Понедельник , 12 мая 2025

АНЫҚТАЛҒАН АҚИҚАТ

Кеңес Одағының Батыры атағын саяси себеппен ала алмаған Боран Арыстанұлы кім?

Адам­зат тарихын­да бұрын-соң­ды бол­маған ала­пат – екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың құрам­дас бөлі­гі Ұлы Отан соғы­сын­дағы Жеңіс­ке биыл 80 жыл тола­ды. Осы­ған орай біз де оқыр­ман наза­ры­на жаңа архивттік деректер негізін­де бел­гілі болған төмен­де­гі оқиға­лар­ды ұсы­ну­ды жөн көрдік. 

 «Мат­ро­сов­шы­лар» деген кімдер?

Соғы­ста кеңес әскері фаши­стер­ді ел аумағы­нан қуып шыға­ру бары­сын­да қан май­дан­да талай жанқи­яр­лық ерлік­тің үлгісін көр­сет­ті. Солар­дын ішін­де кеңес әскерінің шабуы­лын қам­та­ма­сыз ету жолын­да жауын­гер­лер­дің жаудың атыс ұясын өз дене­лері­мен жабуы сияқты ерлік­терін ерекше айтқан жөн.

Соғыс жыл­да­рын­да ДЗОТ-тар­дағы пуле­мет­тер­дің аузын денесі­мен жауып, кеңес әскерінің шабуыл­да­уы­на жағ­дай жасаған жауын­гер­лер­ді әдет­те «мат­ро­сов­шы­лар» дей­ді. Себебі осын­дай ерлік­тің біре­уін 19 жастағы қызы­ләс­кер Алек­сандр Мат­ро­сов жасаған. Ол 1943 жыл­дың 27 ақпа­нын­да (кей­бір деректер­де 23 ақпан­да) Кали­нин облы­сы­на қарас­ты Чер­нуш­ки дерев­ня­сын жаудан азат ету үшін болған ұры­ста өзінің денесі­мен жау ДЗОТ-ының аузын жауып, кеңес әскерінің ілгері жыл­жуы­на мүм­кін­дік бер­ген, өзі сол жер­де қаза тапқан. Қызы­ләс­кер­дің осын­дай ерекше ерлі­гі үшін оған Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы берілген.

Соғыс бары­сын­да А.Матросов сияқты ерлік жаса­у­шы офи­цер­лер мен сол­дат­тар саны 470-тен асқан. Дей тұрған­мен, соғыс аяқталған­нан кей­ін­гі 80 жыл ішін­де соғыс тарихын зерт­те­ушілер А.Матросовтың ерлі­гін одан бұрын да жасаған жауын­гер­лер­дің болға­нын дәлелдеді.

Солар­дың бірі – 1942 жылы қаңтар айын­да Гурьев (Аты­рау) облы­сы, Есбол (Индер) ауда­ны­нан май­данға аттанған қызы­ләс­кер Боран Нысан­ба­ев еді.

Алай­да осы жер­де бүкіл Аты­рау халқы және рес­пуб­ли­ка жұрт­шы­лы­ғы білу­ге тиіс екі нәр­сені ерекше айтқа­ны­мыз жөн: бірін­ші – 1942 жылы қаңтар айын­да Гурьев облы­сы, Есбол ауда­ны­нан 1918 жылы туған екі Боран Нысан­ба­ев­тың май­данға аттанға­ны, екін­ші – сол Боран Нысан­ба­ев­тар­дың әске­ри өмір жол­да­ры тура­лы мәлі­мет­тер­дің соңғы жыл­дарға дей­ін мей­лін­ше шата­сты­ры­лып кел­ген­ді­гі. Соған бай­ла­ны­сты біз әр Боран­ның әске­ри жол­да­ры­на жеке-жеке тоқталған­ды жөн көрдік.

Олар­дың бірін­шісі – Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гі; екін­шісі – Боран Нысан­ба­ев Арыстантегі.

Атқыш Боран Нысан­ба­ев­тың жауын­гер­лік жолы

Алға­шқы әңгі­ме – Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гі тура­лы болмақ.

Боран Нысан­ба­ев – руы Құл­кеш-Беріш, 1918 жылы Гурьев облы­сы, Есбол ауда­ны Қаң­бақты ауыл­дық кеңесі аумағын­да туған. 1942 жылы 6 қаңтар­да Есбол аудан­дық әске­ри комис­са­ри­а­ты­нан май­данға аттанған. Әкесі – Мәсте­ков Нысанбай.

2023 жылғы 14 шіл­де­де­гі РФ ҚМО архиві­нен (Подольск, Мәс­кеу облы­сы) Боран Нысан­ба­ев­тың ұрпақта­ры­на кел­ген №11/14054 хат­та Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гі сау­ат­сыз деп көр­сетіл­ген, пар­ти­яда бол­маған. Подольск қала­сын­дағы әске­ри архив­те­гі деректер бой­ын­ша Боран Нысан­ба­ев 1942 жылы 137-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның, 771-атқы­штар пол­кін­де тір­кел­ген.

1943 жылы 16 ақпан­да Шали­мо­во дерев­ня­сы үшін болған ұры­ста сол жақ құлағы­нан жара­ланған. Оны полк коман­ди­рі под­пол­ков­ник А.И. Гор­ди­ен­ко­ның Боран­ның 1943 жылы 23 ақпан­да гос­пи­таль­ға жіберілуіне бай­ла­ны­сты шығарған №36 бұй­ры­ғы рас­тай­ды. Боран 1943 жыл­дың 27 ақпа­ны­нан 2 науры­зы­на дей­ін Тула қала­сын­да №1145 гос­пи­таль­да жатып емдел­ген (РФ Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің Орта­лық архивінің фили­а­лы, әске­ри-меди­ци­на­лық құжат­тар архиві. Санкт-Петер­бург қала­сы. Жара­ланған­дар мен ауру­лар­ды есеп­ке алу картотекасы).

Нысан­ба­ев Мәстек­те­гінің жауын­гер­лік өмір жолы тура­лы РФ Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің Орта­лық архиві­нен (Мәс­кеу облы­сы, Подольск қала­сы, 142100) 2023 жылғы 17 қазан­да алы­нған №8117048 құжат­тан мына­дай жол­дар­ды көре­міз: «Бал­тық жаға­ла­уы әске­ри окру­гінің запас­тағы 204 май­дан­дық атқы­штар пол­кінің 1943 жылғы есеп­ке алу кіта­бын­да былай деп жазы­лған: «…494. 2‑атқыштар бата­льо­ны­ның қызы­ләс­кері Нисам­ба­ев Бурак 19.03.43 кел­ді, ал 11.04.43 215-запас­тағы атқы­штар пол­кіне жіберіл­ді» (Негіз: РФ ҚМОА. Қ.8500,Т. 77097, І.29, П.9).

Одан әрі «61-арми­я­ның 215-запас­тағы арми­я­лық атқы­штар пол­кіне 1943 жылы толы­қты­руға кел­ген­дер­ді есеп­ке алу кіта­бын­да былай­ша жазы­лған: «…239. 1‑атқыштар бата­льо­ны­ның қызы­ләс­кері Насам­ба­ев Буран 17.04.1943 204-запас­тағы май­дан­дық атқы­штар пол­кі­нен кел­ді (Негіз: РФ ҚМОА. Қ.8500, Т.93668с, І.3, П.6).

61-арми­я­ның 215-запас­тағы арми­я­лық атқы­штар пол­кі­нен 1943 жылы кет­кен­дер­ді есеп­ке алу кіта­бын­да былай деп көр­сетіл­ген: «…654. 1‑атқыштар бата­льо­ны­ның қызы­ләс­кері Нисам­ба­ев Буран 28.04.43 336-атқы­штар диви­зи­я­сы­на жіберіл­ді» (Негіз: РФ ҚМОА. Қ.8500, Т.96367с, І.36, П.8). 1943 жыл­дың 6 мамы­ры­нан бастап 336-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның 1130-атқы­штар пол­кін­де мина тасу­шы болған.

Өкініш­ке қарай, Б.Нысанбаев сол 1943 жыл­дың 14 жел­тоқ­са­нын­да Жито­мир облы­сын­да соғы­ста қаза тапқан. Ол тура­лы архив­тік деректер­де былай деп көр­сетіледі: «Под­нос­чик мины 1130 стрел­ко­во­го пол­ка, 336-стрел­ко­вой диви­зии крас­но­ар­ме­ец Насан­ба­ев Бурак, 1918 г. рож­де­ния, уро­же­нец Гурьев­ской обла­сти, Испуль­ско­го рай­о­на, Кан­бак­тин­ско­го с/с, при­зван 6 янва­ря 1942 г. Испуль­ским РВК Гурьев­ской обла­сти. Погиб 14 декаб­ря 1943 года, похо­ро­нен 200 мет­ров южнее дома лес­ни­ка Федо­ров­ско­го с/с, Малин­ско­го рай­о­на, Жито­мир­ской обла­сти. Отец – Масти­ков Насан­бай, про­жи­вал по месту рож­де­ния учтен­но­го» (ЦАМО РФ, Ф.1651, Оп.2, Д.25, С.16).

Боранға қаты­сты соңғы құжат

336-атқы­штар диви­зи­я­сы, 1130-атқы­штар пол­кі коман­ди­рінің 1943 жылғы 24 жел­тоқ­са­нын­да қол қой­ған №07/а бұй­ры­ғын­да былай делінген:

«§1.1. Төмен­де­гі сер­жант­тар мен қатар­дағы­лар құра­мы полк­тің тізі­мі­нен және бар­лық қам­та­ма­сыз ету тізі­мі­нен шығарылсын:

2‑атқыштар бата­льо­ны бойынша:

31. Қызы­ләс­кер Насан­ба­ев Барак

14.12.43. қаза тапқан».

(Негіз: РФ ҚМОА, Қ.7796, Т.58442с, І.28, П.7).

Атқыш Боран Нысан­ба­ев­тың қазір­гі жер­лен­ген жері – Жито­мир облы­сы, Малин ауда­ны, Вор­сов­ка село­сы­ның орта­лы­ғын­дағы №824-қабір.

Боран­ның қаза тапқа­ны тура­лы қара­лы қағаз елге 1946 жылы жел­тоқ­сан айын­да жет­кен. Атқыш Боран Нысан­ба­ев соғы­ста жара­лы болған, бірақ ешқан­дай награ­да алмаған.

Міне­ки, қызы­ләс­кер атқыш Боран Нысан­ба­ев Мәстекұлы­ның әртүр­лі қателік­тер­ден мүм­кін­ді­гін­ше тазар­ты­лған бар жауын­гер­лік жолы осы. Жоға­ры­дағы кел­тіріл­ген бар­лық архив­тік құжат­тар­дан мынан­дай қоры­тын­ды­ға келу­ге бола­ды: Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гінің 1943 жылғы 6 ақпан­дағы Лес­ки дерев­ня­сы үшін болған шай­қасқа еш қаты­сы жоқ. Сон­ды­қтан да атқыш Боран Нысан­ба­евқа Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағын беру­ге еш негіз жоқ бола­тын. Дей тұрған­мен, Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағын беру тура­лы Гра­мо­та атқыш Б.Нысанбаев Мәстек­те­гі отба­сы­на тапсырылған.

Мино­мет­ші Боран Нысан­ба­ев жасаған ұлы ерлік

Келесі әңгі­ме­міз – 1942 жылы қаңтар айын­да Есбол аудан­дық әске­ри комис­са­ри­а­ты­нан май­данға аттанған Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гі тура­лы. Нысан­ба­ев Боран – 1918 жылы туған, руы Жаста­бан-Таз. Ана­сы – Рәзия Өтеға­ли­е­ва. Ол отба­сын­дағы 4 ұл, 2 қыздың бірі. Архив­те туған жері Қазақ КСР‑ы, Гурьев облы­сы, Есбол ауда­ны деп көр­сетіл­ген (ҚАМО Ф.7427, Т.380872с, І.1.), БЛКЖО мүше­сі. Ұрпақта­ры­ның айтуын­ша, Боран Таң­дай­да интер­нат­та жатып, баста­уыш білім алған. Үйлен­ген, әйелі – Ұрқия Дәлу­ова. Боран – 1942 жылы 14 қаңтар­да, ал аға­сы Ерші 1943 жылы 13 ақпан­да май­данға аттанған. Алай­да еке­уі де хабар­сыз кет­кен. Баста­пқы­да олар­ды іздеу бары­сын­да ешбір нәти­же бол­маған. Өкініш­ке қарай, Аты­рау облы­стық архивін­де Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гі тура­лы деректер жоқ болып шығады.

Содан кей­ін ұрпақта­ры Аты­рау, Батыс Қаза­қстан, Ақтө­бе облы­сы­ның және Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның Подольск қала­сын­дағы әске­ри архив­тер­ге хат жазып, «Память наро­да» сай­ты­мен хабар­ласқан. Ресей­ден табы­лған сол деректер­ге сүй­ене оты­рып, Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гінің жауын­гер­лік жолы тура­лы қысқа­ша мына­ны айтуға болады.

1943 жылғы 6 ақпан­да 48-арми­я­ның 137-атқы­штар диви­зи­я­сы, 771-атқы­штар пол­кі, 1‑батальонының әскер­лері Орел облы­сы, Покровск ауда­ны, Лес­ки дерев­ня­сын фаши­стер­ден азат ету үшін шабуы­лға шыққан. Кеңес әскер­лерінің 40 минут­тық артил­ле­ри­я­лық дай­ын­ды­қтан кей­ін­гі шабуы­лы­нан еш нәти­же бол­маған. Себебі жаудың ДОТ тәрізді етіп жаса­лы­нған мықты да үлкен ДЗОТ-ынан пуле­мет­тер жоға­ры­дан оқ себе­леп, жауын­гер­лер­дің ілгері жыл­жуы­на мүм­кін­дік бермеген.

Осы кез­де 1‑минометшілер рота­сы­ның мино­мет­шісі Боран Нысан­ба­ев пуле­мет­тер­дің себе­леп тұрған оғы­ның асты­мен екі рет жау ДЗОТ-ына жақын­дап барып, гра­на­та­лар лақты­ра­ды. Бірақ пуле­мет әлі де аты­лып тұра­ды. Содан соң коман­дир­ден пуле­мет­тер­дің үнін өшіру­ге рұқ­сат алған Боран өз денесін айнал­ды­ра гра­на­та­лар­мен бай­лап, қолы­на тан­кі­ге қар­сы қол­да­ны­ла­тын екі гра­на­та алып, ДЗОТ-тың есі­гіне дей­ін жорға­лап барып, есік­ті теуіп ашып, ДЗОТ-тың ішіне секіріп түсіп, гра­на­та­ла­рын лақтырады.

Жой­қын жары­лыс нәти­же­сін­де пуле­мет­тер түгелі­мен істен шығып, бата­льон жауын­гер­лері жау әскер­лері орна­ласқан төбені басып ала­ды. Тас-талқа­ны шыққан ДЗОТ-тың іші­нен 28 фашист сол­да­ты мен офи­церінің мүр­десі және ком­со­мол мүше­сі Боран Нысан­ба­ев­тың денесі табы­ла­ды. Осы­лай­ша мино­мет­ші Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гі сүй­ік­ті Ота­нын басқын­шы­лар­дан азат ету жолын­да ерлік­пен қаза табады.

Архив­тік деректер­ге үңіл­сек, 771-атқы­штар пол­кінің коман­ди­рі, под­пол­ков­ник А.И.Гордиенко Лес­ки дерев­ня­сын жаудан азат ету­де қаһар­ман­дық көр­сет­кен мино­мет­ші Исим­ба­ев Буран деп көр­се­те­ді. Неге Исим­ба­ев Буран деген сұраққа былай деп жау­ап беру­ге бола­ды. Ол мез­гіл­де тан­кі­ге қар­сы қол­да­ны­ла­тын екі гра­на­та­мен ДЗОТ-ты жарып, сол жер­де өзі де қаза тапқан, денесі әбден пәр­ша­ланған қызы­ләс­кер­дің кім екенін аны­қтау қиы­нға соққан. Тек төсқал­та­сы­нан алы­нған, қанға малы­нған ком­со­мол­дық билет­тің қал­ды­ғы негізін­де құжат Исим­ба­ев Буран деп толтырылған.

1943 жыл­дың 7 сәуірін­де Исим­ба­ев Буран (өлген­нен кей­ін) «Кеңес Одағы­ның Баты­ры» атағы­на ұсы­ны­лған. Алай­да 48-арми­я­ның қол­бас­шы­сы гене­рал Рома­нен­ко мара­пат парағы­на: «Орде­ном Оте­че­ствен­ной вой­ны 1‑степени. Опи­сать подвиг для род­ных и рай­он­ных орга­ни­за­ций, в армей­скую газе­ту» деген бұры­шта­ма жаза­ды. Сөй­тіп Буран Исим­ба­ев 48-арми­я­ның 1943 жылғы 19 сәуірін­де­гі №26/Н бұй­ры­ғы­мен І‑дәрежелі «Отан соғы­сы» ордені­мен (өлген­нен кей­ін) марапатталады.

Б.Исимбаевтың ерлі­гі арми­я­лық газет­те жари­я­ланған­нан кей­ін май­дан шта­бы 1943 жыл­дың 14 мамы­рын­да оны «Кеңес Одағы­ның Баты­ры» атағы­на ұсы­нып, екін­ші рет «Мара­пат бет­ше­сін» тол­ты­ра­ды. Онда жоға­ры­да көр­сетіл­ген ерлік тура­лы жаза келіп, әске­ри қол­бас­шы­лар «Қызы­ләс­кер Буран Исим­ба­ев­ты (өлген­нен кей­ін) «Кеңес Одағы­ның Баты­ры» атағы­на ұсы­на­ды. Ұсы­ны­сқа 137-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның коман­ди­рі пол­ков­ник Алфе­ро­втың, Армия гене­ра­лы Рокос­сов­ский­дің, Әске­ри кеңес мүше­сі гене­рал-май­ор Теле­гин­нің қол­да­ры қой­ы­ла­ды. Осы ұсы­ныс негізін­де 1943 жылғы 23 қыр­күй­ек­те КСРО Жоға­ры Кеңесі Төралқа­сы­ның Төраға­сы М.И.Калининнің қолы­мен «Неміс-фашист басқын­шы­ла­ры­мен күре­сте май­дан­да коман­до­ва­ние тап­сыр­ма­сын үлгілі орын­даға­ны және көр­сет­кен ерлі­гі мен батыр­лы­ғы үшін қызы­ләс­кер Буран Исим­ба­евқа (өлген­нен кей­ін) Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы беріл­сін» деген жар­лық шығады.

Осы­лай­ша, неміс басқын­шы­ла­ры­ның ажал оғын сеуіп, бас көтерт­пей қой­ған «аждаһа ДЗОТ-ын» құр­тып, 25-ке енді ғана толған жасын­да сол жер­де өзін де құр­бан еткен ком­со­мол мүше­сі, батыр жауын­гер Буран Исим­ба­ев ерлі­гі айры­қ­ша құр­мет­ке ие болады.

Соғы­стан кей­ін­гі және 50-жыл­дар­да Гурьев облы­сын­да зерт­теу жұмыста­ры жүр­гізіліп, батыр­дың шын аты-жөні Боран Нысан­ба­ев екен­ді­гі және оның туған жері Қазақ КСР‑ы, Гурьев облы­сы, бұры­нғы Есбол ауда­ны екен­ді­гі аны­қта­ла­ды. Осы­ған орай 1963 жылы батыр­дың аты-жөні түзетіліп, жаңа жар­лық шыға­ды. Онда былай деп жазылған:

«Кеңес Одағы­ның Баты­ры­на Грамота.

КСРО Жоға­ры Кеңесі Төралқа­сы­ның 1943 жылғы 23 қыр­күй­ек­те­гі жар­лы­ғы­мен неміс басқын­шы­ла­ры­мен болған шешу­ші ұрыс кез­дерін­де коман­до­ва­ниенің жауын­гер­лік тап­сыр­ма­ла­рын үздік орын­дап және бұл істе батыл­дық пен ерлік­тің асқан үлгісін көр­сет­кені үшін Нысан­ба­ев Боранға Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы берілді.

КСРО Жоға­ры Кеңесі Төралқа­сы­ның Төраға­сы Л.Брежнев

КСРО Жоға­ры Кеңесі Төралқа­сы­ның хат­шы­сы М.Георгадзе

Мәс­кеу, Кремль. 1963 жыл 10 маусым».

Сон­ды­қтан да біз бұдан былай мино­мет­ші Буран Исим­ба­ев демей, оны шын аты-жөні­мен Боран Нысан­ба­ев деп жазамыз.

Осы жер­де мына жағ­дай­ға назар аударға­ны­мыз жөн болады:

Бірін­ші­ден, Боран Нысан­ба­ев – ерлі­гі үшін бір жыл­да екі рет мара­пат­талған қызыләскер.

Екін­ші­ден, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, қызы­ләс­кер А.Матросов өз ерлі­гін 1943 жылы 27 ақпан­да жасаған. Ал Б.Нысанбаевтың ерлі­гі А.Матросовтан 21 күн бұрын жасалған. Олай бол­са, Б.Нысанбаевты «мат­ро­сов­шы», яғни А.Матросовтың ерлі­гін қай­та­лаған деу­ге еш негіз жоқ. Оған қоса, олар­дың жасаған ерлік­терінің сипа­ты да екі түр­лі. Атап айтқан­да, мино­мет­ші Б.Нысанбаев ДЗОТ-тың ішіне кіріп, өзін жарып, қаза тапқан. Сөй­тіп 4 рота­дан тұра­тын бата­льонға жол ашқан. Ал А.Матросов бол­са, ДЗОТ амбра­зу­ра­сын кеудесі­мен жауып, пуле­мет үнін өшір­ген, өзі де қаза тапқан. Олай бол­са, керісін­ше, А.Матросовты Б.Нысанбаев ерлі­гін қай­та­лаған деу­ге болады.

Үшін­ші­ден, 1963 жылы шыққан жар­лы­қты көзім шалған­нан кей­ін, мен, яғни осы мақа­ла­ның авто­ры, 10-сыны­пқа арналған «Қаза­қстан тарихы» оқулы­ғы­ның авто­ры про­фес­сор М.Қозыбаевқа хат жазып, онда осы оқулы­қта ата­ла­тын Б.Исимбаев шын мәнін­де Гурьев облы­сы, Индер ауда­ны­нан 1942 жылы май­данға аттанған Боран Нысан­ба­ев деген қызы­ләс­кер және ол өзінің өшпес ерлі­гін А.Матросовтан бұрын 1943 жыл­дың 6 ақпа­нын­да жасаған, деп көр­сет­тім. Соны­мен бір­ге автор­дан оқулы­қтың келесі басы­лым­да­рын­да Б.Исимбавты Б.Нысанбаев деп түзетіп жазу­ды сұра­дым. Шын­ды­ғын­да солай бол­ды да, кей­ін­гі оқулы­қтар­да индер­лік батыр­дың аты-жөні дұрыс көр­сетілетін болды.

Осы­лай­ша, Ұлы Отан соғы­сын­да қаһар­ман­ды­қтың асқан үлгісін көр­сетіп, қаза тапқан Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гі тура­лы әске­ри өмір­ба­ян толы­қтай қал­пы­на кел­тіріл­ді деп айт­сақ та болар еді. Өкініш­ке қарай, олай бол­май шықты.

1963 жылы Б.Нысанбаевқа Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы беріл­ген­ді­гі тура­лы Л.И.Брежнев шығарған указ­дан кей­ін Ресей­ден Гурьев және Индер әске­ри комис­са­ри­а­ты­на өкіл­дер келіп, Боран­ның туы­сқан­да­ры­на іздеу салған. Осы кез­де Есбол ауда­ны әске­ри комис­са­ри­а­ты­нан 1942 жылы қаңтар айын­да 1918 жылы туған екі Боран Нысан­ба­ев­тың май­данға шақы­ры­лған­ды­ғы бел­гілі болған. Батыр Гра­мо­та­сын тап­сы­ру үшін, сол кез­де­гі тәр­тіп бой­ын­ша екі Боран­ның да жанұя­лық жағ­дайы тек­серіл­ген. Тек­се­ру бары­сын­да мино­мет­ші Боран­ның аға­сы Ерші сол кез­де бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лған болып шыққан. Осы жағ­дай, яғни Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гінің жанұя­сын­да сот­талған аға­сы­ның болуы оған Батыр атағын беру­ге кедер­гі келтірген.

Бұл жер­де мына жағ­дай­ды да ескер­ген жөн бола­ды. Аты­рау облы­стық архивін­де Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гіне бай­ла­ны­сты құжат­тар­дың бол­мауы да жоға­ры­да көр­сетіл­ген себеп­тер­ге (жанұя­да сот­талған адам­ның болуы) бай­ла­ны­сты болуы әбден мүмкін.

Ал Мәсте­ков Нысан­бай алға­шқы­да әске­ри комис­са­ри­ат­тан әкелін­ген Батыр Гра­мо­та­сын алмаған, тек екін­ші барған­да ғана қабыл­даған. Одан әрі Индер ауда­нын­да, Гурьев облы­сын­да Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гі – Кеңес Одағы­ның Баты­ры екен деген сөз тез тарай бастай­ды. Боран­ның аты­на Гурьев және Орел облы­ста­рын­да мек­теп­тер беріледі. Сурет­ші И.И.Никель оның суретін салып, бюст (кеуде мүсінін) жасай­ды. Гурьев облы­сы мен Орел облы­сы ара­сын­да мәде­ни-тари­хи бай­ла­ны­стар күшей­еді. Інісі Оңда­сын Нысан­ба­ев­тың айтуын­ша, атқыш Боран­ның жақын туы­ста­ры Боран Нысан­ба­ев жер­лен­ген оры­нға 1985, 2015 жыл­да­ры барып та қайтады.Осылайша Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы атқыш Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гіне беріл­ген болып шығады.

Бұл жер­де біз Батыр Гра­мо­та­сы­ның атқыш Боран­ның жанұя­сы­на тап­сы­ры­луы­на мына­дай жағ­дай­лар себеп бол­ды дей аламыз:

Бірін­ші­ден, атқыш Боран Нысан­ба­ев 1943 жылы 14 жел­тоқ­сан­да қаза тапқан деген 1946 жылы кел­ген қара­лы қағаз­дың мәтініне көңіл аударылмаған.

Екін­ші­ден, жанұя­да сот­талған адам­ның болуы­на бай­ла­ны­сты сол кез­де­гі тәр­тіп бой­ын­ша мино­мет­ші Боран Нысан­ба­ев отба­сы­на Кеңес Одағы­ның Баты­ры атағы­ның беріл­ген­ді­гі тура­лы Гра­мо­та­ны тап­сы­ру мүм­кін болмаған.

Осы жер­де мына­дай түсініксіз жай­лар да кез­де­седі. Атап айтқан­да, 137-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның 771-атқы­штар пол­кінің жауын­гер­лер мен сер­жант­тар­ды есеп­ке алу кіта­бын­да (РФ ҚМОА. Қ.7427, Т.580869с, І.4, П.5023) түзе­ту бар екені бай­қа­ла­ды. Әуелі Боран Нысан­ба­ев Мәстек­те­гі 16.02.43 жылы жарақат алған деп жазыл­са (шын­ды­ғы осы – А.Ш.), кей­ін ол құжат 06.02.43 жылы «өлген» деп түзетіл­ген. Архив құжа­тын кім, қашан түзет­кені белгісіз.

Қал­пы­на кел­тіріл­ген тари­хи ақиқат

2019 жыл­дан бастап мино­мет­ші Боран Нысан­ба­ев­тың ұрпағы Гүл­за­да Әбіл­да­е­ва ата­сы­ның әске­ри өмір жолы тура­лы ресей­лік меке­ме­лер­ден деректер жинай бастаған. Оның айтуын­ша, батыр Боран Нысан­ба­ев­тың жер­лен­ген жері тура­лы сұрақта­ры­на Орел облы­стық әске­ри комис­са­ри­а­ты­нан кел­ген жау­ап та күт­пе­ген оқиға болған. Осы кез­ге дей­ін жазы­лып кел­ген батыр Боран Орел облы­сы, Покровск ауда­ны, Дрос­ко­во село­сын­да жер­лен­ген деген ақпа­рат қате болып шыққан. Ол жер­де де Лес­ки дерев­ня­сы болға­ны­мен, ол аумақ 1928–1963 жыл­дар ара­лы­ғын­да Дрос­ко­во ауда­ны деп аталған. Бер­тін келе Дрос­ко­во ауда­ны тара­ты­лып, 1965 жылы оның жері Покровск ауда­ны­на беріл­ген. Яғни, 1943 жылы ол аумақ – Лес­ки дерев­ня­сы Дрос­ко­во ауда­ны деп аталатын.

Боран сол жер­де қаза бол­са, «Мара­пат парағын­да» Лес­ки дерев­ня­сы Дрос­ко­во ауда­ны деп жазы­луы керек еді. Құжат бой­ын­ша, батыр Боран 1943 жылы Лес­ки дерев­ня­сы, Покровск ауда­нын­да қаза тапқан. Олай бол­са, батыр­дың Дрос­ко­во­да жер­ле­нуі мүм­кін емес еді. Сол күмәні­міз рас­тал­ды. Батыр ол жер­де жер­лен­бе­ген болып шықты, қабір­ге қой­ған бел­гі де қалай қой­ы­лға­ны белгісіз.

Гүл­за­да Әбіл­да­е­ва былай деп әңгі­ме­лей­ді: «Орел облы­стық әске­ри комис­са­ри­а­ты Боран Нысан­ба­ев­тың нақты жер­лен­ген жерін аны­қтау үшін, МПО «Огнен­ная дуга» меке­месінің бас­шы­сы Н.А.Андреевпен хабар­ла­сы­ңыз деп кеңес бер­ген. Ал Н.А.Андреевтің айтқа­ны мынау: «2019 жылы елсіз қалған Лес­ки дерев­ня­сын­да қаз­ба жұмыста­ры бастал­ды. Оған мына­дай оқиға себеп­ші бол­ды. Сол жер­дің тұрғы­ны қарт әжей кенет­тен неме­ресі мен күй­еу бала­сы­нан елсіз қалған Лес­ки дерев­ня­сы­на апа­ру­ды талап ете­ді. Ол жер­ге барға­сын бір төм­пе­шік­ті көр­сетіп, сол жер­ге ауыл­даста­ры соғыс кезін­де қаза болған Кеңес жауын­гер­лерін жер­ле­генін айта­ды. Ізде­ушілер бола қал­са, осы жер­ді көр­се­туді ама­нат­тай­ды. Бір­не­ше күн­нен кей­ін әжей қай­тыс бола­ды. 2019 жыл­дың жазын­да қаз­ба жұмыста­ры жүр­гізіліп, сол жер­ден 232 кеңес жауын­герінің мүр­десі табылады.

Осы жер­де Ресей Феде­ра­ци­я­сы Орел облы­сы Покровск ауда­ны әкім­шілі­гінің жақын­да ғана, дәлірек айтқан­да, биы­лғы 2025 жыл­дың 9 қаңта­рын­да Гүл­за­да Әбіл­да­е­ваға жазған хаты­нан (№24 құжат) үзін­ді кел­тір­сек: «… На месте дер. Лес­ки под­ня­то 232 бой­ца и коман­ди­ра Крас­ной Армии, погиб­ших в пери­од со 2 фев­ра­ля по 12 фев­ра­ля 1943 года… Спи­соч­но поте­ри за дер. Лес­ки сов­па­ли с коли­че­ством под­ня­тых бой­цов в яме. В том чис­ле сре­ди под­ня­тых нахо­дил­ся и Герой Совет­ско­го Сою­за Буран Нысын­ба­ев (посмерт­но) (1918 – 6 фев­ра­ля 1943) – мино­мет­чик 771-го стрел­ко­во­го пол­ка 137-стрел­ко­вой диви­зии 48-армии Брян­ско­го фронта».

Осы оқиғаға орай 07.05.2021 жылы Орел облы­сы­ның «Ком­со­моль­ская Прав­да» газетін­де «Как в Орлов­ской обла­сти нашли место захо­ро­не­ния Героя СССР Бура­на Нсан­ба­е­ва» деген мақа­ла жари­я­ланған. Мақа­ла­мен сайт­та таны­суға болады.

Ал Н.А.Андреев өз хатын­да былай дей­ді: «Боран­ның денесін көтер­ген­де, оны гра­на­та жары­лы­сы­нан қалған іздері­нен бір­ден таны­дық. Мон­го­ло­ид, бет сүй­е­гі қысқа, шашы қара, шинель­сіз. Боран бет жағын­да жат­ты. Бұл шұңқы­рға ол соңы­нан әкелінген».

Н.А.Андреев Гүл­за­даға батыр Боран­ның сүй­ек­терінің фото­сын жібер­ген. «Ол фото­лар­ды көр­ген­де, мен ата­мы­зды түй­сік­пен таны­дым. Сон­дай ыстық сезім бол­ды. Дәл сол кез­де маған, ол – батыр ма, батыр емес пе, ерлік жаса­ды ма, жоқ па, оның еш маңы­зы болған жоқ. Өзім­нің туған ада­мым­ды, атам­ды тап­тым. Табыл­ды! Шүкір Аллаға!» – деп толға­на­ды Гүл­за­да Әбілдаева.

Жоға­ры­да кел­тіріл­ген бар­лық архив­тік дерек 1943 жылғы 6 ақпан­да Лес­ки дерев­ня­сы үшін болған шай­қа­ста тең­десі жоқ ерлік көр­сет­кен жауын­гер мино­мет­ші Боран Нысан­ба­ев Ары­стан­те­гі екен­ді­гін нақты дәлелдейді.

Аты­рау облы­сы және рес­пуб­ли­ка жұрт­шы­лы­ғы бұдан былай екі Боран­ның қай­сысы Лес­ки түбін­де­гі шай­қа­ста өзін құр­бан еткенін білетін бола­ды. Сөз жоқ, бұл – кеш­теу бол­са да, орта­мы­зға оралған тари­хи шындық.

Бүгін­гі ұрпақтың алдын­дағы басты мақ­сат – батыр Боран­ның ерлі­гін дәріп­теп, тари­хи шын­ды­қты қалып­та­сты­ру, оның екін­ші, мәң­гі өмірін жалғастыру.

Аман­кел­ді ШАМҒОНОВ,

 ҚР Тарих және қоғам­дық ғылым­дар ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, ҚР үздік өлкетанушысы

Республиканский еженедельник онлайн