шын риза­шы­лы­ғы­мы­зды біл­дір­сек, екін­ші жағы­нан, іші­міз­де сон­дай бір қызға­ныш, қызы­ғу­шы­лық сезі­мі де пай­да бола­ды. Неге осын­дай істер әзір­бай­жан халқы­ның қолы­нан келеді, ал біз елі­міздің тәу­ел­сізді­гі үшін жанын пида еткен боздақтар­ды тек 16–17 жел­тоқ­сан жақын­даған­да ғана еске ала­мыз? Онда да жал­пы­ла­ма жағ­дай­да ғана.

Жел­тоқ­сан көтерілісі – жеме-жем­ге кел­ген­де тек қана Қаза­қстан­дағы емес, бүкіл пост­со­вет­тік кеңістік­те­гі ұлт-азаттық қозға­лы­сы­ның алға­шқы қар­лы­ға­шы, совет­тік тота­ли­тар­лық режим­нің күй­ре­уіне алға­шқы кір­піш қалаған оқиға. Бірақ біз сол жел­тоқ­сан­дық жастар­дың ерлі­гін тиісті дең­гей­де ұлы­қта­уда дәр­мен­сіздік таны­тып, сол бір құл­дық сана-сезім­нен әлі күн­ге дей­ін ары­ла алмай, ұйқы­лы-ояу жүрміз.

Жел­тоқ­сан­ды­қтар­дан Қай­рат Рысқұл­бе­ко­втен басқа ешқай­сысы мем­ле­кет­тік мара­патқа ие болған жоқ. Олар­дың қай-қай­сысы да «Халық қаһар­ма­ны» атағы­на лай­ық. Жалғыз ескерт­кі­ш­тен басқа біз­де Жел­тоқ­сан оқиға­сын еске сала­тын да ешнәр­се жоқ. Бакудің тәжіри­бесін пай­да­ла­на оты­рып, Алма­ты­ның бір көр­нек­ті жері­нен неге сон­дай бір аллея ашпасқа? Алма­ты­ға кел­ген әрбір қазақ неме­се шетел қонақта­ры осы жер­ге соғып, сол боздақтарға тағ­зым етіп, құран оқып кетуді әдет­ке айнал­дыр­са, сон­да ол қыр­шын­дар­дың да жан­да­ры тыныш тауып, ару­ақта­ры риза болар еді. Бірақ соған біздің табиғи енжар­лы­ғы­мыз бой бер­мей жүр­ген сияқты. Отыз жыл­дан асты ғой, кім­ге жал­тақтай­мыз, кім­нен қорқамыз?

Баяғы­да, жиыр­ма­сын­шы ғасыр­дың басын­да Ала­штың ары­сы Мір­жақып Дула­тов аға­мыз «Оян, қазақ!» деп, оята алмай кетіп еді, содан әлі ояна алмай келе­міз. Өске­лең ұрпақтың жетесіне өткен тарихы­мы­зды, сол тарих­ты жасаған тұлға­лар тура­лы зей­ін зер­десін ұялат­па­сақ, олар да бұл өмір­ден біз сияқты мәң­гүрт болып өтеді.

Енді, міне, мем­ле­кеті­міз, халқы­мыз өз дамуы­ның жаңа кезеңіне кел­ді. Қоғам­ның бой­ы­на жаңа қан жүгірт­кен және көп­тен күт­кен өзгерістер болып, халқы­мыз тағы да алдағы өмір­ге үлкен бір үміт­пен қарап отыр. Пре­зи­ден­ті­міз «Жаңа Қаза­қстан» құрай­ық деген ұран таста­ды. Дұрыс баста­ма, жасам­паз­ды­ққа жаны құштар әрбір қаза­қстан­дық бұл баста­ма­ны толық қол­да­уы тиіс деп ойлаймын.

Мем­ле­кеті­мізді тұй­ы­ққа тіре­ген, жап­пай сыбай­лас жемқор­лық орын алған бұры­нғы, ескі сүр­ле­умен бұдан әрі жүру мүм­кін емес. Бірақ сол «Жаңа Қаза­қстан» қан­дай бол­мақ, оны кім құра­ды, оған қан­дай көңіл-күй­мен, қан­дай мен­та­ли­тет­пен бар­мақ­пыз? Біздің жады­мы­зда қалға­ны – өткен кезеңнің талай-талай жалаң ұран­да­ры мен орын­дал­маған бағ­дар­ла­ма­ла­ры. Мына «Жаңа Қаза­қстан» да сон­дай­лар­дың біріне айна­лып кет­пе­се – болға­ны. Ал ұлт­тық һәм халы­қтық жады­ны жаңғыр­ту­дың жолы – Жел­тоқ­сан сияқты ұлт-азаттық қозға­лы­стар­дың тарихын көп­шілік­ке көр­нек­ті және бүк­пе­сіз етіп жасау.

Сәмет БАЙҚОҢЫРОВ,

зей­нет­кер,

Ақтау қала­сы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн