Пятница , 4 июля 2025

Апаттың басты себебі

САЛҒЫРТТЫҚ ПЕН ЖАУАПСЫЗДЫҚ

Ринат ЗАЙЫТОВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты:

ҚР Пре­мьер-мини­стрі О. Бектеновқа!

«Апат айт­пай келеді» деп атам қазақ айтқан­дай, біздің елге тағы бір үлкен сынақтың кел­генін бәріңіз білесіз­дер. Бір топ депу­тат­тар бұл хабар­ды ести сала өңір­лер­ге аттан­дық. Ондағы мақ­са­ты­мыз – халы­қтың жағ­дай­ын көз­бен көріп, арыз-тала­бын өз аузы­нан естіп, Үкі­мет­ке жет­кі­зу еді.

Бүгін­гі депу­тат­тық сау­ал менің сөзім емес, әулеті­мен әуре­ге түсіп, бас­па­на­сы мен мал-мүл­кі­нен айы­ры­лып, тіл­сіз жау­мен тай­сал­май күресіп жатқан ержүрек қазақ халқы­ның сөзі деп білгейсіздер.

Бірін­ші­ден, тосын­нан кел­ген топан суды қан­ша жер­ден табиғи құбы­лыс десек те, апатқа кінәлі ада­ми салғырт­ты­қтар да бар. Дәлелі­мен айт­сақ, Аты­рау облы­сы мен Құл­са­ры қала­сы­ның маңы­нан заң­сыз салы­нған су бөгет­тері, жер­гілік­ті билік­тің көк­тем­гі су тасқы­ны­на әлсіз әзір­лен­гені, сын сағат­та абды­раған жұрт­тың әре­кетін үйле­сті­ре алмауы да осын­дай сал­дарға әкеліп соқты.

Жер­гілік­ті билік пен жау­ап­ты мини­стр­лік­тер соған дей­ін даб­ыл қаққан әріп­те­стерім Д. Тұрға­нов, Б. Базар­бек Жылыой аудан­дық мәс­ли­ха­ты­ның депу­та­ты С. Сәр­сен­ба­ев­тар­дың депу­тат­тық сау­ал­да­ры­на бей-жәй қараға­ны да бұл апат­тың бір себебі деу­ге әбден болады.

«Бөре­не­ден аттай­мыз деп есеп беріп, сірің­ке­ге сүріне беретін» мем­ле­кет­тік орган­дар­дың шалағай­лы­ғы жау­а­пқа тарт­па­са, жалға­са береді. Сон­ды­қтан, Пре­зи­ден­ті­міз айтқан­дай, жау­ап­кер­шілік алу­дан қашып, жұмысты бір-біріне сіл­теп оты­ра­тын қыз­мет­кер­лер мен жер­гілік­ті ірі ком­па­ни­я­лар­дың орас­ан шығы­нға жол бер­ген біліксіз де жау­ап­сыз әре­кет­тері жаза­ла­нуы тиіс!

Екін­ші­ден, апат сал­да­ры­нан зардап шек­кен халық өз шығын­да­ры­ның қалай есеп­теліп, қалай өте­летінін әлі де толық біл­мей­ді. Өйт­кені шара­лар­дың нақты алго­рит­мі жасал­маған, комис­сия қалай құры­лып, қалай жұмыс жасай­ты­ны жай­лы халы­ққа дұрыс хабар­лан­баған. Сол себеп­тен комис­сия жұмысын жеңіл­детіп, халы­қ­пен тіке­лей бай­ла­ны­сты­ру мақ­са­тын­да оның құра­мы­на ел сені­міне ие болған жер­гілік­ті бел­сен­ді аза­мат­тар­ды да қосу керек деп есептейміз.

Үшін­ші­ден, апат болған аймақтар­дың тұрғын­да­ры­на уақыт­ша неси­елік кани­кул­дар­ды жан-жақты қарас­ты­ру­ды сұрай­мыз. Соны­мен қатар бас­па­на­сы­нан айы­ры­лған аза­мат­тар­ды оңтай­лы орна­ла­сты­ру­ды жедел­де­туді сұраймыз.

Құр­мет­ті Олжас Абайұлы!

Қадір­лі әріптестер!

Абай мен Қоста­най­да болған отты опат­та да, бүгін­гі болып жатқан топан су топа­лаңын­да да Қаза­қстан халқы өзінің баға­лы бір­лі­гі мен темір­дей төзі­мін таныт­ты. Міне, осы төзім мен бір­лік­тің арқа­сын­да біз бәрі­міз бұры­нғы билік­тің жақ­та­ста­ры жасаған қастан­ды­қты да, мем­ле­кет тұта­сты­ғын бұзғы­сы келетін сай­қал сая­сат­та­рын да іске асы­руға жол бер­мей келеміз.

Бұл – ұлы ерлік!

Енді­гі кезек­те арсыз аран­да­ту­дың жете­гін­де кет­пей, жұды­ры­қтай жұмы­лып, тәу­ел­сіздік­ті сақтау жолын­да малын да, жанын да құр­бан етіп оты­рған халы­қтың талап-тіле­гі тиісті дең­гей­де орын­да­ла­ды деген үміттеміз.

Республиканский еженедельник онлайн