Суббота , 5 июля 2025

Ана мен бала НЕГЕ ӨЛЕДІ?

  • Кадр­лар­дың жетіс­пе­ушілі­гі – бұл Қаза­қстан­дағы ана өлі­мінің өсу себеп­терінің бірі, деп хабар­ла­ды ҚР Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің (ДСМ) бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасаған ҚазТАГ.

«Ден­са­улық сақта­удың бірін­ші вице-мини­стрі Марат Шора­нов бар­лық өңір­лер­де ана өлі­мінің өсу себебін атап өтті. Оның айтуын­ша, кері көр­сет­кі­ш­тер­ге аку­шер­лік қыз­мет­тің жет­кіліксіз құра­мы, пер­зент­ха­на­лар­дың дәрі­гер­лік жаб­ды­қтар­мен толық қам­та­ма­сыз етіл­ме­уі, бар­лық дең­гей­де­гі маман­дар білік­тілі­гінің жет­кіліксізді­гі, шалғай аудан­дар­дағы жүк­ті әйел­дер мен нәре­сте­лер­ге меди­ци­на­лық көмек мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық тұрғы­да толық қам­та­ма­сыз етіл­ме­уі, сон­дай-ақ білік­ті дәрі­гер­лер­дің жеке мен­шік кли­ни­ка­ларға ауы­сып кетуі», – делін­ген хабарламада.

Еске салай­ық, 2020 жылға арналған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма аясын­да ДСМ ана өлі­мін – бала­сын тірі туған 100 мың анаға шаққан­да 17,1‑ге дей­ін, ал сәби өлі­мін – 1000 тірі туған нәре­сте­ге шаққан­да 10,1‑ге дей­ін төмен­де­ту жос­пар­ланған. Әлбет­те, жас туған ана мен бала­ның өлі­мін мүм­кін­ді­гін­ше азай­ту – мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­ның басты мәсе­лесі. Бірақ өлім­нің санын жос­пар­лау – бұл енді Құдай­дың ғана қолын­дағы құдірет бол­са керек.

ӘДІЛЕТ ІЗДЕГЕН АНАЛАР әкімдік ғимаратына қонып шықты

Көр­некі сурет

  • Көк­тем­нің бірін­ші күні еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі­мен кез­де­суді талап еткен бір топ ана аста­на әкім­ді­гінің ғима­ра­ты­на қонып шықты, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Мүге­дек бала­лар­дың құқы­ғы бұзы­лып, мем­ле­кет тара­пы­нан тиісті көмек­тің барған сай­ын азай­ып бара жатқа­нын желеу еткен ана­лар «министр кел­мей­ін­ше, әкім­дік­тен шық­пай­мыз» деп талап қойған.

Жиналған­дар­дың бірі Әсел Ахме­то­ва соңғы кез­дері тиісті заң­ды­лы­қтарға ана мен бала­ның емес, шене­унік­тер­дің мүд­десіне сәй­кес түзе­ту­лер қабыл­да­нып жатқа­нын айтты.

«Жыл­дан-жылға мүге­дек бала­ларға көр­се­тетін қыз­мет сапа­сы нашар­лап бара­ды. Сана­то­рий-курорт­та 14 күн­дік емде­уді 7 күн­ге қысқар­тып таста­ды. Енді мүге­дек бала­ны алып жүру­ші адам сана­то­рий­де жатқа­ны үшін ақша төле­уі тиіс. Бас­па­на мәсе­лесі де күр­делі. Бұрын мүге­дек­ті­гі бар бала­лар бас­па­на кезе­гін­де соғыс арда­гер­лері­мен бір­ге тұра­тын. Оларға бірін­ші кезек­те өте­усіз бас­па­на берілетін. Енді түзе­ту­лер енгізіліп, мүге­дек бала­лар­ды жал­пы тізім­ге қосып тастаған. Олар­ды қорға­уы тиіс заң талап­та­ры орын­дал­май­ды», – деді Әсел Кәрі­ба­е­ва «Азаттық» тілшісіне.

Төрт бала­ның ана­сы Әсем­гүл Ахме­то­ва мүге­дек бала баққа­ны үшін ата-анаға берілетін жәр­де­мақы­ны үкі­мет элек­трон­ды нұсқаға айнал­дыр­мақ­шы, бұл ата-ана­лар үшін өте ыңғай­сыз деп шағым­дан­ды. «Бұған қоса, біз­де көк кітап­ша бар, онда бізді ата-ана емес, бағу­шы ретін­де көр­сет­кен. Біз­ге берілетін заттар, орто­пе­ди­я­лық аяқ киім­дер сапа­лы бол­са дей­міз», – деді ол.

Әкім­дік ғима­ра­ты­на жиналған­дар бұдан басқа да мәсе­ле­лер­ді көтер­ді, деп хабар­ла­ды «Азаттық». Сол күні ана­ларға әкім­дік пен еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрінің көмек­шісі шыққан. Бірақ ана­лар мини­стр­дің өзінің келуін талап еткен.

Еске сал­сақ, мүге­дек бала тәр­би­е­леп оты­рған ата-ана­лар мем­ле­кет тара­пы­нан жаса­луы тиіс әле­умет­тік көмек­тің азды­ғын алға тар­тып, жиі нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на шыға­ды. Был­тыр 16 жел­тоқ­сан­да Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның әкім­ді­гі алдын­да он шақты ата-ана қолар­ба акци­я­сын өткізіп, билік­тің наза­рын өздерінің бас­па­на мәсе­лесіне аудар­тқы­сы кел­ген.

2015 жылы Қаза­қстан БҰҰ-ның мүге­дек­тер құқы­ғы жөнін­де­гі кон­вен­ци­я­сын рати­фи­ка­ци­я­лап, мүм­кін­ді­гі шек­те­улі аза­мат­тарға қаты­сты көп мін­дет­те­мені мой­ны­на алған еді. Бірақ кей­бір маман­дар осы уақыт ара­лы­ғын­да мүге­дек­тер жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты айтар­лы­қтай өзгеріс бол­маға­нын айтады.

Жел­тоқ­сан айы­ның басын­да еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі өз ведом­ст­во­сы­ның мүге­дек­тер мәсе­лесін қалай шешіп оты­рға­ны тура­лы есеп беріп, онда ол 2025 жылға дей­ін 64 шара­дан тұра­тын ұлт­тық жос­пар­ды жүзе­ге асы­рып жатқа­нын мәлімдеген.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн