Вторник , 13 мая 2025

Арайлым НАЗАРОВА: Сайлауда ұятсыздықтың ШЕГІ БОЛУ КЕРЕК ЕДІ

Өткен пар­ла­мент­тік сай­ла­уда қоғам мүд­десі үшін жан­та­ла­са әре­кет еткен тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың еңбе­гі ерекше. Бүгін­де билік­тің сай­ла­у­ға қаты­сты тара­тып жатқан ресми деректерінің бар­лы­ғын бақы­ла­у­шы­лар жоққа шыға­рып жатқа­ны – олар­дың қоғам­дағы сая­си өзгерістер­ге деген асқан ынта­зар­лы­ғы­ның белгісі.

Осы орай­да «пар­ла­мент­тік сай­лау» деген аты бар, бірақ заты құбы­жық, сай­қы­ма­зақ қой­ы­лым­ның ішкі қитұрқы­сын өз көзі­мен көр­ген «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қауым­да­сты­ғы» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрай­ы­мы Арай­лым Наза­ро­ва­мен сұх­бат­тасқан едік.

– Ең алды­мен тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың қолы­на тиген про­то­кол­дар негізін­де және ТБ қауым­да­сты­ғы тұжы­рым­даған нәти­же бой­ын­ша, бұл сай­ла­уда пар­ла­мент­ке бес пар­ти­я­ның бесе­уі де өтті деген пікір­ді қол­дай ала­сыз ба?

– Ия, әрине, қол­дай­мын! Біздің қолға тиген хат­та­ма­лар бес пар­тия түгел­дей пар­ла­мент­ке өткенін көр­се­те­ді: «Адал», «Ақ жол», «Нұр Отан» пар­ти­я­ла­ры­на беріл­ген дауы­сты тең десе бола­ды. Одан кей­ін «Ауыл» және соңын­да «Халық пар­ти­я­сы». Бір учас­ке­де «Адал» жең­се, екін­шісіне – «Ақ жол», үшін­шісін­де – «Нұр Отан». Ара­сын­да 10–20 дауыс айыр­ма­шы­лы­қта­ры ғана бар. Егер дауыс беру­ге қаты­сқан сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сы әділ және таза саналған жағ­дай­да «Халық пар­ти­я­сы» ең төмен­гі – 7%-дық көр­сет­кі­шпен, ал қалған­да­ры 30–35% ара­лы­ғын­да тең­дей болып, пар­ла­мент­ке өтер еді.

– Сон­да қалай, «Нұр Отан­ның» басым дауы­спен жеңіс­ке жет­тік деген сөзі дал­ба­са болға­ны ма?

– Әлбет­те! Билік пар­ти­я­сы­на қар­сы сай­ла­у­шы­лар көңіл қала­у­ла­ры­на бай­ла­ны­сты өз дауы­ста­рын басқа пар­ти­я­ларға бер­ді деп ойлай­мын. Соның нәти­же­сін­де «Нұр Отан­ның» дауы­сы шай­ы­лып кетті.

– Ал Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қауым­да­сты­ғы аны­қтаған нәти­же бой­ын­ша, «Нұр Отанға» нақты мөл­шер­де қан­ша пай­ыз дауыс беріл­ді? Сіз­дер­де ондай мөл­шер­лі есеп бар ма?

– Қауым­да­сты­қтың қолы­на хат­та­ма­лар аз түсті. Сай­лау комис­си­я­сы бақы­ла­у­шы­ларға хат­та­ма­лар бер­ме­удің бар­лық әдіс-айла­ла­рын жаса­ды. Ал сай­лау өткен күн­гі түн­гі күре­стен кей­ін қолға тиген хат­та­ма­лар негізін­де «Нұр Отан» 35–40 пай­ы­здан аспай­тын дауыс жинады.

– Ал «сырт­та қалған» «Адал» мен «Ауыл» сай­ла­у­шы­лар өздеріне бер­ген дауы­сты неге қорғап шыға алма­ды деп ойлайсыз?

– «Адал­ды» «сырт­та қал­ды­рға­ны» – енді билік­те ұят­сыздық пен арсызды­қтың шегі жоқты­ғы­ның тағы бір дәлелі. «Адал» 3 пай­ыз ғана дауыс алды деген – бұл мүл­дем құлаққа да, санаға да сый­май­тын жалған ақпа­рат. Халық шын­ды­қты біледі, бақы­ла­у­шы­лар ол шын­ды­қты өз көзі­мен көрді.

Ал бұл пар­ти­я­лар­дың сай­ла­у­шы­лар дауы­сын қорғап қала алмаған­ды­ғы – осы ұйым­дар­дың бас­шы­ла­ры билік­ке тәу­ел­ді екен­ді­гін­де деп білем. Пар­тия бас­шы­ла­ры­ның әу бастан осы сце­на­рий­ге келіс­кен­ді­гі деп ойлай­мын. «Адал­дың» жетек­шілері өздерінің арам ойын­да­ры­на қоғам­да аты мен заты бар жастар­ды пай­да­лан­ды да, ақы­рын­да олар­ды «лақты­рып» кет­ті. Ең өкіні­штісі – осы. Егер ол сай­ла­уда беріл­ген дауы­стар пар­тия жетек­шілеріне керек бол­ма­са, қатар­дағы мүше­лері не істей ала­ды? Не де бол­са, бұл сай­лау билік­тің арам ойы­ны екеніне жастар­дың тағы бір көзі жетті.

– Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың ортақ пікірі бой­ын­ша, бұл пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға қан­дай баға бересіз?

– Бұл нағыз әділет­сіз сай­лау бол­ды. Мұн­дай сая­си арсыздық бола­ды деп ойла­мап едім! Өкіні­шті! Маған бүгін­гі билік өз көрін өзі қазып жатқан­дай көрі­неді. Сай­лау комис­си­я­ла­ры мен ҚР Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы екі ай бойы сай­ла­уды қалай өткі­зу керекті­гі тура­лы емес, бақы­ла­у­шы­лар­ды қалай қуып шыға­мыз деген кур­стар­дан өткен сияқты.

– Сай­лау Кон­сти­ту­ци­я­лық және ҚР заң­да­ры негізін­де ашық және таза өтпе­гені мәлім. Енде­ше «Кіта­п­ха­на» мен Ақор­да пар­ла­мент­ке өткен пар­ти­я­ларға тиісті пай­ы­здар­ды жазып бер­ді деген пікір­ді қуат­тай ала­сыз ба?

– Солай екені кез кел­ген ада­мға түсінік­ті деп ойлай­мын. Бөліп бер­ген­дері анық ғой. Оны қуат­та­удың неме­се дәлел­де­удің қажеті жоқ. Ақы­ры бөліп беретін­дері бар екен, тым бол­ма­са сәл логи­каға, ақы­лға сүй­еніп жаса­май­тын ба еді?! Бұл әре­кеті­мен билік халы­ққа: «Сен­дер­дің дауы­ста­ры­ңа түкір­генім бар екен!» деді. Айтарға сөзім жоқ! Ұят­сыздық пен озбыр­лы­қтың да шегі болуы керек еді ғой…

– Ал сай­ла­уды бақы­лау мәсе­ле­лерінің нақты жағ­дайы қалай өтті? Сай­лау учас­ке­лері­нен қан­ша мөл­шер­де хат­та­ма­лар жиналды?

– Бар­лық про­бле­ма­лық мәсе­ле сай­ла­уда дауыс беру­ге бір ай қалған­да бастал­ды ғой. ОСК-нің 4 жел­тоқ­сан­дағы қаулы­сы бой­ын­ша, бар­лық құжат­тық кедер­гілер­ді өтіп, енді дай­ын­быз деп отыр­сақ, ПТР-тест тап­сы­ру керекті­гі хабар­лан­ды. Ал оны тегін өткі­зу үшін, дауыс беру­ге небәрі бір апта қалған­да – 3 қаңтар күні түн­гі сағат 00:00-ге дей­ін бақы­ла­у­шы­лар­дың тізі­мін, олар­дың ЖСН нөмірі мен қай аудан­нан екенін көр­сетіп, өткі­зуі­міз керек екен. Мұн­дай әуресі көп жұмысты шұғыл түр­де бір күн­нің ішін­де еңсе­ру мүм­кін бе еді?

Ең сорақы­сы – бұл ақпа­рат біз­ге сол 3 қаңтар күні түстен кей­ін хабар­лан­ды. ОСК ұял­май, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­ды осын­дай тығы­ры­ққа тіреді: олар­дың айтуы бой­ын­ша, біз мұн­дай тізім­ді 31 жел­тоқ­сан­нан бастап өткі­зуі­міз керек екен. Қалай? Жаңа жыл­дың үш күн мей­ра­мын­да біз­ге тестілеу орта­лы­қта­рын кім ашып береді? Сон­да ОСК-нің ойын біз тыл­сым күш арқы­лы біліп оты­руы­мыз керек пе?

– Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың құда­сы – Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы Берік Има­шев билік­тің пай­да­сы үшін бар­лық кедер­гіні жасап баққан екен ғой?

– Жоға, бақы­ла­у­шы­лар­ды шет­те­ту ама­лы бұны­мен де біт­кен жоқ! Олар 3 қаңтар күні: «Біз тізім дай­ын­дап қой­дық» деген хабар жет­кізді. Қой­шы, әйте­уір не керек, жүгіріп жүріп, мұны да жаса­дық. Жар­ты­лай бол­са да, тізі­мі­мізді өткізіп, тізім­ге кір­мей қалған­да­ры ақы­лы тестен өту­ге де келісіп, «уһ, енді дай­ын­быз ба» десек, ол тестің нәти­же­сін алу да бір қия­мет бол­ды. 6 қаңтар күні тап­сы­рған тестері­міздің нәти­же­сін 9‑ы күні кеш­ке дей­ін айқай-шумен, аяғы­мы­здан талып, іздеп жүріп әрең алдық. Дауыс беру­ге 12 сағат қана уақыт қалған­да үлгер­ген бақы­ла­у­шы­лар өздері кең­се­ден алып кет­ті, ал үлге­ре алмаған­да­ры­на скан-көшір­месін жасап тарат­тық. Мұның бәрі түн­нің жары­мы­на дей­ін уақы­ты­мы­зды алды.

Одан бір уақыт­та 9 қаңтар күні кеш­кі сағат 19:30 шама­сын­да бақы­ла­у­шы­лар ПТР-тест тап­сы­рған «Сұңқар» кли­ни­ка­сы­ның лицен­зи­я­сы­ның жоқ екен­ді­гі, олар­дың ПТР нәти­же­лері жарам­сыз екен­ді­гі БАҚ-та жари­я­лан­ды. Біз тағы да абды­рап қал­дық. Енді «Сұңқар­дан» тесттен өткен бақы­ла­у­шы­ла­ры­мыз не істе­мек? Түн бол­ды… Бірақ таңер­тең не бол­са да учас­ке­ге барай­ық деп шешіп, учас­ке­лер­дің алды­на бар­дық. Сөйт­сек, бұлар­дың бар­лы­ғы кедер­гілер­дің басы ғана екен. Учас­ке­ге кел­ген­нен бақы­ла­у­шы­лар­ды кір­гіз­бе­удің түр­лі амал­да­ры бастал­ды. Себеп­тері әртүр­лі: ПТР құжа­ты­ның мөрі түп­нұсқа болуы керек, элек­трон­ды нұсқа­сы жара­май­ды және ең сорақы­сы – тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­ларға «оты­ра­тын орын жоқ!» деді.

– Сон­да қалай? Сай­лау тура­лы заң бой­ын­ша, УСК бар­лық бақы­ла­у­шы­ларға орын тауып беруі керек еді ғой?!

– Билік­ке тиім­ді заң бой­ын­ша, учас­ке­де осын­ша ғана бақы­ла­у­шы болуы керек деген түсінік жоқ. Сөйт­сек, бұлар тағы да өздерін Ден­са­улық сақтау мини­стр­лі­гінің қаулы­сы­мен қор­шап алған ғой. Қой­шы, әйте­уір не керек, «Сұңқар­дан» тест қоры­тындыс­ын алған­дар мен көшір­ме­мен кел­ген­дер­ді айқай-шумен жүріп учас­ке­ге кір­гізді. Ал орын жоқ деген аза­мат­тар­дың кей­біре­уі қай­тып кет­се, енді біре­улері табан­ды­лы­қ­пен тұрып алды да, ақы­ры кірді.

– Бұл заң­сызды­қтар бой­ын­ша Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қауым­да­сты­ғы тиісті орган­дарға қан­дай да бір шағым түсір­ді ме?

– Заң­ды өрес­кел бұзу­дың бұл фак­тілері бой­ын­ша 10 қаңтар күні біз тиісті сот­тарға шағым­дар түсір­дік. Сай­лау күні ұйым­ның аты­нан сотқа 8 арыз беріл­ді. Ал ол шағым­дар­дың нәти­же­сі күні бүгін­ге дей­ін белгісіз.

Ең басты­сы – мына сорақы­лы­қты қараңыз: күні бойы дауыс беру­ге адам өте аз кел­ді. Бақы­ла­у­шы­лар әр кел­ген сай­ла­у­шы­ны мұқи­ят бел­гілеп отыр­ды. Жар­ты сағат­та бір ғана адам кел­ген учас­ке­лер бол­ды. Бақы­ла­у­шы­лар санағы­ның нәти­же­сін­де, кеш­кі сағат 6‑да Алма­ты қала­сын­да дауыс беру­ге 10–13% ғана сай­ла­у­шы­ның кел­гені бел­гілі болды.

«Қуыр­дақтың көкесін түйе сой­ған­да көресің» демек­ші, сай­ла­удың көкесін санақ басталған­да көр­дік қой. Бар­лық учас­ке­лер­ден бақы­ла­у­шы­лар­ды шыға­ра баста­ды: комис­си­я­лар поли­ция шақы­рып, біре­улеріне про­во­ка­ция жасап, кей­біре­уіне дез­ин­фек­ция жасай­мыз, дәліз­де тұра тұры­ңыз деп, есік­ті іші­нен жауып алды. Ал іште қалған­да­рын орын­да­ры­нан тырп еткіз­бе­ген, қозғал­саң, поли­ция шақы­рып шыға­рып жібе­ре­міз деп­ті. Дауыс санау біт­кен­нен кей­ін, бақы­ла­у­шы­лар­дың қолы­на хат­та­ма бер­мей, түн­гі үштен кет­кен­ге дей­ін әуре­ге сал­ды. Ақыр соңын­да олар өз деген­дерін жасап, бақы­ла­у­шы­лар­дың жар­ты­сы­нан көбі түн­нің орта­сын­да хат­та­ма­сыз қайт­ты. Бұл сай­ла­уда УСК мен бақы­ла­у­шы­лар ара­сын­да «жеке соғыс» болған сияқты. Осын­дай кедер­гілер мен заң­сызды­қтар­дың бәріне шыдап, мін­дет­терін соңы­на дей­ін атқарған әр бақы­ла­у­шы шыны­мен де үлкен құр­мет­ке лайық!

– Сай­лау өткен күні әле­умет­тік желілер­де тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың қамауға алы­нға­ны жөнін­де хабар­лар тарап жат­ты. Бұл ақпа­рат­тың анық-қаны­ғы қан­дай, кім­дер және қан­дай аймақтар­да қамалды?

– Алма­ты қала­сы­ның Медеу аудан­дық поли­ци­я­сы­на екі бақы­ла­у­шы жет­кізіл­ді: біре­уі – қоға­мға таны­мал бел­сен­ді Ген­на­дий Кре­стьян­ский учас­ке­де тіке­лей эфир жүр­гіз­ген­ді­гі үшін. Ген­на­дий­дің қолын­да бақы­ла­у­шы­лық құжат­тан басқа, сіз­дер­дің – «ДАТ» газеті қоғам­дық тіл­ші ретін­де бер­ген редак­ци­я­лық тап­сы­ры­стың болуы­на қара­ма­стан алып кет­кен. Екін­ші бақы­ла­у­шы Отан Мұха­но­вты комис­сия үстеліне 1,5 метр­ден артық жақын­даға­ны үшін, сани­тар­лық нор­ма­лар­ды бұз­дың деп алып кет­кен. Әуе­зов ауда­нын­да Хане­но­ва Аякөз есім­ді бел­сен­ді бақы­ла­у­шы­ны санақ кезін­де кедер­гі жаса­дың деп поли­ция алып кет­кен. Одан бөлек көп­те­ген учас­ке­лер­де бақы­ла­у­шы­лар­ды қыл­мыс­кер­лер сияқты поли­ци­яға шақы­рған. Бақы­ла­у­шы­лар тек өз құқы­қта­рын талап етті. Ал билік өз қыл­мыста­ры­ның әшке­ре­леніп қал­мауы үшін, бақы­ла­у­шы­лар­дан құты­луға тырысты.

– Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша Алма­ты қала­сын­да дауыс беру­ге сай­ла­у­шы­лар­дың 30 пай­ы­здан аспай­тын мөл­шері ғана кел­ді деген дерек бар. Бұны сіз қан­дай себеп­тер­мен түсін­ді­ре алар едіңіз?

– Расын­да, біздің жина­сты­рған деректер бой­ын­ша, 30 емес, 15 пай­ы­здан аспай­тын сай­ла­у­шы­лар кел­ді деп айтар едік. Себеп біреу ғана: халық сай­ла­у­ға сен­бей­ді, 30 жыл ішін­де бұл билік халы­қтың сені­мі­нен әбден айырылған.

– Соны­мен, қалай болған­да да, пар­ла­мент­тік сай­лау өтті: сіздің ойы­ңыз­ша, енді бұдан былай аза­мат­тық қоғам­ның іс-қимы­лы қалай болмақ?

– Аза­мат­тық қоғам бұл сай­ла­у­мен шек­тел­мей, бола­шақ про­те­стік іс-қимыл­дар жасау үшін, бел­сен­ді түр­де жұмы­ла жұмыс жаса­уы керек. Елде­гі қоғам­дық-сая­си жағ­дай дәл осы­лай билік­тің бай­ла­у­ын­да кете беретін бол­са, біздің ел мүл­дем құр­ды­мға кетеді.

– Ал ТБ қауым­да­сты­ғы алдағы келесі сай­ла­у­ға дей­ін­гі бес жылға дей­ін не істей­ді? Қауым­да­стық негізін­де пар­тия құру неме­се басқа да сая­си іс-шара­лар­мен айна­лы­су жос­па­ры бар ма?

– Бірін­ші­ден, келесі сай­лау бес жыл­дан кей­ін ғана бола­ды деген түсінік­ке күдік кел­тіре­мін. Алдағы бірер жыл­да мерзі­мі­нен бұрын өтетін бір сай­ла­удың құлағы бүгін­нен қыл­тиып көрін­ген сыңай танытады.

Екін­ші­ден, біз тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар ретін­де елі­міз­де сай­лау жүй­есін жақ­сар­ту, бақы­ла­у­шы­лар инсти­ту­тын қалып­та­сты­ру мен модер­ни­за­ци­я­лау жолын­да еңбек ете­міз. Сай­лау комис­си­я­сы­ның құра­мын өзгер­ту, комис­си­я­лар­ды билік­тің ықпа­лы­нан шыға­ру – ауа­дай қажет мұқтаж­дық. Келесі сай­ла­уда УСК құра­мын­да бюд­жет­тік қыз­мет­кер­лер, әсіре­се мұғалім­дер­дің бол­мауы үшін күре­се­міз. Сай­лау тура­лы заңға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу үшін еңбек етеміз.

«Биз­не­стік бағыт» деген түсінік бар. Сол сияқты біздің қоғам­ның тәу­ел­сіз бел­сен­ді тобы ретін­де­гі бағы­ты­мыз – сай­лау. Осы бағыт­ты таң­даған­нан кей­ін, біз келе­шек ұрпаққа мықты, адал сай­лау өткі­зетін алғы шар­тта­ры бар сай­лау инсти­ту­тын қалып­та­сты­ру үшін аян­бай еңбек ете­міз. Егер әрбір қоғам­дық-аза­мат­тық топ әр нәр­сенің басын шал­май, бір бағыт­та нәти­же шығарған­ша жұмыс жаса­са, жемісін береді деп ойлай­мын. Там­шы да тасты жара­ды ғой.

– Ал Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қауым­да­сты­ғы қата­рын тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­мен толы­қты­ру бағы­тын­да қан­дай жос­пар­ла­ры­ңыз бар?

– Жал­пы, сай­лау бақы­ла­у­шы­сы деген – әлем­де баяғы­дан қалып­та­сып қалған үрдіс. Одан қорқу­дың еш қажет­тілі­гі жоқ. Бақы­ла­у­шы – сай­лау заң­ды­лы­қта­ры­ның орын­да­луын жіті қадаға­лай­тын тұлға. Ал біздің билік пен сай­лау комис­си­я­ла­ры бақы­ла­у­шы көр­се, жау көр­ген­дей бола­ды. Жалғыз ғана бақы­ла­у­шы­дан комис­си­я­ның онға жуық мүше­сі қорқып оты­ра­ды. Неге? Себебі, бірін­ші­ден, түр­лі дәре­же­де­гі комис­си­я­лар билік­тің мүд­десі үшін ғана қыз­мет ете­ді. Екін­ші­ден, сол комис­си­я­ның мүше­лері өздерінің құқы­қта­ры мен мін­дет­терін біл­мей­ді. Сай­ып кел­ген­де, мұның бар­лы­ғы – қаза­қстан­дық қоғам­ның ортақ проблемасы.

– Сұх­ба­ты­ңыз үшін рах­мет! Қоғам мүд­десі үшін жаса­ла­тын бола­шақ іс-әре­кет­теріңіз­ге сәт­тілік тілейміз!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн