Пятница , 4 июля 2025

АПАМНЫҢ аялы алақанын САҒЫНДЫМ

Бүгін­де сарғай­ған сағы­ны­шқа айналған Бақыт апай­мен «ДАТ»-тың кезек­ті газеті «Тасжарғанға» кел­ген кез­де таны­стым. Бұған дей­ін атақты медиа-жоба­ның «ДАТ», «Сол­ДАТ», «Апта-Неде­ля», «Айна-плюс» және «Жұма-таймс» деген газет­тері болған екен. Бақыт­гүл апай осы газет­тер­дің бар­лы­ғын­да жұмыс істеп, қоғам­дық-сая­си тақы­ры­пқа әбден төсел­ген кәні­гі жур­на­лист болған кезі еді.

Ал жур­фак­ты жаңа­дан бітіріп кел­ген жас жур­на­лист ретін­де маған өнер мен мәде­ни­ет сала­сын­дағы сая­сат­ты жазу тап­сы­рыл­ды. Ермұрат ағам­ның тара­пы­нан шоу-биз­не­сте­гі әртістер­дің «көгіл­дір» көзіл­дірі­гін шеш­кізіп, олар­ды қоғам­ның аза­ма­ты ретін­де сөй­ле­ту мін­дет­тел­ген соң, бір­ден елге таны­мал бір әнші­мен сұх­бат­та­суға баруға бекіндім.

Сөй­тіп, жұмысқа қабыл­данған алға­шқы күні редак­ци­я­ның табал­ды­ры­ғы­нан аттап шыға бер­генім сол еді, соңым­нан: «Әй, маңқа!» деген дауыс саңқ ете қал­ды. Кім­ге қарас­ты айтыл­ды деп жалт қара­сам, Бақыт апай­ым: «Дик­та­фо­ны­ң­ды алдың ба?» деп күлім­сіреп қарап тұр. Жары­қты­қтың күл­ген кез­де жап-жасар бала­дай жүзі жай­нап сала беретін әдеті бар еді. Бұл оның ішкі жан-дүни­есінің таза­лы­ғын боя­ма­сыз біл­діріп тұра­тын. Сасқа­ным­нан: «Сақа­дай сай­мын, апай!» – деп­пін. «Енде­ше алды­ң­ды жап. Жасты­қта ден­са­улы­қтың қадірін біл­мей­сің­дер!..» – деп, күр­те­шем­ді өзі түй­ме­леп бер­ді. Дәл сол кез­де құд­ды бір анам­ның алдын­да тұрған­дай күй кештім. Содан бастап Бақыт апай менің қамқор­шы­ма айналды.

Ол кез­де қазір­гі­дей аяғың жет­пей жатқан жаққа дауы­сың жетіп, қал­та теле­фон­ның арқа­сын­да сұх­бат ала салу деген әңгі­ме жоқ. Теле­фон бір­лі­гінің баға­сы қасқал­дақтың қаны­мен тең – қым­бат, бір жағы­нан оппо­зи­ци­я­лық газет­тен зәресі ұша­тын әртістер суда сусы­ған балы­қтай ұстат­пай­ты­ны тағы бар. Айтқан жеріне атой­лап бар­саң, уақы­тын­да кел­мей, қыстың сақыл­даған аязын­да пәлен­ше әнші, түген­ше актер­ді дала­да бүр­сең қағып тоңып, күтіп тұрға­ның. Осы­ның сал­да­ры­нан бір сұх­бат алсаң, бір ай сырқат­та­нып, жатып қала­тын кез­дер бол­ды. Сон­дай сәт­те Бақыт апай­ым­ның: «Құлы­ным-ау, сені құл­ды­раң­да­тып соңы­нан жүгірт­кен­дер ел алдын­да қалай халы­ққа жақы­н­мын деп сөй­лей­ді?!» деп, бір кей­іп ала­тын еді. Қала бер­ді, үйі­нен таңқу­рай мен шырға­нақтан жасалған түр­лі тоса­бын әкеп, ыстық шай беріп, тер­летіп, жазы­лып кет­кен­ше, қасы­ң­да бәй­ек бола­ты­нын қайтесің…

Ол кез­де біздің газет­те қыз-келін­шек­тер­ден гөрі, жігіт­тер­дің жағы басым бол­ды. Дарыл­даған ер-аза­мат­тар­дың соңы­нан ыдыс-аяқты жуып-таза­лап жүр­ме­сең, өзіңе сын. Ал іште­гі «редак­ция» деген аты­мыз бол­ма­са, шағын ғана асха­на­мы­зда бір үйге қажет­ті азық-түлік пен шыны-аяқтың бәрі бар. Оның бәрін түстеп, түген­дей­тін де – Бақыт апам­ның өзі. «Балам, боқ таза­лаған жер­де қолы­ңа жұғып қал­май­ды, жуа сал, одан кем болып қал­май­сың!» деп, үне­мі кіші­пей­іл болуға үндеп отыратын.

Ал газет қат­та­лып, кезек­ті нөмір бас­па­ха­наға жіберілетін күн біз үшін күн­тіз­бе­де жазыл­маған мере­ке­мен тең еді. Бақыт апам буы бұрқы­рап қай­наған етті ортаға әкеп қой­ып: «Ал «тірі жетім­дер», алды­мен қарын той­ды­рай­ық, аш жур­на­ли­стің қала­мы жүр­мей­ді!» – деп әзіл­дей­тін. Марқұм сон­да жырым­дап әрең алған жалақы­сы­нан үстел­ге әртүр­лі тәт­тілер әкеп, жай­на­тып қоя­тын. Кей­ін ойла­сам, соның бәрі ата-ана­дан жырақта жүр­ген біздің аузы­мы­зға жылы-жұм­сағын тосып, мей­ірім­ге бөле­гені екен ғой…

Апай­ым еке­уі­міз жиі сырқат­та­нып қалушы едік. «Сен еке­уміз ұшқан құстың қана­ты­ның лебі­нен суық тигізіп ала­мыз. Бізді Семей­дің сары шұнақ аязын­да өскен қыз деп кім айта­ды?» – деп күлетін.

Сөй­тіп, сынап­тай сырғып өткен уақыт­тың бір күнін­де мен тұр­мысқа шықтым. Редак­ция тегіс жина­лып, той өткіздік.

Кей­ін­нен қуы­қтай ғана жал­да­ма­лы пәтер­де тұрып, бала­мен үйде оты­рып, ағай­ын-туыс, құр­бы-құр­да­стың қал сұра­уы­нан қағы­лған­да, үне­мі жағ­дай­ым­ды сұрап, үйге теле­фон шала­тын – жалғыз Бақыт апам бол­ды. «Сыз тар­тқан жер­де сәбиіңе суық тигізіп алар­сың, біраз уақыт үйге келіп тұр­саң­шы?!» – деп, үне­мі қолқа сала­тын. Сон­дағы­сы өзінің де тұрып жатқан жері аядай ғана бір бөл­мелі пәтер еді. Бірақ көңілінің кеңді­гі сол – алақан­дай бөл­месін пана­лап, төрі­нен дәм тат­паған адам жоқ шығар. Сон­дай сәт­тер­де апай­ым маған кеңдік­тің, бауыр­мал­ды­қтың үлгісін­дей көрінетін.

Бір­де кезек­ті декрет­тік дема­лы­ста оты­рға­ным­да, ұлым­ды қол­ты­ғы­ма қыса жүріп, «Тасжарған­да» жарық көр­ген сұх­бат­та­рым­ды жинақ етіп шыға­руға бел будым. Тұса­у­ке­сер күн­ді бел­гілеп, өткі­зер кеші­ме шақыр­маққа алды­мен Бақыт апа­ма теле­фон шал­дым. Сон­дағы қуанға­нын көр­сеңіз, «Менен қан­дай көмек керек? – деп күн­де теле­фон шалады.

Кеш күні базар­лы­ғы мен кіта­бы­ма көрім­ді­гін арқа­лай, бүкіл «Тасжарған­ның» ұжы­мын алды­на салып, өтетін оры­нға өзім­нен бұрын жетіп алға­ны әлі күн­ге дей­ін көз алдым­да. Көп алдын­дағы құт­ты­қтау сөзі­нен соң қасы­ма келіп: «Балам, боқ таза­лаған жер­де қал­май­ды дегенім осы ғой. Кіш­кен­тай­ы­ң­ның күті­мін жасай оты­рып, осын­дай жетістік­ке жет­тің!» – деп, қолым­дағы балам­ның маң­дай­ы­нан құшыр­ла­на иіс­кеді. Бұдан соң көп кешік­пей апам кел­мес­ке кете­ді деп кім ойлаған?!

Қарап отыр­сам, Бақыт апай­ым сана­у­лы ғана сана­лы ғұмы­рын қоғам­ның қоты­рын жазуға арнап­ты. Газет ісіне бай­ла­ны­сты үне­мі сот пен оттың ара­сын­да жүр­ді. Бірақ сол тар­ты­сты күн­дерінің жемісін жей алмай кет­кенін ойла­сам, ет жүре­гім езіледі. Әттең, өмір­дің тал түсін­дей болған алпыс жасы­ң­да алды­ң­да тілек айт­пай, арты­ң­нан Құран бағы­штап қала­мыз деп ойлап па едік?! Қасы­ңа ертіп, «сіңлім» деп қамқор­лық таны­тқан сол тәт­ті сәт­тер өмірім­нің жарқын күн­дерінің бірі болып, санам­да мәң­гі сақталады…

Елдің жақ­сы күн­ге жетер күнін арман­даған, ару­ағы ардақты апа­тай­ым, жан-рухың жұмақтың төрін­де шалқысын!

Динар КАМИЛОВА, «ДАТ»-тың («Тасжарған») бұры­нғы тілшісі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн